Сабақ жоспары: Бөлшектерді көбейту - жай бөлшектерді, аралас және натурал сандарды көбейту

F:\Лиза(фото)\Лиза фото.jpg Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қаратон поселкесі

№23 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Баймухашева Лиза Қожантайқызы.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, алған білімін бекіту, есептеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Бөлшектерді көбейту» тақырыбына арналған сабақтың өту жоспарын назарыңызға ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: Бөлшектерді көбейту.

Сабақтың мақсаты:1) Жай бөлшектерді көбейту амалын орындауды. үйрену. 2) Жай бөлшекті, аралас санды, натурал санды көбейтуді үйрену. 3) Берілген бөлшекке, натурал санға кері санды табуды үйрену.

Сабаққа қажетті көрнекілік:Тапсырмалар жазылған карточкалар, тест тапсырмалары, тірек конспектілер, сабаққа қажетті сызбалары бар кестелер.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Өткенге қайталау. Эстафета түрінде өткізіледі.

1. 1) Оқушылар тақтаға шығып кезекпен жай бөлшек жазып келесісі оқып, алымын, бөлімін атап, түрін (дұрыс, бұрыс) айтады.

2) Осылай келесі оқушы аралас сан жазып окиды. Одан кейін басқа оқушы шығып оны бұрыс бөлшекке айналдырады.

3) Тақтаға оқушы бөлімдері бірдей екі бөлшек жазады, одан кейінгі шығатын оқушы оларды қосады, мүмкін болса азайтады.

4) Келесі кезеңде тақтаға бөлімдері әртүрлі екі бөлшек жазылып, оларды келесі шығатын оқушылар қосады, мүмкін болса азайтады.

5) Соңында екі аралас сан жазылып олар тағы да қосылып, азайтылады.

2. Осы қайталау нәтижесінде оқушылар жай бөлшектерді қосу, азайтуды пысықтап өтеді. Бұл жұмыс жалпылама тексеру, енді жекелеп тексеру үшін әр оқушыға алдын ала дайындалып әкелінген тест тапсырмаларын таратып 5 минут ішінде орындап беру ұсынылады. Уақыт өткен соң тақтада жасырын ілулі тұрған дұрыс жауаптар ашылып, әр оқушыға неше балл алғанын өздеріне тексеруге болады. Тест тапсырмалары мынадай болуы мүмкін: Мәнін табыңдар:

1. 3/11 + 5/11= А. 2/11; Б. 6/11; В. 8/11

2. 1/3+3/4= А. 1/3; Б. 5/6; В. 12/13.

3. 31/6-2= А. 19/6; Б. 13/6; В. 23/6.

4. 10-23/7= А. 51/7; Б. 47/7; В. 44/7.

5. 89/12+3= А. 10; Б. 125/12; В. 128/12.

Мұндай өзін-өзі тексеру болашақта тесттік жүйемен тексеру тапсырмаларын әрі тез, әрі дұрыс орындауға жаттықтырады.

3. Тақтаға үш теңдеу жазылған тапсырма ілінеді. Ол тапсырмаларды орындауға оқушылар тақтада жұмыс істеп жатқанда орында отырған дар да осы тапсырмаларды орындайды, әрі тексеріп отырады. Тақтаға мынадай тапсырмалар ілінеді.

Теңдеулерді шешіңдер:

1) 547/12+ x = 4619/60 2) x + 369/16= 307/6 3) x + 37 / 30 37/30 = 77/24

Тапсырмаларды орындауға 5 минут уақыт беріледі.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1) Натурал санға бөлшекті көбейту әдісін мына мысалмен көрсетуге болады:

3/7*2=3/7+3/7=(3+3) /7=6/7;

a / b a/b\ * c=a * c/b

Жалпы түрде:

Тірек белгісін оқулықтағы ережені оқи отырып көрсетуге болады.

a/b * c/d=a * c/b * d;

Жалпы түрде:

Оқулықтан ережесін оқушылар өздері оқып шығып, мүмкін болса жатқа айтып көреді: Мысал келтірейік: 1. 3/8*2/5=3*2/8*5=6/40=3/20;

Осы мысалда қысқартуды жолай орындай кету керек екенін түсіндіру қажет.

2. 7/2 * 29/14=7 * 29/2*14=29/4

IV. Тақырып бойынша №741, 743 жаттығулар орындалады. V. Қорытынды жасау, үй тапсырмасын беру, бағалар қою.


Ұқсас жұмыстар
Жай бөлшектерді көбейту: топтық сайыс түріндегі сабақ жоспары
Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту: әдістемелік сабақ жоспары
5-сынып: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту - сабақ жоспары
5-сынып: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту
5-сынып математикасы: Жай бөлшектерді көбейту және есептер шығару
5-сынып математикасы: Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту - сабақ жоспары мен бағалау
Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру және аралас сандарды салыстыру
5-сынып: Жай бөлшектерді көбейту - ереже мен практикалық тапсырмалар
5-сынып математика: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту - қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ондық бөлшектерді көбейту: есептер шығару бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz