Қаһарман жылдар жаңғырығы

Көрікті әдеп сабағы:

«Қаһарман жылдар жаңғырығы»

  1. Ашу салтанаты: ауыл әкімі ашу салтанатын бастайды.
  2. Қазақстан Республикасының туы алып келінеді.
  3. Қазақстан Республикасының гимні орындалады.
  4. Ашу салтанаты: а) аудан әкімшілік өкілі.

б) ауыл әкімі.

в) ардагерлер.

Мақсаты:

1. Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды, халық көтерген қасіреттерді еске ала отырып, оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу;

2. Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік ісімен таныстырып, ой - өрісін дамыту; .

3. Оқушылардың тіл байлықтарын, ойын, мәнерлеп оқу дағдыларын ұштау;

4. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мультимедиалық проектор, плакат, газет-журналдар, «Боздақтар» кітабы . Нартай ауылынан соғысқа қатысқан ардагерлер суреттері.

Түрі: әдеби-сазды кеш

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, музыка, әдебиет, тарих.

Қатысатындар: 10 «А, Б» сыныбы

Барлығы: 34 оқушы

Барысы:

1 -жүргізуші :

Құрметті Ұлы Отан соғыс ардагерлерім мен тыл еңбеккерлері

2 -жүргізуші :

Қадірлі де, қымбатты ұстаздар мен оқушылар және ауыл тұрғындары. Ұлы Жеңістің 67 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

1 -жүргізуші :

Қамықпаған қиындықтың түгінен,

Өздеріңе жинап қырдың гүлінен.

Бүгінгі ұрпақ бақытты ұрпақ атынан

Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!

2 -жүргізуші :

Сіздерге сұрапыл жылдардың отты күндерін еске түсіріп, соғыстың тек қана азап пен қан төгіс екенін мойындата отырып, Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің мәңгі жас болып жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицердің рухына арналған «Қаһарман жылдар жаңғырығы» атты әдеби сазды кешімізді ұсынамыз.

1 -жүргізуші :

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілсін!

(Әнұран орындалады)

2 -жүргізуші :

Тыныштық! Жаса, тыныштық!

Осы сөз бізге тым ыстық.

Көркейе берсін еліміз,

Көркейе берсін ырыс - құт- дей келе сөз кезегін ауыл әкімі Оразымбет Шамшат апайға береміз. 1

Ән: «Соңғы оқ» Орындайтын Досболова Гүлнар

1 -жүргізуші :

Бақытты болсын балалар,

Соғысты сүймес адамдар.

Өркендей берсін қалалар,

Гүлдене берсін далалар.

Келесі сөз кезегін мектеп директоры Сейтжанұлы Әбжәлел ағайға береміз .

Ән: «Кестелі орамал» Орындайтын Әшірхан Нәзікай

1 -жүргізуші :

Жеңіс оңайлықпен келген жоқ . Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды . Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана жарын жоғалтқан жесір, бала - әкесінен, анасынан айырылған жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде ана мен бала айуандықпен өлтірілді. Ал, тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы - қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті.

2 - жүргізуші: Өкінішке орай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарларымыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңе ұмытпауы тиіс! Себебі, бұл - біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!

1 -жүргізуші :

Біздің Қазақстан да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем . Жүз мыңдаған ата - әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде - ақ майданға аттанды. Жауға атылған 10 оқтың 9 - ы Қазақстанда жасалды .

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы .

Ұлы Отаным басымды иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны .

2 - жүргізуші: Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас, әрі көптен күткен күнге 1945 жылдың 9-мамырына қайта оралтады.

1-жүргізуші :

Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік . 1 минут үнсіздік .

2 - жүргізуші: 1941 жылы маусымның 22 - сінде Гитлерлік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасады.

Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.

1 - жүргізуші:

Үш ардагер: Сәрсенбек, Сәруар мен Тастыбай

Жауменен шайқасыпты жасымай.

Тегеурінді тепкілерге түссе де, 2

Жасымады, алға ұмтылды қажымай - дей келе сөз кезегін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне береміз.

2-жүргізуші: Қамқорсыз өмір бір күн ішінде 4 жыл, 1418 күнге айырбасталды. 1418 күн бойы жан-жағыңда қан, өлім, ауырлық пен жақындарыңнан айырылу. Керемет жігіттер мен қыздардың қаза болуы.

1-жүргізуші: Адамдардың тыныш өмірі бұзылды. Арман, махаббат, бақыт - бәрі өртке өртенгендей бір сәтте сөнді де қалды.

2 - жүргізуші: Қойылым: «Ананың баламен қоштасуы»

Анасы:

О, құлыным, балам, ұлым! Мені тастап, жауыздардың жазасын беруге кетіп бара жатырсың! Енді сені қашан көрем, әлде көре алмаймын ба? Не жаздым саған, қу өмір!

Баласы:

Анам! Сен мен үшін қамықпа! Әрбір секунд сайын менің қалай сені жақсы көретінімді есіңе ал. Жаман еш нәрсе ойлама. Соғыс біткен соң, жақын арада оралам! Анам! Жан анам!

Қыз:

О, сұм соғыс! Сенің бұл не істегенің? Мынау дала тыныш боп қалды. Солдат артынан солдатты алдың. Сау болыңдар, жігіттер! Қайтып оралуға тырысыңдар! Жоқ. Тығылмаңыз! Биік боп, еш оқ пен гранатты аямай жауды жеңіп оралуға тырысыңдар! Қайта оралуға тырысыңдар! Сау бол!!! (Қыздар орамалдарын бұлғап, шығарып салады)

Төребек: ( Майданға аттанушы)

Қош бол елім, қан майданға жөнелдім,

Жаным барда жаудың жолын бөгермін .

Иә болмаса омырауыма оқ тиіп,

Жүрегімнің қанын жерге төгермін .

Бексұлтан, Нұрқадір:

Бұлт түнеріп аспаннан,

Талайдан көзден жас тамды .

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталды.

Отаным еркелеймін енді кімге,

Өзіңмен нені болса көрем бірге .

Қалайша қабырғама батпас менің,

Басыңа қатер бұлты төнген күнде .

Қаламқас:

Қала қалды қаңырап,

Ана қалды аңырап.

Түсіп жатты ортаға,

Жүздеп мыңдап шаңырақ .

Зұлматтсұмдық соғысқа,

Иесі кетті тұлпардың,

Сүйгені кетті қыздардың,

Күйеуі кетті тұлдардың

Баласы кетті шешенің

Ерлері кетті көшенің

Быт - шыт болды дүние

Сынығындай кесенің .

Жоғалтты біреу панасын 3

Жоғалтты біреу анасын

Жоғалтты біреу баласын

Жоғалтты біреу інісін

Жоғалтты біреу ағасын

Жоғалттқандардан сұрағын,

Ұлы Жеңістің бағасын !

1-жүргізуші:

Хор: «Священная война»

Кенбаева Айдана «Отаның ордаң . . . »

Арайлым: Оқ атып Отаныма фашист зұлым,

Кіргенде еліміздің жерін таптап,

Қазақ та аттандырды қыз бен ұлын

Дұшпаннан достығымды қал деп сақтап.

Қазақ халқы соғысқа кірген алғашқы күннен бастап өзінің қаһарман халық екенін көрете білді . Осыған байланысты 500 -ге жуық қазақстандық Кеңес Одағының батыры деген атаққа ие болды. Бүкіл соғыстың барысында 3500 - ден астам қазақстандықтар Украина, Беларуссия, Ресей ормандарында партизандық соғыс жүргізі. Партизан батыр бала болатбектің, Павлик Морозовтың, Олег Кошевойдың есімдері мәңгі ұмытылмайды.

Динара.

Қ. Ж ансая :

« Соғыс, соғыс, соғыс» - деп өрт алауы,

Жалай берді аямай айналаны .

Өртке былғап жерімді, көкке бүркіп,

Өзеуреді өлімнің миналары.

Жойқын соғыс бәрінде жалмап алды,

Заманы алай - түлей бола қалды.

Аналар көйлек емес, шалбар киіп,

Шарт буынып қолына орақ алды.

2-жүргізуші:

Ән: «Ана туралы баллада» Дүйсебаева Меруерт

2-жүргізуші:

Қойылым: «От басында»

1-жүргізуші:

Солдаттар өзара әңгіме құрып, попурри айтып, ертеңгі күнге дайындық жасап отыр. Соғыста олар тек соғысып қана қоймай, қимай шығарып салған ардақты ана, сүйікті жар, сәбилерін, Отанын, үйін де естерінен шығармады. Хат жазып тұрды. («Жди меня» әуені ойнап тұрады)

Сол хаттан:

«Күт мені»

Күтші мені! Мен оралам,

Тек қана күт.

Көңілің түскен

Жаңбырлы күндері күт!

Қарлы борандарда күт,

Қапырық ыстықта күт! 4

Кешке ұмытып

Басқалар күтпегенде күт.

Алыстан хат келмегенде күт,

Барлығы күтуден шаршағанда күт.

Күтші мені, мен оралам!

Қыздың солдатқа жазған жауабы (Фариза)

«Сенің жақын арада елге аман оралатыныңа мен сенемін. Бәлкім, жағдайың онша емес те шығар. Бірақ ақ жүзіңдегі күлкі табы сол қалпында қаларына да сенемін. Бұның түс емес екенін, сенің елес емес екеніңді ұғамын. Солай болатынына сенемін. Жақын болмаса да, түбі оралатыныңа сенемін»

2 - жүргізуші:

Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты. Жүздеген мың қазақстандықтар қолына қару алып, өз Отанының бостандығы үшін күресті.

Қазақстаннан фронтқа 1 миллион 196 мың 164 адам шақырылды. Соның әрбір төртіншісі шабуыл алаңында көз жұмды. Қазақстанда 20-дан астам 30 түрлі ұлт өкілдерінен тұратын атқыштар дивизиясы құрылған болатын.

1 - жүргізуші:

Қойылым: «Бауыржан Момышұлы»

Генерал үстел басында жергілікті картадан көз алмай қарап отыр. Бауыржан кіруге рұқсат сұрап, қасына жайғасты. Генерал: «Әуелі тамақтанып алайық, сосын ұрыс тактикасын зерттейміз», -деп айтқанша болмай, Бауыржан:

Тамағымнан бір тамшы су да өтер емес, - деді.

Генерал:

Жоқ, сонда да әуелі тамақтанғанымыз дұрыс. (Қара нан мен шайды екеуі бөлісіп жеп алады)

Кейін генерал оған ұрыс тактикасын түсіндіріп, сөзінің соңында:

Ал, Бауыржан, іске сәт! Сен маған осы жерде тірідей керексің! Аман оралуыңа тілектеспін, -

деп шығарып салады.

2-жүргізуші:

Ұлы Отан соғысы бүкіл ел үшін өте ауыр болды. Ол Қазақстанды да айналып өтіп кете алмады.

Кеңес Одағы бойынша 11600 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алса, оның 497 - сі қазақстандықтар. Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар - 96638 .

1 - жүргізуші:

Қойылым: «Немістер қоршауында»

Неміс (неміс тілінде) : Алға бас! Тізе бүк! Қолыңды көтер!

Жігіт: Елімді сатпаймын! Басымды балтамен шапсаң да, құлдыққа сатсаң да, қапасқа салсаң да кешірім сұрап, құпияны ашпаймын!

Неміс ашумен жігітті атып тастайды.

2-жүргізуші:

Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинді шабуылдады, Рейхстагқа Жеңіс туын тікті. 5

1-жүргізуші:

Ән. «Соғыстан қайтқан солдаттар» Орындайтын Ералдинова Қаламқас

2-жүргізуші:

Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.

1-жүргізуші:


Ұқсас жұмыстар
Желтоқсан жаңғырығы тақырыбы
Қасым қайсенов
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы
Тарих тағылымы
Еліміздің болашағы - білімді жастар
Желбіре,Жеңіс жалауы
Отты жылдар шежіресі соғыс ардагерлерімен кездесу
Сабақтың тақырыбы. Сабақтың әдісі
Мен – тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!
Тәуелсіздік - ел бақыты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz