Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Есептік, реттік сан есімді бекіту. 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Есептік және реттік сан есімді бекіту. Сабақтың мақсаты:а) Білімділік:Сан есім туралы бала ұғымын кеңейту, есептік, реттік, дара, күрделі түрлеріне ажырату,сөйлем ішінен сұрақ қоя білуге үйрету; ә) Дамытушылық :Ой - өрісін кеңейту, танымын арттыруа отырып, жылдам ойлауға, пікірін жеткізе алуға, дұрыс шешім қабылдай білуге бағыттау, өз ойын дәлелдей алуына мүмкіндік туғызу,логикалық ойлау жүйесін дамытып, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру; б) Тәрбиелік Балаларды бірлікке, ұйымшылдыққа, тиянақтылыққа,өз беттерінше ізденуге,шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу; Сабақтың түрі: бекіту сабағы ( білімді меңгеру деңгейін байқау) Сабақтың әдісі: сайыс,ой қозғау,сұрақ-жауап,өзіндік жұмыс,сынау сұрақтары,топтастыру. Сабақтың көрнекілігі: сандарға қатысты тірек сызбалар,семантикалақ карта,тест тапсырмалары Пән аралық байланыс: математика,ана тілі. Сабақ барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық Амансың ба,Алтын Күн! Амансың ба,Көк Аспан! Амансың ба,достарым! Сендерді көрсем қуанам!-Балалар,әр адамның алдына қойған мақсаты болады.Сол мақсатқа жету үшін адам аянбай еңбек етеді.Сол сияқты сендердің де алдарыңа қойған мақсаттарың бар деп ойлаймын.Кім айтады,сендердің мақсаттарың не? (Білім алу) Олай болса, біз бүгінгі сабағымызды сайыс түрінде өтеміз. 1-топ <<Бірліктер>> тобы Ұраны: << Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар баламыз>> 2-топ <<Ондықтар>> тобы Ұраны: <<Он саусағы майысқан, шебер бала боламыз>> 3-топ <<Жүздіктер>> тобы. Ұраны: <<Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар баламыз>>(әр топтың топбасшыларын сайлайды)(Сигналдық карта арқылы оқушылардың сабаққа дайын ,дайын емес екендерін анықтау.) ІІ. Үй жұмысын тексеруТапсырма 2 түрлі болатын: 1) Сан есімдері бар мақал-мәтелдер жазып, жаттап келу. 2) Сан есімдері бар жұмбақ, жаңылтпаштарды жазып, жаттап келу. ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау. 1.<<Кім көп біледі?>> ойыны. 1 минуттың ішінде: 1 - топ дара сан есімдерді жазу2 - топ реттік сан есімдерді жазу. 3-топ есептік сан есімдерді жазу. (жазған сөздерді санап, ұпайға қосу)
2. <<Ассоциация>> <<Сан есім>> Ережелерге тоқталып өту.
Дара күрделі есептік
болжалдық Сан есім бөлшектік
Реттік жинақтық топтық
3. <<Ой қозғау>>. Сан есімді пысықтау мақсатында семантикалық картамен жұмыс
Сан есім
Дара
Күрделі
Есептік
Реттік
Сан есім зат есім
Үш
Жетінші
Отыз бір
Алпыс
Жүз
Алтыншы
Қырық дәптер
Оқушы:___________________
III. Жаңа сабақ : Есептік және реттік сан есім. << 423-426 жаттығулар>>
Дәптерге күннің жадын жазу.
а) Шағын диктант. Мен үшінші сыныпта оқимын.Сыныпта жиырма төрт
оқушы бар. (сан есімді табу,қай түрі екеніне тоқталу)
ә) Оқулықпен жұмыс. 423 жаттығу. Зат есімнің астын бір, сан есімнің астын екі рет сызу. Сөйлемдегі тыныс белгіге назар аудару. (бастауыш пен баяндауыштың қызметін атқарып тұр)
1-топ. Парта - он екі. Оқушы-жиырма төрт.
2-топ. Қол-екеу. Саусақ-он.
3-топ. Кітап-бесеу. Дәптер-жетеу.
б) Релаксация . Музыка ырғағының астында дем алу.(қонақтарға да айту)Өзімізге ыңғайлы етіп, дұрыс отырып, көзімізді жұмып, денені бос тастау. (елестету)Көктемнің жайма шуақ бір күні,сен табиғат аясына дем алуға шықтың. Айнала қандай әсем! Құлпыра өскен қызғалдақ, түрлі - түсті көбелектер айнала ұшып жүр. Сен бір ағаштың басында отырған бармақтай құсқа көзің түсті. Оны шошытып алмайын деп ағаштың түбіне жақындап келіп,әлгі құстың даусын тыңдадың. (Құстың даусын қосу) Ол-бұлбұл екен. Сен бұлбұлдың әуенін жадыңда сақтап қалдың. (Шапалақ соғу,көзді ашу)
в) 424-жаттығу. Берілген сан есімдерді қатыстырып сөйлем құрау. (Әр топтан шығару)
Бес,екеу, бірінші.
г) <<Кім шапшаң?>> ойыны арқылы топтық жұмыс жүргізу.Әр топтың оқушыларына мозайкаларды үлестіру.Топтағы оқушылар ақылдаса отырып,мозайкалардан ертегі құрастыру. Ертегіге неше кейіпкер қатысатынына тоқталып, қысқаша ертегінің мазмұнына тоқталып өту.
ғ) Өзіндік жұмыс. 425-жаттығу.Берілген сөздерді дұрыс айтып, қатесіз жазу.
Үшеу,төртеу,тоғыз,он бір, он бес, үшінші, төртінші, жүзінші, сексен үш, жетпіс тоғыз.
д) <<Ой толғаныс>> <<Киелі сандар>> Балалар, 3,5,7 киелі сандар деген ұғым бар екен.
375729527940Солар жайлы не білеміз?
е) (Оқушылар жауап беріп болғанша, топ басшыларына ребус үлестіру)
1-топ: <<Елуінде - ер дана,Елуінде-ел жаңа>>
2-топ: <<Батыр бір өледі,
Қорқақ мың өледі.>>
3-топ: <<Бас екеу болмай , мал екеу болмайды.>>)
7 санына байланысты байламдар:
ҚАЗЫНА; ЖҰТ; ЖЕТІМ; АПТАНЫҢ КҮНІ; АТА, ЖОҚ, НАУРЫЗ КӨЖЕНІҢ ҚҰРАМЫ; МУЗЫКАНЫҢ НОТАСЫ; ЖЕТІГЕН; Үш санына байламдар:АРСЫЗ;ҚАЗЫНА;БӘЙТЕРЕК;БИ; Бес санына байламдар: АРЫС;ПАРЫЗ;УАҚЫТ НАМАЗ; ж) Шығармашылық топтық жұмыс. (2минут уақыт беру) 1-топ. ҚАС сөзінің бір әріпін өзгерту арқылы бірнеше сөз шығару. (қар,қап,тас) 2-топ. ҚАРЛЫҒАШ сөзінен бірнеше сөз жасау. 3-топ. Сан есім мен зат есімнен жасалған сөз тіркесін жазу. з) Логикалық тапсырма: 1-топ:107-ге дейінгі сандардың ішінен 7-саны неше рет кездеседі? (қай топ шешсе,ұпай сол топқа бұйырады) (жауабы: 21 рет) 2-топ:Үстел үстінде үш стақан шие тұр.Марат бір стақан шиені жеп қойды.Неше стақан қалды? (жауабы:3 стақан) 3-топ:Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы тұр.Бірінші не жағасыз?(жауабы: шырпы) IV.Сабақты қорытындылау:Тест тапсырмалары: 1.Сан есім деген не? а) заттың қимылын білдіретін сөздер. ә) заттың санын білдіреті сөздер. б) заттың сынын білдіретін сөздер. 2.Сан есім қандай сұраққа жауап береді? а) қандай? Қанша? ә) қанша? неше? нешінші? б) не? нешінші? 3.Көп нүктенің орнына керекті сан есімді жазыңдар. Ер ... рет өледі, қорқақ ... рет өледі. а) бір,бесінші ә) бір, көп б) бір, мың 4.Жұмбақты шешіңдер: Бір үйде тұрады екен елу батыр, Үй сыртына сүйкенсе-ақ өліп жатыр. 5. - ыншы жұрнағы қай сөзге сәйкес келеді? а) алты ә) үш б) он Орындаған оқушы:________________________
V.Үйге тапсырма: 426-жаттығу.Сурет бойынша 3-4 сөйлем құрау,сан есімді табу VI. Оқушыларды бағалау. Смайликтер арқылы оқушыларды бағалау
Полатова Айгүл Жамантайқызы <<Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп>>коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz