Файл қосу

Қазақстан компартиясы басқару жүйесіндегі тоқырау


Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Компартиясы басқару жүйесіндегі тоқырау.
Сабақтың мақсаты:
1. білімділік: Қазақстан Компартиясы басқару жүйесіндегі тоқырау
туралы оқушыларға толық мәлімет беру.
2. дамытушылық: Оқушыларды саяси өмірдегі өзгерістерді дұрыс бағалай
және тұжырымдай білуге үйретіп, деректер мен зерттеулерді өз бетінше іздену
дағдысын дамыту.
3. тәрбиелік: Қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлғаны
қалыптастыру арқылы еліміздің ғылыми дәрежесін жоғары деңгейде көрсететін
ұрпақ даярлау.
Көрнекі құралдар: ҚР саяси картасы, «Қазақстан 60-80 жылдарда» картасы,
қосымша әдебиеттер, сызба-тіректер, кесте.

Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы.
Сабақтың әдісі: өзіндік ізденіс, пікірталас, ойды дамыту, талқылау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
IV. Жаңа сабақ.
V.Жаңа сабақтың мақсаты
VІ. Жаңа сабақты бекіту
VІІІ. Үйге тапсырма, бағалау
• І. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқу құралын тексеріп, түгелдеу.
• Сынып тазалығына көңіл бөлу.
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
І – топ
1. Коммунистік партия қашан және қай жерде құрылды?
2. Қазақстан коммунистік партиясы қалай құрылды?
ІІ -топ
3. Қазақ зиялыларының ұлттық мемлекет жөніндегі көзқарастарын коммунистік
партия қалай қабылдады?
4. Қазақстан коммунистік (большевиктік) партиясын басқаруға Голощекиннің
келуі мемлекет басқаруда қандай қиындық туғызды?

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:

Анаграмма

1. Ұлт қайраткерлерінің оппозициялық тобына тағылған айып (Августық)

2. Торғай көтерілісі басшыларының бірі, А. Имановтың серігі, мерген батыр
(Кейкі)

3. Голощекин идеясын сынаушы ұлт қайраткері (Қожанов)

4. Ұжымдастыру саясаты негізінде құрылған мемлекеттік шаруашылық
бірлестік атауы (колхоз)

5. 1928 ж. ірі байларды тәркілеу науқаны (конфискация)

6. «Бесеудің хаты» авторларының бірі (Ғатауллин)

7. Голощекин идеясына қарсы қазақ қайраткерлері тобының жетекшісі
(Сәдуақасов)

ІV. Жаңа сабақ
1. Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясының әміршіл – әкімшіл
басқару жүйесінің қалыптасуы.
2. Қазақстан Компартиясының басқару жүйесіндегі тоқырау құбылыстары.
3. Әлеуметтік – экономикалық жағдайдың дағдарыс жылдарындағы Қазақстан
Компартиясының қызметі.
4. Қазақстан Компартиясы саяси дағдарыс жылдарында және оның ыдырауы.

V.Жаңа сабақтың мақсаты: Коммунистік (большевиктер) партиясының әміршіл-
әкімшіл басқару жүйесінің қалыптасуы мен тоталитарлық жүйенің үстемдігі
туралы толық мәлімет беріп, оқушылардың қоғамға деген көзқарастарын
қалыптастыру.

IV. Жаңа сабақты бекіту:

Тест жұмысы
1.Қай жылы Қазақ КСР Конституциясы қабылданды?
а) 1935 ж. ә) 1936 ж. б) 1937 ж. в) 1938ж.
2.Қазақ КСР Конституциясы Қазақстан Кеңестерінің қаншасыншы съезінде
қабылданды?
а) Ү съезінде ә) Х съезінде б) ХҮ съезінде в) ХХ съезінде
3.Қай жылы «Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел қателіктері»
туралы қаулы қабылданды?
а)1945ж. 21 қаңтар ә) 1946ж. 21 қаңтар б) 1947ж. 21 қаңтар в)
1948ж. 21 қаңтар
4.1947 ж. қай жазушыға «ұлтшыл, реакцияшыл» деген айып тағылды?
а) М. Әуезовке ә) Ғ. Мүсіреповке б) Т. Ахтановқа в) Қ.
Жұмалиевке
5.1946 – 1954 жж. Қазақстан ОПК – нің І хатшылығында болған қайраткер:
а) Д.А. Қонаев ә) Ж. Шахметов б) П.К. Пономаренко в) Л.И. Брежнев
6.Батыс Қазақстандағы Капустин Яр сынақ алаңында қанша жыл ядролық сынақтар
жүргізілген?
а) 25 жыл ә) 35 жыл б) 45 жыл в) 55 жыл
7.Қай жылдар аралығында атом сынақ жарылыстары жасырын түрде жүргізілген?
а) 1949 – 1953жж ә) 1950 – 1954жж. б) 1951 – 1955жж. в) 1956 –
1960жж.
8.1985 ж. Кеңес өкіметінде қандай кезең басталды?
а) «тоқырау» ә) «жылымық» б) «қайта құру» в) барлығы
9.Арал мәселесін көтерген қазақ қайраткерін ата?
а) О. Сүлейменов ә) М. Шаханов б) Т. Әубәкіров в) Қ.
Жұмаділов
10. Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?
а) 1984 ж. ә) 1985 ж. б) 1987 ж. в) 1989 ж.

Тәуелсіздік шежіресі «Жылдар сөйлейді»
1. 1990ж. 25 қазан – Қазақстан Республикасының егемендігі туралы
Декларация қабылданды.
2. 1991 ж. 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік заңы
қабылданды.
3. 1992 ж. 3 наурыз – Қазақстан Республикасы БҰҰ – на мүше болды.
4. 1992 ж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны
қабылданды.
5. 1993 ж. 28 қаңтар – Ұлттық валюта теңгенің енгізілуі.
6. 1995 ж. 30 тамыз – Ата Заңымыз Конституция қабылданды.
7. 1997 ж. – Қазақстан Республикасының атанасы Алматыдан Астанаға
көшірілді.
8. 1997 ж. 10 қазан – «Қазақстан – 2030» стратегиясы.
9. 2008 ж. 6 маусым – Астананың 10 жылдық мерейтойы.
10. 2010 ж. – Қазақстанның ЕҚЫҰ – на төрағалық етуі.

V. Үйге тапсырма: §25. Қазақстан Компартиясы басқару жүйесіндегі
тоқырау.

Бағалау: Белсенділік танытқан оқушыларды мадақтап, бағалау.

-----------------------
Г

Е

Н

О

Ц

И

Д

Тоталитаризм

Сталиннің жеке басына табынушылық

Сталиндік қуғын - сүргін

Лениндік ұлт саясатының бұрмалануы

Қазақстан Компартиясының тоқырау жылдары

Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық, саяси және мәдени дамуына әкімшіл –
әміршіл жүйенің тигізген әсері (1945 – 1980 жж.)

1. Қазақ жазушылары мен ғалымдарына «ұлтшыл» деген айып таңылып, олар
қуғынға ұшырады.
2. Қазақстандағы ғылыми ой мен қоғамдық пікірге шектеу салынды.
3. Республиканың ғылыми кадрлары мен зиялылары басқа республикаларға қоныс
аударды.

1. Тың игеру науқаны елдің әлеуметтік тұрмысына кері әсерін тигізді. Жер
эрозияға ұшырады, осы науқан салдарынан солтүстік облыстарға қоныстанушы
өзге ұлт өкілдері жергілікті халық көрсеткішінен асып түсті.
2. Қазақстан КСРО-ның әскери сынақ алаңына айналды. Халықтың денсаулығы
нашарлады. Арал теңізі тартылды.
3. Ауылшаруашылығы айтарлықтай дамыды. Өнеркәсіп саласы бойынша Қазақстан
КСРО-ның шикізат базасы болып қала берді.

1. Республиканы басқарып отырған әкімшіл – әміршіл жүйе бюрократиялық –
шовинистік сипат ала бастады.
2. Республиканы басқару ісінде жергілікті ұлт кадрларына орталық
сенімсіздік көрсетті.
3. Әкімшіл – әміршіл жүйеге қарап стихиялық қарсылықтар болды (Ақмола,
Теміртау оқиғалары).


Ұқсас жұмыстар
Арабтар мен қытайлар арасында
Жүзден жүйрік
Желтоқсан туғызған тұлғалар
Проблемалық сұрақтар
§1. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі
Ай - жердің серігі
Біз Қазақтың баласы
Кәсіптік лицей оқушыларының рухын көтеру
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы
"Желтоқсан желі"
Пәндер