Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ұлылар есімі мәңгі өлмейді


Ұлылар есімі мәңгі өлмейді.
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы
К.Байсейітова атындағы орта мектеп
Мәдениеттану бөлімі –тарих секциясы
Дайындаған: Сағатбекова Рауана Мейрамқызы
Жетекшісі: Сатмаганбетова Жанар Аманжолқызы

Менің туған жерім, елім Ақтоғай 80 жаста. Ел дегенім – бір ғана
Қайдауыл Шерукеден Балқаш көліне дейінгі Ақтоғай ауылы.
Тарих көші тоқтаусыз керуен тартады, ауданымыздың тарихы да сондай.
Ал бүгінгі ұрпақ елінің, туған жерінің тарихын білуі - өлкемізді құрметтеп,
қастерлеуі басты парызым. Ел қорғаған, туған өлкені өркендетуге үлес қосқан
барлық аға ұрпақ өкілдеріне бас иемін.
Ақтоғай ауданы ертеден ғылым мен білім жолына түскен таланттардың
өлкесі. Октябрь революциясына дейін де оқыған кадрлары болған. Соның бірі
Патшалы Ресей тұсында ІХ Думаның депутаты, Санк-Петербург орман-тоғай
институтын бітірген, тұңғыш «Қазақ» газетін және «Алаш» партиясын
ұйымдастырушы, өмірінің соңғы кезеңінде Ресейде Шығыстаудан Университетке
сабақ берген Әлихан Бөкейхан, қазақтың тұңғыш математик докторы, Әлихан
Ермеков, тұңғыш заң ғылымының білгірі Жақып Ақбай, еліне беделді былғары
заводын салып, жұқпалы ауруларға қарсы егу жұмысын жүргізген, көкеніс,
астық, мал тұқымын асылдандырумен шұғылданған, алғаш кеме жасатқан Хасен
Бижановты әркім біледі.
Ғылым саласында ғалымдар да өсе түсті. Республика жұртшылығына
танымал Хайдар Арыстанбеков, Мүсілім Ермеков, Әсет Болғанбаев, академик
Орынбек Жәутіков, тұңғыш медицина ғылымының докторы атанған К. Тарабаевалар
көш басында болды. Медицина ғылымының кандидаттары: Қайырберлі
Мұқаметжанов, Әуезхан Омарханов, биология ғылымының кандидаттары
Г.Жүнісова, ауылшаруашылығы ғылымының кандидаттары Құдышев Тиышбек, заң
ғылымының кандидаттары Төкіжан Ағдарбеков, Қабылсаят Әзімбаев, минерология
ғылымының кандидаттары Төкіш Ақышев, физика ғылымының кандидаттары
Рахметолла Башаров, Сағатбек Күземханов, сызу-бейнелеу ғылымының
кандидаттары У.Ақпанбеков, Омашев Ақтоғай тумалары. Ғылымның әр саласы
бойынша ғалымдар саны көп-ақ.
Ұлы Отан соғысында асқан ерліктің үлгісін көрсеткен ұшқыш Совет
Одағының Батыры Нүркен Әбдіров, ал педагог, партизан Сталинградтан Берлинге
дейін соғысқа қатысқан Совет Одағының Батыры Қазыбек Нұржанов.
Дәулетіне сәулеті сай Отанымызбен қоса гүлденіп, дамыған Ақтоғайдың
қасиетті топырағынан түлеп ұшқан көптеген ұлдар мен қыздар елі мен жерінің
лайықты мақтанышына айналған. Қазақ халқының бұлбұл құсы атанған СССР Халық
әртісі Күләш Байсейітова, Қазақ ССР халық әртісі, әнші, әрі композитор
Манарбек Ержанов, Қазақ ССР халық әртісі, күйші, композитор Мағауия Хамзин,
көне талант, күйші Аққыз (Мүгілсім) Ахметова, сурет өнерінің жан-жақты
шебері Сахи Романов, ақындар Жеңіс Қашқынов, Дәуітәлі Стамбеков, Серік
Ақсұңқарұлы, Абзал Бөкенов өнер эстафетасын кейінгіге жалғастырушылар.
Аудан тарихына тоқталсақ, айтар сөз көп. Аудан жерінде Октябрь
революциясына дейін орыстың және шетелдің талай ғалымдары мен саяхатшылары
болған. Поляк Янушкеевич, атақты географ, саяхатшы ғалым А.Потанин және
оның әкесі Н.Потанин, алғаш Балқаш кен орнын ашушы академик Русаков, орыс
жазушылары М. Пришвин, В. Иванов, Н. Попов және басқалары болған. Ал атақты
ғалым С.Амосов 1924 жылдары Тоқырауын өзені бойында егін өсіріп, асыл
тұқымды мал тұқымын сұрыптаумен шұғылданған.
Қазақ халқынының атақты әншісі, ақын, композитор Әсет Найманбайұлы
(1867-1923) және атақты 1912 жылы Лена қырғынына қатысқан белгілі
революционер Угар (Мұқатай) Жәнібеков Қызыларайда дүниеге келген. Ал 1925
жылы Париж сахнасын әнімен дүбірлеткен Әміре Қашаубаев кәзіргі, Жамшы
жерінде балалық кезін өткізген. Аудан жерінде әнші, композитор, суырып
салма ақын, цирк өнерінен де хабары бар Шашубай Қошқарбаев, суырып салма
ақын Кенішбай Жұбандықов, ақын Нарманбет Орманбетов өмір сүрген. Ал атақты
Абай құрметтеген айтыстың ақберен шебері Шөже Қаржаубайұлы Сарытерек елді
мекені, Әлібек қыстауында жерленген деген зерттеу жүргізілуде.
Қазақ ССР-на еңбегі сіңірген әртістер драматург Зейнолла Жақыпов,
Ағдарбек Ибраев, Мұздыбек Әбдікәрімов Ақтоғай топырағында өмірге келген.
Қазірде ауданымызда «Тоқырауын толқыны» фольклорлық этнографиялық ән-
би халықтық ансамбль, «Ақтоғай халық театры», «Сарыарқа халықтық ұлт
аспаптар оркестрі», «Шалқар халықтық мәдени үгіт бригадасы» аудан
мақтанышы.
Бұлар бірнеше рет облыстық, республикалық байқаулардың лауреаты
атағын жеңіп алды. Тоқырауын толқыны ансамблі Алматыда, Астанада, Ресейде,
Венгрияда, Үндістанда, Украина жерінде өнер көрсетіп, үлкен абыройға ие
болған. Өнер ұжымының мүшелері әуесқой композитор Дәртай Сәдуақасов, әнші
Төлеу Аяғанова, Дариға Ақатаева, Шәмшия Төлеубаева және басқалары
ансамбльді жас толқын жастармен толығып келеді. Бұлардың бәрі де
республикалық және облыстық байқаудың лауреаттары.
Ақтоғай теміржолға 220 шақырым. Жақын теміржол станциялары Балқаш,
Жарық, Қарағайлы. Ақтоғай жері солтүстікте Қарағанды қаласы, Шет және
Қарқаралы аудандарымен, шығысында Семей, Талдықорған облыстарымен,
батысында Алматы, Жамбыл облыстарымен шектеседі.
Ақтоғай ауданы 1928 жылы құрылған. Жер көлемі 519,675 кв.м., халық
саны 19,086 мың, 17 селолық округі бар.
Жазы ыстық, қысы суық. Қаңтарда орта температура –17С , маусымда
орта температура +17 С мөлшерінде. Жауын-шашын өте сирек, жазы құрғақ болып
келеді. Ауданда Қызыларай тауы (биіктігі 1565м) бар, ол сарыарқадағы ең
биік тау. Бегазы және Қызылтас таулары да осыған таяу. Осы таулар өлкелері
мен сайларынан аққан су төңіректің төрт бұрышына кетеді. Тоқырауын,
Қаратал, Қасабай, Жіңішке, Қусақ, Жамшы өзендері Балқаш көліне қарай ақса,
Нұра, Кежек өзендері солтүстікке қарай ағады.
Аудан экономикасының негіздері мал шаруашылығы. Қызыларай тауы
өлкесінде қарағай, басқа өлкелі жерлерінде қайың, тал, қараағаш, терек,
тобылғы, қараған, мойыл, баялыш, көкбек, арша, тасжарған өседі. Өсімдіктер
дүниесіне бай. Мұнда бетеге, жусан, тарлау, шайыр, қурай, қымыздық,
қызғалдақ, қойжуа, таупияз, сарымсақ, түйетабан, биемшек, сүттегін, қылша,
қына, түйе жапырақ, қаңбақ, түйеқарын, меңдуана, кәріқыз, құлмақ, ши және
басқалары өседі. Жерінде қарақат, бүлдірген, таңқурай, долана, мойыл
секілді жемістер кездеседі.
Жануарлар дүниесінен де неше түрлі құстар мен аңдарды атауға болады.
Бүркіт, ақсары, қаршыға, ителгі, тұрымтай, күкентай, көкек, қара қарға, ала
қарға, ұзақ, сауысқан, бозторғай, жағал торғай, қара торғай, шымшық,
бұлбұл, байғыз үйрек, қасқалдақ, шиекөз, сары ала қаз, балықшы, аққу,
көкқұтан, бірқазан, тырна, дуадақ, бұлдырық, шіл, саңырау құр, бөдене,
қарашай, тарғақ, қызғыш құс және басқалары бар.
Аңдардан арқар, киік, қарақұйрық, елік, ақ және көк қоян, қабан,
түлкі, қасқыр, қарсақ, дала мысығы, сілеусін, борсық, күзен, суыр,
сарышұнақ, аламан, ұзын құйрық тышқан, ақ тышқан, су тышқан, суларында қара
балық, сазан, итбалықтар, бақалар, жерінде жыланның әр түрі, кесірткелер
кездеседі.
Аудан қазақ халқының ұлттық астығы ертеде ақ бидайдың отаны болған.
Ақтоғай көне ескерткіштер мен тарихи археологиялық қазбаларға да бай.
Қазақстан тарихында «Бегазы мәдениет», «Бегазы дәуірі» деген атаулар бар.
Академик Әлкей Марғұлан Бәйіштің қарашоқысы, Желтау, Майтас, Қоңыртау
тауларынан өте ертедегі құралдар мен таңбаларды анықтады. ХІХ ғасырда
ағылшын-орыс капиталисттері Берікқара мыс, қорғасын, алтын кенін игерген.
Ақтоғай жерінде 1962 жылы 15 тамызда А.Г.Николаев басқарған «Восток -
3» космос кораблі сәтті қонды. Ол Қаратал совхозының маңына түсті. Ал бұдан
бұрын алысқа атылатын баллистикалық ракетаның алғашқы снаряды Ақтоғай
жерінен табылды.
Ауданымыздағы К.Байсейітова атындағы орта мектептің білім отауын
тігіп, жас ұрпақтарға мол білім мен тәрбие бере бастағанына біраз уақыт
болды.
Мектеп тарихы аудан тарихымен тікелей байланысты. Ауданмен қатар
дамып, қатар өсіп келеді. Біздің мектебімізден ондаған мың адам білім
алып, түлеп ұшқан. Оның ішінде шебер тілді ақын да, шалқар ойлы ғалым да,
ұйымдастыру қабілеті мол басшысы да, жау тылында жүріп өзінің қасиетті
отаны үшін талай сындардан өткен партизан да, адал еңбегімен ел табысын
селдей тасытқан еңбек адамдары да бар.
Біздің мектебіміз - жерлесіміз әнші К. Байсейітова атымен аталады.
Мен ерекше мақтанышпен айта аламын. Мектебімізде «Күләштану» атты таңдаулы
курс бағдарламасы өтеді. Бағдарлама негізінен «К.Байсейітованың туған жері,
ата-тегі», «Тегіңді білу – тектілік», «Көркем өнер - көшбасшысы», «Күләш
туралы сыр», «Күләш туған-туыстары мен әріптестері арасында», «Әншіні
әлемге әйгілеген әндер», «Өнер жолындағы әріптестері мен ізбасарлары»,
«Күләш сомдаған бейнелер», «Есімі мәңгі сақталар» деген т. б. салаларды
және К.Байсейітованың орындаған әндерін жалғастырушы, жіңішке лирика
коларатур сопрано дауысты Күләштің әндерін жас орындаушылардың қайталауы,
ерекшелігі туралы қамтиды.
«Күләштану» таңдаулы курс бағдарламасы ретінде оқытудағы басты мақсат
- дәстүрлі әншілік өнермен бірге салт-дәстүрлерімізді, туған ел мен жерге
сүйіспеншілік пен өнерге деген құштарлықтарын дамыту, білім мен тәрбиені
ұштастыра жүргізу. Аудандағы өнер адамдарының еңбектерін үйреніп, оны
құрметтеп, халық мұрагері - бүгінгі ұрпақ бойына атадан қалған асыл өнер
түрлерін сіңіру. Қазақ халқының даналығы, дәстүрлері халық сынынан өткен
құнды мұра, асыл қазына болып табылады.
Бағдарлама жеке тұлғаның танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға
бағытталған.
Осыншама мол тарихқа бай, ұлы адамдар өмірі мен өнері қанат жайған
өлкеде өмір сүріп отырған мен үшін сол құнды деректердің ескерусіз қалмай,
жарыққа шығуына ат салысқым келді. Сол себепті мектептегі «Күләштану»
таңдаулы курсын таңдап қатысып өз бойымнан өнер адамдарына деген
қызығушылықты байқадым, зерттей отырып ел тарихын таныдым, соны әрі қарай
дамыта отырып анықтаудамын. Өзім қазіргі кезде домбыра тартып, ән айтамын
және ел тарихына арнап тақпақ шығарып, баспасөз беттеріне, мектеп ішілік
шараларда жариялап, ізденіп отыру арқылы білімімді жетілдіріп келемін.
[pic]

[pic]

[pic]


Ұқсас жұмыстар
Дүние дүр сілкінді
Әлияның жүрегі
Елін танытқан ер. Қонаев
Мұқағали оқулары
М.мақатаев " мен өмірді жырлау үшін келгенмін" ашық тәрбие сағаты. 5-сынып
Ұлы Отан соғысының батырларын ата
Абай құнанбаевтың өмірі мен қызметі
Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні
Ер есімі ел есінде .Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру
Жырлайды жүрек атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған жыр кеші
Пәндер