Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Тарих тағылымы


Сыныптан тыс тәрбие шарасының тақырыбы: Тарих тағылымы.

Мақсаты: Оқушылардың тарих пәнінен алған білімдерін толықтыру,
кеңейту, өмірде қолдана білуі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау,
сөйлеу қабілетін дамыту. Оқушылардың тарих пәнінен деген қызығушылығын
ояту.

Жүргізуші:
Тарих түпкірінен сыр іздейміз
Ғажайып, сырлы әлемге кіргендейміз
Бабалардың жүріп өткен сансыз жолын
Тарихтың әр бетінен көргендейміз
-Қымбатты ұстаздар,оқушылар,бүгінгі өткелі отырған «Тарих тағылымы»
атты топаралық сайысқа қош келдіңіздер!

Сайысқа қатысушылар 6,7,8 сынып оқушылары.

-Құрметті сайыскерлер !
Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз. Біздің еліміз елтаңбасымен еңселі ,туымен
тұғырлы,әнұранымен айбынды!Ендеше сайысымызды әнұранмен бастаймыз!(Әнұран
айтылады)
Енді сайысымызға әділ баға берер әділқазылар алқасымен таныстырайық.
Тарихтан білім берген,
Шәкірттерге ел тарихын үйреткен,
Жанат апай,Асылбек ағай сіздерді,
Қазылыққа шақырамыз құрметпен.

Қоштасып алтын мектеппен
Түлек болар күні ертең
Қостурлина Мөлдірге
Әділ баға беруді ,ұсынамыз ізетпен.

Сайысымыз 4 бөлімнен тұрады:
1. Топпен таныстыру.Атын қорғау,ұранын айту.
2. «Тарих тереңіне үңілсек» (сұрақ-жауап бөлімі)
3. «Жылдар сыр шертеді» (жылдарға қарай отырып оқиғаны еске түсіру)
4. Көрініс қою: А) Ақтабан шұбырынды ,алакөл бұла ма.
В ) Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.
Б) Желтоқсан жаңғырығы

1. Сайысқа келді әрбір топ
Білімімен санасып
Топ атымен таныстырсын
Ұрандары жарасып-дегендей сайыстың 1-бөлім бойынша топ атымен
таныстыру және топ аты мен ұранын қорғау.
«Әділет» тобы.
«Азамат» тобы
«Жігер» тобы

2. Өмір өзі мінбесінен сөз берді,
Тебіреніп толғанатын кез келді
Тарихты көрмесек те кешегі
Айтамыз біз естігенді,сезгенді.
Келесі бөліміміз. «Тарих тереңіне үңілсек» атты сұрақ-жауап бөлімі.
Сұақтар:
1. Алғашқы рет бір жылда 365 күн болатынын есептеп шығарған кімдер?
Ежелгі египет тұрғындары
2.Қазақстан тарихы қаншаға бөлінеді және оларды ата.
Қазақстан тарихы негізінен төртке бөлінеді: Ежелгі Қазақстан,Орта
ғасырлардағы Қазақстан ,Жаңа заманғы Қазақтан тарихы және Қазіргі заманғы
Қазақстан тарихы.
3.Осыдан 1 млн. 750 мың жыл бұрын өмір сүрген,Африканың Кения жерінде
Олдувай шатқалынан табылған алғашқы адам қалай аталады? Епті адам
4.Атамекен атауларын анықтап,оның халықтық және ғылыми этимологиясының
зерттейтін ғылым? Топономика
5.Сақтарға «массагет» деп ат берген кім? Геродот
6.Қағанаттың жері Орта Азияның оңтүстік-шығысындағы Шаш қаласынан
(Ташкент) шығыс Түркістандағы Бесбалық,Тұрфан қалаларына дейінгі аралықты
қамтиды. Орталығы Суяб қаласы.Айтылған мәлімет қай қағанатқа байланысты?
Түргеш қағанаты
7.Б.з.б. 7 ғасырдан бастап далалы аймақтарда аңдарды бейнелеу-аңдық
стиль пайда болды. Осы «Аң стилі» өнерімен сақтар қайда жасаған
жорықтарында танысты? Алдыңғы Азия мен Иран
8. Қорқыт ата күмбезі қай жерде орналасқан? Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы
9. Әмір Темір Маураннахрға қанша жыл билік жүргізді. 35 жыл.
10. Қазақстан мәдениеті қаншаға бөлінеді,оларға нелерді жатқызуға болады?.
Материалдық және рухани.
11. 1731 жылғы ақпан айының 19-ы күні Әбілқайыр ханның Анна Иоанновнаға
жіберген екі елшісі кімдер? Сейітқұл Қойдағұлұлы,Құтлымбет Қоштайұлы
12. Нұралы ханның 1785 жылы маусым айында генерал-губернатор барон Отто
Игельстромға жазған хатынан үзінді:сіздің қимылыңызды жеке түсіне
алмай отырмын.Өзіңізге бұрында хабарлағанымыздай бұл қарақшылар мені
жау деп біледі.Нұралы хан қарақшылар деп кімдерді меңзеді? Сырым
бастаған көтерілісшілер

3.Ұмыт болған,ұмыт қалған жоқ ешкім.
Ешбір адам ұмытпайтын елесін
Сырға толы әрбір саны қарасаң
Сол жылдардан қандай құпия білесің?
3-бөліміміз жылдарға қарай отырып,оқиғаны еске түсіру. «Жылдар сыр
шертеді».
453 жылы- Аттиланың өлімі
Б.з.б 2 ғ-Ұлы Жібек жолының қызмет ете бастауы
1941-1945 ж-Ұлы Отан соғысы жылдары
1930-1931 ж-Ашаршылық кезеңі
1986 жылы- Желтоқан оқиғасы
1995 жылы- Ата заң,Конституцияның қабылдануы
1773-75 ж Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі
1771-81 ж- Абылайдың ел билеген кезеңі
1998 ж- Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.

3. Ызғарынан көкірекке толды мұң
Шын сұрапыл талай дауыл-боранның
Құрбан болып кеткенімен боздақтар
Тарих болар естелігі олардың
/ Көрініс/

Ақтабан шұбырынды,Алакөл сұлама
Қазақстан Ұлы Отан Соғысы жылдарында
Желтоқсан желі ызғарлы

Жүргізуші:
Әділқазы өз шешімін айтады
Кім тарихты қалай білді? Байқады? –дегендей,әділқазыларға сөз
береміз.

Биік ұшсын бейбітшілік кептері
Нұрын шашсын алтын күнім көктегі
Тарихтың тағылымында қалатын
Өтпейді әсте ерлік кітап беттері.

Қорытынды: Мұғалім сөзі.

Ұқсас жұмыстар
Жүрме жолға таласып
Шығыстың ұлттық діндері
Тарих -ғасырлар куәсі (сайыс сабақ)
Адам туралы жалпы түсінік
Маңғыстау қайталанбас табиғат өлкесі (сыныптан тыс шара 9-сыныптар)
Ғани Мұратбаевтің мұражайы
Қазіргі жас ұрпақты тәрбиелеуде алашордашылар еңбегінің ролі
Сұрақ - жауап, түсіндіру
Металдар тарауын қайталау
Қазақ сахарасының жұлдыздары
Пәндер