Үлестер мен бөлшектер: аралас сабақтың оқу-әдістемелік жоспары

Тақырыбы: Үлестер мен бөлшектер

Сабақтың мақсаты:

білімділік: оқушылардың бөлшекті жаза алу, оқу қабілетін, санның үлесін табу және үлесі бойынша санды табу қабілетін жетілдіру; есептеу дағдысын арттыру;

дамытушылық: оқушыларды логикалық ойлау, алған білімдерін пайдалана білуге баулу;

тәрбиелік: пәнге қызығушылығын арттыру, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену, өзіндік, сатылай комплексті талдау, мақал-мәтелдер.

Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, жас талдар, «Бәйге»аттары т. б.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Тіл - халықтың ең ұлы байлығы.

ІІ. Психологиялық икемдеу.

Оқу-білім болашағың, жас ұлан!

Қазақ тілі-қасиетті қазынаң.

Математика-бар ғылымның патшасы,

Ана тілің-асқақтатар асыл ән.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

№7 а) Әр заттың көлемін тап:

Y-12*18*3=648 с м 3 {см}^{3}

Y-5*2*4=40 с м 3 {см}^{3}

Y-9*13*1=117 с м 3 {см}^{3}

IV. «Үндемес» ойыны.

:70

·5 -100

+459 7000 :1000

·30 -900

V. Тірек білім, білік дағдыларын жетілдіру.

Тақтадағы суретті мұқият қарап шығып, жаңа сабақтың тақырыбын анықтаңдар. Фигуралардың боялған бөлігін білдіретін бөлшектерді жазады.

4/7; 7/12; 9/12; 3/10; 4/8.

Осы бөлшектерге сатылай комплексті талдау жасалады.

VІ. Оқулықпен жұмыс

Көктем мезгілі. Жерге табиғатты көркейту үшін ағаш егейік. «Бір тал кессең, он тал ек», «Ағаш егу» ойыны.

№2 Есепте

І қатар

1/7-і=60 160-тың 1/8-і= 1/3-і =20 мин

ІІ қатар

500 1/?-і=10 1/8-і= см Аптаның 1/?= 1күн

ІІІ қатар

1/6 сағ= 1/25-і =40 тг 1/2-і=500кг

VII. Өткен материалмен жұмыс.

№3 есепті шығару.

а) ғалымдардың есептеуі бойынша бір адамға қажетті калорияның тәуліктік мөлшері 2400 калория. Таңғы ас тәуліктік мөлшердің 1/4 бөлігін, ал кешкі ас 1/5 бөлігін құрайтыны белгілі болса, таңғы, түскі және кешкі астан қанша калория алуы керек?

Ш: 1) 2400:4=600 калория - таңғы асқа.

2) 2400: 5=480 калория - кешкі асқа.

3) 2400- (600+480) =1320 калория - түсте.

VIII. Өзіндік жұмыс. «Тілім менің - тірлігімнің айғағы»

№4 есепті шығар.

Мектептегі берілетін түскі асқа 25 оқушысы бар сынып үшін 6 күнде 5250 теңге жұмсалды. 30 оқушысы бар сынып үшін 2 аптаға неге теңге жұмсалды? 1 айға ше?

5250: 6=875 (тг) - күніне сынып үшін жұмсалатын ақша

875:25=35 (тг) - 1 бала үшін

35*30=1050 (тг) - күніне 30 бала үшін

1050*12=12600 (тг) - 2 аптаға

12600*30=378 (тг) - бір айға.

IX. Практикалық жұмыс.

Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

№6. Ұзындығы 10 см, ені 3 см тік төртбұрыш сыз, және оның 1/5 бөлігін боя. Тік төртбұрыштың боялған бөлігінің ауданы мен периметрін тап.

10*3=30( с м 2 {см}^{2} ) - тік төртбұрыштың ауданы. йнайық

30:5=6 с м 2 {см}^{2} -боялған бөлігінің ауданы.

(10+3) *2=26 (см) - тік төртбұрыштың периметрі

(3+2) *2=10 (см) - боялған фигураның периметрі.

X. «Ойнайық та, ойлайық!» Логикалық тапсырма.

№8 есепті шығар.

Әлихан бір сан ойлады. Ол санның ¼ бөлігін тауып, оған 45-ті қосқанда, нәтижесі 50-ге ең болады. Әлихан ойлаған санды тап.

Шешуі: (50-45) *4=20

XІ. Бекіту

«Білім мен тәрбие егіз». Білім шыңына қош келіпсіздер!

Жаппай жұмыс.

Сыныпта 25 бала бар. Оның 1/5 бөлігі кетіп қалды. Сыныпта неше бала қалды? Жауабы: 25:5/5 бала

Үйде 16 мысық пен ит бар. Оның 1/4 иттер. Үйде неше мысық бар? 16:4=4 мысық

24 торттың жартысы сатылды. Неше торт қалды? 12 торт қалды.

Даниярдың 300 теңгесі бар еді. Ол ақшасының жартысын жұмсады? Неше теңгесі қалды? 150 тг.

Автотұрақтағы 20 көліктің 1/4 қызыл түсті. Түсі қызыл емес көліктің саны қанша? 20:4=5 қызыл түсті емес.

XІІ. Бағалау

XIII. Үйге тапсырма.

№7. Өрнектердің мәнін тап


Ұқсас жұмыстар
Үлестер мен бөлшектер: анықтау, жазылуы және салыстыру әдістері
Жай бөлшектер мен үлестер: анықтама, жазылуы және есептер
Үлестер мен жай бөлшектер: анықтамалар, жазылу ережелері және есептер
Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту: әдістемелік сабақ жоспары
Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу: сабақ жоспары
5-сынып: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту - сабақ жоспары
Мәтіннің жоспары тақырыбындағы бастауыш сыныпқа арналған аралас сабақтың әдістемелік жоспары
5-сынып: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту
5-сынып математика: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту - қысқа мерзімді сабақ жоспары
5-сыныпта жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz