7-сыныптағы қазақша күрес: аяқтың артынан шалып жығу әдісін оқыту жоспары

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Жабасақ орта мектебінің

дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Алибеков Досалы

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Қазақша күрес. Аяқтың артынан шалып жығу әдісі.

Мақсаты: Ұлттық күрес әдістеріне оқушыларды баулу. Ұлттық ойындарға

оқушылардың сүйіспеншілігін ояту, үйрету.

1. Білімділік: Шалып құлату, жығу әдісін үйрету.

2. Тәрбиелік: Қарсыласын сыйлау, адамгершілік қасиетін тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: Күрес тәсілдерін дамыту, жетілдіру.

Күтілетін нәтижесі: Оқушылар күрес тәсілі ережесін үйренеді, ұлттық спорт түрлеріне

деген қызығушылығын арттырады.

Уақыты : 45 минут

Сабақтың типі : Оқу үйрену сабағы

Сабақтың түрі : Практикалық: жаттығулар орындау

С/ методикалық жабдықталуы : Ысқырық, күрес киімі, төсеніш (маты, матырас)

Сабақтың жобасы:

I. Дайындық бөлімі

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Жүру, жүгіру жаттығулары

3. Арнайы жаттығулар орындау.

II. Негізгі бөлім

  1. Техникалық қауіпсіздендіру жаттығулары.
  2. Аяқтың артынан шалып жығу әдісін үйрету.

3. Қайталау жаттығулары.

III. Қорытынды бөлімі

  1. Бағалау
  2. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

С/б

Сабақтың мазмұны
уақыт
Ұ. Ә. Н.
№С/б: 1
Сабақтың мазмұны: 2
уақыт: 3
Ұ. Ә. Н.: 4
№С/б: I.
Сабақтың мазмұны:

1. Сапқа тұрғызу. Рапорт. Сәлемдесу. Сабақтың мақсат міндетімен таныстыру.

2. Жүру : аяқ ұшымен және өкшесімен, аяқтың сыртқы және ішкі қырымен, аяқтың өкшесінен ұшына көтеріліп

жүру.

уақыт: 15
Ұ. Ә. Н.:

Оқушылардың спорт формасына, психологиялық атмосферасына көңіл бөлу.

Жаттығулардың дұрыс орындалуына көңіл бөлу.

№С/б:
Сабақтың мазмұны:

Жүгіру:

жеңіл жүгіру, тіркеме адыммен, тізені көтеріп, аяқты артқа тастап бір аяқта секіру.

3. Арнайы жаттығулар.

Алға, артқа домалау. Оң, сол қапталмен аунау.

Тобық, тізе, қол, мойынға арнайы дене қыздыру жаттығуларын орындау.

уақыт:
Ұ. Ә. Н.: Сабақ барысында қателерді ескертіп түзетіп отыру.
№С/б: ІІ.
Сабақтың мазмұны:

Аяқтың артынан шалып жығу әдісін көрсету.

Әдісті қолданушы қарсыласының оң қол жеңінен, оң қолмен оң жағасынан ұстап екі қолмен тартып, қарсыластың дене салмағын өкшесіне ауыстырып, тепе-теңдікке келтірмей, оң аяқпен алға жылжып, қарсылас тірсегінің артынан қағып құлатуы керек.

Қарсыласын шалып жығу кезінде оның құлауын жұмсартып күрес киімінің жағасынан ұстап жұмсақ құлауын қамтамасыз ету керек.

Жұптасып аяқтың шалып құлату әдісін қайталау жаттығулары.

уақыт: 25
Ұ. Ә. Н.:

Қауіпсіздік ережесінің сақталуын қадағалау.

Жаттығу кезінде жығу техникаларының дұрыс орындалуын бақылау.

№С/б: ІІІ.
Сабақтың мазмұны:

1. Оқушыларды бағалау.

2. Үйге тарсырма.

уақыт: 5
Ұ. Ә. Н.:

Оқушылардың жетістіктерін, кемшіліктерін ескере отырып бағалау.

Алға, артқа домалау, көпірге тұру.


Ұқсас жұмыстар
6-сыныпқа арналған қазақша күрес таңдаулы курсының оқу бағдарламасы (34 сағат)
9-сынып сабақ жоспары: Тіршілік үшін күрес, түрішілік және түраралық күрес
8-сыныптағы биология сабағында CLIL әдісін енгізу: Адамның дамуы тақырыбы бойынша кіріктірілген сабақ жоспары мен әдістемелік құралдар
2 Д сыныпқа арналған сабақ жоспары: Мен қазақша сөйлеймін (16.10.2014)
7-сыныптағы геометрия: Үшбұрыштар теңдігінің үшінші белгісі - ашық сабақ жоспары
Тіршілік үшін күрес: 11-сыныпқа арналған сабақ жоспары (Семей қаласының №37 гимназиясы)
Арқанға үш түрлі өрмелеу әдісін қорытындылау
7-сыныптағы Энергия - потенциалдық және кинетикалық энергия: сабақ жоспары мен талдауы
4-сынып математика: бір бағыттағы қозғалыс және артынан қуып жету есептері
Бастауыш сыныпта жобалау әдісін қолдану: кезеңдері мен сабақтық тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz