Сабақ жоспары :: Технология
Файл қосу
Ашытқылы қамыр, қамырды ашытқымен және ашытқысыз дайындау тәсілі, бауырсақ, бәліш, кулебяка. өндіріс
8- сынып
Сабақтың тақырыбы: Ашытқылы қамыр, қамырды ашытқымен және
ашытқысыз дайындау тәсілі, бауырсақ, бәліш, кулебяка.
Өндіріс.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Ашытылған, ашытқысыз қамырды дайындаудың технологиясымен және одан жасалатын тағамдармен таныстыру, мағұлмат беру.
Оқушылардың өндіріс, өндіріс факторлары туралы түсініктерін кеңейту.
Тәрбиелік: Үй шаруашылығына икемді болуға, ас мәзірін дайындауда тиянақтылыққа, тазалық пен ұқыптылыққа, дастарқанды әзірлеуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларды тамақ әзірлеуде өз шығармашылығымен орындауға , аспаздық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, үйрету.
Құрал жабдықтар: тегеш, электр пеші, қалып.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезені:
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
2. Сабаққа дайындығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
4. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
- салқын көжелерді қай мезгілде дайындаған жөн?
- неге салқын көже деп атаймыз?
- сорпаны дайындаудың неше әдісі бар?
- көже дәмінің сапасы неден байланысты?
- сорпаны неден қайнатады?
- наурыз көжені қалай дайындйды?
III. Жаңа сабақ.
Қамыр ашытудың әдісі
Көмірқышқылды аммонийдің көмегі қажет. Өйткені олар қамырды жұмсартады. Таза ашытқының түсі қоңыр сарғыш тартып, оңай бөлінеді, бірақ үгітіліп шашылмайды. Ашытқының әсерімен қамырдағы органикалық қосынды -- көмірсу аши бастайды. Нан-тоқаштың іші кеуек болу үшін ашытқының, сода мен сірке суының, соның нәтижесінде спирт пен көмірқышқыл газы пайда болады. Көмірқышқыл газы қамырда ауа көбігінің көбеюіне әсер етеді де, оны жұмсартады. Сөйтіп қамырда қуыс-кеуек түзіліп, көлемін ұлғайтады. Пайдаланар алдында ашытқыны жылы суға немесе сүтке ерітіп алған дұрыс. Сығымдалған ашытқыны салқын орындарда, құрғақ ашытқыны жабық ыдыстарда сақтайды. Қолданар алдында құрғақ ашытқыны аздаған мөлшерде жылы сумен және ұнмен араластырады.
Ашытқан немесе қышқыл бөлкелер, бәліш, самса, ватрушка, пончик, кулич, кеке әзірлеу үшін пайдаланылады. Қамырға қамыр дәмдеуіш қоспалар (май, жұмыртқа, қант) неғұрлым көп қосылса, ашытқыны да сол шамада салу керек. 1 кг ұнға 30 грамнан 60 грамға дейін ашытқы салады. Ашытқы салқын немесе ыстық болса, онда қамыр дұрыс көтерілмейді, сондықтан ашытқыны тек жылы суға немесе жылы сүтке езу керек. Қамыр илейтін судың 30°C-ден аспауы тиіс. Қамыр илер алдында ұнды елеу керек. Иленгеннен кейін қамырға аздап ұн сеуіп, оның көтерілуі үшін жылы жерге қояды, қамыр салынған ыдыстың бетін қақпақпен емес, сүлгімен немесе орамалмен жабу керек. Қамыр көтеріле бастағанда (2 -- 3 сағаттап кейін) аздап басып, жұмсартып, тағы да көтерілуге қояды. Ашу процесінде қамырды 2 -- 3 рет басып жұмсартқан жақсы. Бұл оны артық көмір қышқылы газынан арылтады да, оның орнын оттегі тазы толтырады. Сонда ашытқы саңырауқұлақтарының дамуына көмектеседі де, қамырды өсіріп, пісіретін тағамдар мөлшерін едәуір молайтады. Қамырлы ашытқымен және ашытқысыз ашытуға болады. Қамырға дәмдеуіштерді көп қосқанда ашытқы салып ашытады. Ол үшін алдымен ашытқыны, яғни сұйық қамырды әзірлейді. Норма бойынша қамыр илейтін суға немесе сүтке қажетті мөлшерде ашытқы ерітеді де, ұнның және тиісті қанттың жартысы себіледі. Әзірленген ашытқы көтерілуі үшін 1 сағат жылы жерге қояды. Осы мерзімде ол 2 есе ұлғаюы тиіс. Ашытқы көтерілгенде оған дәмдеуіш, тұз, қалған ұнды қосып, қамыр илейді. Қамырлы қолға жабыспайтын және ыдыстан оңай алынатын етіп илеген жөн; ол әзір болғанда көпіршік пайда болады, қамыр сықырлап, ыдысқа жабыспайды. Иленген қамырды көтерілуі үшін 2 -- 3 сағатқа қояды. Оның әбден бабына келгенін ашытқыдағы сияқты қамырдың басылуына қарап біледі.
Қамырды бірден дәмдеуішпеп илейді де, көтерілуге қояды. Көтерілгеннен кейін оны нығыздап басып, тағы қояды. Ашытқы да, қамыр да көп тұрып қалса, қамырда қышқыл дәм пайда болады, ол тағамның сапасын төмендетеді. Дәмдеуіштің мөлшеріне қарай қамыр 2 -- 3 сағаттап кейін көтеріледі. Қамырлы әдеттегідей ашыту үшін 1 кг ұнға 1 шай қасық тұз, 1 ас қасық құмшекер, 3 ас қасық май, 2 жұмыртқа, 2 стакан сүт немесе су, 30 г ашытқы керек. Әзірленген тағамның бабына келуі үшін пісірер алдында 12-20 минут жылы жерге қойып, бетін орамалмен жабады. Бұдан кейін оған көпіршітілген жұмыртқа жағып, духовкада пісіреді (жұмыртқаның орнына сүт қосқан кофе, қант салған сүт немесе суға араластырылған ақ уыз пайдалануға болады: уызды тағамның түсі күңгірт болуы үшін пайдаланады). Егер тарамды қуырып пісірсе, онда жұмыртқа жақпайды. Ашытқан қамырды пісіру үшін духовканы алдын ала 200 -- 300°C температураға дейін қыздырып алып, содан кейін пісірілетін тағамды қояды, 10 -- 15 минуттай кейін температураны 180°C-қа дейін төмендетеді де, тағамды әбден пісіреді. Тағамның піскенін қабыршығының түріне қарай анықтайды (қызыл-сары түсті болуы тиіс). Нан көтеріліп <<қомпиғанда>> оны ағаш таяқшамен түйрейді: егер қамыр таяқшаға жабыспаса, ол әбден піскені. Пісіп, дайын болған тарамды алдын ала таза қағаз жабылған тақтайға қойып, ол жайымен сууы үшін бетін сүлгімен жабады. Ыстық тағамды әйнек, фаянс, фарфор тәрелкелеріне салуға болмайды, өйткені тағамның астыңғы жағы салқын әйнекке тигенде ылғалданып кетеді.
Өндіріс - өзінің өміріне қажетті маиериалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі.
Кез келген өнімді өндіру үшін төрт элемент керек:
* сол өнімді дайындайтын табиғи зат
* өнімді жайындау үрдісінде пайдаланылатын еңбек құралы
* адам еңбегі, оның мақсатты бағытталған қызметі
* аталған үш элементті өндіріске қосатын ұйымдастырушы
Экономика тілінде өндіріс факторлары деп аталатын бұл төрт элемент тиісінше - жер, капитал, еңбек және кәсіпкерлік ұғымдарымен белгіленеді.
IV. Сарамандық жұмыс
Сарамандық жұмысқа кіріспес бұрын қауіпсіздік ережесін сұраймын.
Алма бәліш дайындау
Бізге қажет болады:
- 2 алма- 3 жұмыртқа- 1 үлкен лимон- 250 гр ұн- 180 гр сары май- 100 гр қант пудрасы- 1 ш.қ разрыхлитель
Жұмыс барысы:
Салманы дайындау
* Алмаларды тазалап, майда төртбұрыштар етіп тураймыз.
* Лимон қабығын майда үккіштен өткіземіз.
* Лимон шырынын алмалардың үстіне сығамыз.
* Сары маймен қант пудрасын араластырамыз. Жұмыртқаларды бір-бірден қосамыз.
Қамырын дайындау үшін
1. Ұнды илеу.
2. Ұнға араластырылған ашытқыны, су, сүт, жұмыртқа, қант, тұз, майды
қосып, бостау етіп қамыр илейміз.
3. Дайын қамырды кішкентай күлшеге бөліп, жұқалап жайып, ортасына
салма салып бүгеді.
4. Майланған ыдысқа төгіп, 180С алдын ала қыздырылған духовкада 40 минуттай пісіреміз. Піскен біліштің үстіне қант пудрасын сеуіп сәндейміз.
Бауырсақ пісіру.
Ашытқан қамырдан бауырсақ пісіру үшін жылы суға ашытқы, қант, ұн салып жылы жерге қою керек. Ашықты көпіршектеніп ашыған кезде тұз, май, жұмыртқа, ұн салып өте жұмсақ етіп иін қандыра илейді. Жұмсақ иленген бауырсақ жақсы қабарып, жұмсақ болып піседі. 4-5 стақан бидай ұны, бір ас қасық ашытқы, 2 ас қасық қант, 1 шай қасық тұз, 1 стақан сұйық май, 1 стақан сүт (немесе су), 2 жұмыртқа. Ашытқан қамырды есіп, жұқалап жаяды да, бір-келкі етіп кеседі, тақтайға немесе табаққа бір-бірлеп тізіп, 10-15 минут қойып, қабарғаннан кейін пісірсе, іші шикі болмайды. Бауырсақты қалыңдығы 2 см етіп жайып, қызып тұрған майға пісіреді.
V. Бекіту сабағы:
Жұмбақ қою.
1. Бір құдықтың екі түрлі суы бар,
Қайнатса екеуі де мұзға айналады. (жұмыртқа)
2. Жатып қарасам екеуі де аппақ,
Татып қарасам тәтті - ақ. (қант)
3. Суықта мұз болып қатады,
Ыстықта балқып жатады. (май)
4. Ақ тікенді бүктедім,
Көк есекті жүктедім. (астық)
* Ашытқылы қамырды дайындау технологиясын айтып бер.
* Ашытқысыз қамырды қалай дайындайды?
* Бәліш, кулебяканы қалай дайындайды?
VІ. Қорытынды
Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды бағалау. Баға қою.
VІІ.Үйге тапсырма
Картоп салынған бәліштің технологиялық картасын жасау.
Жұмыс орнын жинастыру.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz