Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар

Файл қосу

Бастауышпен қоштасу туралы ақпарат


Сарқылмас ұлылықтың бастауысың,
Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым!
Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта
алған
білімнің негіз болып қалатына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан
алғашқы ұстазымен
қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін
ұстаздармен таныстыру, әр
баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар
тілеу.
3. Білім берер ордасы – мектебі, ұстаздарын
құрметтеп, білімге деген
құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен
қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: 1. Жазылған сөздер.
2. «Бастауышым – бастамам» көрме ( еңбек, бейнелеу
сабақтарында салған
еңбектері)
3. «Мақтанышым сыныбым» бүктеме.
Барысы:
Мұғалім:
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
«Өмір» деген ұзақ жолда тарландар!
Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әні менен жырларына тарландарым, сал құлақ,
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,
Лаулап жансын болашағың, шамшырақ...
Кеше ғана тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып,
жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен
№69 киелі шаңырақта болғалы отырған
«Сарқылмас ұлылықтың бастауысың,
Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым!» атты мерекелік кешімізді бастауға
рұқсат етіңіздер!
Құрметті ата - аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн –
ерекше күн. Оның ерекшелігі 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне
аттаған балаларымыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып,
қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті,
Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті.
Қошеметпен шақырамыз ортаға,
Қадам басқан шәкірттерін құрметті, - дегендей,
бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық,
4 сыныты ортамызға!
(Музыка әуенімен бастауыш түлектері
ортаға келеді.)
Әнұран
Ажырамай мектеппен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз, - дей келе мерекелік
кешімізді ашу үшін сөз білім ордамыздың басшысы Жасұлан ағайға беріледі.
Қазақ биі: Раушан, Асылзат, Жарқынай
Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 сынып
оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп етек
жиған шәкірт. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған
бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше
қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде
өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата – аналарына өз өнерлерін
көрсетуге дайын. Олай болса, жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!
1 – жүргізуші: Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.
2 – жүргізуші: Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.
1 – жүргізуші: Армысыздар, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер,
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп кешегі сәби еркелер.
2 – жүргізуші: Армысың сен алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім.
«Мектебім» әні орындапйтын Нұрдәулет
1 – жүргізуші: Ия мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше
сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.
1 – оқушы: Мектеп деген білім кені жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
2 – оқушы: Мектебім білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата - анамдай
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыр,
Әр күні балалықтай біл жүрек бұл,
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
3 – оқушы: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі,
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
4 – оқушы: Мектебім, алтын ұяң, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
5 – оқушы: Мектеп – үйім, ұстазым менің ата - анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып, сан тарапқа тараған.
6 – оқушы: Мектебім – сүйікті мектебім.
Бауырыңда түлеймін көктеймін.
Сен – бұлақ, мен – мен қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.
1 – жүргізуші: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», - деп Абай
атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстап, оңымыз бен солымызды
танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен
сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың
ұстазға арнаған ән - жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің
Әлібек?
2 - жүргізуші: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен
мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім - мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз
бекер айтпаған.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр
да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті
шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
1 – жүргізуші: Иә, бұл туралы Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да,
данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»
деген екен. Олай болса келесі жырымызды ұстаздарымызға арнаймыз!
1 – оқушы: Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
2 – оқушы: Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
 3 – оқушы: Білімнің байыбына барып терең,
Дина апай бастап еді әліппеден.
Жаны асыл ұстазымызға мың бір алғыс,
Бастаған тәрбиесін алып келем.
4 – оқушы: Қуаныштың ізі бар,
                     Нұр жайнаған жүзінде.
                     Қараған жан қызығар,
                     Айдан апайдың өзіне
5 – оқушы: Ақ көңілдің ізі бар
                     Нұр жайнаған жүзінде
                    Мың алғыс жолдап сізге тоқтамай
                     Алтынай апай, ризамыз өзіңізге
6 – оқушы: Көрмеген артық күліп, артық жүріп,
Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.
Қоштасамыз біз бүгін, Шаттық апай,
Шәкірттердің алғысын айтып тұрып.
7 – оқушы: Ағамдай мейірімді құшақ ашып,
Тұрасыз Алтынбек ағай амандасып.
Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп,
Барамын болашаққа қадам басып.
8 – оқушы: Әдемі ғой ән сабағы мектептің,
                      Жүректерге әсемдікті сепкен кім?
                      Ержан ағай, бас иеміз сізге де,
                     Ән мен сазды талмай бізге үйреткен.
9 – оқушы: Кейде жайлы мінезіне қызығасың,
                     Кейде ашусыз мінезіне табынасың.
Күліп жүрер үнемі Нұртас ағай
Жан жүрегін қашанда ұғынасың.
Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс отты мына жүректерден.
«Ұстазым» әні орындайтын Жарқынай.
Алыстан дабырлаған дауыс естіледі. «Шақырған жоқ білмейміз» деген сөздер
айтылады. Ана тілі болып киінген бала ортаға шығады.
Ана тілі: Қараңдаршы бұларды біздерді шақырмай өздері қоштасу жиынын
өткізіп жатқандарың, Достар! Мында келіңдер!
( дауыстап айтып, қолын бұлғайды. Кітаптар жүгіріп
шығады)
Кітаптар: Не болып жатыр? Не болды?
Математика: Сабақтар аяқталғасын ұйықтап жатыр едім.
Орыс тілі: Сабақ біткен жоқ па? Тағы не болып қалды?
Ана тілі: Жыл бойы бізбен дос болып, барлық білімнің бастауын бізден
үйреніп отырғандарын білмей, жиындарына шақыруды ұмытып кетіпті.
Қазақ тілі: Тілдің құдіретін, оның небір алуан ережелерін, жазылуын,
сызылуын, тыныс белгілерін үйрететін мен емеспін бе? Мені ұмытқандарың
дұрыс емес.
Орыс тілі: Өзге тілдің мән – мағынасын түсіндіріп, сөйлеуге, жазуға
үйрететін кім сендерді? Мен ғой. Неге мені ұмытасыңдар?
Математика: Ал санауды, көбейтуді, азайтуды, есептер шығаруды кімнен
үйренесіңдер? Әрине менен, мен болмасам қалтаңдағы ақшаңды да санай алмаған
болар едің. Қара бұларды мені ұмытқандарын?
( кітаптар ренжіп бір шетке жиналып қалады)
1 – жүргізуші: Балалар! Бұлай болуы мүмкін емес. Мен барлық кітаптарға
шақыру қағазын беріп едім ғой! Бұл жерде біреу кінәлі болып тұр.
Оқушы: Ерсұлтан, кешірерсіз кінә менен болар, шақыру қағаздарын Жалқаубекке
беріп едім, апарып берем – деп айтқасын.
2 – жүргізуші: Әй- әй, Жалқаубек, қашан қояр екен жалқаулығын. Өзі де жоқ,
бүгін мына салтанатты жиында. Тағы да ұйықтап қалған ғой! Кітаптардың
тұрысы анау, ренжіп, енді не істейміз, балалар?
Оқушы: Раушан, кітаптар – біздің достарымыз. Ал достар бір – біріне
кешірімшіл болу керек – деп, кітаптардан оқыған жоқпыз ба? Кешірім сұрап,
мерекені бірге тойлауға шақырайық.
1 – жүргізуші: Өте дұрыс, қане балалар кітаптардан кешірім сұрайық.
Балалар: Кітап достарымыз! Кешіріңдер, біз сіздерді ешқашан да ұмытпаймыз.
Кітаптар: Жарайды, кешіреміз, бірақ бізді бір сәт естен шығарып, ұмыта
көрмеңдер, біз сендерге керекпіз.
Ана тілі: Мәссаған, дүниетану қайда?
( барлыға есік жаққа қарайды )
Р. Рымбаеваның орындауындағы «Жалқаубек» әнінің әуенімен бірінші Дүниетану,
кейін Жалқаубек келеді
Кітаптар: Қараңдар! Дүниетану келе жатыр, өзі әрең жүріп келе жатыр ғой!
Ана тілі: Түрін – ай, кім ұстады екен бұны, алба – жұлбасын шығарыпты ғой?
Дүниетану: Амансыңдар ма, балалар
Мерекелерің құтты болсын
Сендерге шаршап зорға жеттім.
Жыл бойы қажыдым, мынау түрім.
Осының бәрін істеген Жалқаубек, ойын десе мені ұмытып кетеді. Бүгін де осы
жиынды ол ұмытып ойынға кеткен, бірақ қазір есіне түссе келіп қалар.
Балалар! Менің сендерге айтарым кітап – құралдарыңды ұқыпты ұстаңдар, олар
әркез сендерге көмектесіп, білімнің биік шыңына жетелейді. Жалқаубек сияқты
балалар араларыңда болмасын!
( Жалқаубек оқушы киімін киіп ортаға келеді. Кітаптар Жалқаубек деп бір –
біріне қарасады.)
Жалқаубек: Балалар! Мерекелерің құтты болсын! Мен енді бұдан – бұлай жалқау
болмаймын, кітаптарымды таза, ұқыпты ұстап, сабағымды жақсы оқимын, ешкімді
ұятқа қалдырмаймын, себебі мен тағы бір сатыға жоғарыладым, мен бесінші
сынып оқушысы боламын. Кітаптар, апайлар, кешіріңдер! Мен жақсы үлгілі
оқушы болуға уәде беремін.
1 – жүргізуші: Жалқаубектің сөзіне сенеміз бе?
Балалар: Сенеміз, кешіреміз!
1 – оқушы: ( Ана тілінің қасына келіп)
Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл- білім үйреткен.
Ана тілін оқыдық ,
Ерекше зор құрметпен.
Ана тілін сүйеміз,
Құрметпен бас иеміз.
Ана тілмен қоштасамыз,
Әдебиетпен достасамыз.
2 – оқушы: ( Орыс тілінің қасына келіп )
Өсірген ой, білімді
Сүйем орыс тілімді
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.
3 – оқушы: ( Математиканың қасына келіп )
Есеп – ойын, сананың
Математикадан аламын
Математикам ардақты
Өсірген ойын баланың
4 – оқушы: ( Дүниетанудың қасына келіп )
Ой жіберсең бәріне ,
Дүниетану пәніне.
Өмір сырын үйретер,
Пәннің жақсы бірі де.
Жер байлығы көп екен,
Игеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген ,
Дүниетану сабағы.
1 – жүргізуші: Досымыз біздің кітаптардың бәріне
Балалар: Рахмет! Рахмет!
( көңілді әуен ырғағымен кітаптар кетіп қалады.)
Күй: орындайтын Асылзат пен Раушан.
2 – жүргізуші: Енді құрметті қонақтар біздің оқыған пәндерімізден алған
білімдерімізді байқаңыздар.
5 – оқушы: Ана тілі пәнінен ақын – жазушылардың көптеген шығармаларын
оқыдық. Ертегілер, мақал – мәтелдер жаттадық. Солар арқылы ата –
бабаларымыздың өткен тарихын білдік. Олардың адамгершілік қасиеттерінен
үлгі алдық.
6 – оқушы: Математика пәнінен санауды, сандарды, оларға түрлі амалдар
қолдануды үйрендік. Түрлі теңдеулер шешуді, шамаларды өлшеуді, күрделі
есептер шығаруды меңгердік.
7 – оқушы: Дүниетану пәнінен кең байтақ Отанымыз – Қазақстанның байлығымен
таныстық. Табиғатты аялауға, қорғауға, жамандықтан жиренуге, жақсыдан
үйренуге тәрбие алдық.
Мұғалім: Қарлығаштай қанат қағып самғаңдар,
Есейіңдер өмір жолын таңдаңдар.
Бастауыштан алған нұрлы білімді,
Әрі қарай, ізденіңдер, жалғаңдар, - дегендей бастауышта
алған білімдеріңді әрі қарай шыңдай түсіңдер. Бұл пәндердің барлығы да
өмірде адам баласына қажет.
Би: Мектеп вальсі.
1 – жүргізуші: Біздің сыныбымыздың ұстазға, алтын ұя мектебіне арнаған, өз
жүрегінен шыққан өлеңдерін оқу.
Мұғалім: «Үлкен адам болсыншы», - деп жан - жақты,
Үлпілдетіп балапандай самғатты.
Мейірімімен мәпелеген біздерді,
Ата - аналар аманбысыз ардақты.
Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата -
анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк болып жүруі
де сол кісілердің арқасы.
Көрініс: Ержүрек ұл.
Автор: Ертеректе қарақшылар жол торып адамдарды тонап, қолға түскен
адамдарды құл базарына сатады екен. Кезекті тонау үстінде қарақшылар қолына
қартайған шал түседі.
Қарақшы шалды ұрып алып келеді.
Қарақшы: Егер құл базарына сатылғың келмесе жүз алтын әкел де ұлыңа,Сені
сосын
босатамыз.
Шал: Мені құтқару үшін жанұямның берер алтыны жоқ. Не істесеңдер де
көрермін.
Автор: Кедей шалдың жарқын жүректі әрі батыл ұлы бар екен.Ол қарақшыларға
келіпті.
Бала: Әкемді Қарымтасыз босатыңдар демеймін.Әкем кәрі әрі қауқарсыз оны
сатып не пайда табасыңдар, оның орнына мені сатып көп ақша табыңдар. Әкемді
босатыңдар.
Қарақшы; Не деп тұрсың? Өңім бе түсім бе? Дүниеде ержүрек жігіттер бар екен
ғой. Мұндай адамға жан пида.Адамгершілік өлмеген екен ғой.Арыстаным ризамын
саған. Бердім әкеңді. Кәне кетіңдер.
Бала әкесін арқалап алып кетеді.
1 - жүргізуші: Әке алдындағы парызын өтеген өжет ұлдың ісі өмірімізге
мәңгілікке үлгі болсын.Әке-шешемізді қадірлеп қастерлеп жүрейік. Әкелердің
құрметіне
«Әкеме» әні орындайтындар Ерсұлтан мен Рахат.
Көрініс: Өнерлі бала.
(Қолдарында шелектері бар үш әйелдер демалуға отырады.)
1-әйел: Менің ұлым ән салғанда бүкіл жұрт аузын ашып тыңдап қалады. Керемет
өнерлі ұлым бар.
2-Әйел: Әй соны да айтасың ба? Менің ұлым спортты жанындай сүйеді. Өзі
шымыр қолымен жүріп,баспен айналғанда барлық жұрт өнеріне таң қалады.
1-Әйел: Сен неге үндемейсің?
3-Әйел: Менің баламның ешқандай өнері жоқ.
(Үш бала жүгіріп келеді. 1-бала айқайлап ән салады. 2-бала секіріп түрлі
нәрселер көрсетеді.)
3-бала: Анашым саған көмектесейін. ( шелегін алып кетіп қалады.)
1-Әйел: Ата қайыссымыздың баламыз өнерлі?
Қария: Мен өнерлі бір-ақ баланы көрдім. Ол анасына көмектескен бала.Ол
Пайғамбарымыздың хадисіне лайықты іс атқарды. Бүкіл адам баласы аналарына
көмектесуі керек деп жазылған хадисте.Өнерлі бала анасына жаны ашыған бала
дер едім.
( Ұялған әйелдер төмен қарап кетіп қалады. )

2 – жүргізуші: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге
елеулі азамат болса, екен дейді. Халқымыздай мынадай нақыл сөз бар: «Анаңды
Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсын» деген. Алайда
ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!
1 – жүргізуші: Иә, дұрыс айтасын Раушан! Біз болашақта саналы да, ақылды
бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?
Мұғалім: Ақ сүт беріп аялаған,
Бізден бәрін аямаған.

Жанашырым саялаған, Ол кім?
Бәрі: аяулы анамыз.
«Анашым» әні орындайтын Раушан.
1 – жүргізуші: Енді сынып оқушылары мен ата – аналар өмірінен көріністер
көрсетеміз.
Көрініс: «Есеп».
Баласы: Әке, кешегі шығарып берген есебіңіз түп түгел қате екен.
Әкесі: Не дейді? Мүмкін емес!
Баласы: Ашуланбай ақ қойыңыз, өзге балалардың. Әкелері де сол есепті
шығара алмапты.
Көрініс: «Ең қиын сұрақ»
Баласы: Мама, мен бүгін бүкіл сынып. Оқушылары жауап бере алмаған сұраққа
жауап бердім.
Анасы: Өте жақсы балам, ол қандай сұрақ?
Баласы: Сынып бөлмесінің терезесін. Кім сындырды деген сұраққа…
Көрініс: «Емтихан»
Әкесі: Балам, кешегі емтиханды қалай тапсырдың?
Баласы: Жақсы тапсыған шығармын. Өйткені мұғалім жазда тағы келесің деді
ғой.
Әкесі: Жарайсың балам, өзіме ұқсаған екенсің.
1 – жүргізуші: Біз нені үйрендік?
1 – оқушы: Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып би билеуді.
2 – оқушы: Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге
жақсылық жасауды.
3 – оқушы: Халқымыздың салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын үйрендік.
2 – жүргізуші: Біз нені сүйеміз?
Хормен: Ата- ананы, халқымызды, жақынымыз бен алысымызды, құрбы
құрдастарымызды, табиғатты, ел байлығын, ұстаздарымызды, алтын ұя
мектебімізді!
1 – жүргізуші: Бізді болашаққа не бастайды?
Хормен: Ұстаздың көрсеткен жолы, ата- ананың ақылы, болашаққа деген берік
сезім.
2 – жүргізуші: Біз кім боламыз?
Хормен: адал азамат, ақылды ару, ғалым, елін сүйген ер, нағыз адам.
«Сыңғырла соңғы қоңырау» әні орындайтын Айшолпан.
Мұғалім:  Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан
Сенде бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан, - дегендей 4 жыл бойы
бастауышта білім алып, енді қоштасқалы тұрған балапандар қанаттарың
қатайып, биік самғап, білімнің небір шыңына шыға беріңдер – деп бүгінгі
салтанатты жиынымызды аяқтаймыз.

Ұқсас жұмыстар
Менің- алғашқы ұстазым!
Шашу еткен ұстазым
Қош бастауыш жайлы ақпарат
Бастауыш білімнің бұлағы
Қош бол, сүйікті бастауышым
Бастауышым шамшырақ-балғын бөбек балбұлақ
Бастауышым-балбұлағым. бастауышпен қоштасу кеші сценарий
Бастауышпен қоштасу мерекесі
Қош бастауыш мектебім
Бастауышым - балбұлағым
Пәндер