Құстар-біздің досымыз туралы

№2 Ұлан балабақшасы

Тәрбиеші: Қамбарбекова Гүлжан.

2013 жыл

Тақырыбы: «Құстар - біздің досымыз»

Мақсаты: Табиғатты сүюге баулу, балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың пайдасына тоқталу. Өлеңдердің мағынасын түсіну, сөздік қорын байыту. Байланыстырып сөйлеуге үйрету. Табиғатқа деген мейірімін ояту, адамгершілікке баулу.

Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге машықтандыру. Жауапкершілік сезімін ояту.

Тәрбиелік: Балаларды құстарды қоректендіріп тұруға үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Түрі: Ашық сабақ.

Қолданған әдіс-тәсіл : Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, көрнекіліктер, ойын, триз (жақсы-жаман) мүсіндеу.

Көрнекіліктер: Табиғатқа байланысты суреттер, құс ұялары суреттері, құстардың суреттері, ермексаз, құс ұясы.

Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті.
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Балалар бізге қонақтар келіпті алдымен амандасып алайық.

Ал енді балалар орнымызға жайғасып алайық

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ».

Табиғат дегеніміз не балалар ?

Балалар мен сендерге 1-шумақ өлең оқып берейін сендер бұл өлеңде не туралы екенін айтып бересіңдер ме?

Құстар, құстар келеді,

Даланы жырға бөледі,

Көктем келді деп бізге

Жылы хабар әкелді.

Бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз бойынша өтетін тақыры-бымыз «Құстар- біздің досымыз»деп аталады Құстың келуінен біз көктем келгенін білеміз, ал көктемде не өзгерістер болатынын кім біледі, ай-

тыңдаршы .

-Ия балалар, көктемде жауын -шашын көп болып, жер көгеріп, гүлдер өсіп, құстар жылы жақтан ұшып келіп бау-бақшамызда ән салып, сәнін кіргізеді.

(Құстар әуені естіледі)

Ғажайып сәт: Осы кезде топқа Дымбілмес кіреді. Қолында айыратқыш

пен сіріңкесі бар.

Дымбілмес: балалар менің атым Дымбілмес. Сендер неге жиналып отырсыңдар, жүріңдер тоғайға барып от жағып, тамақ істеп, мына айыратқышпен құстарды атайық, қызық болады.

-Балалар, от жағуға, құстарды атуға, ұясын бұзуға бола ма?

-Өте дұрыс от жағуға, құстарды атуға, ұясын бұзуға болмайды. Өрт болған жағдайда ағаштар өртеніп, құстардың ұясына зиян келеді.

-Дымбілмес сен отыр «Құстар-біздің досымыз» деген тақырыптағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізге қатыс. Құстар жайлы біздің балаларымыз не біледі екен, көр.

Дымбілмес: жарайды.

Балалар, біз құстарға қандай көмек көрсете аламыз?

Құстардың бізге қандай пайдасы бар?

Олар немен қоректенеді?

Құстардың қандай түрлерін білесіңдер?

Құстар жайлы қандай тақпақ білесіңдер?

Қарға, қарлығаштың түстері қандай болады?

Тоқылдақ, сауысқан, қаз-үйректің түсі қандай болады.

Балалар шаршадыңдар ма?

Онда сергіту жаттығуын жасайық

Қарлығаш боп ұшайық,

Торғай болып қонайық,

Сауысқан боп секіріп,

Бүркіт болып самғайық.

Қане қанат жазайық

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Сергіп қалдыңдар ма, онда іс-әрекетімізді жалғастырайық. Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Ағаштарды тазалайды, тыным таппай мазалайды. Бұл не?

Қонып алып талға, қарқылдайды не?

Өз-өзін атап, шақырады күнұзақ. Бұл не?

Отыра алмай тыншып, шиқылдайды шиқ-шиқ. Бұл не?

Шарлап келіп даланы,

Үйіме үйін салады. Бұл қай құс?

Су бетін сүзіп, ақ құман жүр жүзіп.

Жарайсыңдар балалар аққу- қандай құс?

Аққудың түсі қандай болады?

Аққу қандай жерлерде мекендейді?

Ал балалар сендер маған аққудың мүсінін жасап бересіңдер ме?

Бірінші мен сендерге мүсіндеудің әдіс тәсілдерін көрсетейін.

1. Ермексазды алақанға салып жұмсартып аламыз.

2Уқалау әдісін пайдаланып, құстың жұмыртқасын жасаймыз.

3Ширату әдісін пайдаланып жұмыртқаның шетінен бастап ширатып

құстардың сүйіп жейтін жауынқұртын

жасаймыз.

4Енді ию әдісін пайдаланып жауынқұрттың бір шетін жоғары иіп құстың басын, және денесін жасаймыз. .

5Шымшу әдісін пайдаланып аққуымыздың басын, тұмсығын, денесін келтіреміз.

Міне «аққудың» мүсіні дайын.

Балалар жарайсыңдар Өте керемет.

Ал енді балалар мен сендермен «Не, қалай, дыбыстайды» деген дидактикалық ойын ойнағым келіп тұр. Дыбыстарға назар аударайық.

Дымбілмес:Балалар сендер көп нәрсені біледі екенсіңдер, мен көп нәрсені үйрендім рахмет сендерге. Мен де енді құстармен дос боламын. Сау болыңдар.

Сау бол Дымбілмес.

Ал, балалар сендер шынында да құстар туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер Өте тамаша. ЕНді біз іс-әрекетіміздің соңында қонақтарымызға «Ақ көгершін»әнін орындап берейік.

Балаларды мақтап- мадақтау.

Балалардың іс-әрекеті.:

Балалар жылулық шеңберіне тұрады:

Сәлем бердім күнге мен,

Сәлем бердім аспанға,

Сәлем


Ұқсас жұмыстар
Артық болмас білгенің Қызыл кітапқа енген құстар
Балалар қандай құстардың дауыстарын естіп тұрсыңдар
Құстар бізде қонақта
Негізінен құстарға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу
Құстар- біздің досымыз Құстар туралы
Жабайы құстар. Аралас сабақ
Құстар біздің досымыз
Құстардың көктемгі тіршілігі (сабақ жоспары)
Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы мағлұматтар беру
Құстардың түрі мен ұшып келу реті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz