Сабақ жоспарлары. 6 сынып

6-сынып

Сабақ: 1

Мерзімі:

Тақырыбы: Кіріспе. Физикалық география - Жер табиғаты жайындағы ғылым. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?

Мақсаты:

Білімділік: «География» терминін енгізу. География пәнінің мақсатын түсіндіру. Жердің зерттелуі, жалпы географиялық мәліметтердің жинақталу тарихын меңгерту. Күн жүйесіндегі Жердің орны, пішіні мен өлшемдерін түсіндіру.

Дамытушылық: оқушылардың өткен тәжірибелерінде ұйренген икемділіктері мен дағдыларын қолдана отырып, интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімдері мен көзқарастарын кеңейту.

Тәрбиелік: география ғылымының зерттелуін, зерттеушілердің, ғалымдардың еңбектерін оқып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Көрнекіліктері: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактивті тақта.

Сабақтың кезеңдері:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Білім мен іскерліктерін жан-жақты тексеру кезеңі
  3. Жаңа материалға көшуге дайындық кезеңі
  4. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
  5. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
  6. Сабақты қорытындылау кезеңі
  7. Бағалау кезеңі
  8. Үйге тапсырма беру кезеңі

Сабақтың барысы

Сабақ-тың кезеңде-рі: Сабақ-тың кезеңде-рі
Мұғалімнің іс-әрекеті: Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті: Оқушылардың іс-әрекеті
Сабақ-тың кезеңде-рі:

1. Ұйым-дастыру кезеңі

(2 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушылардың іс-әрекеті: Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
Сабақ-тың кезеңде-рі:

2. Білім мен іс-керліктерін жан-жақты тексеру кезеңі.

(10 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті:

1. Өткен жаратылыстану курсын қалай меігергендігін тексеру үшін сол курс бойынша сұрақтар қояды:

1) Жер туралы не білесіңдер?

2) Жерді зерттеген қандай ғалымдарды білесіңдер? Олардың қандай еңбектері бар?

3) Жұлдыз дегеніміз не? Басқа да аспан денелерін атаңдар.

4) Галактика дегеніміз не? Біздің галактикамызды атаңдар.

5) Күн жүйесі дегеніміз не? Онда қанша планета бар?

2. Іскерліктері мен дағдыларын тексеру сұрақтары:

1) Жер жүзінде қанша материк бар? Оларды ата. Картадан көрсет.

2) Қанша мұхит бар? Оларды ата және картадан көрсет.

Оқушылардың іс-әрекеті:

1. Оқушылар өткен курсты естеріне түсіріп, сұрақтарға жауап береді:

1) Жер - күн жүйесіндегі планета. Оның пішіні шар тәрізді. Ол Күнді айнала және өз білігі арқылы қозғалады.

2) әл-Фараби, Әбу-Райхан-әл-Бируни, Николай Коперник . . .

3) Жұлдыз дегеніміз - бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұрған аспанның жарық денесі. Кометалар.

4) жеке жұлдыздардың тобын Галактика деп атайды. Құс жолы.

5) Күн және оның айналасындағы орбиталар бойымен айнала қозғалып жүретін планеталарды бірігіп күн жүйесі деп атайды. 9 планета бар.

2. 1) 6 материк - Еуразия, Оңт. және Солт. Америка, Африка, Аустралия, Антарктида.

2) 4 - Тынық, Атлант, Үнді, СММ

Аталған атауларды картадан көрсетеді.

Сабақ-тың кезеңде-рі:

3. Жаңа материалға көшу кезеңі

(2 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті:

География түсінігін енгізеді: 6-сыныпта жаратылыстану пәнінен география пәні бөлініп шығады. Ол өз ішінде екі салаға бөлінеді - физикалық және экономикалық және әлеуметтік география. 6-сыныпта физикалық географияның бастапқы курсы өтіледі. Оның мақсаттары мен міндеттері айтылады.

География

ФГ ЭӘГ

Оқушылардың іс-әрекеті: Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарын қояды.
Сабақ-тың кезеңде-рі:

4. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.

(15 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті:

1. Физикалық география - Жер табиғаты жайындағы ғылым.

География ғылымы және оның салалары. Физикалық география. Г сөзіне анықтама беру. Географияның қалыптасу тарихынан. Оның салаларға бөлінуі туралы.

Г-ның алдына қойған ғылыми мақсаттарының тарихи кезеңдерде өзгеруі. Ежелгі кезеңнен бері географиялық ғылыми көзқарастардың, теориялардың өзгеруі салдарынан география өз мәнінің өзгеруі туралы.

2. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?

Ежелгі дүние халықтары Жер туралы не білген? Географиялық мәліметтердің жинақталуы 5 кезеңнен өткен.

Ежелгі дәуірлерде өркениеті орталықтары - Қытай, Үнді, Персия, Мысыр мемлекеттері өкілдерінің еңбектері. Алғашқы карталар. Интреактивті тақтамен жұмыс жасайды. 1-слайд. Ежелгі заман саяхатшылары.

Орта ғасырлардағы географиялық түсініктер. Ұлы географиялық ашулардың басталуы. XVғ. соңы мен XVII ғ. ортасының аралығындағы болған жаңалықтар. Христофор Колумбтың саяхаты туралы әңгімелеу, сұрау. Интерактивті тақта. 2-слайд. Ортағасырлардағы саяхатшылар мен олардың маршруттары.

Ф. Магелланның дүние жүзін айналу саяхаты. 1519-1522 жж. Испаниядан шыққан ФМ-ның түңғыш рет дж-ін айнала жүзуі туралы мәлімет беру. 2-слайд.

Материктердің ішкі бөліктерін зерттеу. Ш. Уалиханов. XIX ғ. бас кезінде Жер шарындағы материктердің ашылып, оның ішкі бөліктерінің зерттеле басталуы және Ш. Уалихановтың қосқан үлесі туралы әңгімелеу, оқушылардан білгендерін сұрау.

Жаңа замандағы географиялық зерттеулер. Ғарышты игерудің басталуы . XX ғ. 2-жартысында Антарктиданың ашылуы, мұхиттар мен атмосфераның зерттелуі басталды.

Оқушылардың іс-әрекеті: Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтада көрсетілген картадан саяхатшылардың жасаған саяхаттары мен маршруттарын қарап, анализ жасайды. Қолдарындағы атластарынан қарап, салыстырып, сәйкестендіреді. Мұғалімнің көмегімен палнеталарды сипаттайды, оларды салыстыру, айырмашылықтарын табады. Жер пішіні жөнінде ой толғап, оның өлшемдеріне назар аударады. Радиустарының айырмашылықтарын анықтайды, орташа радиусын табады.
Сабақ-тың кезеңде-рі: 5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі (9 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті: Суретке қарап, картадан саяхатшылардың жүрген жолдарын көрсету, Күн жүйесінің суретін салдырып, ондағы Жердің орнын анықтау тапсырмасын беру.
Оқушылардың іс-әрекеті: Оқушылар өз немесе мұғалімнің қалауынша тақтаға шығып, тапсырманы орындайды.
Сабақ-тың кезеңде-рі:

6. Сабақты қорытындылау кезеңі

(5 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Сабақты бүгінгі тақырыптар бойынша фронтальді немесе жеке сұрақтар қою арқылы қорытындылау:

1. География ғылымы нені зерттейді?

2. Физикалық география немен шұғылданады?

3. Жер туралы мәліметтердің жинақталу кезеңдерін ата, ежелгі кезеңде қандай зерттеушілердің географиялық құралдары болған?

4. Ең алғаш жер шарын айнала жүзген саяхатшы, оның саяхат жылдары?

5. Планеталар не себепті Күн төңірегінде тұйық сызық жасап айналатынын түсіндіру.

6. Жер шарының ауданы, радиусы, экватор ұзындығы?

Оқушылардың іс-әрекеті: Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
Сабақ-тың кезеңде-рі:

7. Бағалау кезеңі

(1 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.
Оқушылардың іс-әрекеті: Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
Сабақ-тың кезеңде-рі:

8. Үйге тапсырма беру кезеңі

(1 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті: 1-2 параграфтарды оқу, кескін картаға саяхатшылардың маршруттарын салу және олар туралы баяндама жазу.
Оқушылардың іс-әрекеті: Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.

6-сынып

Сабақ: 2

Мерзімі:

Тақырыбы: Жердің Күн жүйесіндегі орны. Жердің пішіні мен мөлшері

Мақсаты:

Білімділік: Жердің Күн жүйесіндегі орнының, пішіні мен мөлшерінің, қозғалыстарының тіршілік үшін маңыздылығын көрсету. Жердің шар тәріздес екендігі жөніндегі ертедегі және қазіргі заманғы дәлелдеулерді негізге ала отырып, географиялық заңдылықтарды ашу. Жердің тартылыс күші туралы ұғым қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың өткен тәжірибелерінде үйренген икемділіктері мен дағдыларын, интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімдері мен географиялық көзқарастарын кеңейту.

