Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ашу-дұшпан, ақыл-дос



Сабақтың тақырыбы: Ашу- дұшпан, ақыл - дос.

Сабақтың мақсаты:1) Балалардың «ұстамдылық», «сабырлылық» құндылықтары

туралы түсініктерін кеңейту;

2) өзара жағымды қарым – қатынас жасау
дағдыларын

қалыптастыру;

3) Ұстамдылыққа, сабырлылыққа
тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу.

Көрнекіліктер: Суретті бетшелер, оқулық, дәптер, ребус, М.Әуезов портреті,

Данышпан ата суреті, даналық сөздері,
компьютер.

Жүрісі: І. Шаттық шеңбері

- Қош келдіңдер балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын! Міне, «Өзін -
өзі тану» пәні сабағында, бір жұмадан кейін қайта қауышып отырмыз. Бұл
сабаққа асыққандарың қуанышқа толы күлімдеген көздеріңнен көрініп тұр. Олай
болса, бәріміз бір – бірімізбен құшақ жайып амандасып, «Шаттық шеңберін»
құрып, қол ұстасайық. Бір – бірімізге жақсы тілегімізді арнайық. ( Балалар
бір – біріне тілектерін айтады.)

- Осындай жылы тілектерге толы шеңбер аясында бәріміз бірге Ғ.Жұмабаевтың
«Бізге ашық күн керек» өлеңі қайталайық.

Бізге
ашық күн керек

Бізге ашық күн керек.
Жеңдіріп біз ашуды

Аспан керек мөп – мөлдір.
Ақылға әркез келеміз.

Қуанышқа тұр бөлеп,
Азамат боп ер жетіп,

Бақытты өмір төккен нұр.
Ағаларға ереміз.

ІІ. Әңгімелесу

- Өлеңдегі: «Жеңдіріп біз ашуды

Ақылға әркез келеміз», - дегенде нені түсіндіңдер?

- Сендердің ашуланған кездерің болды ма?

- Не себепті ашуландыңдар?

- Сол уақытта қандай күйде боласыңдар?

- Сол күйден шығудың қандай жолдарын іздестірдіңдер?

- «Ашу- дұшпан, ақыл - дос» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
(балалардың жауаптары тыңдалады)

- Адамдардың ойланбай істеген істерінің арты кикілжіңге апарып
соқтырады. Кикілжің болған жерде міндетті түрде ашу туындайды. Ашу адамның
өзін де, өзгелерге де, айналасына да зиян. Өйткені адамның көңілі түседі,
ешнәрсеге зауқы болмайды, жағымсыз сөздер айтады, айналасындағыларды
ренжітеді. Ашу үстінде дұрыс шешім табу да қиынға соғады. Сондықтан да
қандай жағдайда болмасын ақылға жеңдіріп сабыр сақтап, ұстамды бола білу
керек. Біз бүгінгі сабақта ашуланбау, сабыр сақтаудың адами қарым-
құатынастағы мәні туралы әңгімелесеміз.

ІІІ. Мәтінмен жұмыс

Ж. Дәуренбековтың «Сурет» әңгімесі сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру
мақсатында оқылып, талданады.

-Саматқа Азамат неліктен ренжіді деп ойлайсыңдар?

-Азаматтың ашуының басылуына не себеп болды? (балалардың жауаптары
тыңдалады.)

ІҮ. Дәйексөз

Ребус шешу арқылы сабақтың дәйексөзі табылады.

«Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі»

- Ашуды жеңудің ең тиімді жолдары – ақылға салу, сабыр сақтау, ұстамды
болу. Ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл, қайырымды, мейірімді адам ашулана
қоймайды. Ашуын ақылға жеңдіреді. Сондықтан да белгілі жазушы Мұхтар
Әуезов: «Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі», - деп өте орынды
айтқан.

Ү. Жаңа ақпарат

«Іс- әрекеттің байыбына бара алатын, жақсы мен жаманды айырып, дұрыс
бағасын бере алатын адамды ақылды адам»

ҮІ. Ойын- жаттығу

«Неге ұқсатамын?» ойыны ұйымдастырылады.

Балалар ашуланған адамды неге ұқсататындарын кезегімен айтып шығуы тиіс.

Мысалы: Ашуланған сәттегі адамның бет- жүзін найзағайға, түнерген бұлтқа,
қызып тұрған үтікке, лапылдаған отқа, айдаһарға , дауылға ұқсатулары мүмкін

ҮІІ. Тапсырма

Оқушылардың білімдерін бекіту мақсатында «Досың ашуланған кезде оған қандай
ақыл айтар едің?» деген тапсырма беріледі.

ҮІІІ. Дәптермен жұмыс

«Сабыр түбі – сары алтын», «Қайтып кірер есікті қатты жаппа» деген данылық
сөздерді оқып, олар бойынша түсініктерін жазу.

ІХ.Шығармашылық жұмыс

Алдын ала үнтаспаға жазылған Н. Носовтың «Сырғанақта» әңгімесі
тыңдатылып, талданады.

- Әрі қарай не болды деп ойлайсыңдар? Әңгімені жалғастырып көріңдер.
(балалар жалғастырып әңгімелейді)

Х. Түйіндеме

Данышпан атаның кеңестері:

- Ашу қысқан кезде өзіңді- өзің ұстай біл.

- Ашуланған кезде бірден онға дейін іштей сана.

- Жақсы нәрсе туралы ойла.

- Өзіңді ұстамды, сабырлы адаммын деп есепте.

- Басқа адамды ренжітетініңді ойла.

- Соңынан өкінетініңді есіңе ал.

- Ашуды ақылға жеңдір.

ХІ.Жүректен жүрекке.

Сабақ соңында оқушылар өз сыныптастарына кезегімен тілектерін айтып шығады.

С. Молдасынұлының сөзіне жазылған, Ф. Жолдасованың «Бала тілегі» әнін
барлығы бірге орындайды.


Ұқсас жұмыстар
Сатылған ақыл
Ақыл-жастан, асыл-тастан
Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар
Мақал-мәтел – сөз мәйегі
Ой-өріс кеңдігі және ақыл- парасат
Ақылыңа ақыл қос
Топтың құрамы
Үлгірімі төмен оқушыларға тапсырма
Досыңды қорлама
Ақыл жастан
Пәндер