8-сынып алгебра: Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздіктерді шешу және оны графиктік тәсілмен пысықтау (Партиялар додасы)

Сыныбы: 8 «Б»
Пәні: алгебра.
Сабақтың тақырыбы:
- Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздіктерді шешу.
- Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздіктерді графиктік тәсілмен шешу.
Сабақтың мақсаты :
Білімділік : квадрат теңсіздіктердің анықтамасын және қасиеттерін есептер шығаруда қолдана білу. Оқушылардың алған білімдерін тереңдету, жинақтау, жүйелеу.
Дамытушылық : есептеу дағдыларын және логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, білімдерін тереңдету, пәнге қызығушылықтарын арттыру .
Тәрбиелік: өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, достыққа, шапшандыққа тәрбиелеу. Өз елінің патриотын қалыптастыру.
Сабақтың түрі : Іскерлік «Партиялар додасы» ойын сабағы.
Сабақтың типі : пысықтау сабағы.
Сабақтың әдісі : үшөлшемді әдістемелік жүйесі.
Пәнаралық байланыс : казақ әдебиеті, тарих, сызу, геометрия, ән.
Қөрнекілігі: Бағалау парағы, мақал-мәтел, плакаттар, үлестірмелер.
Құрал-жабдықтар : Интербелсенді тақта, Power Point (слайдттар),
Windows Media (видео-ролик), Winamp (ән) бағдарламалары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар 3 топқа ( партияларға ) бөлініп отырады. Партия лидерлеріне бағалау парақтары таратылады.
Сары түсті: «Қазақстан үміткерлері» партиясы
Жасыл түсті: «Қазақстан дарындары» партиясы
Көк түсті: «Қазақстан озаттары» партиясы
Әр партия бағдарламасын, ұранын айтады.
Қ Р-да 7 партия бар(плакат), Қазақстан туралы видео-ролик көрсетіліп, «Атамекен» әні орындалады
ІІ. «Заңдар аясында . . . »
Саяси партиялардың бағдарламалары нәтижеге жету үшін, заңдарды білу керек.
І деңгей (5 ұпай)
1 ) аx2+bх+с>0, аx2+bх+с <0 түріндегі теңсіздік . . . деп аталады .
А) Квадрат теңсіздік
В) Сызықтық теңсіздік
С) Кері пропорционалдық теңсіздік / таңдау тест/
2)
Формуласы квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу формуласы ма? / иә, жоқ -альтернативті тест/
- Теңсіздіктің шешімі дегеніміз не?
«Домино» ойыны / қиындылардан ереже құрау/
4)
Теңсіздікті шешіңдер.
- Теңсіздікті графиктік тәсілмен шешіңдер:
ІІІ. «Халық арасында . . . »
Халық арасында партиялардың салмағын байқайық, ол үшін Internet арқылы edu19kzaral сайтына халықтан келіп түскен сұрақтарға шешімін табу керек.
ІІ деңгей (4 ұпай)
- Функцияның анықталу облысын табыңдар: №555(3)
- Теңсіздікті шешіңдер: №558(3)
2х+1 ≤1
ІV. «Үгітшілерден - ұтымды жауап »
Партия белсенділерінің үгіттеу насихаттау жұмыстарын бақылау.
ІІІ деңгей (3 ұпай)
Тапсырма
- №569(2)
а-ның қандай мәндерінде
![]()
теңсіздігі кез келген х үшін орындалады?
2) Теңсіздікті графиктік тәсілмен шешіңдер:
![]()
3) Логикалық есеп
Патриот 3≤х≤6 трио
Білімділік 2≤х≤5 ?
V. Үйге тапсырма : №558(1, 4)
№562(4, 5)
№ 569(3, 4)
VІ. Бағалау .
Бағалау парағы бойынша «Көшбасшы партия» -ны анықтау, оқушыларды бағалау.
VІІ. Қорытындылау :
Бабалар өсиетімен қорытындылаймыз
Төле би: Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің баласы бол.
Бір үйдің атасы болма,
Бір елдің батасы бол.
Бір танңың жағасы болма,
Көп елдің ағасы бол . . .
Өзіңе -өзің кәміл бол,
Халқыңа әділ бол.
Досыңа адал бол.
№19 орта мектеп
2011-2012 оқу жылы
4)