Қазақстан-2050 стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

Алматы облысы

Қарасай ауданы

Еңбекші орта мектебі

Тарих пәні мұғалімі: Избасарова М. У

Тақырыбы: «Қазақстан-2050» стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

Мақсаты: Оқушыларды елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясымен таныстыра отырып, саяси жағдайға, экономикамызға талдау жасап, өз ой-пікірімен бөлісуге, оны дәлелдей білуге дағдаландыру; алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету; елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: «Қазақстан-2050» жолдауынан үзінділер, елбасының портреті, Қазақстан картасы, суреттер т. б

Сабақ түрі: диспут сабағы

Сабақтың жүргізілуі:

І. Кіріспе . Ұстаз сөзі: Құрметті оқушылар! Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, алғашқы сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі сабағымыз 2013 жылғы елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» жолдауына арналады. Бұл жолдаумен барлығымыз таныс шығармыз.

ІІ. Негізгі бөлім .

1997ж елбасымыз «Қазақстан-2030» стратегиясын ұсынған еді. Ол жерде ұзақ мерзімге және қысқа мерзімге арналған стратегия көрсетіліп, бүгінгі таңда соның нәтижесін көріп отырмыз.

Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында ХХІ ғасырдың он жаһандық сын-қатерін көрсеткен:

  1. Тарихи уақыттың жеделдеуі.
  2. Жаһандық демографиялық теңгерімсіздік
  3. Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер
  4. Судың тым тапшылығы
  5. Жаһандық энергетикалық қауіпсіздік
  6. Табиғи ресурстардың сарқылуы
  7. Үшінші индустриялық революция
  8. Үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық
  9. Өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы
  10. Әлемдік жаңа тұрақсыздық қаупі

(оқушылар географиядан алған білімдерімен толықтырып, жаһандық проблемаларға тоқталады)

Біз қайда бара жатырмыз?

  • Қазақстан 2050ж қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуы тиіс.

Ол үшін:

  • Мемлекетті одан әрі дамыту және нығайту
  • Экономикалық саясаттың жаңа қағидаларына көшу
  • Ұлттық экономиканың жетекші күші- кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету
  • Жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру
  • Білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру
  • Мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдылығын арттыру міндеттерін шешуіміз керек

Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары-

Кедейшіліктің өсуіне жол бермеу.

Әлеуметтік және зейнетақылық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, ана мен баланы жан-жақты қорғау.

Ұлт денсаулығы

Дәйекті және болжамды сыртқы саясат -

Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістікті нығайту

Түрлі елдер мен тиіспіз

Жаңа қазақстандық патриотизм-біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі.

Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуі тиіс

Біздің қоғамымызда «артық» немесе «бөтен», «біздікі» немесе «біздікі емес» деген болмауға тиіс

Біз көпұлтты сипаты бар, біртұтас елміз.

Тіл қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс

Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады.

Ел бірлігі-ең асыл қасиет

(оқушылар өз ойларымен бөлісіп, ұнаған жерлерін түсіндіріп отырады)

ІІІ. Қорытынды:

«Біз бәріміз бір атаның-қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу-ол қасиетті қазақ даласы.

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-тәуелсіз Қазақстан. »-деген елбасының сөзімен аяқтағым келеді.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан - 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Қазақстан-2050 стратегиясы мен Президент Жолдауы: жастардың білім және ғылым саласындағы басымдықтары
Қазақстан 2050 стратегиясы: бір халық, бір ел, бір тағдыр тақырыбындағы тәрбие сағаты
Қазақстан 2050 стратегиясы: ұлттық бірлік, экономикалық өсу және әлеуметтік кепілдіктер
Нұрлы жол: Қазақстанның жаңа бағыты және дағдарыстан шығу стратегиясы
Қазақстан 2050 стратегиясы және жастардың білім мен тәрбие арқылы ұлттық дамуға қосқан үлесі
Бір ел - бір халық - бір тағдыр: Қазақстан-2050 стратегиясы және патриоттық тәрбие сағаты
Қазақстан-2050 стратегиясы: дамыған 30 ел қатарына кіру жолындағы ұзақмерзімді басымдықтар
Қазақстан-2050 стратегиясы және азаматтық-патриоттық тәрбие бойынша сабақ жоспары
Сабақ жоспары: Қазақстан-2050 стратегиясы - бір халық, бір ел, бір тағдыр
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz