Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ұлы Отан соғысы. Желбіре, жеңіс жалауы
Алматы облысы Ақсу ауданы
Қарашілік орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Исабекова Айгүл Кәрібайқызы
Желбіре, Жеңіс жалауы!
Мақсаты: 1.Ұлы Отан соғысы , оның зардаптары, Ұлы жеңістің мән-
маңызы туралы мағлұмат беру.
2.Оқушылардың тіл байлықтарын, ойын, мәнерлеп оқудағдыларын ұштау.
3.Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы
арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып,
оларды
құрметтеуге тәрбиелеу;
Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншылдыққа баулу.
Тәрбие сағатының барысы:
1-жүргізуші: - Құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер!
Бүгін әрқайсысымыз үшін жақын да қымбат мереке жеңіс мерекесі.
Жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери
жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды.
Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын. Ұлы Жеңістің
68 жылдық мерейтойына арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші:
Ұлы күшке сенген күн,
Фашистерді жеңген күн.
Ағаларға ерген күн,
Бақыт гүлін терген күн,-деп Қадыр Мырзалиев жырлағандай, Ұлы Жеңістің 68
жылдығына арналған ертеңгілігіміздің алғашқы құттықтау сөзін
мектебіміздің директоры А.Т. Мұратбековке беріледі.
2- жүргізуші: Шығыстың шапағы жаңа біліне бастаған кез. Еңбек адамдары
ұйқыда болатын. Ояу жүрген тек шекарашылар ғана. Кенет батыс жақтан қызылды
– жасылды оттар жарқылдап шекараға тақап ұшақтар гүрілдеп ұшып келді. Бұл
1941 жылдың 22 маусым күні еді.
1. Көрініс: «21 июнь 1941 жыл»
«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва!1941 жылы 22 маусым
фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді.»
Қара түнек серпілді,
Ұйқысынан ел тұрды.
Атқа мін қазақ, атқа мін,
Майданға, майданға!
1- жүргізуші: Уа, халқым!
Күн туды сенің басыңа,
Жау кірді сенің жеріңе,
Сұм фашистен қорғауға,
Аттан, халқым майданға!
Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер
Ер басына күн туса,
!Фашисттік Германия Кеңес Одағының шекарасын бұзып басып кірді, соғыс
басталып кетті. Фашисттер күзге дейін ақ Кеңес Одағын талқандаймыз деп
даурықты. Фашисттерге қарсы бүкіл Кеңес елі көтерілді. Ұлы Отан Соғысына
Қазақстаннан 1 миллион 7000 мыңнан астам жауынгер қатысты. Олардың басым
көпшілігі ұрыс даласында қаза тауып, хабар ошарсыз кетті.Олардың ерлік
істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауы тиіс.
Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталған.
1- жүргізуші: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап ақ Кеңес халқы жан тәнімен
Отанын қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала неміс басқыншыларымен аянбай
шайқасты.
Тас талқан ғып фашистті,
Қиратқан біздің ер күшті
Москава, Ленин қаласын,
Ағы мен көздің қарасын,
Отанның гүлді даласын
Қорғап жатқан ерлерім,
Жауға қарсы аттанды,
Борасын қардай оқтарым!
2- жүргізуші: Ленинград 1941 жылдың 8 қыркүйегінен 1943 жылдың 18 қаңтарына
дейін жау қоршауында болды. Қоршаудағы Ленинград сыртқы дүниемен байланысты
тек Ладога көлі арқылы және әуе жолымен ғана жасады.
Адамзатым ақиқатқа сеніңіз,
Соғыс деген болған емес тегін іс.
Соғыс деген – қиылған жан, аққан қан,
Соғыс деген –екі жаққа жеңіліс.
2.Көрініс:
Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған
ата әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде ақ майданға аттанды. Жалпы бұл
соғыста жаужүрек 2420 ұшқыш Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Оның 101
қазақ еді.
Біз қашаннан ер қаһарман халықпыз,
Біз тарихта теңдесі жоқ алыппыз.
Біз күштіміз күштілердің бәрінен,
Біз сөнбейтін күн тәрізді жарықпыз.
Біздер нағыз құдіретті елденбіз,
Ғасыр көшін бастау үшін келгенбіз!
2- жүргізуші:
Соғыс деген – аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
Соғыс деген – төккен ары ұлдың және қыздың да.
Соғыс деген – сотқарлардың қолындағы найзасы,
Соғыс деген – зұлымдықтың айнасы.
1- жүргізуші:
Солдаттың көкірегі толы арманы,
Оқ жаңбыр астында да жоғалмады,
Отан мен анасы үшін «Алға» деді
Амал не,
Көпшілігі оралмады.
«Алар жау сыбағасын оңбай бізден»,
Шығамыз
Соңғы күшпен,
Соңғы айбынмен,
Қорғаймыз байтақ елді,
Өйткені оны
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.
3.Көрініс: «Соғыста». Екі жауынгер солдаттың келе жатқан танкіні жарып,
өздері жараланып, ерлік көрсеткендері бейнеленеді.
2 жүргізуші:Жабады дала төсін нала, қайғы,
Шын қайғы жөн кәріге қарамайды,
Қып – қызыл көлдің бетін сұңқылдаған
Аққулар қанатымен сабалайды.
1- жүргізуші: Ашу менен кек оятты ел намысын,
Отан үшін жан пида болды үлкен сын.
Ер азамат жауменен арпалысса,
Әйелдер терін төкті майдан үшін
Аналар қоштасқанда асылымен,
Арулар қош айтысты ғашығымен
Балалықтың базарын ерте жауып,
Талай жұмыс істеді бала өркен.
Үдетіп соғыс оты қайғы мұңды,
Төрт жыл өтті, соғыс әлі бітпей қойды,
Кемпір шал, әйел бала ауылдағы,
Сеніммен күтуші еді Жеңіс тойды.
2-жүргізуші: Соғыс...Сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады,қанша үйде
оттар сөнді, қанша аналар ұрыс даласынан келген қаралы қағазға сенбей
ұлдарын күтумен өмірден өтті, қаншама арулар жесір қалып, сәбилер
жетімдіктің зарын тартты.
5.Көрініс: «Жеңіс күні»
Радио: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!Сөйлеп тұрған Москва! 1945 жылы
8 мамырда Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгендігін мойындап Актіге
қол қойды.
9 мамыр Жеңіс күні!
«Сүйінші! Халқым, жұртым, сүйінші! Неміс фашистері кеше тізе бүгіп,
жеңіліпті! О,жасаған, шынымен қарғыс атқыр соғыстың аяқталғаны ма?»
Жеңіс! Осы бір сөз әрбір адам үшін қасиетті де құдіретті! Жеңіс деген сөзді
халқымыз 4 жыл бойы күтті емес пе? От пен жалынға оранған 1418 күн мен түн
кімнің есінен шығар дейсің? 1418 күннің әрбір сағаты, әр минуты қауіп
қатерге толы болғанын қолынан қару алып, соғысқа аттанған аталарымыз жақсы
біледі. Жеңіс оңай келген жоқ. Бүкіл еліміз жұдырықтай жұмылып жауға қарсы
тұра білудің арқасында ғана мүмкін болды. Ер азаматтар майдан даласында су
кешіп, жаумен бетпе – бет соғысса, тылда қалған қарт адамдар, аналар, жас
балалар, ер азаматтардың орнын басып еңбек етті.
1-жүргізуші: Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұман
Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні!
2-жүргізуші: Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті!
Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті!
Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,
Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.
Ән: «Көгершін»
1-жүргізуші: Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін,
Халқымыз қуанышты тегіс бүгін
Жауды жаншып, Отанды азат еткен,
Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін
2-жүргізуші: Иә, содан бері 68 бейбіт жыл артта қалды. 1945 жылы 8-мамырда
Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап, қол қойды. Ал, 9 мамыр күні
бұрын-соңды болмаған 1000 зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс
күні осылай келген еді.
1-оқушы: «Жеңіс» деген – жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы,
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
2-оқушы: Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен
Қара күндер қайғысын ұмыттырды.
3-оқушы: Шынында бұл-оралған мыңнан бірің,
Бақ нұрына жүзіңді туған күнің
Жеңіс күні өзіңдей көзі тірі,
Майдангерлер бәріңнің туған күнің.
2-жүргізуші: Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
Ұлы Отан соғысында еліміздің тәуелсіздігі мен халқымыздың бақыты үшін
ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіз тұрып
еске түсірейік.
Ән: «Батыр ата Бауыржан»
4-оқушы: Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,
Бейбіт өмір оралды күні жарық.
«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.
5-оқушы: Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,
Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте
Отанының бақыты үшін мерт болған
Батырларды есіңде ұста, құрметте!
6-оқушы: Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып,
Жауды жойып батырлар елге оралды,
Ата-анамен қауышты құшақ жайып.
1-жүргізуші: Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы 9 мамыр күні,
Алмастырған қуанышқа қайғыны.
2-жүргізуші: Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем шуақ – 9 мамыр күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі,
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.
Хор: «Біз – Отанның Ұланымыз»
7-оқушы: «Сен құрметте оны, қарағым!» (Ә. Сәрсенбаев)
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен ұстап жүрген жоқ,
Қолындағы ұзын таяғын.
Кешегі елге қатер төнгенде,
Ол жауға қарсы шапты,
Бізді жалмамақ болған ажалды
Өр кеудесімен қақты.
Ол арыстанша алысты,
Елім соққысын өз үстіне алды,
Денесін оқ паршаласа да,
Ел намысын қорғап қалды.
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?
Сенің келешегің үшін берді ол,
Азаттық жолында аяғын.
8- оқушы: Болмасын соғыс! (Ж.Ақылбайұлы)
«Болмасын соғыс»
Тілегі солай ата – ананың.
Жарақат алып қорғаған елін, Ұлы Отанын,
Көшеде егер балдақты кісі кездессе
Жүрегім соғып ойланып бара жатамын.
Бақтарды басып, танктің тажал табаны,
Қандарға бөгіп бала – бақшалар алаңы.
Жауынгер болып от атып жап – жас жігіттер,
Атпаса екен шашынан сүйреп Ананы.
Болмасын соғыс!
Жасасын Жеңіс – мамыр – ай!
Қозы – лақ шапсын енесін еміп жамырай,
Тау азаматтар жарақат алып жатпасын,
Ажалын тауып қорғасын оқтан тарыдай.
О, мейлі, қарын ашығып қалса сәл ғана,
Жаралы елді артпай – ақ қойдық арбаға,
Күн күліп, гүл өсіп тұрсын далада
Қан қызыл оқтан жараланбасын ақ дала.
2-жүргізуші: Жеңіс бізге атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді.
Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп,
үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты.
Хор: «Бейбітшілік сақталады»
9-оқушы:
Жасасын Жеңіс!
Еңбегі барлық солдаттың,
Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.
Қанша ма адам ерліктер жасап майданда
Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың!
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!
10- оқушы: Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
11-оқушы:Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
12-оқушы: Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары
13-оқушы: 68 жыл бейбіт көктем таң атқалы,
68 жыл шуақты күн таратты әнін
Елімде сонан бері 68 рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Соғыста өлгендер тек оралмады.
14-оқушы: Бақыт сыйлап жатады әр күн
Санамызға жарық берген
Әкелері аталардың
Бұл Жеңісті алып келген
15-оқушы: Сен неткен Отан – анам, ғажап едің,
Әсемдеп көркем тілмен жазар едім,
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, ұлы Отаным – қазақ елім.
1-жүргізуші: Ұйықтамай Отан
Көз ілмей таңды таңға ұрып,
Мелшиген мына танкілермен жанды үміт
Бұл жеңіс келген, он жасқа толған кезімде.
Анамды жарсыз, әкесіз мені қалдырып.
2-жүргізуші: Шығыстың қос шынары .
Әлия, Мәншүк қайсар гүлі қазақтың.
Ерлігіне таң қаламын ғажап тым.
Солар төккен қызыл қанның арқасы,
Қазақстан аспанында азат күн.
1-жүргізуші: Ағалар саптан шықпасын,
Аналар қабақ шытпасын,
Бақытқа жетіп бар адам,
Сәбилер тыныш ұйықтасын,- дей отырып, ардагер аталарымызға -әжелерімізге
келгендеріне рахмет айта отырып, жылда осы Жеңіс күні біздің арамызда
мейрамдай берулеріңізге тілектеспіз.
2- жүргізуші: Біз жеңдік, жеңілді жау,
Желбіре, жеңіс туы.
Өлмейді, өшпейді ерлік
Жасасын Жеңіс күні!
Хор: «Көк тудың желбірегені».
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz