Сыныптан тыс Миллион кімге бұйырады? танымдық ойынының өткізу жоспары мен ережелері


Бикалова Халила Сагындыковна

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы.

Алмаз орта жалпы білім беретін мектеп- балабақшасының математика пәні мұғалімі

«Миллион кімге бұйырады?» интелектуалды білімділер сайысы

Сыныптан тыс жұмыстар

Сайыс мақсаты: ең үздік, жан - жақты, білімді, ойы ұшқыр оқушыны анықтау және күнде теледидардан көріп жүрген «Миллион кімге бұйырады?» танымдық ойынын игеруді үйрету.

Мұнда қарастырылатын сұрақтар - математика, физика, жаратылыстану, қазақ тілі, тарих пәндерінің сұрақтары.

Мұғалімдерге осындай танымдық ойындар өткізуде кәдеге асар деген ниетпен ойынның жоспарын ұсынып отырмын. Ойынға демеуші ретінде осы 10 сынып оқушыларының өздерінің «Білімге құштармыз» қоры.

1. Ойынға қатысушыларды ойынның негізгі шарттарымен таныстыру. Мұнда 1-15 сұрақтар беріледі.

1-50 2-100 3-200 4-300

5-500 жойылмайтын ұпай

6-600 7-700 8-800 9-900

10-100 жойылмайтын ұпай

11-1100 12-1200 13-1300 14-1400

15-1500 ойынның женімпазы болады (1500тг)

Ойынға қатысушыларға қандай көмектер мен жеңілдіктер бар?

1. 50х50 (екі дұрыс емес жауаптарды алып тастау)

2. Жолдастық көмек (аудиториядан бір ғана адамның көмегі)

3. Көрермендер көмегі

Тағы да ескертетін жағдай, егер ойынға қатысушы ойынды кез келген сұрақта тоқтатқысы келсе, сол сұраққа қатысты қаржыны ала алады.

Жалпы, сыныптағы оқушыларды екі топқа бөліп, әр топтан жылдам сұраққа жауап берген бір оқушы ойынға жолдама алады. Сонда ойынның қатысатын оқушыны анықтау бөлімі «спринт» деп аталады. Осы бөлімнен өткеноқушы негізгі ойынға қатысады.

Спринт

Төмендегі сандарды өсу ретімен орналастыр:
8 9 \frac{8}{9} 8 9 \frac{8}{9} ; -2; 1 3 \frac{\ 1}{3} 1 3 \frac{\ 1}{3} ; 16 \sqrt{16} 16 \sqrt{16}

Дұрыс реті: ; -2; 1 3 \frac{\ 1}{3} 1 3 \frac{\ 1}{3} ; 8 9 \frac{8}{9} 8 9 \frac{8}{9} 16 \sqrt{16} 16 \sqrt{16}

Сұрақтар:

1) Дыбыс толқындарын техникалық қабылдағыш қалай аталады?

а) детектор в) микрофон с) дифрактор д) барометр

2) П-шеңберлер теориясының өзегі, онсыз шеңберге қатысты мәселелерді шеше алмайды. П-қаңдай сан?

а) иррационал сан в) натурал сан с) нақты сан д) периодты ондық бөлшек

3) ЭЕМ -де өшірілген объектіні сақтайтын программа?

а) мультимедия в) интернет с) сеть д) корзина

4) Тік бұрышты үшбұрыштың қатеттерінің қосындысы 17-ге, ал гипотенуза 13-ке тең. Катеттерді анықта?

а) 12; 5 в) 13; 4 с) 10; 7 д) 5; 17

5) 34 және 51 сандарының ең үлкен ортақ бөлгіші менең кіші ортақ еселігін тап.

а) 17; 51 в) 17; 102 с) 34; 51 д) 51; 102

6) «Сықырлауық» сөзінің мағынасы?

а) киіз үй есігі в) киіз үй түндігі с) шанырақ д) бақан

7) Жарықтың таралу жылдамдығы қаңдай?

а) 3*10м/сек в) 9, 8*10м/сек с) 3*10м/сек д) 9, 8*10 м/сек

8) Теңдеуді шеш:log 2 ( 3 x 5 ) 4 = 0 \frac{(3x - 5) }{4} = 0 ( 3 x 5 ) 4 = 0 \frac{(3x - 5) }{4} = 0

а) 8 в) 3 с) 0, 3 д) 5

9) Есепте: arcsin (-1/2)

А) П/3 в) -П/6 с) П/6 д) П/4

10) Орыстың атақты жазушысы, университетті физика- математика мамандығы бойынша бітірген оқымысты?

а) Грибоедов А. в) Пушкин А. С. с) Ломоносов д) Ельцин

11. Туындысын тап:

F(x) =sin3x+cos5x

  1. sin3x+cos5x c) 3cos3x-5sin5x
  2. cos5x -sin3x d) cos3x-sin5x

12) «Егеменді Қазақстан» газетінің бұрынғы атауы?

а) «Жас Алаш» в) «Қазақ жері»

с) «Қазақ» д) «Еңбекші қазақ»

13) Биссектрисалары өзара перпендикуляр болатын төртбұрышты ата?

а) параллелограмм в) трапеция с) ромб

д) тіктөртбұрыш

14) Сұйықтарда немесе газдарда сұйық күштер тудыратын қысым барлық бағытта бірдей беріледі. Кімнің заңы?

а) Паскаль в) Ньютон с) Кьюри д) Лейбниц

15) Әлемдегі алғашқы әйел математик кім?

а) Ковалевская в) Гипатия с) Кьюри д) Матвеева

Ойынды қорытындылау.

Ал, екінші топқа сұрақтар да осындай негізде құрастырылады.


Ұқсас жұмыстар
Информатика пәні бойынша Миллион кімге бұйырады интеллектуалдық ойын сабақ жоспары
Миллион кімге бұйырады: тарих пәні бойынша интеллектуалдық ойын сабақ жоспары
Пәнаралық сабақ жоспары: Табыс көзі - білімде зияткерлік ойын Миллион кімге бұйырады
Қаршы орта мектебінің Миллион кімге бұйырады физика пәні бойынша интеллектуалдық шоуының әдістемелік нұсқаулығы
Миллион кімге бұйырады? Оқушылар арасындағы физика және астрономия пәндері бойынша білім сайысы
Логарифмдік теңдеулерді қайталау: Миллион кімге бұйырады? ойыны форматындағы білімді бекіту сабағы (Аршаты орта мектебі, мұғалім Нургалиева Күлдаш Абильмажиновна)
Сыныптан тыс жұмыс: Математик - кәсіпкер ойынының мақсаты мен өткізу жоспары
Информатика пәні: Білім биржасы зияткерлік ойынының сыныптан тыс іс-шара жоспары
Математикадан сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Елім менің танымдық ойынының сценарийі мен ережелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz