Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

А.г.серебренников еңбектеріндегі түркістан өлкесінің ресейге қосылу мәселесі



Тақырып: «А. Г. Серебренников еңбектеріндегі Түркістан өлкесінің Ресейге
қосылу мәселесі».
Шиналиева Роза Гарибулаевна
«Мәдениет» жалпы орта мектебі, тарих пәні мұғалімі
Мақтарал ауданы, Мәдениет ауылы, Мәдениет көшесі, ОҚО

А. Г. Серебренниковтың: Түркістан өлкесін басып алуға байланысты іс-
қимылдарды зерттеу және тарихын құрастыруы сөзсіз маңызы зор іс, тек
теориялық мәні ғана емес, практикалық мәні де аса маңызды-деп жазуы осы
мұрағаттың Қазақстан тарихы үшін де мән-маңызын анықтайды. ХІХ ғасырдың 40-
70 жылдарында Ресей және Түркістан өлкесінің тарихында елеулі окиғалар орын
алды. Алайда, бұл өңірдің тағдырын түбегейлі өзгерткен бұл кезеңнің
зерттелуінде әлі де ала-құлалық ұшырасады. Басты мәселе –Түркістан
өлкесінің патшалық Ресей тарапынан басып алынуы, оның бодандық елге айналуы
жөнінде бірқатар тарихи еңбектер жазылды. В.В. Григорьев, П.П.Иванов, Я.
Г. Гулямов, М. И. Иванин, А. Н. Куропаткин, М. Тереньтев, И. В.Аничков, Н.
Веселовский т. б. Бұл авторлардың еңбектері Ресейдің Түркістан өлкесін
басып алуға дайындығы және жорықтың ұйымдастырылуы, оның асырылуына қатысты
әртүрлі сипаттағы деректемелік материалдарды отаршылдар мүддесі тұрғысынан
пайымдалып жазылған[1].
А.Г. Серегебниковтың мұрағатын жаңа методикалық тұрғыдан пайымдау
ерекше маңызға ие. Қоқан хандығының құрылуымен және оның Ферғана
облысының Ресей идеясына қосып алынуымен аяқталатын томдық мұрағаттың
Орталық Азия халықтарының тарихын дамытуға мол үлес қосатын дерек
көзі.
А.Г. Серебреников 1901- 1905 жылдары «Түркістан өлкесінің патшалық
Ресей тарапынан жаулап алуының тарихы (1839 -1876ж)» атты қор жинады.
Аталмыш мұрағатты құру идеясын әскери министр А.П. Курапаткиннің
тарапынан 1901 жылы Ташкентке сапарында туғанды. Ол Орта Азияның
патшалық Ресей тарапынан жаулап алыну тарихы мұрағат құжаттарын
жинақтауға тапсырма берді. А.Н. Курапаткиннің археологиялық іске
қызығушылығының себебі, ол өзі Орталық Азияны басып алу жорықтарына
қатысқан болатын.
Қордағы әскери экспедициялар мен жорықтарға қатысты
материалдардың авторлары өздері сол жорыққа қатысқан, оқиғалардың куәсі
болғандар. 1839 жылы қыстағы патша әскерінің Хиуаға жасаған жорығының
қатысушысы М.И. Иванин патша әскерінің қозғалысы туралы мәлімет
қалдырған.
1888 жылы Санкт -Петербургтен шыққан «1873 жылғы Хиуаға жорық»
атты кітаптың авторы Н.И. Гродековтың өзі осы жорыққа қатысқан. Ол
сонымен қатар, 1883 -1884 жылдары генерал Скоблевтің Түркменияға жорығы
туралы көптеген мақалалар жазды [2].
Н.Я. Коншин Семей мұрағатындағы бірқатар құжаттарды жариялады.
Мұрағатта басқа бағытта жарияланған материалдар да кездеседі. Айталық,
дипломатиялық миссияларға қатысты құжаттар. Мысалы; капитан Никифоровтың
Хиуаға елшілігі, Г.И. Данилевскийдің Хиуаға, полковник Игнатьевтің Хиуа
мен Бухараға миссиясы т.б. [3].
Революцияға дейінгі тарихнамада жекелеген адамдардың мақалалары көптеп
сақталды. Айталық, мемуарлар, хаттар, күнделіктер сияқты. Олардың патша
өкіметінің Орталық Азиядағы саясатын жан-жақты мақтап, дәріптеуге
тырысқан. Серебренниковтің жинаған мұрағат материалдарының қызықтылығы
сонда, ол әр-түрлі мазмұндағы әскери-тарихи, дипломатиялық, статистикалық
орасан көп материалдарды топтастырған. Осы бай құжаттар осы уақытқа дейін
аз зерттеліп отыр. Аталмыш мұрағатты зерттеуде Азия елдері мен Қазақстанның
XIX ғасырдағы тарихына қатысты мол деректердің көзі ашылады. Осы уақытқа
дейін патша өкіметінің Орталық Азия мен Қазақстанды басып алу тарихына
байланысты және орыс-орталық азия ары және орыс - қазақ қатынасына қатысты
аса маңызды және көлемді материалдар жинағы болып келеді.
Әрине, аса көлемді мұрағатқа ғылыми баға беру және зерттеу ісі бір
жұмыстың шеңберінде орындалуы қиын шаруа. Мұрағатта тек Азия елдері және
Қазакстан ғана емес, Қашқария, Ауғанстан, тарихына қатысты материалдар
баршылық. Сондықтан осы ғылыми жұмыста тек кейбір арнайы мәселелерге Қазақ
тарихына және орыс-қазақ, қазақ –орталық азия хандықтарымен қатынасына
қатысты деректерге тоқталып, алдымызға төмендегінше міндеттерді қойдық.
1. Мұрағаттың құрылу мақсаты мен тарихы мазмұнын және казақ
тарихнамасындағы ерекшелігін корсету;
2.Патшалық Ресейдің дипломатиялық миссияларының және әскери – саяси
өкілдерінің Түркістан өлкесі туралы тарихи-деректік мәліметтерінің
мәнін ашу;
3.Ресейдің Түркістан өңіріне жасаған жорықтарының себебі мен тарихи
көрсету және басып алынғаннан кейінгі жасаған әкімшілік-
территориялық шараларының салдарына талдау жасау;
4.XIX ғасырдың 40-70 жылдарындағы Қазақстанның Ресеймен және көршілес
елдермен қарым - қатынасының тарихнамалық - деректік маңызын көрсету;

5.Отаршылдарға қарсы ұлт-азаттық көтерлістердің тарихи – деректік
құжаттарға сәйкес шынайы себептері мен мәнін көрсету;

6.Патша өкіметінің қазақтардың азаттық қозғалысын басудағы
саясатының саяси мәнін көрсету;

Мұрағаттағы құжаттардың негізі Ресейдің Орталық Азия
елдерімен дипломатиялық және сауда қатынастары, ішкі жағдайы, орыс-
ағылшын бәсекелесімен қатар, орыс әскерінің басып алу жорықтарына көбірек
орын берілген. Түркістан генерал-губернаторлығының құрылуы және
оның хандықтармен қарым-қатынасы тарихи құжаттар баршылық.
Орыс—Жапон соғысының нәтижесі орыстардың абыройының жақын
көршілерінің алдында ғана емес Еуропада да сағын майыстырды. Халықаралық
деңгейде орыс дипломатиясының беделін сақтау үшін әскери жорықтардың
байырғы «беделін» еске алу мақсатында мұрағаттың авторы әр томының
кіріспесінде тоқталып отырады. Түркістан өңірінің орыстар тарапынан
басыпалынуының және ағылшын мен түрік бәсекесіне тойтарыс берудің тарихын
орыс әскери-шенеуніктік аппараты үшін ірі маңызға ие еді.
Патшалық Ресей және Орталық Азия халықтарының тарихы үшін
үлкен ме сол кезеңге қатысты мұрағат материалдары әр жерде сақталатын.
Серебренников алғы сөзінде көрсеткендей, әр томның басып шығарудың басқа да
мақсаты мұрағат материалдарының жоғалып кетуінен сақтау болды. Бұл аса
маңызды жауапты істі кімге де болса тапсыру қиын шаруа болғаны айқын.
Түркістан генерал-губернаторы П. А. Иванов әскери министрдің тапсырмасын
инженер, подполковник А. Г. Серебренниковке сеніп тапсырды. Ол бұл Жетісу
инженер дистансиясының бастығы болып қызмет атқаратын. Таңдаудың оған
түскен себебі, ол бұрын Орталық Азия туралы мақалаларымен белгілі еді.
Сонымен қатар, ол 1873 жылғы орыс әскерінің Қоқанға жорығы туралы да
жазған болатын. Жоспарға сәйкес А. Г. Серебренников Ресей мен Орталық
Азиядағы көптеген мұрағаттар мен әскери мекемелерді қарастырып,
материалдардың көлемін анықтауы тиіс болатын. Осыған байланысты,
Серебренников былай деп жазды: «Түркістан өлкесі үш тараптан жаулап алынды.
Біріншісі Орынбор, екіншісі Сібір және үшінші жақ Кавказдан. Қор
материалдарын жинақтау үшін Мәскеу, Петербор, Омбы, Орынбор, Верный,
Ташкент және Тифлистегі мұрағаттарды қарастыру туралы шешім қабылданды»
[4].
Ол мына мұрағаттарды зерттеді: Ташкенттегі Түркістан аумақтық мұрағаты
және Түркістан генерал-губернаторлығының канцелярия қоры, Верныйдағы
–Верный уездік әскери бастығының басқармасының қоры және Верный уездік
басқармасын, Жетісу облысының әскери штабының қоры. орынбордағы - Орынбор
әскери округінің штабының қоры мен орынбор дербес корпусының қоры,
Омбыдағы — Сібір әскери округінің штабының қоры мен дербес корпусының
штабының қоры. Мәскеуде - Бас штабтың Мәскеу бөлімшесінің қоры. Негізгі
жұмыс Петербордағы Сыртқы істер министірлігінің, әскери және теңіз
министрлігінің канцеляриясында, Бас инженерлік басқармада, Әскери- тіркеу
мұрағатында, Бас мұрағатында зерттеу жүмысы жасалды[5.45].
Қор материлдарының жинақталу тарихын айта келе оны құрастырушының
өмірбаянына қысқаша тоқтала кеткен жөн.
Адриан Григорьевич Серебренников Тобол губерниясындағы священник
отбасында 1863 жылы 26 тамызда өмірге келді. 1881 жылы Сібір әскери
гимназиясын бітірген соң Николаевтегі инженер училищесіне түседі. Осыдан
кейін Батыс Сібір сапер ротасында подпоручик, кейіннен Хоргост (Хорпост)
өзенінде инженерлік жұмыстарды атқару үшін іс-сапарға жіберіледі. Кейін
Санкт –Петербургке келіп Николаев инженерлік академиясына оқуға түсуге
дайындалады.
1889 жылы Академияны аяқтаған соң штаб - капитан шенінде
Түркістан әскери округіне қарасты бас инженерлік басқармасына қызметке
жіберіледі. 1890 жылы Ферғана инженер дистансасына обер - офицер болып
қабылданады.
1893 жылы сәуірде Памирдегі Мургаб өзеніне жасалған экспедицияға
қатысады. Экспедиция нәтижесінде Серебренников «Шугнан очеркі», «Памир
очеркі», «Памир және памир хандықтары» атты әскери — тарихи сипаттағы
мақалалар жазды.
1898-1901 жылдары аралығында Верный қаласында орналасқан Жетісу
инженер дистансасында бастық болып істеді. 1901 жылы аталмыш жинақты
құрастыру үшін іс-сапарға жіберіледі. 1905 жылы жүмыс аяқталды.
Материалдарды сараптау және таңдау жұмысымен Серебренниковтің өзі
айналысқан. Одан басқа Серебренниковтің "Жинағында" құжаттарды тексерген
поручик Алексеев және штабс — капитан Соболев дейтін фамилиялар кездеседі.
Тағы да үшінші бір фамилия түсініксіз, оны мұрағат қызметкерлері «Лебедев»
деп белгілеп қойған. Осыдан және жиналған материалдардың көлемі мен санына
қарай Серебренниковтің жалғыз өзі емес көмекшілермен атқарған болуы керек.
Жинақ 1839-1876 жылдарды қамтып 74 томды құрайды. Баспадан жарияланған
күйде 30 том болу керек екен. Жинақты түптеп құрастырушылар 1908 -1913
жылдар аралығында Ташкенттен «Түркістан өлкесінің жаулап алынуға арналған
материалдар жинағы» және «жариялауға тиым салынады» деген грифпен алғашқы
4 томын шығарған. 1914 жылы V - томы, 1915 жылы ХVІІ – ХХІІ томдары
жарияланды. Бұл томдарда «Жариялауға тиым салынады» деген гриф
кездеспейді және аты өзгертіліп «Туркестанский край. Сборник материалов для
истории его завоевания» деп аталды. Серебренниковтің өзі көрсеткендей қаржы
тапшылығына байланысты қалған томдары 1914 жылдан кейін шығарылуы
тоқтаған.
Осыдан кейін Серебренников Ташкент инженер дистансасына бастық болып
жұмысқа ауысады. 1914 жылы Приамур әскери округіне қарасты басқарма бастығы
болып тағайындалады. Серебренников 1919 жылы қайтыс болған.
Өзбекстан Республикасының мемлекеттік тарихи мұрағатында 715 қорда
сақтаулы мұрағаттың жалпы сипаттамасы мынадай:
Қор құжаттарының материалдар описі хронологиялық
принциппен құрастырылған. Опистегі көрсеткіштер Хронологиялық, жеке
түлғалар, географиялық принциптерге негізделген. Одан басқа қордағы
материалдар тематикалық каталогпен құрастырылған. Мынадай бөлімдерден
тұрады:
I. Патшалық Ресейдің Орталық Азияны экспанциялауға дайындығы (1832-
1862ж.ж)
1. Орталық Азиядағы орыс саясатының жалпы мәселесі (XIXғасырдың
жылдары)
2. Хиуаға жорық 1839 жыл
3. Орыс - Бұхара қатынасы (1840-1863 ж. ж)
4. Орыс -Хиуа қатынасы (1840 -1863 ж. ж)
5.Орыс -Қоқан қатынасы (1840-1862 ж. ж)
6.Ресейге қосылған Қазақстан территорияларын басқаруды ұйымдастыру 1840-
1863 ж.ж)
7. Бекіністер салу. Рекогносцировкі жүргізу. (1840-1863 ж.ж)
8. Қазақ рулары мен тайпаларының қарсылығын басудағы орыс әскери күшінің
іс-қимылы. (1838-1863 ж. ж)
ІІ. Коқан, Бұхара және Хиуа хандықтарын Ресейге қосу (1863-1876 ж. ж) .
1.Орталық Азиядағы орыс саясатының жалпы мәселесі (1863-1876. ж.ж)
2.Оңтүстік Қазақстанды Ресейге қосу (1863-1864 ж.ж)
3.Ташкентті Ресейге қосу. Қоқан хандығының тәуелсіздігінің жойылуы.
4.Түркістан облысының құрылуы. (1865-1868ж. ж) Бұхар хандығының
тәуелсіздігінің жойылуы. Түркістан генерал-губернаторлығының құрылуы. 1865-
1868 ж. ж)
5. Орыс - Бұхара қатынасы (1869-1876 ж. ж)
6. Орыс - Хиуа қатынасы (1867-1876 ж. ж)
7. Хиуаға жорық 1873 жыл
8.Амудария бөлімінің құрылуы және орыс — хиуа қатынасы (1873-1876ж.ж.)
9. Қоқан хандығын Ресейге қосу. Ферғана облысының құрылуы
10.Ресейге қосылған Қазақстан және Солтүстік Қырғызстан
территорияларында басқаруды ұйымдастыру (1864-1876 ж. ж)
ІІІ. Орыс - түрікмен қатынасы және Түрікменияны Ресейге қосудың басталуы
(1839-1876 ж. ж)
IV. Орталық Азияға ағылшындардың экспансиясы
V. Орталық Азиядағы орыс — қытай қатынасы (1840-1 876 ж. ж)
1. Орыс - қытай қатынасы (1840-1864 ж. ж)
2. Ресейдің Қытаймен және Дунган, Тарачин сұлтандықтарымен және
Якүббек мемлекетімен қатынасы.
3.Іле өлкесінің орыс әскерлері тарапынан уақытша басып алынуы
VI. Орыс — ауған қатынасы «Жинақтың» I-VIII томдарында сұлтан Кенесары
Қасымов бастаған көтерілісті басуға қатысты мол материалдар жинақталған.
Бұл томдар 1839-1847 жылдарды қамтып, Орынбор генерал –губернаторлығына
және Батыс Сібір генерал - губернаторлығына қарасты қазақ ру мен
тайпаларының шаруашылығы, әлеуметтік жағдайы, сауда қатынасының тарихи жан
-жақты бейнелеген. «Бүлікшіл» ру - тайпаларды патшалық Ресей билігіне
күштеп бағындыру фактілері кездеседі. Орынбор линиясы мен Сібір линиясының
орыс әскерлерінің қазақтың ішкі аудандарына енуі және бекініс, өзен, теңіз
порттарының салынуы т. б секілді құрылыстар туралы материалдар жеткілікті.
VІІІ томда Есет Көтібаров бастаған және XVII томда
Жанқожа Нұрмұхамедов бастаған көтеріліс туралы бағалы деректер бар[6].
Арал теңізінің жағалауларын зерттеу және Арал экспедициясы туралы
материалдар VIII-IX томдарда жинақталған. Ақмешітке жорық Ақмешіттің басып
алынуы XIII — XIV томдарда. Ақмешіттің басып алынғанынан кейінгі әкімшілік
құрылым және қазақ даласындағы көшпелі өмір жәйлі. Жаңа бекіністер салу
және қазақтарды орналастыру. Қоқандықтардың бейбіт қазақ ауылдарына
шабуылы. Сырдария әскери -әкімішілік басқармасының құрылымы т.б. туралы
мәліметтер XVII -XIX томдарда ұшырасады.
Ш. Уәлихановтың Семей арқылы Қашғарға экпедициясы XX томының
материалдарында сипатталады.
Қазақтарды қоныстандыру және қазақ руларының
Қоқан, қарақлпақтардың шабуылынан қорғануы туралы да осы XX томда біршама
материалдар бар.
Шу өзенінің жоғары ағысына жасалған экпедиция. Жөлек, Ембі және
Жаңақорған сауда факторияларының салу туралы ХХІ-ХХІІ томдарда
айтылған. Қазақстанның оңтүстік өңірінің орыс әскерлері тарапынан басып
алынуы, Түркістан генерал -губернаторлығының құрылуы XXV-XXX томдарда
кеңірек баяндалған.
ХІ, XVVIII, XXVІІІ-XXIX, ХХХІ, ХХХІІІ, XXXV, XXXVIII томдар
(Өзбекістан үкіметі тарапынан құпияланып пайдалануға тиым салынған. Жаңа
кезеңде мұндағы материалдардың «құлиялылық» грифі алынып, ғылым мүддесі
еске алынар уақыт жетті.
Мұрағаттың жарияланған және жарияланбаған құжаттары
қатаң хронологиялық тәртіппен (жылы, айы, күні) жинақталған. Әр томда жүз-
екі жүз кейбір томдарда үш жүз және одан көп құжаттар
көрсетілген.Құжаттардың басым бөлігі жазба деректік мәліметтерді құрайды.
Хандықтар арасындағы өзара хат алмасу және Түркістандағы орыс әскери
шенеуніктік хат топтарының хат алмасулары т. б мәліметтер жинақталған.
Қорда, Бұхара, Хиуа, Қоқан, Қашғарға жіберілген орыс елшілеріне арналған
инструкциялар және есептері сақталған. Айта кетер жәйт, инструкциялар мен
қатар елшілерге хандықтар мен ру-тайпалық одақтардың ішкі жағдайы, қарым-
қатынасы т.б. туралы құпия тапсырмалар да берілген. Олардың жинаған құпия
мәліметтері,ақпаратты көрсетілген[7.78].
Тағы да айта кетер жәйт, жарияланған құжаттардың ішінде алдымен
патша әскерінің Орталық Азияға әскери жорығы туралы
баяндалады. Серебренниковтің жариялаған әр томның алғы сөзіне былай деп
жазды: «Түркістан өлкесін басып алу барысындағы әскери қимылда біздің
әскери күштің даңқты жеңістері жөнінде армиямыз басын жоғары көтеріп
мақтаныш болады, әсіресе Түркістан әскери күштеріне...»
Қор материалдары қарастыра отырып, Ресейдің әскери топтары Түркістан
өлкесіне басып кірудің жаулап алу жөніндегі пиғылын жасырғанын байқауға
болады. Олар бұл пиғылын орыс сауда қатынасын және орыс шекарасының
«қауіпсіздігі», «тонаушылықтан» сақтау секілді сөздермен бүркемелеп
отырған.
Жинақта орыс әскерінің әскери күшпен Түркістан өлкесіне ену
жөніндегі алғашқы әрекеті тиянақты көрсетілген. Перовскийдің 1839 жылғы
Хиуаға сәтсіз жорығын атауға болады. XIX ғасырдың 40 жылдардың басындағы
патша өкіметінің бейбіт жолмен Орталық Азия хандықтарымен және сұлтан
Кенесарымен орнатпақ болған дипломатиялық және сауда қатынастарының сәтсіз
аякталуы туралы материалдар кездеседі. Капитан Никифоровтың 1841 жылғы және
Г.И. Данилевскийдің 1842 жылғы хандықтарға жасаған елшіліктерінің
сәтсіздігі туралы баяндалған.
ХХ ғасырдың 50 жылдарында ағылшындардың
Орталық Азияда тіміскілеуі жиілеген соң, орыс эскери —шенеуніктік
топтардың тез арада Түркістан өлкесін жаулап алу жөніндегі әрекеттерін
байқау қиын емес. Ағылшындар Үндістанда орнығып алған соң,
Ауғанстан шекарасына жақындады. Ағылшындардың билеуші топтары Орталық
Азия хандықтарын өз дегеніне көндіруге әрекет еткен. Бұл әрекеті әсіресе,
Бұхара әмірімен өз жемісін бере бастады. Мұрағат материалдарында
ағылшындардың Орталық Азиядағы әрекеттері туралы әр-түрлі деректер
кездеседі.
Серебренниковтің жинаған мұрағат материалдары көрсеткендей,
орыс өкіметі ХГХ ғасырдың 40 жылдарында 1839 жылғы Хиуаға сәтсіз жорығын
айтпағанда Түркістан өлкесін толығымен басып алу әрекетіне бара алмаған.
Бұл кезең қ азақ даласы арқылы Сырдария және Арал теңізіне дейінгі орыс
сауда жолдарының «қауіпсіздігі» үшін деген сылтаумен бекіністердің
салынумен ерекшеленген. Сонымен қатар, патша өкіметіне қарсы көтерілген
көшпелі «жабайы» қазақтардың "бүліктерін" басуға көбірек уақыт кетті.
Даладағы тайпалық одақтарды және хандықтардың ішкі жағдайын барлап
зерттеуге көбірек мән берілген. Одан ары, Қырым соғысы Түркістан өлкесіне
басып кіруді кешеуілдетті. Дегенмен, XIX ғасырдың 50 жылдары Түркістан
өлкесіне жорықтың жобасы жасала бастады. Ағылшындармен бәсеке орыстың алу
саясатын жеделдете түскенін мұрағат материалдары айқымдайды.
Серебренниковтің қор материалдарын жинақтауда мына нәрсе
көңіл аударады. Ол орыстардың басып алынған облыстардағы
отаршылдық саясатының сыпайылап жазылған мұрағат материалдарын
топтастырған сыңайлы. Себебі, «бүлікшіл», «жыртқыш» деп көрсетілген
қарулы қозғалыстарды «заңсыз», «жабайылық» т. б деп көрсетіп, басқа
тайпаларды өз жақтарына көндіре алған. Кез – келген көтерілісті аяусыз
басып, оны басуға бауырлас тайпаларды айдап салып отырған. Орталық
Азиядағы басқа да халықтарды бағындырудың түрлі айла-тәсілдерін
қолданған. Қазақ сұлтандарының Ақ, патшадан кешірім өтінуі орыс
бодандығына өтуі туралы тілектерімен қатар қойған кейбір талаптарын
опасыздықпен орындамай тастаған. Орыс әскерінің (қазактар) өздері таратқан
ережені өрескел бұзып, қазақ даласындағы бассыздықтары мен
дөрекіліктері туралы қазақ сұлтандарының Ақ патшаға шағымданып
әшкерлеуі қордың алғашқы төрт томын Серебренниковтің «жариялауға тиым
салынған» деген грифті қоюға болтан сияқты.
Қор құжаттарын зерттей отырып, Серебренниковтің көптеген тың
мәліметтерді топтастырған. Олардың кейбіреулері толық, кейбіреулері толық
емес немесе үзінді түрде берілген. Мұнда Орталық Азия хандықтарының өзара
қарым -қатынасы туралы қызық материалдар кездеседі. Сонымен қатар, олардың
Ресеймен, Қашғармен, Ауғанстанмен де қатынасы жөнінде материалдар бар.
Патшалық Ресейдің Хиуа, Бұхара, Қоқан хандықтарымен қатынасында
салқындықты жою әрекеттері туралы да материалдар баршылық.Ресей бұл
хандықтарға әр-түрлі деңгейдегі миссиялар мен елшіліктерді жіберіп отырған.
Түркістан генерал-губернаторының қазақ сұлтандарымен және басқа да
хандықтарымен қарым-қатынасын айқындайтын құжаттар кездеседі.
Қорды зерттей отыра назар аудартарлық мына жағдайды атап өткен жөн.
Хандықтар мен далалық ру-тайпалардың және Хиуа, Қоқан
хандықтарының ішкі саяси, әлеуметтік экономикалық
жағдайынсипаттаған деректерді көп ақ. Сонымен қатар,
феодалдық өзара – қысқарулар туралы баяндалған. Бұл мәліметтер негізінен
орыс агенттері, елешілері немесе көпестері тарапынан жасалып отырған.
Мысалы 1852 жылдың көктемінде Ташкентте болған көпес Ключарев көрген-
білгені турасында күнделік жасаған. Осыған ұқсас мәліметтер қор
материалдары арасында кездеседі. Ол Ключаревтің өзі баяндаған мәлімет емес
Перовскийдің Сыртқы істер министрлігінің басқарушысына жіберген хатынан
алынған мәліметтер. Бұл хатта айтылған мәеле, Ключаревтің Троицкі
қаласының приказчигі Крыловтан алынған хат туралы. Хатта ол «Қоқандағы
басқарушылардың варварлық әрекеті және күйзеліс жағдайындағы ел, өзара
қырқысулар...» туралы баяндалған. Көпес мәліметтерді Орынбор шекара
комиссиясына жеткізіп отырған. Осындай мәліметтердің негізінде Қоқан ханы
билігіндегі Қазақстанның Оңтүстік өңірінің және Хиуа ханының қол астындағы
қазақ ру-тайпаларының жағдайына анықтама жасалған. Қорды құрастырушылардың
бұл мәселе айтарлықтай қызықтыра қоймағаны байқалса да, жаулап алудың
мәселелерімен жергілікті халықтардың әлеуметтік-экономикалық және саяси
ахуалына сараптама жасағанына анық көз жеткізуге болады. Экспедициялар мен
миссиялардың мәліметтері Ресейдің басып алу қарсаңындағы хандықтардың қол
астындағы қазақ тайпаларының наразылықтарының себептері мен маңызына көз
жеткізеді. Серебренниковтің «айтарлықтай бұл құжат аса маңызға ие емес»
деп көрсеткен көптеген құжаттарға белгі қою бүгінгі таңда маңызды дерек
көзіне айналып отыр. Серебренников осылай Түркістан өлкесіндегі
халықтардың ішкі жағдайын сипаттау мен көрсетуге мән бермеген.
Қорда тенденциялық бағыттағы басып алушылардың атымен байланысты
мынандай материалдар да кездеседі. Орыс отрядтарын жергілікті тұрғындар
«Ерекше алғыс және қуанышпен қарсы алды" делінген. Халық ғасырлар бойы
феодалдық езгіде және феодалдық өзара қырқысулардың арасында болса да
барлық елді мекендерде "ерекше қуанышпен қарсы алды" деп көрсетуі орыс
әскерінің «азат етуші» сипатындағы асыра сілтеу екенін байқау қиын емес.
Сонымен қатар қатар, құжаттарда орыс әскерінің Түркістан өлкесіне енуіне
қарсы тұрған күш ретінде феодалдық-клерикалдық билеуші топтар мен
діни қызметкерлерді ерекше атайды. Оларды патша өкіметіне қарсы қарулы
күресті ұйымдастырушы, мұсылман дін басшыларын кәпірлерге қарсы «ғаззауаты»
қозғаушы топ ретінде көрсетеді. Оларды осы әрекетке бастап, қаржылай және
моральдік тұрғыдан қолдап отырған ағылшындар мен түрік отаршылдары деп
атаған. Бірақ, қор материалдарының ішінен ағылшындар немесе түріктердің
басқарып отырғаны туралы дәйекті құжат кездеспейді. Ағылшындар немесе
түріктерге қарсы Орталық Азиядағы хандықтардағы наразылықтар туралы мүлдем
мәлімет жоқ. Керісінше, орыстың отарлау саясатына қарсы сұлтан Кенесары
бастаған көтеріліс ІІ-VІІ томдардағы 176 құжатта, Жанқожа Нұрмұхамедұлының,
Есет Көтібарұлының көтерілістері жөнінде біршама да құжаттарды «бүлікшілер»
т. б деген айыптаумен берілген. Одан басқа, 1873 – 1874 жылдардағы
Қоқандағы көтеріліс және 71-73 томдардағы құжаттарда 1875 жылғы Қоқандағы
Полат хан бастаған көтерілістер туралы айтылады. Бұл көтерілістердің
қозғаушы күштері, себебі және ауқымы, оған қатысқан бұқара жөнінде мәлімет
болғанмен «бүлікшілдер» турасындағы шынайы көзқарас басқаша сипат алған.
Дегенмен, көрсетілген мәліметтер тарихи-деректік тұрғыдан аса маңызды[8].
Серебренниковтің баспада шыққан қоры жөнінде алғашқы пікір В.Д.
Гордицкийдің ейдің библиографиясында айтылған. Ал, ғылыми ортаға алдымен
таратқан В. В. Бартольд болды. В. В. Бартольд 1916 жылғы Орталық Азияға іс
–сапарының есебінде айтқан. Кейіннен 1920 жылы Орталық Азияға тағы да
оралып өзінің «Еуропа мен Ресейдегі шығыс тарихын зерттеу " деген
еңбегінде қорды аса бағалы тарихи дерек деп баға береді. Оның қалған
томдарын да жарыққа шығару жөнінде ұсыныс айтқан. Серебренников мұрағаты
жөнінде пікір айтып айтып баға берген Е. Н. Кушева еді. Ол "Жинақтың
археологиялық талдауы қанағаттанарлықсыз болса да қу-растырушылар
құжаттардың мазмұны мен мәнділігіне қол сұқпаған, қысқартпаған, бұл әрине
оның ғылыми бағасын көтереді..."-деп көрсетеді.
Қор материалдарын кеңестік дәуірдегі тарихшылар кеңінен пайдаланды.
Серебрениковтің мұрағаты жөнінде Өзбекстан тарихы, Қазақстан тарихы,
Қырғыстан тарихы оқулықтарында бірқатар тарихшылар тарапынан
пайдаланылған. Қайта бастырылып толықтырылған Қазақстан тарихы және Орталық
Азияның басқа елдерінің XIX ғасырдың 40-70 жылдарына қатысты тарихнамасында
да қолданылып келеді. Қазақстан тарихының бес томдығының томының үшінші
томының және оныншы тарауларында жарияланған материалдары кеңінен
пайдаланылған. Аталған тараулардың «Кенесары хан бастаған халық-азаттық
күресі», «Оңтүстік Қазақстан Ресей мен Англияның орта шығыстағы сыртқы
саяси стратегияесында», «Сырдария бойында Ресей әскери шебінің құрылуы»,
«Патша өкіметінің Оңтүстік Қазақстандағы әскери экспансиясы. Аймақтың
Ресей билігіне көшуі», Арал өңірі қазақтарының XIX ғасырдағы Хиуа хандығы
мен Ресейге қарсы ұлт-азаттық күресі" тақырыптарындағы тарихи-деректік
материалдардың дерлік басым бөлігі мұрағат құжаттарынан пайдаланылған.
Кеңестік кезеңдегі жекеленген тарихшылар да өз еңбектерінде қор
құжаттарынан пайдаланған. Айталық, өзбек тарихшылары М. А. Бабаходжаевтың,
А. Мухамеджанов пен Т. Нигматовтың, қазақ тарихшыларынан Е. Бекмахановтың,
Ж.Қасымбаевтың, қырғыз тарихшылары К. Усенбаев, Б. Д. Джамгерчиновтің, орыс
тарихшысы Н.А. Халфиннің еңбектерінен кездестіруге болады. Аталған
зерттеушілер өз шығармашылығында қор құжаттарын тарихи —деректік мақсатта
пайдаланған. Серебрениковтің мұрағатына талдау жасап, баға беруде Е. Н.
Кушеваның зерттеуі анағұрлым дәйекті. Дегенмен, Е. Н. Кушева қордың
баспадан жарияланған томдарына қатысты пікірін білдірген. А. Халфин XIX
ғасырдың 50-60 жылдарындағы Ресейдің Орталық Азиядағы саясатына қатысты
еңбегінде Орталық Азия елдерінің тарихына байланысты Серебренниковтің
мұрағаты аз зерттелген дерек көзі ретінде атап көрсетеді. [9]
Белгілі тарихшы Е. Бекмаханов «Әскери министр А. Н.
Куропаткиннің қозғау салуымен «Түркістан өлкесінің жаулап алыну тарихы "
деген атпен көрген құжатты материалдардың 14 томдығы анағұрлым ірі
жарияланым саналадй» -деп жоғары бағалады[ 10.66].
Атап өту қажет деп санаймын, Серебрениковтің бай
мұрағаты толыққанды зерттеліп, мүмкіндігінше Орталық Азия және
Қазақстанның тарихын байытуға мол үлесін қосады. Мұрағаттың мазмұнын
басынан аяғына дейін зерттеп, өз алдына еңбек жазуға тұрарлық мұра.
Егемендік қазақ халқына ұлттық тарихын жаңаша көзқараспен
қарастыруға мүмкіндік туғызды. 1991 жылдың желтоқсанынан бастап қоғамдық
ғылымдар алдына өткен тарихқа қатысты бірқатар актуальді мәселелер қойылды.
Идеолгиялық штамптардан азат, кеңестік стереотиптерден арылған тарих
ғылымын зерттеуге жаңа концептуалдық ережелерді жасауды қажет етті.
Еліміздің тұңғыш президенті Н.Назарбаев «ұлттық мемлекетік саясатымыздың
басты шарты өздігімізді тануда жатыр, қазақ тарихын ескірген идеологияның
құрсауынан және автономиялық әлемге тұндырудан шығару қажет» деп атап
көрсетті. Бүгінгі таңда асыра сілтемей ақ қазақ тарихы ғылымынның
қалыптасуының қиын да жауапты кезеңін бастан өткенін айтуға болар. Оның
«ақтаңдақ» беттерінен арылту және өткен тарих ғылымына баға беріп,
бұрмалаушылыққа ұшыраған кезеңдерін қайта жазу маңызды іс. Тарихнама,
деректану ғылымдарының маңызды мәселелерінің бірі қазақтарды патшалық
Ресейдің отарлау саясаты бейнелеген деректердің қыр-сырын зерттеу болып
отыр. Кешегі кеңестік дәуірде бұл акті «тарихи», «өз еркімен қосылды» деп
баға берілді. Бүгінгі таңда керісінше «қосып алу», «күштеп басып алу»
немесе отарлау деп баға берілуде. «Біз тек әділдікке сүйеніп, отандық
тарихтың сабақтарын ескере отырып, шындыққа көз жеткіздіру қазақ
тарихшыларының борышы» деп көрсетті көрнекті тарихшы М.Қозыбаев[11.122]
Кеңестік дәуірдегі тарих ғылымында Балтық теңізінен Тынық
мұхитқа дейінгі жерлерді қоныстанған халықтар Ресей империясына «өз еркімен
қосылуы» арқылы жүзеге асты деп көрсетілді. Қазак жерлерінің Ресей
империясы құрамына жұтылуының қиын да ұзак процесі әлі жан-жақты
обьективті толық көрініс тапқан жоқ. Бұл тарихи процестің көптеген қанды
әтрагедиялық беттерден тұратынын Л.Г.Серебренников мұрағаты дәлелдеп отыр.
Ғылыми жұмыс Қазақстанның оңтүстік жері үшін Ресей империясы мен Қоқан
хандығының арасындағы текетіресі және Қазақ-Қоқан, Қазақ-Хиуа, Қазақ –
Бұхара қатынасы, қазақтың ұлт-азаттық қозғалыстарды басудағы
патшалық Ресейдің саясатына қатысты Ташкент қаласындағы Ә.Науай
атындағы кітапханадағы бағалы жазба деректермен салыстыру арқылы
жұмыстар жасалды. Сонымен қатар, зерттеу жұмысының деректік кезі ретінде
Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаты Орынбор шекара
комиссиясы және Орынбор қазақтар бастығы - N 4 қор, Сібір қазақтары
шекаралық басқармасы- N 374 қор қарастырылды. Бұл қорларда Ресей
империясы мен Қоқан хандығының Қазақстанның оңтүстігі үшін күресі және
жаулап алу саясаты жөнінде құнды деректер мен мәліметтер
салыстырмалы түрде зерттелді.
Мұрағат деректерімен қатар мерзімді баспа сөз «Военный
сборник», «Руский инвалид» журналдары қарастырылды.
А.Г.Серебренников мұрағатындағы материалдар Ресейдің, Орталық
Азия қалаларындағы мұрағаттарынан жинақталған. Мұрағаттың бағалы жағы сол74
томдағы тарихи құжаттардың көшірмесінде Ресейдің, Орталық Азия елдерінің
ХІХ-ғасырдағы тарихына қатысты мол мағлұматтар жинақталған. Бұл
зерттеушілердің жүмысын едеуір дәрежеде жеңілдетеді.Қордағы құжаттар және
олардың көшірмесі Серебренниковтің жинаған түпнұсқа күйдегі сақталғанына
кепілдік беру қиын. Мұрағат материалдары азамат және Ұлы Отан соғысы
жылдарында көшіп -қону барысында біршама бөлігі зақымдалған. Сондықтан да
зерттеушілерге кейбір қор құжаттарының алғашқы түпнұсқасына қарауға тура
келеді.
Қор материалдарын кеңестік дәуірдегі тарихшы-зерттеушілер біршама
қарастырған. Қор материалдары тек Орталық Азия елдері және Қазақстанның
Ресейге қосуға қатысты мәселелер үшін ғана емес ХІХ-ғасырдағы тарихын
үйренуге байланысты бай мағлұматтар алу мақсатында зерттеуге тұрарлық.
Мұрағатта бай және қызықты кұжаттар кездеседі. Қордың толық көлемдегі
көшірмесін басқа елдердің ешбір кітапханасында кездеспейді екен. Бірінші
Ташкент мемлекеттік университетінің кітапханасында, 14 кітапқа
жинақталған 40 шақты томы Науай атындағы Ташкент ұлттық кітапханасында,
осындай бөлігі Өзбек ұлттық Академиясының кітапханасында сақтаулы.
Серебренниковтің жинаған нұсқасы 70 томдық етіп құрастырылып Өзбекстан
Республикасының мемлекеттік мұрағатында тұр.
Иә әрине, қүжаттарды пайдалануда қорды жинаған авторлардың
патшалық Ресейдің әскери - шенеуніктік тобының өкілдері екенін естен
шығармаған абзал.
Қор материалдарын қарастыруда бірден көзге түсетін нәрсе патша
өкіметінің отаршылдық саясатының әртүрлі себептермен ақталу және
сылтауларды байқау қиын емес. Сондықтан да құжаттарды карастырғанда сыни
көзқараста болған дұрыс. Қордағы құжаттардың басым бөлігі Ресей мен
түркістанның басқарушы топтарының және әскери-шенеуніктік өкілдердің
немесе соларға жақын адамдардың жазбалары, шағымдары, хаттары
мәліметтерінен құралған. Серебренниковтің қорын алғы сөзінде былай деп
өте дұрыс баға берген: «оценка Сборника зависит от субъективных взглядов
тех лиц которые будут пользоваться современным материалом и тех
специальных требований, с которыми эти лица будут подходить к ним»[12.154].
Зерттеудің ғылыми жаңалығына XIX ғасырдың 40-70 жылдардағы
Түркістан өлкесінің толық, оның ішінде қазақтардың Ресей бодандығына
айналған кезеңі қор деректері негізінде зерттелді. Патша өкіметінің басып
алу жорықтарының қарсаңындағы қазақтардың саяси, әлеуметтік-экономикалық
жағдайы және қазақтардың Қоқан және Хиуа хандығы билігіндегі езгісі
кеңінен бейнеленеді. Сонымен қатар, патша өкіметінің отарлау саясатына
және Қоқан, Хиуа езгісіне қарсы қазақтардың азаттық күресі жан-жақты
көрсетілді.Патша өкіметінің жеңу себептері, отарлау саясаты, ұлт-азаттық
қозғалыстарды басу саясаты ұлттық-тарихи көзқарас тұрғысынан басқа ғылыми
еңбектер мен деректермен салыстармалы түрде зерттелді.
Қазақ-Қоқан, қазақ-хиуа, қазақ-бұхара қатынастары туралы
орыстардың жаулап алу қарсаңындағы кезеңі кеңінен қарастырылды. Сонымен
қатар, орыстардың жаулап алу барысындағы хиуа, қоқан билігіндегі қазақтар
мен орыс боданындағы қазақтар арасындағы текетірестердің мәні мен себебі
ашылды. Басты оқулық саналатын қазақ тарихының бес томдығына ене қоймаған
қазақ-бұхара, қоқан мен хиуа билігіндегі қазақтардың саяси, әлеуметтік-
экономикалық жағдайына қатысты деректтер зерттелді.
Қазақ – орыс сауда-экономикалық байланыстары қордағы деректерге
сәйкес орыстардың отарлау мүддесі тұрғысынан көрініс тапты.
Жаулап алынған аймақтағы әкімшілік-территориялық шаралар жөнінде
қор деректері жан-жақты әрі толық. Отаршылдар мүддесі тұрғысынан жасалған
жаңа басқару Ережесіне сәйкес жүргізілген әкімшілік баскару жүйесі
зерттелді. Оның себептері мен орыс өкіметі үшін маңызының зор болғандығы
атап көрсетілген.
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліске қатысты мағлұматтар
өртетілді. Әсіресе, көтерілістің соңғы кезеңдері немесе жеңілу себептеріне
көбірек мән берілді[13].
Жанқожа Нұрмұхаммедов пен Есет Көтібаров бастаған азаттык,
көтеріліске қатысты қордағы деректер зерттелді, Осы көтеріліске қатысты
қордағы деректерге сәйкес бұрынғы зерттелген кейбір еңбектердегі
біршама сәйкессіздіктер анықталды.
Патша өкіметінің қазақтардың азаттық қозғалысын басудағы саясаты
жан-жақты зерттелді. Орыс өкіметінің құйтырқы әрекеті мен отарлау мүддесі
кеңірек көрсетілді. Түркістан өлкесін басып алу Ресей әскери
саясаткерлерінің басты назарында болғандығына көз жеткізілді.
Қытай мен орыс өкіметі арасындағы қатынастан туындайтын қазақ
тарихынан ойып алатын мәліметтер баршылық. Айталық, патша өкіметінің Іле
өзені яғни Жетісу аймағын қытайлықтардың экспансиясынан сақтап қалуға
қатысты материалдар қызықты. Қоқан мен Хиуа хандықтарының қазақ
даласында жүргізген үстемдік саясаты мен қанды қайшылықтардың мән-жайын
қарастыруға едәуір көмектесетін көптеген деректер баршылық.
Серебренниковтің мұрағат құжаттары қазіргі таңда Орталық Азия
елдерін Ресей тарапынан басып алынуына қатысты мол дерек беретін тарихи
деректік бағалы құжат болып қалатынына ешкім күмән келтірмейді. Сондықтан
да 1915 жылда әртүрлі себептермен қалып койған қалған томдарын жарыққа
шығарукерек.
Алдағы уақытта қордағы кұжаттардың археографиялық талдау жасау
үшін зерттеушілердің үлкен тобын құру маңызды іс. Сонымен қатар,
Серебренников пайдаланған қордың қалған құжаттарымен біріктіріп, мұрағатты
толықтыру қажет.
Зерттеу қорытындысын ХІХ-ғасырдың 40-70 жылдарындағы патшалық
Ресейдің Түркістан өлкесін отарлау саясатын әшкерелеп, Ресей қарудың
күшімен калай жаулап алғандығын және азаттық қозғалыстарды басу саясатын,
әкімшілік-территориялық шараларын көрсету үшін, сондай-ақ қазақтардың
әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен олардың көрші халықтармен қарым-
қатынастары туралы фактологиялық материалдар мен лекциялар оқуға, оқу
құралдарын толықтырып немесе қайта жазуға болады.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Мухтарова Г.Д.Национально- освободительная борьба казахского народа в
последней четверти XVIII - 70-е годы XIX века: актуальные проблемы
историографии. Канд. диссер. -Алматы, 1997.-30 б.
2. Толыбеков СЕ. Кочевое общество казахов в XVIII - начале XX века.
Политико-экономический анализ. - Алма-Ата: Наука, 1971. -634 б. Зиманов С.
Политический строй Казахстана конца XVIII - перв.половины XIX века. -
Алма-Ата: АН КазССР, 1960.-296- б.
3.Хидоятова Г.А. Из истории англо-русских отношений в Средней Азии в конце
XIX в. -Ташкент. Фан, 1969.-155 б.
4.Ахмеджанов Г.А. Советская историграфия присоединения Средней Азии к
России. - Ташкент: Фан, 1989.-156 б.
5.Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. -Алматы, Санат.-1995.-368
б.;Бөкейханов Ә. Шығармалары. Құрастырған, кіріспесін және өмірбаяндық
ғылыми мақаласын жазған М.Қойгелдиев.-Алматы:Қазақстан.-1994.-383б.
6.Козыбаев М.К. Актуальные проблемы изучения Отечественной
истории//Отечественная история.-1998. №3.
7. Алымбаева Ж. Историография завоевания Туркестана Россией ХІХ-ХХ вв.
Ташкент., 2001. -74 б.
8.Валиханов Г.Ж.Колонизм и земельный вопрос: Взгляд в историю// Заря, 1993,
№4-10-11 бб.
9.Халфин Н.А. Английская колониальная политика на Среднем Востоке (70-е
годы XIX века) - Ташкент. 1957. -251 б.
10.Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к России. М.: АН СССР, 1957.
-275 б.
11.Феодоров А.Г. Казахстан колония царизма в конце XIX -начале XX столетии
// Ученые записки КазПИ им. Абая. Алматы, 1941. - 66 б.
12.Ерофеева И.В. Экономические связи Казахстана с Россией в русской
историографии XVIII в. первой половины ХІХ века // Вопросы историографии
источниковедения Казахстана. -Алма-Ата: Наука, 1988. - 262 б.
13.Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз кайсацких орд и степей.
-Алматы, «Санат» 1996.
14.Мансуров Т.А. Казахстан и Россия: суверенизация, интеграция, опыт
стратегического партнерства. -М.: Русский Раритет, 1997. 368 с.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның ресейге бодандығы. әбілқайыр ханның саясаты
Әбілқайыр хан
Кіші жүз бен орта жүздің ресейдің қол астына кіруі. 10-сынып
Қазақстанның ресейге қосылуының аяқталуы және оның салдары
Қазақстан тарихынан ҰБТ- ге сараптама жасау парағы
Оқо әкімшілік аумақтары мен тарихи ескерткіштері
Шыңғыс хан
Ұлт зиялыларының мемлекеттік автономияға байланысты тарихи көзқарастары
Орталық Қазақстан - Қазақстан экономикасы дамуындағы үлесі
Кіші жүздің ресейге қосылуы
Пәндер