Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ұстаз - ұлы есім


«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен –
тарихтағы ең ұлы істің бірі».
К.Д.Ушинский

Өмір есігін ашқан әр сәби алғаш ата-анасынан тәлім-тәрбие алып, мектеп
табалдырығын аттап, қолына қалам алып, қоғамға керекті жеке тұлға болып
қалыптасады. Осы уақыт ішінде ол өзінің қалауымен белгілі бір маман иесі
болуды армандайды. Мен де балалық шағымда, өскенде кім болсам екенмін деп
армандайтынмын. Ал, ол арманым – ұстаз болу болатын.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да,
тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін
төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан
білім, тәлім алады.
Ұстаз бейнесі - шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі.Ұстаздың
лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірлік
энергияның қайнар көзі. Ұстаздық - сезім. Келешек үшін тырмысып, жан аямай
күрескен, өз бойындағы пендешілігін жая білген жан. Тіршіліктегі шырақтың
сөнбес ошағы. Ұстаз өзінің бар күнін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне сарп
етуге бел буған періште.
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып,
әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ
тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.
Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы –
мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ.
Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі
зор.
Жас ұрпақты білім нәрімен сусындату, саналы ұрпақ тәрбиелеу алдыма
қойған мақсатым деп білемін. Қауызын жарып үлгермеген, кішкен бүршіктей
болған бала бойына асыл қасиеттерді бойына сіңіру мақсатында еңбек жолымды
№13 орта мектеп гимназиясында жалғастырып келемін. Ендеше, осындай
жауапкершігі зор мамандық иесі атанып жүргенім еліме тигізген үлесім деп
білемін.
Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де,
парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш
"Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы
құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп,
адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі әр адамзат жүрегінде сақталары
анық.
Осындай мақсатпен халықтың нұрлы ертеңі үшін, ел игілігі жолында
атқарып отырған ұстаздар қауымына еңбектеріңіз жемісті болсын дегім келеді.

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

№13 орта мектеп гимназиясының

Биология пәні мұғалімі

Найзагулова Б.М.


Ұқсас жұмыстар
Тақырып Ұстаз - ұлы есім
Менің ұстазым
Ұстаз - ұлы есім . Марат Нығметжанұлын еске алу кеші
Ұстаздан шәкірт озар
Ұстаз - ұлағатты есім
Ортада аралар биімен Балапан тобы бүлдіршіндері
Сын есімдерді тап
Ұстаздың ұлы келбеті
Кәсіптік қазақ тілі
Сын есімді қайталау
Пәндер