Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ұлы физиктер мен физикалық құбылыстар, формулалар жайында мағлұмат беру

КММ “№19 жалпы орта білім беретін мектеп”
«Математика, информатика, физика» апталығында
«Физика» пәнінен
«Ойлан, тап!» ойыны
Семей-2013
Өткізілетін орны: акт залы
Ойынға қатысушылар: Ойынға әр бір сыныптан 3 оқушы қатысады. Әр бір команданың аты, эмблемасы сәлемдесуі болу керек.
Ойынның мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ұлы физиктер мен физикалық құбылыстар, формулалар жайында мағлұмат беру, білімдерін дамыту, білімге деген құштарлығын ояту.
Сабақ әдісі: Практикалық, эксперименталдық.
Сабақ көрнекілігі : карточкалар, тақта, т. б.
Ойынның барысы
1) Сәлемдесу.
2) Оқушыларға сайыстың түрі мен мақсатын хабардар ету.
II. Оқушыларды үш топқа бөлу. Әр топқа капитандар сайлау.
III. Сайысты өткізу.
Жүргізуші: Армысыздар, ағайын
Ағайын тілін табайын
Есенбісіз ұстаздар
Шаршамайтын қыс-жаздар
Кешке келген аман ба,
Отырамын деп жайланып.
Көрермендер аман ба,
Отырған анау сайланып,
Бәріңізге бір сәлем!
Онда кешті бастайық.
1-тур . « Топтардың сәлемдесуі »
2-тур. « Сұрақ-жауап »
3-тур. « Формулалар әлемінде »
4-тур . « Физикалық жұмбақ »
5-тур. « Капитандар сайысы »
1-тур . « Топтардың сәлемдесуі »
Әр топ кезекпен шығып, өздерінің топтарын таныстырады.
2-тур.
«Сұрақ - жауап».
Капитандар тақтаға шығып, жасырын тұрған сұрақтар тобын таңдап алады.
Әр командаға сұрақтар оқылады және жауаптары тыңдалады. Әр бір дұрыс жауапқа 1ұпай беріледі.
1-сұрақтар тобы.
1. Күн жүйесінде неше планета бар? - Сегіз.
2. Жол қандай шама? - Скаляр.
3. Булану дегеніміз не? - Сұйықтың буға айналу құбылысы.
4. Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дене пішіні мен көлемін өзгертетін деформация қалай аталады? - пластикалық деформация.
5. ХБЖ жылдамдықтың бірлігі? -
6. Жылдамдық қандай әріппен белгіленеді? - v
7. Дене деформацияға түскен кезде әсер ететін күш? - Серпімділік күші.
8. 1тоннада қанша килограмм бар? - 1000 кг.
10. Күшті қандай әріппен белгілейді? - F
11. Тығыздықтың өлшем бірлігі? -
12. Күшті өлшейтін прибор қалай аталады? - динамометр
13. Деформация дегеніміз не? - дененің пішінін немесе көлемін өзгертуі.
14. Барометрмен нені өлшейді? - Атмосфералық қысымды.
15. Күнді 30 жылда бір айналатын планета?- Сатурн.
2- сұрақтар тобы.
1. Конденсация дегеніміз не? - бу молекулаларының сұйыққа қайта оралуы.
2. Дененің массасы қандай әріпен белгіленеді? - m
3. Орын ауыстыру қандай шама? - Векторлық.
4. Деффузия дегенімізне? - .
5. Жылдамдық қандай прибормен өлшенеді? - Спидометр.
6. Қысымның өлшем бірлігі? -
7. Уақыт қандай әріппен белгіленеді? - t
8. Серпімді нененің ұзаруы мен оған түсіретін күштің арасындағы байланысты анықтаған ғалым? - Роберт Гук.
9. 1кПа неше паскаль бар? - 1000 Па=10 3 Па
10. Дененің массасын өлшейтін прибор? - Таразы.
11. Техникада қолданылатын металл манометрлер қалай аталады? - Бурдон манометрлер.
12. Уақыт қандай прибормен өлшенеді? - Сағат.
13. Күштің өлшем бірлігі ? - Н
14. 1 мм. сын бағ қанша паскаль бар? -133, 3Па=1, 33гПа
15. Атмосфералық қысымды анықтаған ғалым? - Эванжелиста Торричелли.
3-сұрақтар тобы.
1. Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе ондай қозғалысқалай аталады? - бірқалыпты қозғалыс.
2. Заттың неше күйі бар? - үш, қатты, сұйық, газ тәрізді.
3. Дененің температурасын өлшейтін құрал? - Термометр.
4. ХБЖ уақыттың бірлігі? -
5. Көлем қандай әріппен белгіленеді?-v
6. Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын сипаттайтын физикалық векторлық шама? - Жылдамдық.
7. Деформацияның қандай түрлері бар? - Пластикалық және серпімді.
8. Қысым қандай әріппен белгіленеді?- Р
9. 1Мпа қанша паскаль бар? - 1Па=10 6 Па.
10. Зат неден тұрады? - Молекуладан.
11. Заттың тығыздығы дегеніміз не? - сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы айтады .
12. Сұйықтар мен газдардағы қысымды анықтаған ғалым кім? - Блез Паскаль
14. Броундық қозғалыс дегеніміз не? - Сұйықта немесе газдарда қалықтаған бөлшектердің жылулық қозғалысы.
15. Атмосфералық қысым қандай шамаға байланысты ? - Биіктіке.
3- тур.
«Формулалар әлемінде».
Тақтаға әр командадан үш-үштен оқушылар шығып, карточкаларды таңдап алып, ондағы берілген формуладан көрсетілген шаманы табулары керек.
F=? (F=P*S)
g=? ( )
= =? ( )
v=? (v= )
h=? (h= )
=? ( )
=kx k =? (k= )
S=? ( )
=? ( )
4-тур.
«Капитандар сайысы».
Әр команданың капитандар тақтаға шығып, берілген есепті шығарулары керек.
Капитандар есептерін шығарғанша КВН тамашалайық.
1-есеп.
Бос ыдыстың массасы 10 кг, суы бар ыдыстың массасы 20 кг болады. Судың тығыздығы 1, 0*10 3 кг/м 3 . Ыдыстың көлемін анықтаңдар. Жауабы: 0, 03м 3
2-есеп.
Қар үстінде тұрған шаңғышының салмағы 78Н. Оның әр шаңғысының ұзындығы 1, 95м, ае ені 6 см. Шаңғышының қарбетіне түсіретін қысымын табыңдар? Жауабы: 51, 5кПа
3-есеп.
Көлемі 18, 75 л керосиннің салмағын есептеңдер. Керосиннің тығыздығы 800 кг/м 3 .
Жауабы: Р=150Н
5-тур.
«Физикалық жұмбақ ».
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz