Тіктөртбұрышты параллелепипед және текше. санның кубы

№3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебі

Ашық сабақ:

«Тіктөртбұрышты параллелепипед және текше. Санның кубы. »

Өткізген: Мукашева Эльмира Жеңісқызы

Жаңақала-2013ж

Сабақтың тақырыбы:” Тіктөртбұрышты параллелепипед және текше. Санның кубы. ”

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: Оқушыларға тіктөртбұрышты параллелепипед және текше туралы түсініктерін қалыптастыру; санның кубын есептеп үйрету.

ә) дамытушылығы :оқушылардың өзін-өзі бағалауын, есептеп шығару арқылы логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Коммуникативтілік құзыреттілігін қалыптастыру.

б) тәрбиелігі: оқушылардың бойында еңбексүйгіштік, елжандылық, адамгершілік пен адалдық, шапшаңдық пен тазалық қасиеттерін қалыптастыру. Бірінің пікірін бірі тыңдауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: экспедиция

Сабақтың әдісі: топтастыру, ой шақыру, талдау-жинақтау, сұрақ-жауап.

Сабақтың құрылысы:

I. Психологиялық дайындық

II. Қызығушылықты ояту.

Ой қозғау стратегиясы «”Ия” немесе “Жоқ”» ойыны.

III. Мағынаны тану

Сергіту сәті “Жаңбырдың үні” тренингі

IV. Рефлексия

“ Бес қадам “тренингі.

V. Бағалау

VI. Үйге тапсырама.

Кезең: Кезең
Жұмыс мазмұны: Жұмыс мазмұны
Уақыт: Уақыт
Күтілетін нәтиже: Күтілетін нәтиже
Кезең: Кіріспе қызықтырушылық- кезең
Жұмыс мазмұны:

1. Ұйымдастыру:

-Сәлемдесу

-Оқушыларды түгендеу

-Назарын сабаққа аудару

-Құрал-жабдықтарын түгендеу

2. Психологиялық дайындық:

Күлім қағып қолымды,

1, 2, 3 деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме,

Қолымды мен бұлғайын.

Ыстық алақаныммен,

Маңдайыңнан сипайын.

Құшақтасып өзіңмен,

Амандасып алайын.

3. Сабақтың мақсат-міндетін қою:

Біз бүгінгі сабақта геометриялық экспедицияяға аттанамыз. Осы экспедицияға қатысу үшін бірнеше сынақтан өту керек. Сынақтан өтпес бұрын, кім айтады геометрия сөзі нені білдіреді?

(Оқушылар жауабы)

Дұрыс айтасыңдар!

Геометрия алғашқы рет Мысырда пайда болған, содан ол жақтан басқа елдерге тараған. Мысырлықтар ұзындықты өлшеудің басты бірлігі ретінде шынтақты пайдаланды. Шынтақ 7 алақанға, алақан 4 саусаққа бөлінді. Осылайша геометрия, геометриялық фигуралардың қасиеттері туралы ғылымға айналды. Ал, сіздер геометрия пәнімен 7-сынпта жақынырақ танысасыңдар.

Өткен тақырыпты пысықтау:

Ой қозғау стратегиясы:

Бірінші сынақтан өту үшін “ия немесе жоқ”ойынын ойнаймыз.

1. Тіктөртбұрыштың ауданы-ұзындығы мен енінің көбейтіндісі.

2. Шар-жазық фигура.

3. Тіктөртбұрыштың периметрі-барлық қабырғаларының қосындысы.

4. 1 дм-де 15 см

5. Санды екі бірдей көбейткіш ретінде алу-санның квадраты.

Екінші сынақтан өту үшін бері қараймыз.

Уақыт:

1

3

1

1

Күтілетін нәтиже:

Оқушыларды сабаққа дайындау

Сабаққа деген қызығушылығын ояту

Геометрия туралы мағлұмат алу.

Өткен тақырыптарды қаншалықты игергенін білу.

Кезең: Бағдарлау - мотивациялық кезең
Жұмыс мазмұны:

Мына фигураларды қандай екі топқа бөлуге болады.

(Оқушылар жауабы)

Жазық фигураларды кім атайды?

Көлемді фигураларды кім айтады?

Жарайсыңдар балалар!

III. Мағынаны тану:

Сонымен, сендер сынақтан өттіңдер, енді экспедицияға шығуға дайынсыңдар. Әр ғылыми экспедицияның мақсаты бар, ол-ғылыми құбылыстың қандай да бір ерекшелігін зерттеу. Сендер қалай ойлайсыңдар, біздің экспедицияның мақсаты қандай болу керек?

( Оқушылар жауабы геометриялық фигуралар)

Дұрыс, айтасыңдар, балалар!Бүгінгі сабағымызда параллелепипед пен текшені зерттейтін боламыз . Біздің сабағымыздың тақырыбы: «Тіктөртбұрышты параллелепипед және текше. Санның кубы. ».

Дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің жадысы мен тақырыпты жазамыз.

Мысал 1.

Бері қарайық. Мынау қандай фигуралар? Фигураларды атайық. Әр түрінен неше фигура бар?

Уақыт:

2

10

Күтілетін нәтиже:

Фигураларды анықтату

Сабақтың мақсатын оқушыларға айтқызу

Фигураларды топтастыру

Кезең:
Жұмыс мазмұны:

Тіктөртбұрышты параллелепипед және текше-сендерге өте жақсы таныс фигуралар, өйткені көптеген заттар осындай пішінге ие. Қандай заттар?

(оқушылар жауабы)

Жарайсыңдар балалар!

Мынау қандай фигура?

(Оқушылар жауабы)

Параллелепипед туралы не білеміз?

(Оқушылар жауабы)

Тіктөртюұрышты параллелепипед жақтары тіктөртбұрыш болып келетін көлемді фигура яғни, дене.

Бұл фигураның 8 төбесі, 6 жағы, 12 қыры бар. Кез келген төбеден 3 қабырға шығады.

Параллелепипедтің 3 өлшем бірлігі бар-ұзындығы, ені, биіктігі. а-ұзындығы, в-ені, һ-биіктігі болып белгіленеді.

Уақыт:
Күтілетін нәтиже:

Осы фигуралардың пішініндегі заттарды айтқызу. Білу, түсіну, қолдану(Блум таксономиясы) .

Параллелепипед туралы білетіндерін айту. .

Кезең:

Операционалдық-орындаушылық

кезең

Рефлексиялық-бағалау кезеңі

Жұмыс мазмұны:

Мынау қандай фигура?Текше туралы не білеміз?

Текше-барлық жақтары шаршы болып келетін тіктөртбұрышты параллелепипед. Текшенің 6 жағы бар. Текшенің жақтары туралы не айтуға болады?

Оқушылар жауабы

Текше мен тіктөртбұрышты параллелепипедтің жазбасында тіктөртбұрыштардың өлшемдері қандай?

(Оқушылар жауабы)

Неліктен?

(Оқушылар жауабы)

Жақсы . Жарайсыңдар!

Мысал 3-ке назар аударайық.

Қай сандарды бірдей екі көбейткіш түрінде жазуға болады?

(Оқушылар жауабы)

Бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісін санның квадратына ауыстырып қалай жазуға болады?

(Оқушылар жауабы)

4=2*2=2² 36=6*6=6²

16=4*4= 4² 64=8 *8 =8²

49=7*7 =7 ² 81= 9*9=9²

25=5*5=5² 9=3* 3=3²

ә)

Үш бірдей көбейткіштің көбейтіндісі бола


Ұқсас жұмыстар
Көлемнің өлшем бірліктері
Тікбұрышты параллепипедтің бізге бағытталған жағы тікбұрыштың формасында
Мәндері бойынша санды өрнектерді салыстыру
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту мен бөлудің жағдайлары
Көлемді өлшеу. тік бұрышты параллелепипедтің көлемі. куб сантиметр
Пирамида көлемінің формуласы
Барлық қабырғасы тең үшбұрыш
Қайық сурет
Пирамида немесе конус
Дәреженің көрсеткіші
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz