Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Болашақты біз бірге жасаймыз жайлы ақпарат


Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы
Бостандық ауылы
Бостандық ОЖББМ әлеуметтік педагогы Нугманова Райгул Елемисовна

«Болашақты біз бірге жасаймыз!»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Елбасының мектеп
оқушыларының сабаққа қатынасуын толық қамтамасыз ету тапсырмасын орындау
мақсатында республикамыз бойынша «Мектепке жол» акциясы алтыншы жыл өз
жалғасын тапты.
Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтылған, көп
балалы отбасы балаларына, қорғаншылықтағы, қамқорлықтағы оқушыларға қолдау
көрсету және баланың мектепке келмей қалуының алдын алу. «Болашақты біз
бірге жасаймыз!» ұранымен бастау алған «Мектепке жол» акциясы өз мәресіне
таяп келеді. Жыл сайын өткізіліп отырған бұл қайырымдылық шарасы оң нәтиже
беруде. Бұл игі шараны Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінде
ұйымдасқан түрде өткізіп келді. Ауыл әкімшілігімен бірлесе отырып аз
қамтылған, көп балалы отбасы балалары анықталып, көмекті қажет ететін
балалар тізімі анықталды. 26 тамызда мектеп ауласында «Шарапаты мол-
Мектепке жол» мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Ауыл тұрғындарына оқу-құралдарды, сабақ киімдерін төмендетілген
құнмен сатып, баланың мектепке келуіне көмек беру. Бұл мақсаттағы жәрмеңке
Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінде биыл төртінші жыл өз жалғасын
тауып отыр.Мектеп оқушыларына арналған жәрмеңкеге ауылдағы «Армат»,
«Жұлдыз», «Қызғалдақ», «Александр» кәсіпкерлік дүкендеріне өз тауарларын
шығарып, арзандатылған бағаға сату ұсынылып, шақыру қағаздары таратылды.
Жәрмеңке өткізу алдында мектеп оқушыларына, ата- аналарға алдын ала
хабарландырулар жазылып ілінді.
Жәрменкеге келген ауыл тұрғындары сатылатын тауардың сапасы мен
бағасына қарай қажетті құралдарын керегінше алып, ризашылық сезімдерін
білдірді. Нәтижесінде жәрменкеге қатынасушылар саны ойлағандағыдан да көп
жиналып, өту барсында ауыл өнерпаздарының ырғақты әндері мен музыкасы
ойналып, ата- аналар мен балаларға арналған шағын мерекеге айналды.
Акцияға мектеп ұстаздарыда өз үлестерін қосты. 27- 28 тамызда
«Мейірім шуағы» тақырыбында ашық базар ұйымдастырылды. Екі күнге созылған
бұл шарада мектеп ұстаздары жоғарда көрсетілген санаттағы балаларға өз
жағдайлары көтергенше ерікті түрде киім- кешектен көмек көрсетті. Құрылған
комиссия киім құндарын тағайындап, ата-аналардың өз таңдауларымен алуына
жағдай жасалды. Нәтижесінде 17 (он жеті ) ата-ана 20 мектеп жасындағы
балаларына қажетті киім кешектерін алды. Мектеп ұжымынан Г.Дүйсенбаева,
А.Қабошева, А.Мұқанова , Ж.Хамзина, М.Дөкеева, З.Айтасова, Д.Каленова,
Г.Шынтемирова, Р.Нугмановалар жалпы құны 16200 теңгеге және «Армат» жеке
кәсіпкері 10000 теңгеге демеушілік қолдау көрсетті. Материалдық көмекпен
қамту жұмыстарын жүргізу мақсатында «Қайырымды жүрек - жомарт қол»
тақырыбында ауылымыздың қожалық жетекшілерімен қарым - қатынастар
орнатылып, қатынас қағаздар жіберілді және қатынас қағазға жалғама ретінде
көмекті қажет ететін отбасы балаларының тізімдері жалғанды. Акцияға қожалық
жетекшілерінің белсенді қатысуының арқасында жоғарда аталған санаттағы
отбасы балаларының мектепке келуіне марериалдық жағынан көмек көрсетті.
Атап өтер болсам, «Өркен» шқ жетекшісі С.Бекмуханбетов біроқушыға 10000
теңгеге, «Екпін» шқ жетекшісі Н.Нугманов бір оқушыға 7000 теңгеге,
«Досым» шқ жетекшісі А.Нугманов екі оқушыға 7000 теңгеге, ауыл
кәсіпкері Кенжегалиева Талшын және кәсіпкер Адиева Лариса бір оқушыға 6000
теңгеге, «Елжас» шқ бір оқушыға 3000 теңгеге өз көмек қолдарын созды. Бұл
шараға қатынасып көмек қолын созу мақсатында ауылымыздың мекемелерінеде
үндеу хаттар жолданған болатын. Нәтижесінде ауыл әкімшілігінің
қызметкерлері 7000 теңгеге, ауылымыздың пошта қызметкерлері және «Айгөлек»
бала бақша қызметкерлері 3000 теңге, мектептің кіші қызметкерлері 7000
теңгеге көмек қолын созды. Жиналған қаражатқа мектептің көмекті қажет
ететін 15 баласына мектеп оқу- құрал жабдықтарын сыйға тартылды.
31 тамызда «Қайырымды жүрек - жомарт қол» шара қорытындысы және
«Бірінші сыныпқа бірінші рет» тақырыбындағы шара салтанатты түрде болып
өтті. Шара барысында мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1 сынып
оқушыларына мектеп формасы табысталып, мектеп бүлдіршіндеріне арналып ән
шырқалды. Бұл шарада ауылымыздың пошта қызметкерлері және «Айгөлек» бала
бақша қызметкерлері мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған аз қамтылған
отбасының үш баласына оқу құралын сыйға тартты және бірінші сынып оқушысы
З.Д.Ильясоваға ауыл тұрғыны
Б. Шерубаев өз қолымен жасаған оқу партасын тарту етті. «Қайырымды жүрек -
жомарт қол» тақырыбындағы шарада шаруа қожалықтарның сыйлықтары табыс
етілді. Нәтижесінде мектеп жасындағы 44 балаға жалпы құны 81200 теңгеге
көмек көрсетілді. Акция барысында ауылымыздың жүрегі жылы, қолы ашық
азаматтарымыз, шаруа қожалық басшылары, жеке кәсіпкерлер өз мүмкіндіктері
келгенше қаржылай, спорттық киім- кешектермен, мектеп құрал-
жабдықтарыменқайырымдылық танытты.
Жас ұрпақтың алаңсыз білім алуына көмек қолдарын созған ауылымыздың аты
аталған азаматтарымызға мектеп ұжымы және ата- аналар атынан алғасымызды
білдіремін.


Ұқсас жұмыстар
Болашақты біз бірге жасаймыз
Топтардың тапсырмаларды көрсетуі
Жүсіпбек аймауытовтың «әнші» әңгімесін талдау
Құмырсқа мен көгершін. жұп дауысты дыбыстар. 1-сынып
Сабақтың Саяхат сабақ түрі
Жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітабы
Жобалау технологиясы
Су – тіршілік нәрі
Ұлттық аспаптар
Тәрбиешінің басқару әрекеті
Пәндер