Б. Соқпақбаевтың Менің атым Қожа повесіндегі Қожа бейнесін талдау

Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожа бейнесі

Сабақтың мақсаты: 1. Автордың айтқысы келген пікірін айқындап, Қожаға мінездеме беру.

2. Повестегі кейіпкерлердің іс - әрекетіне орай салыстыру және баға беру.

3. Араздық сияқты қасиеттерден жирендіріп, қайырымдылық, достық,

адамгершілік ізгі қасиеттерді үлгі ету.

Сабақтың түрі: театрландырылған пікірталас

Сабақтың типі: білімді тиянақтау, қорытындылау сабағы

Көрнекілігі: жазушы портреті, слайдтар, венн диограммасы, семантикалық карта, кинодан

үзінді

Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу

ә) түгендеу

б) монолог оқыту арқылы сабақтың мақсатын ашу

Қайталау сабағы : I. Топтастыру . Балалар, біз сендермен «Менің атым Қожа» повесінен үзінді оқып таныстық. Бүгінгі сабақта осы оқыған әңгімемізді қорытындыламақпыз. Одан бұрын повестің авторы Бердібек Соқпақбаев туралы білетінімізді топтастырып көрелік.

II. «Ең негізгісін білесің бе?» Үзінді бойынша сұрақ қою.

  • Қожаның әкесі кім?
  • Анасының есімі кім?
  • Орыс тілі пәнінен үйге берілген тапсырмаға Қожа не себепті дайындалмады?
  • Қытай елінің ат қою дәстүрінде қандай ерекшелік бар?
  • Бақа ұстап әкелуді қай пәннен, кім тапсырған еді?
  • Бақаны көргендегі Майқанованың іс - әрекеті.
  • Қожаның «Қара Қожа» атану себебі неде?
  • Қожаның лагерьге жолдама сұрауына кімнің ісі желеу болды?
  • Майқанова жайында Қожада теріс пікірдің қалыптасуына не себеп болды?
  • Қас дұшпаны санап жүрген Майқановаға деген көзқарасының өзгеруіне не себеп болды?

III. «Егер мен суретші болсам . . . » Оқушылар повесть желісімен салып келген суреттерін қорғайды.

IV. «Мағынаны ажырату» (семантикалық карта)

Кейіпкерлер

Шығармадан

Үзінді

Қожа
Жантас
Майқанова
Оспанов

Анфиса

Михайловна

Сәйбек

қарт

№: 1
КейіпкерлерШығармаданҮзінді: Мен оқулық емес қант аламаын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз.
Қожа:
Жантас:
Майқанова:
Оспанов:
АнфисаМихайловна:
Сәйбекқарт:
№: 2
КейіпкерлерШығармаданҮзінді: Біз екеуміз таныс шығармыз деймін.
Қожа:
Жантас:
Майқанова:
Оспанов:
АнфисаМихайловна:
Сәйбекқарт:
№: 3
КейіпкерлерШығармаданҮзінді: Мүмкін, орныңа барып айтатын шығарсың?
Қожа:
Жантас:
Майқанова:
Оспанов:
АнфисаМихайловна:
Сәйбекқарт:
№: 4
КейіпкерлерШығармаданҮзінді: Келесі сабақта қайсың бақа ұстап әкелесіңдер?
Қожа:
Жантас:
Майқанова:
Оспанов:
АнфисаМихайловна:
Сәйбекқарт:
№: 5
КейіпкерлерШығармаданҮзінді: Мен сенің әкеңе қарызгер адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, бақандай бір қарасы жүр.
Қожа:
Жантас:
Майқанова:
Оспанов:
АнфисаМихайловна:
Сәйбекқарт:
№: 6
КейіпкерлерШығармаданҮзінді: Ал сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың.
Қожа:
Жантас:
Майқанова:
Оспанов:
АнфисаМихайловна:
Сәйбекқарт:

V. Мұғалімнің сөзі.

VI. Кинодан үзіндіге назар аудару. ( Қожаның айнаға қарап өзін - өзі суреттеуі )

Балалар, өздерің танысқан сотқар, тәртіпсіз Қожа. Ал енді, біз бір сәт өзімізді жиналыста отырмыз деп есептейік. Жиналысқа Қожаны салмақпыз. Жиналысқа Қожаның анасы мен әжесі, мұғалімдері, сыныптастары келіп отыр.

VII. Көрініс көрсету

VIII. Пікірталас.

Міне, Қожаны жиналысқа салып, уәдесін алдық. Енді, тақтада берілген сұрақтар бойынша «Қожа қандай бала?» деген сұрақ төңірегінде пікірталастырып көрейік.

( Сынып оқушылары даттаушы, жақтаушы болып екіге бөлінеді )

  • Оқулық сатып алудағы Қожаның ісін қалай бағалайсың? Өзің болсаң не істер едің?
  • Пионер лагеріне жолдама алмағаны үшін сынып жетекшісін кінәлауы дұрыс па?
  • Сабаққа дайындалмай келген Қожа мен Жантастың көңіл - күйі туралы не айтар едің?
  • Сәйбек қарттың сөздері Қожаға қалай әсер етті?

IX. Венн диограммасы

Қожа Ортақ Жантас

Бекіту: I. Балалар, сендердің пікірлеріңді тыңдай отырып, мен мынадай ой айтқым келіп отыр.

Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,

Ештеңені білмейтін «момыным» деп

Қабан сүйеді баласын «торайым» деп,

Мысық сүйеді баласын «соқырым» деп,

Тышқан ұстап беруге отырмын деп, -

дегендей, адам ғана емес, жер бетіндегі әрбір жануар өз балаларын өте жақсы көреді.

Жақсы көрулеріне қарағанда жалпы бала атаулының жаманы болмайды деп түсінемін.

Яғни, менің ойымша Қожа да жаман бала емес.

II. Біздің сабағымызға, балалар, бүгін психолог мұғалім келіп отыр. Психолог ретінде сіз Қожаға қандай мінездеме берер едіңіз? (Психолог мұғалімнің пікірін тыңдау)

III. Ой тастау.

  • Балалар Қожаны қазіргі заманның Қожасымен салыстырып көріңдерші. Оны қиын бала қатарына жатқызуға бола ма?
  • Сендердің іштеріңде «Мен Қожаға ұқсаймын - ау» дейтіндерің бар ма? Қожаға қай жағынан ұқсастықтарың бар? (Балалар өз сөздерін дәлелмен келтіріп беруі қажет)

IV. Мұғалімнің сөзі

Балалар, өздеріңнің іс - әрекеттерің Қожаға ұқсаса да, үлкейгенде сендерден «үлкен» азамат шығады деп ойлаймын. Бердібек ағаларың сияқты, бірің жазушы болсаң, енді бірің ғұлама ғалым, ел тілегін ақтайтын Қазақстанның болашақ ұл - қыздары болатындарыңа сенемін.

V. Хабарлама. (Оқушы өзінің дайындап келген хабарламасымен таныстырады)

Қорытынды:


Ұқсас жұмыстар
Менің атым Қожа повесіндегі Қожа бейнесін талдау бойынша сабақ жоспары
Бердібек Соқпақбаевтың Менің атым Қожа хикаяты бойынша Қожа бейнесін жан-жақты талдау
5-сынып Қазақ әдебиеті: Бердібек Соқпақбаевтың Менің атым Қожа повесіндегі кейіпкерлер бейнесін талдау
Бердібек Соқпақбаевтың Менің атым Қожа повесіндегі Түбі адам болатын бала тақырыбындағы сабақ жоспары
3-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Б. Соқпақбаевтың Менің атым Қожа шығармасын талдау
Бастауыш сыныпқа арналған Б. Соқпақбаевтың Менің атым Қожа шығармасы бойынша сабақ жоспары
6 а сыныпқа арналған ашық сабақ: Бердібек Соқпақбаевтың Менің атым Қожа повесіндегі басты кейіпкер Қожаға мінездеме
Бердібек Соқпақбаевтың Менің атым Қожа шығармасына арналған шығармашылық сабақ жоспары
Б. Соқпақбаевтың Менің атым Қожа әңгімесін талдауға арналған сыни тұрғыдан ойлау сабағы
6-сынып әдебиеті бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары: Б. Соқпақбаевтың Менің атым Қожа шығармасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz