Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ағылшын тілі мен биология пәндерінде сабақ беру кезіндегі сыни тұрғыдан ойлау әдіс-тәсілінің тиімділігі



Ағылшын тілі мен биология пәндерінде сабақ беру кезіндегі сыни тұрғыдан
ойлау әдіс-тәсілінің тиімділігі
Абылкаирова Баян Сунгатовна – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Айят Цэрма- биология пәнінің мұғалімі
Шортанды №3 орта мектебі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ, ШОРТАНДЫ АУДАНЫ, ШОРТАНДЫ КЕНТІ
Аннотация
Мақаланың тақырыбын айқындау үшін сыни тұрғыдан ойлауға теориялық түрде
түсінік берілді. Пән аралық байланыс арқылы оқушыға білім беру тиімділігін
дәлел арқылы жеткізілді.
Для раскрытия темы статьи были даны теоретические понятия об обучений
критического мышления. Через точные знания учашихся были доказаны
преимущества межпредметной связи.
For opening of theme of the article theoretical concepts were given about
educating of the critical thinking. Through exact knowledge of pupils were
showed advantages of intersubject connection.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында
айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман
талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін,
терезесін тең ететін - білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру
жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін басты орынға
қойылып отыр. Жаһандану үрдісінде, шығармашылық ізденістегі, әр баланың
ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі – оқушының
ұстазы. Қазақстан әлемдік білім беру
кеңістігіне енуі отандық білім дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуді
және соған орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы
жалпы әлемдік үрдестерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етуде.[1]
Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр
ұстаздың мақсаты екені анық. Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне
оқушы белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің
субъектісі,әр түрлі мәдениеттер мен өз көзқарасы тұрғысынан білімді,
сауатты, өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізе білетін, мәдениетті тұлға.[2]
Сыни ойлау – ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген –әр жеке тұлғаның
кез –келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін
ортаға жеткізе алуы.Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып
табылады.[3]Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу,
шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз
пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін
дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді
білдіреді.Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене,
шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибиенің бірлігі. Сыни
тұрғыдан ойлау үш бөліктен тұрады:
Біріншіден, сыни тұрғыдан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.
Екіншіден , сыни тұрғыдан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру
емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қабілеті жоқ, керісінше терең ойлау
арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыруы, тың идеялар ойлап табуы
мүмкін.
Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет
ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге
құмар болып келеді.Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап
беруге талпынады.
Демек әр мұғалім өз ісіне жауаппен қарап, жаңа сапалы білім беру
мақсатында жаңа әдіс-тәсілдер қолдану арқылы инновациялық өзгертулер
еңгізуі тиіс. Осы мақсатта қолданылып жүрген әдіс-тәсілдердің бірі- сыни
тұрғыдан ойлау. Сыни тұрғыдан ойлау -
қазіргі таңда Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін өте маңызды болып
табылатын педагогикалық тәсіл. Бұл әдіс оқушылардың да, мұғалімдердің де
сыни тұрғыдан ойлауын дамытуды саналы және оймен қабылдауына мүмкіншілік
береді.Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың
нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге
бағытталған пәндік шешім[4]. Ол негізінен ашық пікір айтуға, түрлі шешімдер
қабылдауға, басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді білдіреді. Алғашқы
кездері сыни тұрғыдан ойлау тәсілдерін жоғары сынып оқушыларына байланысты
қолданған. Бірақ уақыт өте келе кішкентай жастағы балаларды осыған
дағдыландыруға болатындығы дәлелденген.
Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға
ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала
әрқашан өмірде өз жолын табаалады.
Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында Сыни тұрғыдан ойлау
технологиясын өзіміздің сабақтарымызда қолданып жүрміз. Сыни тұрғыдан ойлау
технологиясының қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек
тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы
әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Сыни тұрғыдан ойлау тәсілі оқушының еркін сөйлеуіне, пікір
таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей
отырып, қиындықты шешуге бағытталған әдіс-тәсіл.
Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді
қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген
тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және
басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулиды[5].
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін,
қызығушылықтарын apттыpa түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда
әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды
ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға,
белсенділікке ынталандырады.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы
оқушыларға кез -келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір
пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйретеді.
Біз әр сабағымызда оқушылардын сыни тұрғыдан ойлауына мүмкіндік жасауға
тырыстық, оны сабақтың әр кезеніңде қолдандық. Қоңырау соғып оқушылар
сыныпқа кірген кезден бастап сабақтың тақырыбын ашатындай, ой шақыратындай
сабаққа тікелей байланысты, тапсырмалар ойластырдық.
Оқулықтағы теорияға сәйкес әр сабағымызды баланың өзіндік жеке сыни
ойлауы, сыни тұрғыдан ойландыратын сұрақтар қойып үйренуге және оқулықтағы
тақырыпты сөзбе - сөз жаттап айтып беру емес, терең ойлау арқылы өзіндік
көзқарас қалыптастырып, жаңа идеялар ойлап табуға үйретуді мақсат еттік.
Оқушы әрекеті - бұрынғы білімін жаңа біліммен ұштастырады. Жаңа ұғымдарды,
түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырып, кеңейте
түседі. Сондықтан сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі,
не айта алатындығынан бастау үшін ойды қозғау, ой шақырту тәсілдері
қолдану өте тиімді.
Ағылшын тілінде 7 сыныпта “About animals” сабағында оқушылар постер
арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытатын тапсырмаларды бере отырып
оқушылардың жануарлар туралы білімдерін еске түсіреді[6]. Жаңа сөздер
үйрене отырып жануарларға сипаттама береді;жануарлардың көлемі, түсі, мекен
ортасын, қоректенуі,мінездемесі бойынша оқушылар топтастырады. Ал осы
сыныптың биология пәніңде осы жоғарыда сипаттамалар бойынша білімдерін еске
түсіре отырып, нақты ғылыми біліммен толықтырады. Ол үшін мектеп оқулығын
қолдана отырып, тапсырмаларды орындайды[7]. Жануарларды систематика бойынша
орналастырады Дүние-тип-класс-отряд- тұқымдас- туыс- түрге жіктейді. Осы
жүйе бойынша ағылшын тілі пәніңде алған білімдерін толықтыра отырып жан-
жақты нақты сипаттама бойынша білімдерін нығайтады. Мысалы ағылшын тілінде
қоянды сыртқы бейнесіне қарай (түсі, мөлшері), жейтін сүйікті асы, тұратын
мекені, мінездемесі бойынша ағылшын тілінде оқып үйренеді. Осындай
ерекшеліктері бойынша биология пәніңде жүйе арқылы нақты мәлімет алады.
Мысалы қоян- жануарлар дүниесі- желілер типі-сүт қоректілер және аңдар
класы- кемірушілер отряды- қояндар тұқымдасы-ор қоян туысы- далалы аймақты
мекен ететін ор қоян түрі. Әр жүйеге нақты критерийлер бойынша сипаттама
береді.
Сыни тұрғыдан ойлау- сынау емес, шындалған ойлау. Оқушылардың да бұл
жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып,
белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Білімнің болашақта пайдаға асуы,
қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып,
ішінен қажеттісін алуға үйренеді.
Балаларды диалог пен дәйектер, талқылауға тарту белсенді жүргізілген
жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зиятты жетістіктері жоғары болатынын
дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түседі. Осылайша балаларды ХХІ ғасырда
және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және
қасиеттермен қаруландыру – мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып
табылады. Балалар күннен-күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым
кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік
беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек [4].
Пән аралық байланыс арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау,қайта
жаңғырту, сөйлеу, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, әр пәннің
мақсатына сай көздеген жеңіс тұғырына жетеміз.
Біз кәсіби тәжірибемізге төмендегідей өзгерістер енгіздік; бұрынғы
оқушыларды жалықтыратын бір сарынды сабақтан қызықты, ұқсастықтарында сәл
де болса айырмашылықтары бар, сабақ бойы оқушылар сөйлейтін сабақ беруге,
үй тапсырмасын оқымаса ұрысып, дауыс көтеруден бас тартып, оқушылардың
қызығушылығын оятып, өз еріктерімен оқуына жағдай жасай білуге, теориялық
білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыра өткізуге, мұғалім ретінде
басымдылықпен өз бетімізше бағалаудан бас тартып, есесіне критериалды
бағалауды үйретіп, өздерін сол бағалау жүйесі арқылы әділ бағалауға үйретіп
өзімізді жаңашыл мұғалім ретінде сезіндік. Біздегі үлкен өзгерістерді
көрген соң ба, алдымыздағы оқушылар да алғашқы бейімделу сатысынан өте
отырып, оқудың жаңа түрін меңгерді. Мұғалім мен оқушылардың бірлескен
жеңісі ретінде оқушылар сабақ бойы ережені сақтауға, уақытты үнемді
пайдалануға, өз-өздерін бағалауға, жаңа идея ойлап табуға, өз ұсынысын
айтуға  үйренді. Біздің бойымыздағы өзгерістерге керісінше жауап ретінде
сол өзгерістер оқушылардың бойынан табылып жатты. Бұндай серпінмен, әр
ұстаз «мамандыққа» деген сүйіспеншілікке шынайы көзбен қараса, болашақтың
мектебін елестету арман емес, шындық болары сөзсіз.
Әрқашан осындай озық тәжірибемен жақсы шәкірт дайындап шығу әр
мұғалімнің арманы. Армандар орындалып жатса  оқушының да, мұғалімнің де,
мектептің де, тіпті мемлекеттің болашағы жарқын болмақ. Елбасы
Н.Ә.Назарбаев білім саласына ерекше көңіл бөле отырып, «Қазақстанның
болашағы бүгінгі жастар, Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер Қазақстан
сол деңгейде » - деген.
Олай болса, жоғарыда Елбасы айтқандай, білім сапасын өзгертуге оң
нәтижесін беретін біліктілікті арттыру - оқушыларды сыни ойлату, сапалы
білім беру әр ұстаздың басты мақсаты мен міндеті болуы керек. Бірлесіп
істеген жұмыстың нәтижелі болуы, Қазақстанның дамыған 50 елдің қатарына
жеткізетіне сенеміз.

Қолданған әдебиеттер тізімі

1. Жеке тұлғаға бағытталған сабаққа қойылатын талаптар //Қазақстан
тарихы әдістемелік журнал.-2008.18-24 б
2. Ешанова Г.Сұлтанбек Қожахметовтің жеке тұлғаның дамуына
бағытталған ой- пікірлер// Қазақстан жоғары мектебі. -2006.-
№1.96-99 б.
3. ТашеноваА. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту
//Білім-Образование .-2006. -№2.15-18 б.
4. Alexander, R.J., (2008). Towards Dialogic Teaching. Rethinking
classroom talk. [Диалогтік оқыту.Сыныптағы әңгімені қайта қарау.]
4th edition, York, Dialogos.
5. Mercer, N., (2000). Words and Minds. [Сөздер мен ойлар.] London,
Routledge.
6. Т. Аяпова, З. Әбілдаева ағылшын тілі оқулығы 7 сынып Алматы
«Атамұра» 2012
7. Қ. Қайым, Р. Сәттімбеков, Ә. Әметов, Ж. Қожантаева оқулығы 7
сынып Алматы «Атамұра» 2012


Ұқсас жұмыстар
"ж.қалдығараев атындағы орта мектеп" мм-нің 2014-2015 оқу жылына арнаған дамыту жоспары
Қазақ әдебиетін оқытуда кембридж бағдарламасының тиімділігі
Оқушыларды сыни ойлауға жетелеу жолдары
Оқушыны ойлану үшін ойлауға үйрету
Барлық баланы оқыту
Қатарлау тәсілінің тиімділігі
Жинақтау деңгейі
Биоақпараттану және синергетика білім беру технологиясын оқу, даму, тәрбиелеу үрдісінде қолдану (оқыту семинары)
Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға жетелейтін тапсырмалар дайындай алатынымды ұқтым
Мектеп тәжірибесінде Кембридж бағдарламасын еңгізудің тиімді жақтары
Пәндер