Одағай

Ақтөбе облысы

Ақтөбе қаласы

№ 18 орта мектеп

Ашық сабақ

Одағай

Пәні: қазақ тілі

Өткізген: Аниева Ә. М

Бастауыш класс мұғалімі

Тақырыбы: Одағай.

Мақсаты: Оқушыларға одағай және оның түрлерімен таныстыру,

алғаш мағлұмат беру.

Міндеттері:

Білімділік. Оқушыларға жаңа сөз табы одағай туралы мағлұмат беріп, одағайдың түрлері, айтылу ерекшеліктері, жазылу емлесі жайлы кеңірек түсінік беру, сөйлем ішінен тауып, түрлеріне ажыратуды үйрету.

Дамытушылық. Оқушылардың есте сақтау қабілеттері мен сөздік қорларын арттыру, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуін, таным деңгейін дамыту.

Тәрбиелілік. Оқушыларды техникалық - ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге, сауатты жазуға баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, оза оқыту, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: журнал, қағаздар, плакат

Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиеттік оқу, қимылды ойын.

Cабақ барысы:

І. Сәлемдесу - салтымыз.

Мұғалім:

-Уа, халайық, халайық!

Мұнда назар салайық.

Жарық көрді журналымыз

Асыға күткен жаңалық!

  • Бәрекелді! Қош келіпсіздер, ұстаздар, оқушылар! Мектебіміздің оқушыларының көңіл-күйлері әр уақытта көтеріңкі болсын деп, 4 «А» класының «Алақай!» деп аталатын журналының тұсау кесер сабағына қош келіпсіздер!

Журналымыздың беташары ретінде «Сәлемдесу салтымыз» атты бетті әзірлеген тілшілер Ғазиза, Ислам, Сарбиназға сөз берелі.

Ғазиза:

Қазақ тілі-қызық пән,

Сөз мағынасын ұғынтқан.

Құраларын біз білдік,

Сөздердің тек дыбыстан.

Түбір менен қосымша,

Үйлесе келе қосылса.

Жаңа сөздің туарын,

Меңгергенбіз осында.

Ислам:

Сөз түрлерін оқыдық,

Түсінуде жоқ олқылық.

Біріккен түбір жасайды,

Екі-үш сөздер қосылып.

Қосарланады, тіркеледі,

Түбірлер кеп бірлеседі.

Жұрнақтар да жалғанып,

Сөз мағынасын түрлентеді.

Сарбиназ:

Үйрендік сөз таптарын,

Біліп алдық аттарын.

Түрлері мен сұрағын,

Жаңылмай-ақ жаттадым.

Одағаймен танысып,

Көңіл-күйім көтеріліп,

«Алақай!»деп мектепке,

Жүгіремін тездете.

ІІ . - Журналымыздың келесі беті «Өзіңді көрсет» деп аталады. Журналымыздың жас тілшілері өздеріне берілген тапсырманы қалай орындайды екен. Соны тексерелік.

«Қаңбақ шал» ертегісінен қысқаша көрініс.

Қаңбақ шал:

-Әй, кемпір! Ертең дәу қонаққа келеді.

Кемпірі:

-Ойбай, немізді асамыз?

Қаңбақ шал:

-Тәйт! Ойбайламай! Үйде ет жоқ, нені асамыз?-десең болады . . .

Ертеңіне Қаңбақ шалдың үйіне дәулер келеді. Дәулерді көрген кемпір:

-Ойпырым-ай, шал-ай! Нені асамыз, үйде дым жоқ?

Қаңбақ шал:

-Тү-у, сол да сөз боп па, басқы дәудің басын ас, ортаңғы дәудің төсін ас, болмаса досым дәудің өзін ас!

Дәулер:

-Астапыралла, қашайық.

ІІІ. Бәріміз бірге ойланайық.

  • Пәле күннің жадын жазуды ұмытып кетіппіз, ендеше дәптерімізді ашып, күннің жадын жазайық. Бүгінгі өтетін тақырыбыз: «Одағай» деп аталады. О-һо! Міне, қызық! Одағайдың түрлері бар. Түрлерінің өзі қызық! Одағай сөзін буынға бөлейікші!
  • О-да-ғай.
  • Неше буын бар?
  • 3 буын бар.
  • Қызықтың өзі осында. Одағай сөзінде қанша буын болса, сонша түрі болады. Бірінші түрі, ол - Көңіл күй одағайлары деп аталады. Көңіл күй одағайлары қандай мағынаны білдіруі мүмкін?
  • Қуану, шаттану, таңдану, жылау, армандау, өкіну, ренжу, т. б.
  • Ал екінші түрі - Шақыру одағайлары деп аталады. Шақыру одағайлары нені білдіруі мүмкін. Кімнің қандай ойы бар?
  • Білімге шақыру, мектепке шақыру, төлді шақыру.
  • Керемет! Ойларың керемет екен. Шақыру одағайлары - ол ит, құс, малды шақыру, мысалы: моһ-моһ, шөре-шөре, кә-кә, т. б. және оларды қуумен байланысты: пырс, ара.
  • Үшінші түрі ол - Жекіру одағайлары. Ол - тыйым салу мағынасын білдіреді. Мысалы: тәйт, жә.

Одағай

Көңіл күй Шақыру Жекіру

  • Ендеше, үш одағайдың түрлеріне бір-бір одағай айтып, көркем етіп жазалық.

Бәрекелді, шөре - шөре, тәйт .

ІV. Біздің қолымыздан келеді

  • Практикалық тапсырмалар

- Жас «Алақай!» журналы өзін шыңдау үстінде. Өзінен біршама жас үлкен «Балдырған», «Айгөлек», «Мөлдір бұлақ» журналдары қонаққа келіп тұр. Журналдардың сендерге 1-2 тапсырмалары бар екен.

  • «Балдырған» журналы.

Сиқыршы бос чемоданға мысықты салып, қақпағын жапты. Біраздан кейін ашып еді, ішінен күшік шықты. Көрермендердің бет пішіні қандай болады? (таңдану)

  • «Айгөлек» журналы.

Жолаушы жылауықтар еліне тап болды. Біреуін жұбатса, екіншісі жылап, әбден мазасы кетті. Балалар бәрібір жылауын қоймайды. Жылауықтардың бет пішіні қандай болады? (жылау)

  • «Мөлдір бұлақ» журналы.

Мараттың досы бар еді. Жазғы демалыста досы ауылға кетті, Марат қалада қалды. Ол досын қатты сағынды. Бір айдан кейін досымен көшеде кездесіп қалды. Оардың бет пішішінде қандай өзгерістер болады?

(қуану) .

-Балалар, одағайды күнделікті өмірде жиі қолданамыз. Тапсырмаларды орындағанда адамдардың қандай көңіл-күйлерін көрдіңдер?

-Қуану, таңдану, жылау.

  • Семантикалық карта
Одағай
Көңіл күй
Шақыру
Жекіру
Одағай: Алақай
Көңіл күй: +
Шақыру:
Жекіру:
Одағай: Тү-у
Көңіл күй:
Шақыру:
Жекіру: +
Одағай: Моһ-моһ
Көңіл күй:
Шақыру: +
Жекіру:
Одағай: Тәйт
Көңіл күй:
Шақыру:
Жекіру: +
Одағай: Япырай
Көңіл күй: +
Шақыру:
Жекіру:
Одағай: Пырс
Көңіл күй:
Шақыру: +
Жекіру:

(тексеру, бағалау )

- Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген.

Мысалы, «тәйт» деген одағай сөз ол баланың артық кеткен ісіне тыйым салған. Оны баланы түсініп, өз қателігін қайталамауға тырысқан.

V. Одағайды сен тап, басқасын өзім айтамын!

  • Мәссаған, балалар, редакциямызға алғаш қоңырау келіпті. Алло, иә-иә. Бұл «Алақай» журналы. А. Қызықты тапсырмалар беріп балалардың білімдерін білгіңіз келе ме?
  1. . . . , бәлем, Алмабек, қолымызға түстің бе?
  • Балалар, «Ана тілінен» оқыған қандай шығармадан үзінді?

- «Ағаштар неге ашуланды?» әңгімесі.

  1. « . . . , мен неге бармадым екен сонда» деп Темір іштей өкінді.
  • Ал, мына сөйлем ше?
  • «Шыбық» әңгімесі.

VІ. «Алақай» журналының келесі айдары « Мың рет естігеннен, бір рет көрген артық» дегендей жас тілшілер сөйлемді мәнеріне келтіріп оқиды.

568- жаттығу.

1. Әй, қойшы соны, бір айтқанын он қайталайды. Сөзінің тамтығы жоқ. (ұнатпау)

2. Әттең, атымыз болғанда ғой, малдағы үйден ірімшік алып келер едік. (өкініш)

3. Ей, шырақ, қараңғы түспей үйіңе қайт, әке-шешең іздеп жатқан шығар. (қауіптену) .

-Одағайлардың адамның қандай сезімін білдіріп тұрғанын түсіндір? Қай түріне жатады?

-Көңіл күй одағайлары. Одағайдың сөйлемдегі орны мен тыныс белгісін байқату:

1. Одағай, .

2. , одағай, .

3. , одағай!

VІІ. Келесі бетте сендердің сөздік қорларыңды, әдемі сөйлеуге үйрететін айдар бар. «Ойыңды өзім жазамын» дегендей адамдарға қаратылып айтылатын одағайларды қатыстырып, 1 сөйлем құрайық. Сөйлем мүшесіне талдайық.

Нүркен:

Тәйт, балалар, темекі тартпаңдар!

- Балалар, одағай мен қаратпа сөздер сөйлем мүшесіне талданбайды.

VІІІ. Шақырамыз жарысқа.

- Келесі бет спорт жаңалықтарына арналған. «Шақырамыз жарысқа» атты спорт жаңалықтарына арналған бетті дайындауға қалай ат салысамыз.

Балалар, бұл бетте «Бәйге» ойыны туралы кең мағлұматтар берілген. Бәйгеге жылқы малы қатысады. Жылқы малын қалай шақырамыз?

  • Құрау- құрау
  • Одағайдың қай түріне жатады?
  • Шақыру одағайы
  • Атымызға отырайық.

Ұқсас жұмыстар
Көңіл күй
Жекіру одағай ережесін түсіндіру
Одағайдың түрлерін меңгерту
Топқа берілген сұрақтар
Одағай сөздер. Одағайдың түрлері
Одағай. қазақ тілі. 4 сынып
Одағайдың түрлері
Сабақтың өту барысы. Сабақтың тақырыбы
Есімдіктің сұрақтары
Одағайдың түрлерін ата
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz