Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сыни тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау
СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ- СЫНАУ ЕМЕС, ШЫҢДАЛҒАН ОЙЛАУ
Тастеева Орынша Такесовна
№ 17 орта жалпы білім беретін мектебі, оқуы орыс тілінде
Орал қаласы
<<Маған айтсаң, ұмытып қалам, көрсетсең, есімде қалар.
Ал, өзім істесем, үйреніп алам>> (Шығыс даналығы )
Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Мұғалім өзінің терең білімімен ғана баланың жан дүниесіне мәнді мазмұн енгізеді. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі.
Мұғалім ең алдымен оқушыда өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға ат салысу керек. Өйткені, бұл тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке үйлесуге апаратын сара жол. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Біздің қоғамға жаңа мағлұматтарды қабылдап қана қоймай, оны ойлана отырып, сыни талқылап, ой елегінен өткізе білетін оқушылар керек. Яғни, оқушылар мағлұматтар мен идеяларды өз беттерімен, тәуелсіз меңгеріп, осы алған мәліметтері пайдалы болатындай ойланулары керек. Олар жаңа идеяларды әр түрлі көзқараспен зерттеп, шынайылығы мен пайдасын талқылап, идеяның жалпы құндылығын анықтай алулары қажет. Сондықтан да, сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың ерекшеліктері тақырыбының төңірегінде сөз қозғасақ. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген құбылыс пен заттарға, әрекет пен мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, көптеген пікірдің ішінен біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Сыни ойлауға ғалымдар әр түрлі анықтамалар береді. Солардың ішінде психолог ғалым В.Г. Крутецкий <<Ойдың сыншылдығы - бұл адамның өзінің және басқалардың ойларын белсенді бағалау дағдысы, барлық ұсынылған ережелер мен қорытындыларды нақты және жан-жақты тексеру>>, - дейді (Саданова Ж.К., Саданова С.К. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту>> жобасының ерекшеліктері// Вестник КАСУ №1 - 2008).
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.
Бұрынғы білім беру үрдісінде:
Мұғалім
Оқушы
Түсіндіреді.
Айтады.
Тапсырманы береді.
Бағалайды.
Тыңдайды.
Жазады.
Орындайды.
Алған бағасына қанағаттанады.
Ал сыни тұрғыдан ойлауды дамытатын сабақ үрдісінде:
* айқын мақсат қоя білуге;
* сабаққа белсенді қатысуды қолдау;
* жақсы пікірталастың болуына себеп тудыру;
* өзінің жеке сұрақтарын құрастыру мен қоюға деген ынталарын жандандыруға;
* өзінің жеке пікірі мен ойын білдіруге көмектесу;
* оқуға деген оқушылардың мотивацияларын қолдау;
* басқалардың пікірлерін де сыйлау керек деген атмосфера құру;
* кейіпкерлерге деген сезімдері мен елестету қабілеттерін дамыту
* Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді.
* Басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектесу.
* Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі.
* Мұғалімдерге оқушыларға білім беру барысында олардың оқушылары қанадай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.
Өз сабақтарымда оқушыны сыни тұрғыдан ойлауға үйретсем деген бағытта жұмыстана бастадым. Сабақта диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда - зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалогтің мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартылумен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттері өрістеуіне және зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізетіндігін ескеріп, әр сабағымда оқушыларды сыни тұрғыдан ойлануға бағыттадым.
Менің сабақтарым орыс тілді сыныптарда өтетін болғандықтан, өзге ұлт өкілдерін сыни тұрғысынан ойлауға үйретіп, өз ойларын мемлекеттік тілде жеткізулеріне көп жұмыстануға тура келеді. Дей тұрғанмен өз сабақтарымда зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалогтік оқыту көрініс тауып отырды. Сабақтағы берілген сұрақтар мен тапсырмалар өлшемдері де оқушылардың психологиялық даму ерекшеліктеріне орай қарастырылған. Мысалы 3- сыныпта өткізілген <<Қыста>> атты тіл дамыту сабағында оқушыларға <<Қыста неліктен жаңбыр емес қар жауады?>> немесе <<Ал егер жаңбыр жауса не болар еді?>> деген сұрақтар бердім. Олар ол өзгермейтін табиғат құбылысы екенін, егер жаңбыр қыста жауатын болса жер сырғанақ болып адамдарға, көліктердің қозғалысына кедергі болатындығын жеткізді. Ал, 5- сыныпта өткізген <<Отбасындағы дәстүрлер>> тақырыбындағы сабақта <<Сен өз отбасыңдағы дәстүрлерді өзгерткің келе ме?>> <<Қандай жақсы дәстүрлер қосар едің?>> деген сұрақтарға <<Отбасы күні>> мерекесін атап өтер едік деген сиякты белсенді жауаптарын берді. Ал, <<Қазақ отбасындағы отбасылық қарым-қатынас>> тақырыбына зерттеушілік жұмыс жүргізу барысында әзірбайжан қызы Гунель өз ұлтындағы дәстүрлермен ұқсастығы бар екенін дәлелдеп айтып берсе, орыс қызы Екатерина қазақ халқының <<Төрлетіңіз!>> сөзінің түпкі мағынасын түсіндіріп және кілем үстіне көрпе төсеп отыратындығы және қазақ отбасындағы дәстүрлер өзін қызықтыратындығы туралы ойын жеткізді.
Ойымды қорытындылай келе, бұл сыни тұрғысынан ойлауға үйрету арқылы мен қандай жақсы нәтижеге қол жеткіздім дейтін болсам:
Мұғалім мен оқушы арасында тең құқылы қарым-қатынас орнатуыма, тапсырмаларды түрлендіру арқылы кәсіби біліктілігімді көрсете алуыма, оқушыларға сын көзбен қарауыма, оларды бақылап,зерттеуіме, тәжірибе жинақтауыма мүмкіндік берді.
Ал оқушы бойында қандай өзгерістер болды дейтін болсам:Сабақта өздерін еркін сезінуге, ойларын ашық айтуға, пікіралмасуға, қызығушылық пен белсенділік танытуға мүмкіндік берді.
Егер де дайын білім беретін <<дәстүрлі>> стильмен оқытатын мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек деп ойлаймын. Өйткені, мұғалімнің ұстанымы- оның көзқарасы, қабылдаған шешімінің және іс- әрекетінің негізі болып табылады.
<< Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек. Оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек>>,- деп А. Байтұрсыновтың ерекше қолдап айтқан өсиетіне сай, қазіргі әлемдегі мұғалім оқушысының алдында терең білім, жан-жақты білікті тұлғасымен дараланып тұруы тиіс. Ендеше, ұстаз тек шығармашылық жұмыспен шұғылданып, үнемі ізденіс үстінде болып, оқу жүйесінде жаңа технологияны, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалансақ, шәкірттеріміздің білімдерінің нәтижесінің жемістерін көретініміз анық.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған Нұсқаулық . www.cpm.kz
2. Саданова Ж.К., Саданова С.К.<<Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту>> жобасының ерекшеліктері>>// Вестник КАСУ №1 - 2008

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz