Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Салауатты өмір салты-ұлт денсаулығының кілті



«Салауатты өмір салты-ұлт денсаулығының кілті»

[pic][pic]

Бірінші байлық – денсаулық. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер
жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған
сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Сөйтіп, күндердің күнінде бір
арылмас дертке шалдығып, санымызды соғамыз. Денені үнемі ширықтыру,
шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды
шыңдау – бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз. 
Халықтың денсаулығы – ел дамуының асамаңызды тұтқасы, болашағымыздың
кепілі. Халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана
қағидасы әр қайсымыздың жадымыздан шықпайтын биік ұстанымымыз болуы тиіс.
Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясындағы негізгі ұғымдардың бірі-
денсаулық, білім және халықтың әлауқаты болып отырғандықтан, Шалқардың
газшылар қалашығында «Салауатты өмір салты-ұлт денсаулығының кілті» атты
фестиваль № 4 орта мектебінің ұйымдастырылуымен өтті.
Мақсаты: тұрғындар арасында өз денсаулығына салиқалы жауаптылықты және
зиянды әдеттен бас тартуды, жеткілікті дене қимылы белсенділігінің және
спортпен айналысу қырларын өзіне қоса алатын салауатты өмір салтының
мәдениетін әйгілендіру және қалыптастыру. 
Мерекелік шараға қалашық тұрғындары, мектеп мұғалімдері, оқушылар
спорттық киімдерін киіп, белсенділікпен қатысты.   
Мерекенің ашылу салтанаты бимен, әнмен көмкеріліп, гимнастикалық
жаттығулармен жалғасын тапты. «Дойбы» «Тоғызқұмалақ», «Волейбол», «Кіші
футбол» спорттық ойын түрлері ұйымдастырылып, белсенділік танытқан, жүлделі
орындарға ие болған жеңімпаздар мектеп директорының мақтау қағаздарымен
марапатталды. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Қорыта айтқанда, халық денсаулығы — медицина қызметкерлерінің кәсіби
тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға
арналған, үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі. Сондықтан да әр азамат
қоршаған ортаны сақтай отырып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты
қалыптастыруға үлесін қосса болашақтың жарқын кепілі болмақпыз.

Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
№ 4 орта мектеп
мұрағатшысы
Раева Жайнагүл
Құлмұханбетқызы


Ұқсас жұмыстар
Салауатты болсаң, сау боларсың
Дене шынықтыру
Салауатты өмір салты туралы
Денсаулық ұғымы
Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік педагогикалық технологиясы
Денені шынықтыру
Денсаулыққа пайдалы тағамдар. 7-сынып
Салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері
Салауатты өмір салты. 10 сынып
Денім сау болсын десең жайлы ақпарат
Пәндер