Тәрбиелік: География ғылымының зерттелуін, зерттеушілердің, ғалымдардың еңбектерін оқып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Көрнекіліктері: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактвті тақта, глобус

Сабақтың кезеңдері:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
  3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
  4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
  5. Сабақты қорытындылау кезеңі
  6. Бағалау кезеңі
  7. Үйге тапсырма беру кезеңі

Сабақтың барысы

Сабақ-тың кезеңде-рі: Сабақ-тың кезеңде-рі
Мұғалімнің іс-әрекеті: Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті: Оқушылардың іс-әрекеті
Сабақ-тың кезеңде-рі:

1. Ұйымдастыру кезеңі

(2 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушылардың іс-әрекеті: Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
Сабақ-тың кезеңде-рі:

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

(15 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті: Өткен тақырып бойынша фронтальді сұрақтар қою арқылы және рефераттарын қабылдау арқылы үй тапсырмасын тексереді. Кескін карталарды тексере отырып, тақтаға шығарып оқушылардан саяхатшылардың жүзген, жүрген жолдары туралы сұрақтар қою.
Оқушылардың іс-әрекеті: Мұғалімнің үйге берілген тапсырмаларына дайындалып, сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беру. Картадан саяхатшылардың жолдарын көрсету, түсіндіру.
Сабақ-тың кезеңде-рі:

3. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.

(10 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Жердің Күн жүйесіндегі орны.

1. Жер - Күн жүйесінің планетасы. Жердің орбита бойымен қозғалысы. Бұрынғы білімдерін толықтыру. Күнді айнала қозғалысы және оның себебі, салдары туралы түсінік беріп, бірге талқылау. Интерактивті тақта арқылы суреттерді көрсету, оларды талдау.

2. Жердің Күн жүйесіндегі орны және оның мәні. Жердің күн жүйесіндегі орнының тіршілік үшін маңыздылығы және оның себептерін түсіндіру. Басқа планеталармен салыстыру, оның айрмашылықтары мен ұқсастықтарын табуға талпындыру.

3. Жердің пішіні мен мөлшері Оқушыларды Жер - шар тәріздес дене екенін дәлелдеуге сұрақтар қою арқылы талпындыру. Оның радиустарының өлшемдерін салыстырып, қорытындылату. Жер пішінінің маңызын сұрау, олардың жауабын салыстырып, толықтыру. «Геоид» ғылыми түсінігін енгізу.

4. Аристотель, Эратосфеннің меридиан ұзыныдығы қалай анықтағанын, Х. Колумбтың Америкаға саяхаты, Ф. Магелланның Жерді айналып шығу саяхаттары туралы слайд көрсетіп, жүрген жолдарын көрсету.

Оқушылардың іс-әрекеті: Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.
Сабақ-тың кезеңде-рі: 4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі (10)
Мұғалімнің іс-әрекеті: Интерактивті тақтада берілген суреттерді талқылап, бүгінгі өткен жердің пішіні мен құрылысын еске түсіріп, оны бекіту.
Оқушылардың іс-әрекеті: Бүгінгі өткен тақырыпты бекіту, суреттерді талқылау, ортаға салу, түсіндіру.
Сабақ-тың кезеңде-рі:

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

(5 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Сабақты бүгінгі тақырыптар бойынша фронтальді немесе жеке сұрақтар қою арқылы қорытындылау:

  1. Жер нешінші планета?
  2. Жердің Күн жүйесіндегі орнын анықта.
  3. Жер қандай дене?
  4. Жердің қандай өлшемдерін білесіңдер?
Оқушылардың іс-әрекеті: Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
Сабақ-тың кезеңде-рі:

6. Бағалау кезеңі

(2 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.
Оқушылардың іс-әрекеті: Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
Сабақ-тың кезеңде-рі:

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

(1 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті: § 3-4 оқу, 6 суретті салып келу.
Оқушылардың іс-әрекеті: Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.

6-сынып

Сабақ: 3-4

Мерзімі:

Тақырыбы: Жердің өз білігінен айналуы және оның географиялық мәні. Жердің Күнді айнала қозғалысы және оның географиялық мәні.

Мақсаты:

Білімділік: Жердің Күн жүйесіндегі орнының, пішіні мен мөлшерінің, қозғалыстарының тіршілік үшін маңыздылығын көрсету. Жердің шар тәріздес екендігі жөніндегі ертедегі және қазіргі заманғы дәлелдеулерді негізге ала отырып, географиялық заңдылықтарды ашу. Жердің тартылыс күші туралы ұғым қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың өткен тәжірибелерінде үйренген икемділіктері мен дағдыларын, интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімдері мен географиялық көзқарастарын кеңейту.

Тәрбиелік: География ғылымының зерттелуін, зерттеушілердің, ғалымдардың еңбектерін оқып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактвті тақта, глобус

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі

4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

6. Бағалау кезеңі

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

Сабақтың барысы

Сабақ-тың кезеңде-рі: Сабақ-тың кезеңде-рі
Мұғалімнің іс-әрекеті: Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті: Оқушылардың іс-әрекеті
Сабақ-тың кезеңде-рі:

1. Ұйымдастыру кезеңі

(2 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушылардың іс-әрекеті: Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
Сабақ-тың кезеңде-рі: 2. Үй тапс-ырмасын тексеру кезеңі. (10 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті: Өткен тақырып бойынша фронтальді сұрақтар қою арқылы және салған суреттерін, интерактивті тақтада суреттерді, сызбаларды түсіндіру арқылы талқылау, сұрақтар қою.
Оқушылардың іс-әрекеті: Мұғалімнің үйге берілген тапсырмаларына дайындалып, сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беру. Интерактивті тақтадағы суреттерді еске түсіріп, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.
Сабақ-тың кезеңде-рі: 3. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.
Мұғалімнің іс-әрекеті:

1. Жердің өз білігінен айналуы нәтижесінде күн мен түннің ауысыу туралы 1 слайд көрсету, оны түсіндіру. Жер өз білігінен 24 сағатта 1 айналым жасай отырып, Күнді 1 жылда 1 айналып шығады.

2. Глобусты пайдалана отырып Жердің өз білігінен айналуынан тіршілікке келтіріп жатқан пайдасы туралы айту.

3. Жердің жылдық қозғалысы туралы 2 слайд көрсету. Кейін қандай заңдылықтар болып жатқанын олардың маңыздылығын айту. Слайд арқылы дәлелдеу, оған көз жеткізу.

4. Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлардағы жыл мезгілдерінің ауысу сипатын көрсету. «Кібісе жылы» туралы айтып, дәлелдеу.

5. Жер шарындағы жыл мезгілдерінің ауысу барысында жылу таралу заңдылықтары, оңтүстік тропик, экватор, тропик, поляр аймағы, қоңыржай белдеулер, суық белдеуғ ыстық белдеулер туралы алғашқы түсінік қалыптастыру.

Оқушылардың іс-әрекеті: Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.
Сабақ-тың кезеңде-рі: 4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі
Мұғалімнің іс-әрекеті: Бүгінгі тақырыпқа арналған қысқа, бірақ мазмұнды эссе жазу.
Оқушылардың іс-әрекеті: Оқушылар эссе жазады, жазып болғанан кейін бір-бірден оқып шығады.
Сабақ-тың кезеңде-рі: 5. Сабақты қорытындылау кезеңі
Мұғалімнің іс-әрекеті:

Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою:

  1. Жердің Күн жүйесіндегі орнын анықта.
  2. Жер Күнді қалай, қай уақыт аралығында айналып шығады.
  3. Айналу барысында Жерде еқандай өзгерістер болады?
  4. Жер өз білігінен қай уақытта айналады және неге айналаады?
  5. Жердің айналуына байланысты осы екі заңдылық арасындағы байланысты айтып, түсіндір, мысалдар келтір.
Оқушылардың іс-әрекеті: Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
Сабақ-тың кезеңде-рі: 6. Бағалау кезеңі
Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.
Оқушылардың іс-әрекеті: Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
Сабақ-тың кезеңде-рі: 7. Үйге тапсырма беру кезеңі
Мұғалімнің іс-әрекеті: § 5-6 оқып, мазмұндау. Басқа планеталар туралы қосымша мәлімет жинап келу.
Оқушылардың іс-әрекеті: Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.

6-сынып

Сабақ: 5

Мерзімі:

Тақырыбы: ІІ тарау. План және карта. Жергілікті жерді бағдарлау.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жерді компоспен қалай бағдарлау керек екендігін түсіндіру. Азимут туралы түсінік қалыптастыру және азимут арқылы жол табуды, анықтау туралы білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, өткен тақырыптардағы алған дағдыларын одан әрі дамыту.

Тәрбиелік: Жергілікті жерді бағдарлау кезінде оқушылардың география пәніне деген қызығушылықтарын тудыру.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: тұсбағар

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Жаңа материалды меңгерту кезеңі

3. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

4. Сабақты қорытындылау кезеңі

5. Бағалау кезеңі

6. Үйге тапсырмасын беру кезеңі

Сабақтың барысы

Сабақ-тың кезеңде-рі: Сабақ-тың кезеңде-рі
Мұғалімнің іс-әрекеті: Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті: Оқушылардың іс-әрекеті
Сабақ-тың кезеңде-рі:

1. Ұйымдастыру кезеңі

(2 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушылардың іс-әрекеті: Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
Сабақ-тың кезеңде-рі:

2. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі

(20 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Азимут (арабша ас-сумут -жол) - деп белгілі бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрышты айтады.

С 0º

Б 270º Ш 90º

О 180º

Азимут бойынша жүру дегеніміз- алдын- ала тағайындалған деректер бойынша бағдарды тұсбағдармен белгілейді де, жүрген қашықтықты өлшеп отырады. Осындай жолды айтады.

Азимут бойынша жүру үшін қажетті деректер алдын-ала дайындалып алынады. Мұндағы алға қойылатын шарт- жергілікті жерде қажетті бағытты таба білу, тұсбағдардың көмегімен сол бағыттан айнымай жүріп отыру, соның нәтижесінде белгіленген жерден тура шығу. Бұл әдісті жол жүруші бір бағдармен екінші бағдарға дейін жетіп отырады.

Оқушылардың іс-әрекеті: Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.
Сабақ-тың кезеңде-рі:

3. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

(10 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушылармен класта орналасқан кез-келген заттың азимутын анықтау, дәптерге сызып алу.
Оқушылардың іс-әрекеті: Мұғалім көмегімен кез-келген заттың азимутын анықтау. Оны дәптерге сызып алу.
Сабақ-тың кезеңде-рі:

4. Сабақты қорытындылау кезеңі

(10 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою:

  1. Сонымен азимут дегеніміз не?
  2. Азимут не үшін қажет?
  3. Азимут арқылы бағдарлау үшін не істеу керек?
  4. Азимуттың сызбасын градуспен тақтаға сызып, түсіндір.
Оқушылардың іс-әрекеті: Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
Сабақ-тың кезеңде-рі:

5. Бағалау кезеңі

(2 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.
Оқушылардың іс-әрекеті: Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
Сабақ-тың кезеңде-рі:

6. Үйге тапсырма беру кезеңі

(1 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті: § 7 оқу. Анықтамаларды жаттау.
Оқушылардың іс-әрекеті: Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.

6-сынып

Сабақ: 6

Мерзімі:

Тақырыбы: Жер бетінде қашықтықты өлшеу. Қашықтықты қағаз бетіне белгілеу. Масштаб.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға масштаб, оның түрлері, қашықтықты өлшеу, оны қағаз бетіне түсіру әдістері туралы білім беру. Картадағы кез-келген географиялық объектінің масштабына қарап қашықтығын анықтауға және оны дәлме-дәл қағазға түсіруді үйрету.

Дамытушылық: Азимут туралы білімді одан әрі тереңдету, оқушыларды бағдарлауға, олардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Жергілікті жерді бағдарлау кезінде оқушылардың география пәніне деген қызығушылықтарын тудыру.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: Дүниежүзінің физикалық картасы.

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Жаңа материалды меңгерту кезеңі

3. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

4. Сабақты қорытындылау кезеңі

5. Бағалау кезеңі

6. Үйге тапсырмасын беру кезеңі

Сабақтың барысы


Ұқсас жұмыстар
Мектепті дамыту жоспары жайлы ақпарат
Оқушының бейімі
Бағдарлама тақырыбы
Сабақ жоспарлары
Қалай қалыптастырушы бағалау арқылы оқушылардың оқуын жақсартуға ықпал етуге болады
Орта мерзімді даму жоспары
Пластикалық мүсін. 4сынып
Құстардың королі (литван халық ертегісі)
Экономикадағы тұтынушы
Оқушылардың діни сауаттылығын қалыптастыру - заман талабы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz