Абай -кемеңгер ақын

Сабақтың тақырыбы: «Абай-кемеңгер ақын»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек ұғындыру;

Дамытушылық: қосымша материалдарды ізденуге, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге, өзіндік көзқарасын қалыптастыруға дағдыландыру.

Тәрбиелік: ұлы ақынның еңбектерін зерттей отырып, елін сүюге, адамгершілік, ізгілікке, ғылым-білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді беру, монтаж-компазиция сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: топпен жұмыс, зерттеу, дәлелдеу, ізденіс

Сабақтың көрнекілігі : Абайдың портреті, буклеттер, рефераттар,

«Абай елі»бейнефильмі, топтарға арналған тапсырмалар

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру

II. Сабақтың масатымен таныстыру

III. Жаңа сабақ. Ахмет Байтұрсынов 1913 жылы "Қазақ" газетінде жарияланған мақаласында Абайды "қазақтың бас ақыны" деп бағалады. Шынында да, Абай - қазақ әдебиеті тарихында теңдесі жоқ суреткер ақын. Оның шығармаларында өз тұсындағы қазақтың қоғамдық өмірінің, халық тіршілігінің шытырман шындығы терең де көркем бейнеленген.

Абай өлеңдері "қиыннан қиысып", "айналасы жұп-жұмыр тегістілігімен" көңілге ұялайды. Жаңа ой, мазмұнына лайық өзгеше көркемдік қуатқа ие Абай қазақ сөзін ұстартып, әдеби тілдің негізін салды. Өлеңді өмір сыры туралы кемеңгерлік ой-толғамдармен, адам сезімін, оның көңіл күйін әсерлі бейнелейтін жоғары сапалы лирикамен жаңартты.

Кіршіксіз, адал махаббатты жырлайтын, табиғат жарасымын суреттейтін ғажайып өлеңдер тудырды.

Абайдың композиторлық шығармашылығы да қазақ өнері тарихында үлкен жаңалық болып табылады. Оның өз өлеңдеріне шығарған әндерінде заман ауыртпалығын тартқан адамның мұңы да, сүйіскен жастың жалынды сезімі де айқын көрінеді. Абай адам өмірін мағыналы етуді, нұрлы ақыл, адал еңбекке сүйеніп өмір сүруді, жамандық жасамауды, адамгершілікті, имандылықты ұрпағына өсиет етті, адамның рухани азаттығын жырлады.

Сондықтан да ұлы жазушы М. Әуезов Абайды: "Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі", - деп бағалады

Бүгінгі сабағымызда 2-топ жұмыс істейді.

1-топ. «Зерттеушілер» тобы ( Олар Абай өмірін зерттейтін шығармашыл топ)

2-топ. «Сарапшылар» тобы ( Олар Абай шығармашылығын сараптап, баға берушілер)

  1. Сөз кезегін «Зерттеушілер» тобына береміз.

а) Абай өмірбаяны

б) Абай өмір сүрген кезең

в) Абай ұрпақтары

г) Абай достары

Абай өңі қараторы, екі көзі тостағандай әрі өткір, кең маңдайлы, дембелше бойлы бала болыпты. Мінез жағынан ширақ, өткір, аңқаулығы мен тентектігі де аралас болса керек. Әсіресе ол аса ұғымтал, бір көргені мен естігенін ұмытпайтын зерделілігімен айрықша көзге түсетін. Кейін кемеңгер Абай адамның ең жақсы қасиетіне санаған "білмекке құмарлық" өзінің туа біткен мінезі десе де болғандай. Оның бала кезін білетіндерден қалған сөзге Қарағанда, Абай ертегі-аңыздар, ел ішінің өткен өмірінен қалған алуан түрлі әңгімелер, өлең-жырлар десе, ішкен асын жерге қояды екен. Мұндайда көп мазалайтыны сондай әңгіме-хикаяларды, әсіресе ертегілерді көп білетін әрі нақышына келтіріп жалықпай айтатын өзінің әжесі еді. Шешесі Ұлжан да ара-тұра хикая құмар ұлына ел ішінің күлкілі оқиғаларын мысқыл, сықақ қоса отырып, кызықты етіп әңгімелеп беретін.

Кең-байтақ қазақ жерінің шығысындағы бір құтты қоныс, қасиетті аймақ ол кезде Семей облысы аталатын. Соның төскей төрінде көне тарихтың үнсіз куәсі - әйгілі Шыңғыс тауы жатыр мұнартып. Сол таудың көп бұлақ, көк өзенді жал-жоталары ақбоз үйлер мен төрт түлік малға толы жаз кезі-тін. Осы қалың ел ішіндегі көкмайса көркем қоныстағы бір ауылдың сәулеті өзгеше, сонысынан да ма, аздап сұстылау көрінетін. Міне, сол ауылда, 1845 жылдың тамыз айында нәресте дүниеге келді. Нәрестенің өмірге келуі, оның үстіне - ұл болуы - ол заманның қазағы үшін тіптен ерекше қуаныш еді. Ел молдасы азан айтып, баланың құлағына үш рет айқайлап, атын қойды. Былайғы қалың қазақтың қарапайым тілімен Ыбырайым демей, нәресте туған үйдің өзгешелігіне бейімдеп - арабшасына жақындата Ибраһим деп атады. Құрметті ақсақалдар мен ажары ашық бәйбішелер бала туған үлкен ақ үйге кіріп: "Бауы берік болсын! Ата-бабаларындай атақты, абыройлы болсын!" - десіп жатты. Шынында да, бұл баланың ата-бабалары өте атақты болатын. Арғы түбін айтпағанның өзінде, жас Ибраһимнің туған атасы әйгілі Өскенбай би еді. Ол кісі бұ күнде дүниеден қайтқан. Шыр етіп түскен сәбиді етегіне орап, көтеріп алған мейірбан жүзді қарт әйел, әне, сол қадірлі бидің бәйбішесі, яғни мына сәбидің туған әжесі Зере болатын. Әкесі - Өскенбай бидің өжет баласы, жасында жау түсіргіш қарулы жігіт болған, бүгінде ел "қарадан хан болған" деп марапаттайтын аға сұлтан Құнанбай-тын. Шешесі мінезге бай, ауылға жайлы, сонысымен аса сыйлы Ұлжан бәйбіше еді. Бұл кісі де текті жерден шыққан. Әсіресе өткір сықақ-мысқылға жүйріктігімен аты шыққан елдің қызы. Абайдың біреудің мінін ащы тілмен, ажуа-мысқылмен мінегіштігі шешесінің төркіндерінен - нағашы жұртынан жұққан десетін жұрт. Әлгінде үлкендер жаңа туған нәрестеге "ата-бабаларындай атақты, абыройлы болсын!" дегенде, меңзеп отырғандары осылар болатын.

Абай-ұлы ақын, аудармашы, компазитор, мысалшы, этнограф,

ағартушы, философ дейсіңдер, қане, кім дәлелдеп береді?


Ұқсас жұмыстар
Абай дана, абай дара қазақта (бастауыш сынып)
Ұлылар елі. сөйлем мүшелерін қайталау. 8-сынып
Абай бейнесі
Абайдың сазгерлігі
Абай "күз"
Шәкәрім оқулары
Абай құнанбаевтың "қыс"өлеңі
Абай- ұлы тұлға, кемеңгер ақын
Бала абай
Қайым Мұхамедхановтың өмір өткелдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz