Қазақ хандығының басқару жүйесі

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қораши ауылы
Қарабұлақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Келдібаев Ахмет Бақтыбайұлы
§41. Қазақ хандығының басқару жүйесі.
(Ашық сабақ)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ мемлекетінің басқару жүйесі мен ел билеушілері, аты аңызға айналған қазақ хандары туралы баяндау.
Дамытушылық: Оқушыларды қазақ хандарымен таныстыра отырып, жүйелі ойлау мен талдай білуге, жан - жақты іздене білуге, еркін сөйлеп, ойын жеткізе білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойына ұлтжандылық сезімін қалыптастыру, Отанын қастерлеп, бағалай білуге, құрметпен қарауға, қасиет тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың типі: Дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Оқулықпен жұмыс, термин сөздермен, қосымша әдебиеттермен жұмыс, ауызша баяндау.
Көрнекілігі: Слайдтар, толғау, кестелер.
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті, құқық, экономика, музыка,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу.
ІІ. Өткен тақырыппен байланыс жасау. Ауызша сұрап, бекіту сұрақтарын беру.
1. Есім хан қай жылдары ел биледі?
2. «Қатаған қырғыны» деп неге аталды?
3. Тұрсын хан мен Есімнің арасындағы ұрыстың шығу тарихын қалай түсіндіресің?
4. Бұхар - қазақ қатынасы неліктен жиі бұзылып отырды?
5. Есім хан елдің экономикасын нығайту жолында қандай әрекеттер жасады?т. б
Қазақ хандары таблица
Жәнібектің баласы. 1511 - 1518 жж. Билік жүргізді. «Қасым ханның қасқа жолы» заңын жасады.
Халқының саны 1 млн-ға жетеді.
Қасымның баласы. 1538-1580 жж. ел биледі.
Өзбек хандығына Көшімге қауіп төндірді.
Сұрақ - жауап. Семантикалық карта «Мағынаны айыру»
Керей
Жәнібек
Хақназар
хан
Тәуке
хан
Есім
хан
Қасым
хан
ІІІ. Жаңа сабақ .
Қазақ хандығында басқарудың ұлттық жүйесі қалыптасты. Басқару жүйесінде бұрыннан келе жатқан ру-тайпалық тәртіп берік сақталды. Қазақ хандығының құрылымы жеті сатыдан қаланды:
1. Ауыл- қазақ халқының ең бірінші қоғамдық ұйымы. Ол туыстас, қандас жақын адамдардан немесе бірнеше отбасынан құралды. Әрбір жеке ауылды басқаратын адамды ауылбасы деп атады.
2. Ата аймақ- жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құралды. Ата аймақты басқаратын адамды ақсақал деп атады. Ата аймақтағы ауыл адамдары ақсақалдың ақыл - кеңестерін тыңдап, оның шешімін мүлтіксіз орындап отырған.
3. Ру - негізінен он немесе он бес аймақтан құралатын болған. Руды басқаратын аймақты рубасы деп атады. Рубасы көпті көрген, мол тәжірибелі, өте білікті, білгір адам болған.
4. Арыс - бірнеше рудан құралды. Осы бірнеше рудан құралған арысты басқаратын адамды би деп атаған. Бүкіл қауым бидің шешімін, оның билігін орындауға міндетті болды.
5. Ұлыс - бірнеше арыстаг құралды. Ұлыстың билеушісін сұлтан деп атады. Сұлтандар әдетте хандар мен ақсүйектердің әулетінен шыққандар болды.
6. Жүз - бірнеше ұлыстан құралды. Қазақ жүздері ХY - XYI ғасырларда тайпалар одағы негізінде қалыптасты. Жүздің билеушісін хан деп атады. Әрбір жүз өзінің ханын сайлайтын. Ұлы жүз құрамына жалайыр, албан, суан, дулат, сарыүйсін, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, шанышқылы және қаңлы тайпалары кіреді. Орта жүз руларына арғын, найман, уақ, керей, қыпшақ, және қоңырат тайпалары кіреді. Кіші жүз құрамына 12 ата Байұлы (адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, масқар, таз, есен-темір, ысық, қызылқұрт, шеркес; ), жетіру (табын, тама, кердері, керей, жағалбайлы, телеу, рамадан; ), Әлімұлы (қаракесек, қарасақал, төртқара, кете, шөмекей, шекті:)
7. Хандық - үш жүзден құралды. Хандықтың ең үлкен әміршісі қаған деп аталды. Хандарды ақсүйек шонжарлардан сайлау қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ежелгі ата дәстүріне айналған.
(Тәуелсіз Қазақстан Республикасының басқару жүйесімен салыстыра отырып түсіндіру)
Қазақ ханы. XYI ғасырдағы қазақ хандары жалпы қазақ халқының қоғамдық әдет - салтына байланысты сайланып қойылатын болған. Қазақтың ханын сайлауға барлық рудың атақты, сыйлы шонжарлары қатынасты. Ру басшылары хан болып сайланатын адамды ақ киізге отырғызып көтереді. Осыдан соң хан отырған киізді, ханның хан сайланғанға дейін киген киімдерін жапырақтап кесіп, хан сайлауға қатынасқандықтарының белгісі ретінде
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz