Сабақ жоспары :: Технология

Файл қосу

<<технология пәнінен жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері.>>

Талғар ауданы Көлсай ауылы №27 жалпы білім беретін негізгі мектеп













Баяндама тақырыбы:

<<ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ЖАҢАША ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ.>>



технология пәнінің мұғалімі: Досекенова Э.Қ






2012-2013 оқу жылы

Алматы облысы
Талғар ауданы
Көлсай ауылы №27жалпыға
білім беретін негізгі мектептің
химия-биология пәнінің мұғалімі
Шалшикбаева Фариза Бейбитовна


Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі, білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты.
<<Бала оқытудың жұмысы ширақ, жігерлі, қызу болғаны дұрыс>> деген Ж.Аймауытов сөзінің бүгінгі күні мәні зор. Ел болашағының жарқын болашағын ескеріп отырған жаңа міндеттердің орындалуы үшін ерен еңбек, зеректік, отанға деген сүйіспеншілік керек. Ал сүйіспеншілікті жас буынға дарытатын тұлға - жаңа технологиямен қаруланған білім мен ғылымдағы соңғы жетістіктерді серік еткен шығармашыл мұғалімдер оқушы бойындағы қайрат - жігерді, білім мен табысты, туған ел мен жер мүддесі жолында жұмсауға тәрбиелеу - мұғалім қызметінің түпкі мұраты.
Ендеше, елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың <<Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін>> жолдауында атап өткендей <<Ұлттық бәсекелестік қабілеттің бірінші кезеңінде білімділік деңгейімен айқындалады >> деп атауы білім беру саласының барлық жағынан жаңаша көзқарас, жаңаша қарым - қатынас қалыптастыруды көздейді.
Білім - бүгінгі күнгі жахандану жағдайында өркенниеттіліктің әрі өлшемі, әрі тетігі, құндылығы болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында <<әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу>> деп атап көрсеткені белгілі. Осыған орай, қазіргі білім берудің мақсаты-білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүріп, жұмыс істей алатын, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке, яғни ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, Отанның әлеуметтік қоғамның-экономикалық жағынан зор үлес қоса алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл орайда білім беру жүйесін одан ары жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыру, жаңа буын оқулықтарын оқыту үрдісіне енгізу Қазақстан мектебінің ұлттық моделін қалыптастыру тәрізді келелі мәселелер жүзеге асып жатыр. Бірінші кезектегі көкейкесті мәселе - жас ұрпақты ертеңгі өмірге әзірленуде бүгінгі берілетін білімнің көлемін, сипатын, оның мақсатын айқындау, әлемдік стандарт бағытындағы жағдайда білім берудің кейбір жетістіктеріне, жетіспейтін жақтарына түсінік беру, бүгінгі қандай бағыттарды батыл дамыту керектігімізді білу.
Білімнің негізгі ірге тасы жаңа типті мектептерде қаланады. Көрнекті қоғам қайраткері М.Жұмабаев <<Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай құрылуына барып тіреледі. Мектебіміздің таза, сау, берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра алмасақ келешегіміз күңгірт>> деп білім мен ғылымның маңыздылығына тоқталған.
<<Барлық мүмкіндіктер балалардың бойында >>, - деген ұлы ойшыл А.Толстойдың даналық сөзі бар, ал баланы дамытатын шығармашыл, талантты, білімді ұстаз. Барлық мұғалім талантты болмасада өз ісінің шебері болуға міндетті. Шығармашыл, рухани бай педагог өзінің педагогтік шеберлігін ұтымды пайдалана біледі. Олай болса, рухани бай мұғалім - қай бағытта да табысты болмақ.
Жаңа қоғам педагогы - бұл рухани дамыған, бай шығармашыл үнемі жаңалыққа ұмтылатын тұлға. Педагогтер жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен ұлттың мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеуге және әр баланы жеке тұлға деп санап, оның жан - жақты дамуына мүмкіндік жасауға даяр болуы керек .
Жеке тұлғаның қалыптасуы - бұл үнемі рухани толығу, даралықты, интеллектілікті, ішкі және сыртқы жалпы және кәсіби мәдениетті меңгеру дегенді білдіреді. Қазіргі кездегі білім беру үрдісіндегі өзгерістерді, әлемдік білім берудің даму тенденцияларын бағдарлай білуі керек.
Елбасымыздың Н.Назарбаев : <<Дамыған елдердің тәжірибесі ұлттық гүлдену негізінен үш шешуші фактормен : соны ғылыми жаңалықтарды игерумен, білімнің деңгейімен және қызметкерлердің мамандандырылған кәсіби деңгейімен айқындалатынын көрсетеді. Білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез - келген елінде қажетке жарайтындай маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Бұл бүкіл әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз>> деп атап айтқан. Осы орайда мамандардың білімін арттыратын, білім мекемелері басшыларының үздіксіз білім беретін ғылыми - әдістемелік оқу орталығы, атқарар негізгі миссиясы кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру негізінде мамандардың біліктілігін жетілдіру болып табылады.
Ваучерлік - модульдік курс арқылы ұстаздар өз білімін толықтырады,алдын ала дайындалған жаңа әдістемелер мен технологияларды игереді, оларды жұмыс барысында пайдаланады.
Мамандар кәсібін дамыту институты 7 модульдік жұмыс бағдарламасымен жұмыс істеуде. Олар:
* Білім берудегі жаңа технологиялар.
* Сыни тұрғысынан ойлау.
* Оқушы жетістіктерін бағалау өлшемі.
* 12 жылдық білім беру жағдайындағы құзырлылық амалы негізінлегі менеджмент.
* Оқытуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды, е - learning пайдалану.
* Дарынды балалармен жұмыстың жаңа технологиялары.
* Жас кезеңдері әр түрлі топтарда оқытудың психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері.
Бәсекеге қабілетті адами капиталды дамытудың заманауи талаптары өзгерістерді алдымен әркімнің өзінен бастауды, өмірге деген көзқарасымызды өзгертуді талап етеді. Бізге қойылып отырған бұл талаптар сонымен бірге біздің кәсіби өсуімізге жасалып отырған жағдайлар да 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген.
12 жылдық білім беру курстарында мұғалімнің қазіргі таңда инновациялық қызметті меңгеруіне қатысты зерттеушілік, ақпараттық, ұйымдастырушылық, басқарушылық қызметін ұйымдастыруға бағыт - бағдар беріліп, интерактивті тақтада және компьютерде электронды оқулықтарды пайдалану әдістемесі туралы және 12 жылдық білім берудің құрылымы мен мақсаттары, міндеттері мектептерге арналған оқулықтардың құрылымдық ерекшеліктері талданып дәрістер өткізіледі..
Жаңа заман талаптарына ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа ақпараттық сауаттылық қажет, сондықтан білім беру үшін оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану аясын кеңейту мұғалімдерден үлкен кәсіби даярлықты және үнемі әдістемелік ізденістерді талап етеді. Қазіргі білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз ету үшін, болашаққа қарай талпынып, сеніммен нық қадам жасай отырып, өзгерістерді алдын - ала сезіп, байқап, өз бетінше тұрақты білім алуға, қазіргі заман талаптарына сай шығып жатқан жаңа технология түрлері арқылы білім беру салаларына қадам жасау керек.
Білімді игеру дегеніміз - оны ұғу, есте сақтау, қолдана білу. Олай болса, оқу мен тәрбие тетігі мұғалім мен оқушының өзара қарым - қатынасы - іскерлік ынтымақтастығы, атап айтқанда, бірлескен қызметтің сипатына тәуелді екендігіне үлкен мән береді. Осының дәлелі ретінде оқушым Г.Албанбекова << Сандардың квадраттарын табу және квадрат, куб түбірлерді табу, алтыншы амалдың шешу жолдары>> тақырыбындағы ғылыми жобасы аудан көлемінен ғана көрінгенімен, жоғарғы оқу орынында осы жобасын университеттер арсындағы ғылыми жоба байқауында қорғап университеттер арасында жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Білім беру жүйесі қызметінің тиімділігі көрсеткіштерінің және оның бәсекеге қабілеттілігінің бірі өз білімдерін республикалық және халықаралық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жарыстарында растайтын дарынды балаларды оқыту нәтижелері болып табылады.
Әлемдік білім беру жүйесін дамытудың артықшылықтарының арасында бірінші кезектегі міндет - жаратылыстану - математика және техникалық тәртіпте сабақ беруді және зерделеуді жақсарту болып табылады.
<<Қыран - түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз - шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды>> демекші, ұстаз-қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Ал жеке тұлғаға білім беріп, тәрбиелейтін, дамытатын, әрине-ұстаздар қауымы. Қоғам талабына сай шебер мұғалім болу заман талабы болып тұрғаны анық. Ал жаңа формация мұғалімі дегеніміз кім деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында <<Жаңа формация мұғалімі - кәсіби дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңалыққа жаны құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға>>
Өзім жұмыс істеген 37 жылға тарта уақытта оқыту мен білімді меңгеруге деген сұраныстың артып келе жатқандығын байқаймын. Оның дәлелі: сапалы білімді меңгеріп қана қоймай, дұрыс еңбек жолын таңдай білу. Сонымен қатар біз білім берген оқушы, яғни болашақ маман мынау толқыны мықты заманның сұранысына төтеп бере алатындай болса, өз мамандығының кәсіби шебері боларына кәміл сенімді.
Білім мен шеберлігі артып тұрған маман әрқашан да сұранысқа ие болатыны айтпаса да түсінікті. Көпшіліктің жоғары білім мен жоғары біліктілік ұғымдарын ажырата білмейтіні өкінішті. Жоғары білім алып шыққан азаматтардың барлығы жоғары білікті дей алмаймыз. Білім мен білікті болашақ мамандардың мәртебесін көтерсе, оған қол жеткізу тек оқу-әдістемелік бірлестіктердің жаңа технологиялары арқылы жүреді.
Мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын күнде дүние еместігін біз жақсы түсінуіміз керек және өмір бойы іздеушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жете аламыз. Мұғалімнің әрбір сөзі ісі, қимылы, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Сондықтан әрбір ұстаз үшін оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдану қажет етеді.
Халқымыздың ғасырлар бойы армандап, екі ғасыр тоғысында қол жеткізген бақыты - ол біздің тәуелсіздігіміз. Оның ірге тасының мықты болып қалануы ұрпаққа берілетін білім мен тәлімді тәрбиеде. Ал ол ұстазға жүктелетін ауыр міндет.
Бүгінде мұғалімнің белгілі-бір құрлымдарға деген жеке қатынасын көрсететін педагогикалық ұстанымдарының анықталуы әдістемелік қызметтің қалыптасуында маңызды рөл атқарады.
Атап айтқанда:
-мамандықтың, педагогикалық ғылымның мәні, мағынасы, құндылығы және мақсатына қатынасы ( өзін маман ретінде сезіну);
-білім берудің мазмұнына қатынасы ( маман мәртебесін ұғыну )
-білім алушыға өз өмірінің субьектісі, білім берудің мақсаты мен құндылығы ретінде қатынасы (ізгілікті - тәрбиеші болуы)
-әріптестеріне қоғамның кәсіби өкілі ретінде қатынасы (өзін қызметкер және ойлап шығарушы ретінде сезіну)
-өзін дамып келе жатқан және шығармашыл тұлға ретінде қатынасы
(өзін зиялы тәрбиелеуге және сақтауға тырысу, сұхбаттасуға шығуы)
Сондай-ақ әдістемелік қызметті жаңарту қазіргі мұғалім бойында қалыптасатын құзыреттілікке де тікелей байланысты.
Қазіргі мұғалім үрдісіндегі құзыреттілік;
-интеллектуалдық
-коммуникативтік
-әлемдік көзқарасы
Осындай жаңа формация мұғалімін қалыптастыруды көздейтін тұлға бағытталған интеграцияланған білім беру мына модульдерден тұрады;
-ынталандырушылық;
-мазмұндық;
-үрдістік.
Ынталандырушылық модуль мазмұны тұлғаның өздігінен білім алуына ықпал етеді. Бұл:
-жаңа үрдістерді, педагогикалық деректерді, тәжірибені білуге деген ынтасы мүмкіндігінше кәсіби - педагогикалық өзін-өзі жүзеге асыру іс-әрекетінің көрінісі;
-қоғам дамуының жаңа ағымдарын түсінуі;
-білім беру жүйесіндегі жаңа көзқарастардың жүзеге асырылуына қатынасуы.
Мазмұндық модуль - түсіну, білу. Бұл;
-философиялық білім; философиялық заңдылықтар, ұстанымдар және олардың педагогикалық ғылымы тәжірибеде көрініс табу;
-әдіснамалық білім: педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі, педагогикалық тәжірибені оқып үйрену және оны жаңа сапалы деңгейге көтеру мақсатына тәжірибеге тиісті нұсқауды енгізу әдістері жайлы білім берудің, білім берудегі жаңашылдық, дарындылық, зерттеу іс - әрекетінің теориясы мен технологиясы.
Үрдістік модуль - әдістерді меңгеру. Бұл:
* Педагогикалық заңдылықтар, қағидаларды білу;
* Өзінің іс - әрекеті бойынша үлгі жасау, жобалау;
* Тұлғаны оқыту, тәрбиелеу мен дамытуды анықтау.
Әдістемелік қызметтің негізгі қағидалары:
* Жаңарудың теориялық негіздері мен мақсатын көздейтін тұжырымдамалық қағидасы;
* Білім алушыларға деген адамгершілік қарым - қатынас қағидасы;
* Педагогтерге тән жалпы тұжырымдамалық ұстаным мен көзқарасты айқындайтын басты қажеттілік қағидасы;
* Жүйелілік көзқарасты барлық жағдайларда қолдануға мүмкіндік беретін жүйелілік қағидасы;
* Жаңаруға ықпал ететін, білім ұйымының ерекшелігін ескеріп оны қолдануды жүзеге асыратын баламалық қағидасы;
* Жасалған бағдарламалар мен жобаларды түзету, өзгерту және нақтылауды қажет ететін ашықтық қағидасы;
* Маманның кәсіби шеберлігін, білім беру сапасын және т.с.с. диагностикалауға, сондай-ақ білім беру қызметінің стратагиясын жүзеге асыруда күтілетін нәтиже, мониторингілеу қағидасы;
* Әдістемелік қызметті үздіксіз біліктілікті арттыру жүйесінің құрамды құрылымы екендігін айқындайтын біртұтастылық және кешенділік қағидасы.
Сонымен білім беру жүйесінің жаңаруын әдістемелік қамтамасыз ету, құзыретті тұлғаны қалыптасыту әдістемелік қызметке тән өзіндік ерекшеліктерді анықтап берді. Бұл білім беру ұйымдары педаготері мен басшылардың кәсіби құзырлылығын және білім беру ұйымдарындағы жаңашылдық үрдістердің тиімділігін арттыру мен дамытуға бағытталған іс - әрекет.
Осыдан келіп, ең алдымен, әдістемелік қызметтің бірнеше жылға арналған жұмыс тақырыбы туындайды. Тақырып таңдауда білім беру жүйесіндегі құрылымдар жағдайында педагогтердің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру негіз болады.
Белгіленген тақырыпқа байланысты мақсат, міндеттер қойылады. Мақсат қоюда ескерілетін жағдай: білім беру үрдісіне қатысушылардың басты құзыреттілігін қалыптастыру арқылы білім беру сапасын арттыруды міндетті түрде ескеру.
Бүгінгі таңдағы әдістемелік қызметтің басты міндеттері:
* Білім беру және әдістемелік жүйенің даму стратегиясын белгілеу;
* Шығармашыл тұлға ретінде педагогті дамытатын ғылыми негізделген, икемді, тарамдалған үздіксіз біліктілікті арттыру, соның ішінде әдістемелік қызметтің жүйесін жасау;
* Білім беруді дамыту бағдарламаларының жүзеге асырылуын әдістемелік қамтамсыз ету;
* Білім берудің өзекті мәселелері және оны жүзеге асырудың әдістемесі бойынша педагогтер мен басшы кадрларға ғылыми - әдістемелік көмек;
* Инновциялық қызметтің дамуына түрткі болу.
Әдістемелік қызметтің басты идеясы:
* Ынтымақтастық;
* Өзара байланыс;
* Икемділік.
Яғни , педагогтерге ғылыми жетістіктері бойынша хабардар ету, қызметтің жаңа бір бағыты - оларды өздігінен білім алу арқылы өз іс - әрекетін жобалау, өзін - өзі дамыту, шығармашылығын дамытуда жаңа құзыреттілікті қалыптастыру болып табылады.
Әдістемелік қызметтің басты бағыттары.
* Ақпараттық қызмет:
* Білім мазмұны және әдістемесі жағдайында педагогтердің теориялық негіздері мәселелері, шығармашылық қызметінің нәтижелері бойынша мәлімет жүйесін құру;
* Білім беруді дамытудың өзекті мәселері бойынша проблемалық - бағдарлы мәлімет қорын жасау;
* Ғылыми - әдістемелік әдебиеттер қоры бойынша кітапхананың жұмысы.
* Диагностика - болжау қызметі.
* Біліктілікті арттыруға деген педагогтердің, соның ішінде басшы кадрлардың сұранысының диагностикасы;
* Педагогикалық шеберлік пен білім сапасы деңгейінің диагностикасы;
* Басшының, мұғалімнің ақпараттық қажеттілігінің диагностикасы.
* Білім мазмұнын жаңарту қызметі.
* Білім берудің жаңа мазмұнын енгізу дидактикалық және әдістемелік қамтамасыз ету;
* Бейіндік оқыту бойынша базистік оқу жоспарын игеруде әдістемелік көмек беру;
* Инновациялық және эксперемент жүргізу қызметі.
* Ақпараттық білім беру ресурстарын жасау;
* Білім беру үрдісіне ақпараттық - телекоммуникациялық жобаларды енгізу;
* Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру.
* Біліктілікті арттыру қызметі.
* Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды жоспарлау жүйесін реттеу;
* 12 жылдық білім беруге көшуге байланысты педагог кадрларды қайта даярлау;
* Әдістемелік қызмет мамандарының біліктілігін арттыру.
Педагогтердің біліктілігін арттыру.
- әдістемелік тақырып бойынша жұмыс;
- семинарлар;
- біліктілікті арттыру курстары;
- дөңгелек үстелдер;
- жеке кеңестер;
- ашық сабақтар;
- кәсіби шеберлік байқаулары;
- шығармашылық жұмыстарды қорғау.
Әдістемелік құжаттар әзірлеу:
* Оқу жоспарлары мен бағдарламалар;
* Әдістемелік ұсыныстар;
* Әдістемелік құралдар;
* Емтихан материалдары;
* Сауалнамлар;
* Ережелер;
* Мониторингт әдістемесі.
Эксперементтік жұмыс пен ғылыми зерттеулер:
* Ғылыми - тәжірибелік конференциялар, семинарларға қатысу;
* Авторлық материалдарды әзірлеу;
* Ғылыми жобаларға қатысу.
Жаңашыл педагогикалық тәжірбиені жинақтау және тарату:
* Зерттеу, жинақтау нәтижелер бойынша құжаттар әзірлеу;
* Жаңашыл жұмыс бойынша тұсаукесер, білім беру үрдісіне енгізу, тарату;
* Шығармашылық топтағы жұмыс;
* Педагогикалық шеберхана;
* Педагогикалық дәрістер;
Білім беруді ақпараттандыру:
* Оn - line конференция;
* Интернет - жоба қорғау;
* Интернет - педагогикалық идеялар фестивалі;
* Интернет - жаңалық;
* Интернет - әдістемелік кеңес;
* Интернет - семинар;
* Оn - line тест жүргізу ;
* Интернет - байқау;
* Интернет - диагностика;
Білім берудегі қазіргі өзгерістерге сай әрбір педагогтің өзінің мақсаты, міндеттері және белсенді шығармашылық іс - әрекетін ұйымдастыруға, даму болашағын анықтауға мүмкіндік туады.
Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымның ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтардің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты - мамандықты игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңістігіне ене отырып бәсекеге қаблетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарлаған білім беру жүйесін ұсыну-қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда, <<құзырлық>> ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова <<Құзырлылық ұғымы-соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесіне ендіріліп отырған ұғым. Құзырлықтың латын тілінен аудармасы <> белгілі сала бойынша жан - жақты хабардар білгір деген мағынаны білдіреді.
Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби - тұлғалық қызметтілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеру міндетті деп көрсетілген.
1. Арнайы құзыреттілік - өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.
2. Әлеуметтік құзыреттілік - кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.
3.Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.
Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қаумының өзін-өзі өзгерте алу қаблеттілігі деп түсінуге болады.
Менің алға қойған мақсатым - оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру арқылы оқушының алған білімі мен тәрбиесі болашақта қажетіне жарап, шығармашыл жеке тұлға қалыптасуына үлес қосу, менің де өз ісімнің білгірі немесе <<Құзыретті>> болуым. Сол үшін менің үнемі ізденісте болуым, білім - біліктілігімді толықтыра, шеберлігімді жетілдіре түсуім білім сапсының кепілі болмақ.




Әдебиеттер:

.
* Ж.Аймауытов. <<Тәрбиеге жетекші>>, Орынбор 1924ж
* Ш.Беркімбаева, А.Құсайынов, А.Рысбаева, М.Бұлақбаева. Жоғары мектеп педагогикасы - 2009ж.
* Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2011ж.
* Б.Айтмамбетова <<Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері>>, Алматы 1991ж.
* Г.Сайынқызы. <<Тамшы сөздер мен қамшы сөздар>>, Алматы 2005ж.
* <<Білім шапағаты>> қоғамдық- педагогикалық газеті.
* <<Білім технологиялары>> журналы, 2006ж.



























------------------------------------------------------- пәнінің мұғалімі -------------------------------------------------


Қарашоқы орта мектебі

--------------күні --------------айы 2013 жыл ---------сыныбы ------------------------пәні
Математика пәнінің мұғалімі К.Бозымбекова

Ашық сабаққа талдау


Тақырыбы ------------------------------------------------------------------------------------
Мақсаты 1) ----------------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------------------
2)------------------------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------------------------
3) ------------------------------------------------------------------------------------
Көрнекілігі: кестелер, слайдтар, кеспе қағаздар.
Құрал жабдықтар: Интербелсенді тақта, компьютер.
--------------------------------------------------------------------------------
Типі ---------------------------------- Түрі ---------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------------
Қатысу мақсатым
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Анализ -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Ұсыныс --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Пән мұғалімі---------------------------------------------------------------------------------
Таныстым------------------------------------------------------------------------------------













Қарашоқы орта мектебінің
11 сынып оқушыларымен
өткізілген жиналыстың

Х А Т А М А С Ы №

Қатысқан оқушы саны -
Күн тәртібінде---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Тыңдалды------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Шешімі ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Тыңдалды----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Шешімі -----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------



Сынып жиналысының төрағасы К.Бозымбекова
Хатшысы А. Байғожаева


Ұқсас жұмыстар
Ж.қараевтың „үш өлшемді әдістемелік жүйе“ технологиясы
Ақпараттық технологияны сабақта қолдану
Компьютерлік оқытудың тиімді жолдары
Биология сабағында оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері
Интерактивті құралдармен сабақ өткізу әдістемесі
Дарынды балаларды әдебиет пәніне оқытудың әдіс - тәсілдері
Жаңа ақпараттық технологияларда
Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы
Интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін тарих сабағында қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары
БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДАҒЫ МЕНІҢ ПЕЛАГОГИКАЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАМ
Пәндер