Балабақшада ақпараттық-коммуникациялық технологиялық ортаны құру: педагогикалық негіздері мен нәтижелері

«Балабақшада ақпараттық -коммуникациялық технологиялық ортаны құру»

«ХХІ ғасыр ақпараттар ғасыры» болғандықтан қазіргі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі-оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Егемен еліміздің индустриялдық кезеңнен кейінгі дамудың ақпараттық кезеңнен кейінгі дамудың ақпараттық кезеңіне аяқ басты.

Соңғы кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында да біраз өзгерістердің туындауына себепші болып отыр.

Білім жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге президентіміз Н. Ә Назарбаевта назар аудара келе, ол Республикалық мұғалімдер съезінде : «ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі болған нәрсе-ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады»-деген болатын.

Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар да ақпараттандырудың кешенді жоспары жасалуда. Яғни, балабақшаларда тек компьютерлік сауаттылық шеңберінде ғана анықтау жеткіліксіз. Қазір интернет желісіне ену қажеттігі туындап отыр. Осы мақсатта №28 «Алпамыс» санаториялық бала-бақшасы ауқымды жұмыстар жүргізуде.

Бала-бақшада бүлдіршінде барлық жағдай жасалған. Тәрбиеші компьютер желісі арқылы әрбір баламен тығыз байланыста болғандықтан, ол оқытуға тиянақты түрде көңіл бөліп, әрбір баланың жеке деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдауына да мүмкіндік болады. Яғни, сабақта жаңа ақпараттық технологиялар енгізу бүлдіршіндердің мүмкіндіктер мен талаптарына компьютер арқылы жүзеге асыруды жылдамдық болашаққа қарай екпінді қадам жасатып отыр. Ол үшін бүгінгі күні сабақ берудің жаңа тәсілдерін жасау бағытында жақсы істеу қажет, олар балалардың білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін арттырып компьютерді тез игеруге жағдай жасап отыр. Атап айтсақ, біздің балабақшаның меңгерушісі С. Доспаеваның басшылығымен, әдіскер А. Нұржанованың нұсқауымен «Балабақшада ақпараттық технологияны құру» атты тақырыпта облыстық семинар өтілді және «жақсы» деп бағаланды. Қорыта айтқанда, балабақшада ақпараттық ортаны құру балалардың тек компьютерге қызығушылығын ғана арттырып қоймай, үлкен шығармашылық -ізденіске жетелейді. Нәтижесінде тұлға:

  • Компьютерде еркін жұмыс жасайды
  • Ақпараттарды ала алады
  • Өздігінен ізденімпаздыққа қабілеті артады
  • Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдиниетті қалыптасады.

Тәрбиеші -ақпараттанушы емес, баланың жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл тәрбиешіден ақпараттық құзырлықты ұйымдастырушылық қабілеттілікті бүлдіршіндерді қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.

№28 «Алпамыс» балабақшаның жоғары санатты тәрбиешісі, балабақша баспасөз қызметкері Н. Сарсенбай.


Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы математика сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың педагогикалық-әдістемелік негіздері
Білім мазмұнын жаңартудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: бастауыш сыныптағы педагогикалық тұжырымдама
Информатика сабағында заманауи педагогикалық технологияларды ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен интеграциялау
Шетел тілін оқытуда электрондық оқулықтарды пайдалану: педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық аспектілер
Педагог мамандардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру
Бастауыш сыныптарда ақпараттық-коммуникациялық және интерактивті технологияларды қолданудың әдістемелік негіздері
Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық және мультимедиялық технологияларды қолданудың педагогикалық тиімділігі
Білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі мен интерактивті тақталарды қолданудың педагогикалық тиімділігі
Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану: коучинг сессиясының мақсаты, әдістері және нәтижелері
Информатика пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz