Жанды математика

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы

Күләш Байсейәтова атындағы ЖББОМ

бастауыш пән мұғалімі

Саденова Бақытжан Рәзиқызы

ТҮСІНІК ХАТ:

Әр халық өзінің жас ұрпағын білімді, қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін, ержүрек, әділ болып өссін деп армандайды. Бұл мәселені өзінің тұрмыс-салтына байланысты шешіп отырады. Ол үшін ғасырлар бойы қолданып, сұрыпталып, өмір тәжірибесінен сыннан өткен салт-дәстүрлерді, педагогикалық әдіс-тәсілді пайдаланып келеді. Бірақ математика сабағын халық педагогикасымен байланыстырудың өзіндік қиын жақтары бар. Оның басты себебі оқулықтың ішіндегі мысалдар мен есептердің көп еместігі. Дегенмен, халқымыздың ертегілерінде, аңыз әңгімелерінде, шешендік тапқыр сөздерінде, ойындарында, салт-дәстүрінде математикамен байланысқан тұстарын көптеп байқауға болады. Бағдарлама “Бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына” сай оқушылардың білім, білік дағдыларына қойылатын талаптарды сақтайды. “Математика” оқулығына қосымша білім беруге бағытталған.

МАҚСАТЫ:

  • ОҚУШЫЛАРҒА ҚАЗАҚТЫҢ ТҰРМЫСТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ, АТА-МҰРАСЫ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ БЕРЕ ОТЫРЫП, МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЫҚЫЛАСЫН АРТТЫРУ, ЕСЕПТЕУ МАШЫҚТАРЫН ЖЕТІЛДІРУ, ЕЛІН, ОТАНЫН СҮЙЕТІН ҰЛТЖАНДЫ, БІЛІМДІ АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕУ

МІНДЕТТЕРІ:

  • САНДАР СЫРЫ МЕН ҚАСИЕТТЕРІ ЖАЙЛЫ ТҮСІНІК БЕР;
  • БАЙЫРҒЫ ҚАРА ЕСЕПТЕР, ҚЫНЫР ЕСЕПТЕР,

ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ

КЕҢІРЕК ОЙЛАНУЫН, ТАПҚЫРЛЫҒЫН ТАЛАП ЕТУ, ЖЕТІЛДІРУ;

  • КӨНЕ ХАЛЫҚ ӨЛШЕМДЕРІ, ҚАЗАҚТЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ

МӘДЕНИЕТІ ЖАЙЛЫ МАҒЛҰМАТ БЕРУ;

  • МАТЕМАТИКАЛЫҚ ӨЛЕҢ, МАҚАЛ-МӘТЕЛ, ЖҰМБАҚ,

ЖАҢЫЛТПАШ, САНАМАҚ, ЕРТЕГІЛЕР АРҚЫЛЫ ХАЛЫҚ АУЫЗ

ӘДЕБИЕТІМЕН БАЙЛАНЫСТЫРУ, ОЙЫН, ТІЛІН ҰСТАРТУ;

  • ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР МАЗМҰНДЫ ЕСЕП ОЙЫНДАР

НЕГІЗІНДЕ ОЙ-ӨРІСІН КЕҢЕЙТУ, ЕРІК-ЖІГЕРІН ДАМЫТУ.

ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС:

Пән сабақтарын жүргізу барысында фигуралардың қасиеттерімен танысқанда, ребустар құрастырғанда бейнелеу пәнімен, әр түрлі қызықты есептерді шешуде қазақ тілі, ана тілі, халық ауыз әдебиеті, дүниетаным пәндеімен тығыз байланыс орнайды.

БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  • Математиканы қажетті салада қолдана білу мүмкіндіктеі жөнінде түсініктерін қалыптастыру, заттарды санаудың, кесіндінің ұзындығын өлшеудің және амалдың нәтижесі ретінде жай түсінік бее отырып, салыстыу, ажырату, жай есептер құру;
  • Амалдадың мән-мағынасы аталарын, есепте тәсілдеі, жай есептер құрудың тиімді жолдарын пайдалана білу;
  • Өз ойынан есеп, шифрлау, ребстар құрастыру;

БОЛЖАМЫ:

Егер бұл бағдарламаның мақсат, міндеттері орындалса, онда ұлттық сана-сезім оянған, математиканың қоғамда алатынорнын білетін, құрметтейтін, ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, эстетикалық талғамы жоғары, еңбекқор, ар-ожданы мол тұлға шығуы мүмкін.

НӘТИЖЕ:

Ұлттық негізінде құрылған тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың бар мүмкіндіктерін ашып туады, шығармашылық іс-әрекетке талпынысын туғызады, оларды тапқырлыққа, байқампаздыққа, шапшандыққа, іздемпаздыққа тәрбиелейді

Бұл бағдарлама төмендегідей бөлімдерден құрылған:

  • ТІЛ - ОЙ КӨРКІ
  • ДАНАНЫҢ СӨЗІ - АСЫЛ ТАС
  • АСЫЛ ҚАЗЫНА
  • ТОҒЫЗ ТОЛҒАН, ОН ОЙЛАН

«Жанды математика» курсының білім мазмұны:

Мазмұны
Міндетті деңгейі
Мүмкіндік деңгейі
Сағат саны
Көрнекілігі
Пәнаралық байланыс
Мазмұны: І бөлім ТІЛ - ОЙ КӨРКІ 7 сағат
Мазмұны:

- Сандар қасиеті

- Санамақтар

- Математикалық мақал-мәтел

- Жаңылтпаштар

- Жұмбақтар

- Өлең-есептер

Міндетті деңгейі: Сандар қасиеті жайлы мағлұматтар алады, матема-тиканың халық ауыз әдебиеті-мен байланыс-тылығын түс-нетін болады.
Мүмкіндік деңгейі:

Сандар қасиетінің қыр-сырын ашады,

математикалық өлеңдер, жаңылтпаштар

шығарады, олар жайлы ізденеді

Сағат саны:

1

1

1

1

1

2

Көрнекілігі: Кітаптар, плакаттар
Пәнаралық байланыс: Ана тілі
Мазмұны: ІІ бөлім ДАНАНЫҢ СӨЗІ - АСЫЛ ТАС 7 сағат
Мазмұны:

- Қазақтың 3 санының сыры

-Қазақтың 5 санының сыры

-Қазақтың 7 санының сыры

-Қазақтың 9 санының сыры

-Қазақтың 40 санының сыры

-Математика мәдениеті

-Сандар әлемінде

/ертеңгілік/

Міндетті деңгейі:

3, 5, 7, 9, 40

сандарының сырын түсінеді

Мүмкіндік деңгейі:

Қазақтың ұлы математиктері жайлы

мағлұмат жинау, сандар сырынан

деректер жинау, жаттау

Сағат саны:

1

1

1

1

1

1

1

Көрнекілігі: Таратпа материал-дар, жинақ-тары
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, қазақ тілі
Мазмұны: ІІІ бөлім АСЫЛ ҚАЗЫНА 6 сағат
Мазмұны:

- Байырғы өлшем бірліктері

- Ұзындық өлшемдері

- Салмақ өлшемдері

-Сыйымдылық өлшемдері

Міндетті деңгейі:

Байырғы өлшем бірлікер жайлы

түсінетін болады

Мүмкіндік деңгейі:

Олар жайлы деректер жинау, мәтіндермен

оларды қолданған тұстарына

көз жеткізу

Сағат саны:

2

1

1

2

Көрнекілігі: Суреттер
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану
Мазмұны
Міндетті деңгейі
Мүмкіндік деңгейі
Сағат саны
Көрнекілігі
Пәнаралық байланыс
Мазмұны: ІҮ бөлім ТОҒЫЗ ТОЛҒАН, ОН ОЙЛАН 17 сағат
Мазмұны:

- Қызықты есептер

- Ребустар

- Қыныр есептер

- Әзіл есептер

- Логикалық есептер

- Сөзжұмбак

- Байырғы қара есептер

- Есептер мен ертегілер

- Математика еліне /ертеңгілік/

Міндетті деңгейі:

Есептер арқылы математиканың

өмірден алратын орны, қоғамды дамытудағы

рөлін түсінетін болады

Мүмкіндік деңгейі:

Оқушылар кеңірек ойлана біледі

Оқушының тек есепті шығаруға бағытталған іс- әрекеті есептердің мазмұнында

жасырын жатқан заңдылықтарды

ұғынуға ұмтылдыратын іс-әрекетке айналуы жүзеге асуы тиіс

Сағат саны:

2

2

2

2

2

2

2

2

1

Көрнекілігі:

Карточкалар, ребустар, сөзжұмбақ-тар

Билер, шешендер суреттері, ертегі

кейіпкерлері, ойын түрлері

Пәнаралық байланыс:

Дүниетану

қазақ тілі, дене шынықтыру, бейнелеу өнері

Мазмұны: БАРЛЫҒЫ 37 сағат

« ЖАНДЫ МАТЕМАТИКА »

пәнінің

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Пәннің негізгі түйіні

  • Жанды математиканы неге оқытады?
  • Жанды математика нені оқытады?
  • Жанды математика қалай оқытады?

Жауапты ретімен қарастырайық

  • Математикалық ұғымдар басқа ғылымдар да кең қолданылады, яғни бұл пән өмірдің қажетінен туындап отыр. Бұл пән оқушының ойлау қабілеті мен жалпы білім дәрежесін дамытады.
  • Сабақта әр материалдың шығу тарихын, өмірдегі пайдасын қысқа және қызықты түрде айта отырса, оқушылар жан - жақты білім алады.
  • Жанды математика оқыту - оқытудың дидактикалық принциптерін басшылыққа ала отырып оқыту әдістері арқылы жүзеге асырылады.

Мақсаты:


Ұқсас жұмыстар
Тасбақаның қозғалу жылдамдығы
Жұлдызды сағат. Сайыс сағаты
Кімнің сөзі
Ұстаздың асыл жүрегін
ҮІІ кезең
Көбейту ережесін пайдалана отырып есептер шығару
Сабақ соңында оқушы білімін бағалау
Математика. Озық ойлы оқушы
БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІМЕН ТИІМДІ ҰШТАСТЫРУ
Жас математиктер сайысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz