d-элементтердің жалпы сипаттамасы: мыс атомының құрылысы, қасиеттері және алынуы

Атырау облысы

Индер ауданы

Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп

Ержанова Қамажай Жәрдемқызы

Тақырыбы: §7. 1 d-элементтерге жалпы сипаттама. Мыс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға d- элемент мыс атомы құрылысы мен кристалл торларының ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру; мыс, оның табиғатта кездесуі, қасиеттері, қолданылуы, алынуы;

Дамытушылық: d- элемент мыс атомының электрондық формуласын құрастыру, жеке атомға сипаттама беру, әр топтың атомдарының айырмашылығын түсіндіре білу, қорытынды жасау, жүйелеу, сөздік қорын молайту білім-білік дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақ өткізілу түрі: Кітаппен өз бетінше жұмыс жасау, мұғалымнің толықтыруы, жаттығулар орындау, оқушылардың қорытынды жасауы,

Құралдар мен реактивтер: Кітап, дәптер.

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды білімді, саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

d- элементтерге жалпы сипаттама

Білімді жаңғырту.

* Қандай элементтер d-элементерге жатады?

*Оларды қалай атайды?

*Оларда қанша валентті электрон бар?

Химиялық элемент мысқа атом құрылысы тұрғысынан сипаттама бер .

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

Мыс - бірінші топтың қосымша топшасының элементі первой группы оныншы d -электрон үшінші деңгейшеге өткен, сондықтан бұл электрон қозғалғыш. Тотығу дәрежесі- (+1; +2) .

Мыстың (+3) тотығу дәрежесін көрсететін бірнеше қосылысы бар.

Табиғатта кездесуі: мыстың жер қыртысындағы массасы бойынша мөлшері 0, 01 % Ол саф күйінде және көбінесе, қосылыстар түрінде кездеседі. Мыс кендерінің- табиғи минералдары құрамында мыстың мөлшері едәуір болғандықтан, одан металды бөліп алу экономикалық жағынан тиімді.

Маңызды мениралдарға:

халькопирит CuFeS 2 (30% мыс),

халькозин “мыс жылтыры” Cu 2 S (79, 8% мыс),

ковелин CuS (64, 4% мыс),

малахит CuCO 3 ∙ Cu(OH) 2 (57, 4% мыс),

куприт Cu 2 O (81, 8% мыс) .

Кен орындары: Жезқазған, Павлодар, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Кенді Алтайда бар. Мыс Балқаш және Жезқазған тау- металлургия комбинатында өндіріледі.

Алынуы:

Сульфидтік кендерінен: пирометаллургиялық
Оттекті құрамды кендерінен: гидрометаллургиялық жолмен
Сульфидтік кендерінен:пирометаллургиялық:

2Cu 2 S +3О 2 →2Cu 2 O +2 SO 2

2Cu 2 O + Cu 2 S→6Cu + SO 2

Оттекті құрамды кендерінен:гидрометаллургиялықжолмен:

CuO+Н 2 SO 4 → CuSO 4 + Н 2 O

электролиз

CuSO 4 +Fе→ FеSO 4 +Cu

Білімді жүйелеу және қорытындылау.

Үйге тапсырма. §7. 1 5-жаттығу.

Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Мыс: периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, табиғаттағы таралуы, алынуы және физикалық-химиялық қасиеттері мен қолданылуы
Алкандар: құрылысы, табиғаттағы таралуы, алынуы және қасиеттері - ашық сабақ
Ацетиленнің шығу тарихы, құрылысы, қасиеттері, алынуы және қолданылуы
9-сынып §37 Темір: атом құрылысы, қасиеттері, алынуы және қолданылуы
Дисахаридтер: сахарозаның құрылысы, химиялық қасиеттері және алынуы (10-сынып)
Химиялық элементтердің жіктелуі және екідайлы элементтердің қасиеттері
§27 Азотты органикалық қосылыстар: аминдер - құрылысы, қасиеттері, алынуы және номенклатурасы
Периодтық жүйедегі орны бойынша химиялық элементтердің сипаттамасы
Сүтқоректілер класының жалпы сипаттамасы, құрылысы және тіршілік әрекеті
Тұздардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері және қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz