Достық жайлы ақпарат

Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Маржанбұлақ орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Бабаниязова Наурызгүл Садуакасовна
Аудандық тамыз конференциясы
2012-2013 оқу жылы
Алға қаласы.
Сабақтың тақырыбы: Достық
Орындаған: Бабаниязова Н. С
Тексерген:
Тақырыбы: ДОСТЫҚ
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету.
Міндеті: 1. Адам қарым - қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік
беру;
2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал
ету.
3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа,
адалдыққа тәрбиелеу.
БАРЫСЫ:
І. Сәлемдесу.
Оқушылар хормен: Үлкенге де «Сіз»,
Кішіге де «Сіз».
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
ІІ. Шаттық шеңбері.
- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар «Досыммен бірге» ойыны арқылы бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады. )
Тренинг ережелерімен таныстыру.
- Кешікпеу.
- Өз уақытында бастау.
- Бір-бірін сыйлау.
- Ұзақ уақыт сөйлемеу.
- Көңілді болу.
Танысу тренингі.
Әдепті - Әлия Үлпілдеген - Үміт
Жағымды - Жұлдызай Мейірімді - Мәди
Нұрдай - Нұрлыбек Аяулы - Ақсамал
Аққудай - Аружан Оқымысты - Оңалбек
Ынталы - Ықылас Ажарлы - Асыл
Айбатты - Аяжан Айдай - Аружан
Жақсы - Жаңабек Ғажайып - Ғасырбек
Айымдай - Аружан Жайдарлы - Жалғас
Нұрлы - Нұржігіт
ІІІ. Кел, ойланайық, пікірлесейік.
- Енді, балалар, мына өлеңді тыңдап көрелік.
Шын достықтың оттары жалындайды,
Дос қамалдар ешқашан алынбайды.
Дос көңілдер есепке бағынбайды,
Дос үректер өсекке бағынбайды.
- Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
- Шын досты қалай білуге болады?
- «Досы көпті жау алмайды» деген сөзді түсіндіріңдер?
- Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет?
ІV. «Достық. Бірлік. » үйін салу.
- Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін, үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік.
Мақал-мәтелдер
- Шын дос үшін қалайда,
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда,
Досыңменен қасыңды.
- Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас.
- Досың мың болса да - аз,
Дұшпаның біреу болса да - көп.
- Досыңменен дос болғанға шаттан
Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.
- Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.
- Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды.
- Өрге жүзген өнегелі ісіңмен,
Адал дос тап тең құрбыңның ішінен.
V. Тыныштық сәті.
- Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досы, оның жалқы қасиеттері туралы ойлаймыз. (2-3 секунд)
- Балалар, достарымызды ойлап болсақ, көзімізді ашайық. Досымыз туралы ауызша әңгімелеу.
VI. Социометрия әдісі.
Мақсаты: Балалар ұжымдағы өзара қарым-қатынасты анықтау, алынған
мәліметтерді оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану, топ ішінде
психологиялық қолайлы жағдай орнату.
Нұсқау: Балалар, сіздерге қазір сұрақтар қойылады. Сол сұраққа осы өз
топтарыннан үш адам есімдерін айту.
- Кіммен дос болғың келеді?
- Партада кіммен бірге отырғың келеді?
- Мерекелерде кімге сыйлық бергің келеді?
ҮІІ. Қорытынды.
1. «Қоршаған ортамен қарым-қатынас» тесті
- Адамдар тек қана бір-бірімен дос болып қана қоймайды, қоршаған ортамен де дос болады екен.
2. «Ризамыз» әнін айту
Ризамыз бүгінге біз,
Ризамыз бүгінге біз.
Ризамыз бүгінге біз,
Ризамыз қазірге.
Ризамыз 3 бүгінге біз,
Ризамыз 3 қазірге.
Сабаққа қатысқан оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып күнге жабыстырады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz