Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қазақстан-2050 стратегиясы: бір халық-бір ел-бір тағдыр жайлы ақпарат
Қаракөл орта жалпы білім беретін мектеп – балабақшасы.
Тақырыбы: « Қазақстан – 2050» стратегиясы:
бір халық – бір ел – бір тағдыр.
Сынып: 7
Сынып жетекшісі: Г.Қ.Рамазанова.
2013-2014 оқу жылы.
Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданы
Ақтай-сай ауылы
Қаракөл орта жалпы білім беретін мектеп – балабақшасының информатика
пәнінің мұғалімі Рамазанова Гүлзия Қайырғалиқызы.
Тақырыбы: «Қазақстан – 2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр.
Мақсаты: Оқушыларды Елбасының жаңа жолдауымен таныстырып, қойылатын
талаптардың орындалуына атсалысу әр адамның борышы, жарқын болашаққа апарар
тарихи құжат екендігін түсіндіру. Елжандылыққа, адамгершілікке, Отан
сүйгіштікке тәриелеу.
Түрі: Дәстүрлі.
Әдісі: Баяндау, түсіндіру, ойын түрінде.
Көрнекілігі: Н.Назарбаевтың суреті, Еліміздің рәміздерінің суреттері, нақыл
сөздер,
тірек-сызбалар.
Барысы:
І. Ұйымдастыру.
Амандасу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Кіріспе.
Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді.
Дүниежүзінің экономикасын туралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла
қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін
дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға
соққан жоқ. Дағдарысқа дейінгі кезеңде біз Қытай, Үндістан және өзге де
экономикасы қарыштап алға басқан мемлекеттер қатарында дамудың жоғарғы
деңгейіне көтерілдік. Өйткені біз оған қалай қол жеткізуге болатынын
білдік. Бәрін дұрыс жоспарлап, салауатты іске асырғандықтан, біздің
дамуымыз сәтті болды. Біз жасампаздыққа жұмыла кіріскендіктен, дамудың
даңғыл жолына түстік. Толағай табыстарымен дүниежүзін мойындатқан
Қазақстанның әлеуеті артып, экономикасы серпінді бола түсті. Дамуымыздың
маңызды алғышарттарына айналған Қазақстандық бірліктің өнегелі үлгісі
ғаламшардағы мемлекет басшылары мен конфессия жетекшілерінен лайықты
бағасын алды. Осылайша Қазақстан қуатты да табысты мемлекетке айналып,
өзінің бастамалары арқылы жоғары халықаралық беделге ие болды. Жасампаздық
қуатымен дүниежүзінде даңқы артқан Қазақстан әлемді өз жетістіктерімен таң
қалдырды. Сондықтан Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
ұйымына төрағалық ету мәртебелі миссиясы сеніп тапсырылды. Біз жаңа
онжылдығымызды әлемдік деңгейдегі осындай абыройлы тарихи оқиғамен
бастадық. Мен біздің алдағы барша жетістіктеріміз осындай жарқын болады деп
сенемін.
ІІІ. «Кешеден келдік, бүгінге жеттік»
Стратегия – гректің «генерал өнері» деген сөзінен шыққан. «Страт»
дегеніміз – мемлекеттің міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді
қамтамассыз ететін жан-жақты жоспарлар жиынтығы болып саналады. Жалпы,
алдына қойған міндетті шешуді мақсат еткен ірі ауқымдық ұзақ мерзімді
жоспарлауға қатысты қолданатын термин.
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз – басшы қабылданған шешімдер мен әрекеттер
жиынтығы, сол арқылы мемлекетті (ұйымды) өз мақсатына жету үшін басшы
арнайы стратегияны іздейді.
Естеріңізде болса 1997 жылы қабылданған «Қазақстан – 2030» стратегиясы 7
бағыттан тұрды. 33 жылға жіктелген сол 7 міндеттің денін ел 15 жылда
еңсерді. Президент айтты: «Стратегиямыз басты мақсатымыздан ауытқымай,
шамшырақ сияқты біздің жолымызға сәуле шашып, алға басуға жігерлендірді.
1. 14 мың км шекара шегенделді.
2. Ел тыныш, жұрт аман.
3. 1997 жылы 1,7 трлн тг болған ұлттық экономикалық көлемі 2011 жылы 28
трлн тг жетті. Жан басына шаққандағы Ішкі жалпы өнім 1500 АҚШ
долларынан 12 мың долларға жетті. Сыртқы сауда 12 есе, өнеркәсіптегі
өнім 20 есе өсті.
4. 1997 жылы бері республика бойынша 942 мектеп, 758 аурухана салынған.
5. Қазір мұнай-газ кешені күллі экономикалық локомативі болды. Елдің ішкі
жалпы өніміндегі мұнай газдың үлесі 1997 жылы бар болғаны 3,7 пайыз,
2006 жылы ол көрсеткіш 14,7 пайыз, 2011 жылы 25,8 пайызға өскен.
6. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистральдық көлік дәлізін, Өзеннен
Түркімен мен шекараға дейін тартылған және «Қорғас – Жетіген» темір
жолдары салынып, жөнделді.
7. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы жылдан жылға емес, күннен
күнге артып келе жатқаны сіздерге аян.
Енді, біз «Қазақстан – 2030» стратегиясы іске асты, заманауй
Қазақстан орнықты, деп айта аламыз, - деді Президент. Сондықтан, елдің
басшысы «Қазақстан – 2050» стратегиялық жоспарын ұсынды.
ІҮ. «Ел бақыты» ой-пікір.
Әрбір адам өмір сүруге талпынғаннан бастап бақытты болуға ұмтылады.
Бірақ сол бақыттың бағасын білмей, кейде қолымызға қонған бақ құсымызды
ұшырып алатынымыз тағы бар. Адамдар арасында бақыттың алар орны әр түрлі,
әрине ол әрбір адамның бақыт туралы түсінігіне байланысты.
Ал, сендердің бақыт туралы түсініктерің қандай? Әлемнің қай
түкпірінде болмасын ел бақыты, ер бақыты, бала бақыты, ана бақыты ұғымдары
бар. Біз бүгін «Ел бақыты» ұғымына тоқталайық. «Ел бақыты» дегенді кім
қалай түсінеді? /Оқушылар жауабы/
Жауап: «Ел бақыты» дегеніміз – ұлтын сүйер халқын демер, Отанын құрметтеп,
ата-анасын ардақтап, елдің тірегі, халықтың жүрегі бола білетін, болашақтың
діңгегін қолдарына ұстайтын патриот ұл-қыздары.
Ел бақытының белгілеріне не жатады?
- Білімді ұрпақ.
- Тәрбиелі ұл-қыздар.
- Салт-сананы ұстанған ұрпақ.
- Ата-ананы құрметтейтін саналы ұрпақ.
- Отанын шын сүйетін патриот.
Ү. «Елдің қамы – Елбасының жолдауы»
Енді, 2012 жылы Ел – Президенті 2050 жылға дейін елде атқарылуы тиіс
дүниелерді нақтылады.
Жіктеп аталған бұл жетеудің астарында зіл-батпақ салмақ жатыр.
1. Жаңа салық саясаты әлеуметтік бағыт алуы тиіс, - деді Президент.
Мемлекет жұмсаған әрбір теңгенің қайтарымының пайдасы болуы тиіс.
2. Кәсіпкерлік жаңа экономиканың қозғаушы күші.
3. Мемлекет қоғамның әлеуметтік жағдайы төмен топтарына т.б. атаулы көмек
үшін толық жауапкершілік алады.
4. Қазақ халқы жаһандағы білімі жоғары ұлтқа айналуы тиіс.
5. Мемлекетті нығайтып, Қазақстан өз демократиясын дамыту. Сотқа деген
халық сенімін бекіту.
6. Еуразиялық одақ құру.
7. Біздің еліміздің әрбір азаматы, өзін – өз жерінің қожасы ретінде
сезінуге тиіс.
ҮІ. Қорытынды.
Президент көп айтты, көпке арнап айтты. Ақырын да айтты, батырып та
айтты, 2025 жылы латын әрпіне толық көшеміз. Қазақтың тілі түбінде үстемдік
етеді. Бұл жолдау алысқа меңзейді, 2050 жылды көздейді. Оған дейін талай-
талай уақыт өтер, талай өзен ағып кетер. Қазір қазақ іргесін мықтады, есін
жиды, етегін қымтады. Ендігі жол – өсу жолы. Бұл ХХІ ғасыр Қоңыр мінез
қазақ баласы үшін алтын дәуір болар – ау.
Ынтымағы орнаған елдің болашағы да берекелі болмақ.
-----------------------
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлік.
1. Ұлттық қауіпсіздік
7. Кәсіби мемлекет
«Қазақстан – 2030» стратегиясы
6. Инфрақұрылым, әсіресе, көлікпен байланыс
5. Энергетикалық ресурс.
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты.
3. Шетелдік инвестициялар мен ішкі салымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық
экономикаға негізделген экономикалық өсу..
1. Дені сау, интеллектуалды ұрпақ қалыптастыру.
2. Экономиканы көтеру.
Елбасының мұраты не деп ойлайсың?
5. Саяси тұрақты мемлекет құру.
3. Білімді ұлт қалыптастыру.
4. Тәуелсіздікті ұрпақтан ұрпаққа аманат ету.
7. Жаңа Қазақстандық патриотизм.
1. Түгел қамтитын экономикалық прагматизм.
2. Кәсіпкерлікті қолдау.
6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат.
4. Білім және кәсіби машық
5. Мемлекеттікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту.
«Қазақстан – 2050» стратегиясы
3. Әлеуметтік кепілдіктермен жеке жауапкершілік
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz