Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті
Файл қосу
Қ.мырза-әли. «жеті» өлеңі
Сабақтың тақырыбы: Қ.Мырза-Әли. «Жеті» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1.білімдік
а) Қадыр Мырза Әли шығармашылығымен таныстыру. «Жеті» өлеңіне тоқтала
отырып, мазмұнын ашу.
2. дамытушылық
а) Оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым – қатынастық
біліктілігін дамыту;
ә) Оқушыларды қазақша сөйлей білуге дағдыландыру.
3. тәрбиелік
а) Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезім оятып, туған жерді, елді
сүюге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сәкен Сейфуллин өмірі туралы түсінік айту.
А) Сәкен Сейфуллин кім?
Ә) Ақын қай жерде білім алған?
Б) Ақынның қандай шығармалары бар?
2. «Ананың хаты» өлеңін мәнерлеп оқу. (1-2 оқушы).
3. Сұраққа жауап беру.
А) Өлеңде кім туралы, не туралы айтылады?
Өлеңде ана туралы, ананың хаты туралы айтылады.
Ә) Анасы кімге хат жазады?
Анасы баласына хат жазады.
Б) Хатында не деген? (қысқаша айту).
Балам, сағындым. Оқу іздеп кетіп, ауылға қайтып оралмадың. Мен сені
әлдилеп, бағып, өсіріп едім. Ұмыттың ғой, мені. Менің ойлағаным болмады.
Ағайындар сені ұлық болды деп жатыр. Мен қартайдым, денсаулығым жоқ. Үйде
тозып бітті. Ақ жаулығымда тозды. Қалжырадым. Мені ұмытатындай не жаздым?
Соған жауап бер дейді.
В) Ананың көңіл-күйі қандай?
Ана қайғырып отыр.
Г) Бүгінгі күні өмірде осындай оқиғалар кездесе ме?
Әрине, кездеседі. Тіптен ата-аналарын тастап кетіп жатқан, қарттар үйіне
тапсырып жатқан балалар да бар.
Қорытынды. (Мұғалім сөзі). Өте жақсы. Бұл дұрыс емес. Себебі ата-ана
балаларының тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалары да кейін ата-
анасы қартайғанда, оларға қамқорлық жасауға міндетті. Жақсы, ақылды,
тәрбиелі, мейірімді бала ата-анасын әр уақытта құрметтейді, қамқорлайды,
сыйлайды.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Оқушыларды сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
- Бүгін сабақта сүйікті ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің өмірімен,
шығармаларымен танысып, «Жеті» өлеңінің мазмұнымен танысамыз.
2. Ақын өмірбаянымен таныстыру.
- Қадыр Мырза Әли Ғинаятұлы қазақтың қадірлі ақыны, балалар әдебиетінің
данасы, Қазақстанның халық жазушысы. Ол 1935 жылы 5-қаңтарда Орал облысының
Жымпиты ауданында дүниеге келген. Биыл ол 75 жасқа толады. Ақынның балалық
шағы соғыстың ауыр жылдарына тап келді. Бірақ табиғатынан зерек, алғыр баба
сабағын жақсы оқиды. Соның нәтижесінде сол кездегі ең беделді, жоғары оқу
орны – қазақтың Мемлекеттік университетіне түсіп, оны 1958 жылы бітіріп
шығады. Кейін, «Балдырған», «Жұлдыз» журналдарында, «Жазушы» баспасында
қызмет етеді. Ақын – Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш әнұранының авторларының
бірі. Ақынның 30-ға жуық кітаптары жарық көрді. Кейбір өлеңдері бірнеше
әлем тілдеріне аударылып, шетелдерде жарық көрген. 3 томдық, 12 томдық
шығармалар жинағы бар.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
1. Ой шақыру.
- Балалар, «Жеті» дегенде қандай ой келеді?
- жеті күн, жеті ата, жеті нан, Жетісу.........
- Дұрыс, балалар!
- Ал, енді, Қадыр ағамыздың «Жеті» өлеңіне көңіл бөлейік.
2. Сөздік жұмысы.
а) өлең ішіндегі сөздер мен сөз тіркесіне түсінік беру.
ұзақ сан – көп сан
лақпайды бетіменен – ретімен тұрады
қымбат – жанға жақын
күрт өседі – тез өседі
санасы – ақыл, ой.
ә) оқушыларға хормен оқыту;
б) жеке оқыту;
в) оқулықтағы қазақша-орысша сөздікті оқушылардың өздеріне оқыту.
3. Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқып шығуы.
а) түсінігін айту;
Ақын өзінің өлеңінде жеті санының неге қымбат екеніне тоқталады. Жеті
саны қазақта киелі сан. Оған мынадай өлең сөздерінен де көруге болады.
Жетіге келген бала күрт өседі, яғни есейеді. Сарапшылар еш уақытта
жаңылмайды, егер жеті рет өлшеп, бір кессе. Аптамыз жеті күннен, қайтыс
болған адамның жеті күн садақасын береді. Мұсылмандар балаларына жеті
атасын жаттатады. Қазақстан жерінде Жетісу деген әсем жер бар. Аспанымызда
жеті жұлдыз қордаланып орналасқан, Жеті қарақшы. Соңында жеті санының 3
түгілі, екіге бөлінбейтіні айтылады.
ә) оқушыларға өлеңді тізбектеп оқыту;
4. Оқушыларды топқа бөлу, деңгейлік тапсырмалар беру.
1 топ. Ізденушілер тобы.
Сұрақ. «Жеткен бала жетіге күрт өседі» - дегенді қалай түсінесіңдер?
Жауап. Жетіге жеткен бала тез өседі. Бала жеті жасқа келгенде ата-анасы
оны мектепке оқуға апарады. «Тілашар» тойын өткізеді.
2 топ. Шығармашылар тобы.
Сұрақ. Қазақ халқының ұғымында жеті санының қасиетті, киелі сан екендігін
білесіңдер ме?
Жауап. Қазақ халқында жеті сан киелі деп есептелген. Себебі, орта
ғасырларда ғалымдар жеті күнге, жеті жұлдызға ат берген. «Жеті» сөзімен
байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті ата, жеті ұрпақ, жеті
байлық сөздері пайда болған. 17 – ғасырда Тәуке ханның «Жеті жарғысы» да
жеті сөзінің қасиеттігіне байланысты болған. Өлген адамның жетісін беру,
жеті шелпек пісіріп, еске алу жетімен байланысты. Наурыз көжеге де жеті
тағам салып пісіреді.
Жеті қазына Жеті күн
1. Ер жігіт 1. Бүгін
2. Сұлу әйел 2. Ертең
3. Ақыл, білім 3. Бүрсігүні
4. Жүйрік ат 4. Арғы күн
5. Қыран бүркіт 5. Ауыр күн
6. Берен мылтық 6. Соңғы күн
7. Жүйрік тазы 7. Азына (дәптерге жазып алу)
3 топ. Ізденушілер тобы.
Сұрақ. «Жеті ата», «Жеті ұрпақ» туралы не білесіңдер? «Жеті атаңды» білесің
бе?
Жауап. «Жеті ата» - бір кісіден тараған аталас қауым. Бала жеті атасын білу
керек.
Өз жеті атасын атау.
Жеті ата Жеті ұрпақ
1. Бала 1. Әке
2. Әке 2. Бала
3. Ата 3. Немере
4. Арғы ата 4. Шөбере
5. Тек ата 5. Шөпшек
6. Түп ата 6. Немене
7. Баба 7. Туажат (дәптерге жазып алу) (буклет).
4 топ. Шығармашылар тобы.
Сұрақ. Құрамында жеті саны бар қандай жер аттары бар?
Жауап. Алматы, Талдықорған өңірі Жетісу деп аталады. Жетісудың табиғаты
көркем, жері өте бай, әрі құнарлы. Ол – « Жер жаннаты» деп аталған өлке.
Жетісудың жеті өзені бар болғандықтан Жетісу деп аталған. Жетісудың жеті
өзеңдер: Лепсі, Ақсу, Көксу, Сарқан, Қаратау, Іле, Шу. Жетісуда Алматы,
Талдықорған, Текелі, Талғар қалалары орналасқан. Алакөл мен Іле арасындағы
тау Жетісу Алатауы деп аталады. Жетісуда Қазақстанның екі үлкен қорығы бар.
Олар: Алматы қорығы және Алакөл қорығы.
Мұғалім сөзі: ДҰРЫС! Жетісу өңіріндегі Іле өзені және Әнші құм туралы өз
мәліметтерін оқушылардан тыңдайық.
1. Іле өзеңі – Жетісу өңіріндегі жеті өзеннің ішіндегі ең ірісі.
Тәңіртау мұзарттарынан бастау алып,Қытай жеріне кіріп, Күнгес, Текес
өзендеріне қосылып қайта Қазақстанға өтіп, Балқаш көліне құяды. Жалпы
ұзындығы (Текеспен қосқанда)1439 шақырым, оның 802 шақырымы республика
аумағында.
2. «Әнші құм» - Іле өзені аңғарының оң жағасын бойлай орналасқан Үлкен
Қалқан және Кіші Қалқан таулары етегіндегі құмды төбе. Биіктігі 150
метрдей, ұзындығы 8 шақырымдай, ені 3 шақырымдай. Құм жел әсерінен
қозғалысқа келген кезде, одан кәдімгі сырнайдан шыққан таза ән ырғағына
ұқсас ән естуге болады. «Әнші құм» Алтынемел ұлттық табиғи саябағы
құрамына кіреді. Табиғат ескерткіші ретінде мемлекет қамқорлығына алынған.
Ол Алматы қаласынан 182 шақырым шығыста жатыр.
3. «Жетісу - жер жаннаты» төрт шумақ өлең.
5 топ. Шығармашылар тобы.
Сұрақ. Қазақта тағы қандай киелі сандар бар?
Жауап. Қазақта үш, төрт, бес, алты, жеті, он екі, қырық деген киелі сандар
бар. Он екі қазақ күнтізбесі бойынша он екі айға жәндіктер мен
хайуанаттардың аты берілген. Қырық саны да киелі сан. «Сәби дүниеге келді»
деген салт-дәстүрге тоқталатын болсақ, сәбиді қырық күн толғанда «Қырқынан
шығару» деген ырымы жасалған. Қырқынан шығару туралы айту. (буклет).
6 топ. Ізденушілер тобы.
Сұрақ. 1. «Жеті мәрте есептеп, бір кеседі» деген өлең жолына мағыналас
мақал-мәтелдер білесіңдер ме?
Жауап. Мақал-мәтелдер:
1. Жетіге жеткенше жерден таяқ жейсің.
2. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл.
3. Жеті атасын білмеген жетесіз.
2. Мұғалім сөзі.
Өте жақсы! Ал, енді осы алған білімдеріміз бойынша сабақты қорытындылайық.
Ү. Сабақты қорыту.
1. Кластер толтыру.
2. Оқушылардың білімін бағалау.
3. Мұғалімнің қорытынды сөзі. Қадыр Мырза Әли – сегіз қырлы, бір сырлы
дарын. Табиғат перзенті – ақын, ал сол перзенттің қолдаушысы халық. Халық
аман болса, ақын да аман, ақын да бақытты.
Бақыт деген – досыңның табағында,
Бақыт деген – домбыра шанағында,
Бақыт деген - өзіңнің босағаңда,
Бақыт деген – халықтың қабағында.
4. «Ауылым» әнін орындау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Өлеңді мәнерлеп оқу,қалау бойынша жаттау. Ақын туралы түсінігін айту.
-----------------------
жеті
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz