Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Таныстыру жас мамандарға


Сандуғаш -Қыздар, қыздар біздерге білім бөлімінен хат келіпті.
Бағила - Қандай хат?
Бақтыгүл -Қане, ашып көрейік.
Қарлығаш -Қыздар, мынау жұмбақ қой.
Фариза - Қане, оқышы.
Қарлығаш -Жаңалыққа жаны құмар!
Бойында жастық арыны бар.
Той-томалақ, қыдыруға
Жұмысқа да уақыт табар.
Бұл кім?
Сандуғаш -Қыздар-ау, бұл біз туралы жұмбақ емес пе, әрине, мұның жауабы,
жас мұғалімдер!
Бақтыгүл - Жанымыздың жаңаллыққа құмар екені рас.
Бағила -Бар нәрсеге уақыт тауып, үлгеріп жүретінімз де рас қой.
Фариза- «Жас келсе іске» деп мектептің көп жұмысқа бізді жұмсайтыны да рас!
Қарлығаш - Соны айтам, ...................? Әбден шаршадым, жеке өміріме
уақыт жоқ.
- Әй, әй, әй.
Сандуғаш -Мен жанбасам жалындап,
Сен жанбасаң жалындап,
Кім жанады жалындап?
Бағла -Енді, міне дұрыс!
Бақтыгүл - Үлкен мұғалімдер айтады ғой, жас кезімізде біз бәрінеүлгердік,
мектеп жұмысынан қалғанымыз жоқ, үйіміз жинаулы, баламыз тап-таза, түнде
тек 2 сағат ұйықтадық деп.
Фариза -Мә, қыздар, біздер де ертең тәжірибелі ұстаз болған уақытта
жастарға осылай деп айтсақ болады екен ғой, а!
Қарлығаш -Қыздар-ау, сол күнге жеткізсей!
Сандуғаш -Әумин, сонымен жас ұстаз деген кім?

Бағила
Жас ұстаздың жанарында жанады от,
Біз де келдік, бір мектепке бала боп.
Енді ұстазбыз, оқушылар тұр күтіп
Енді бізге сөйлеу керек дана боп.
Қарлығаш
- Әлі-ақ, әлі-ақ қырандайын түлейміз,
Бар бақытты шәкірттерге тілейміз.
Алғаш сабақ беріп жүрміз абдырап
Қайта-қайта сөзімізді түзейміз.
Бақтыгүл
- Ей, ЖасҰстаз!
Қысылма да, қымсынба?
Түсіп көрді талай адам бұл сынға.
Сабаңа түс!
Сабағыңды бастап кет!
Баяғыдай бала болып тұрсың ба?

Фариза
Міне ғажап!
Бәрі ғажап!
Бәрі сән!
Құлағыма құйылады таныс ән.
Кеше тіпті ойлаған да жоқ едік,
Шәкірттермен дәл осылай табысам.

Сандауғаш
- Қайта келді босап кеткен жүйе бой,
Жүре берді, жүйрік тіл мен жүйелі ой.
Терезеден ымдап тұрды ана күн,
Шәкірттерді сен де мендей сүйе ғой.
Бағила
-Ия, қыздар осылай деп ақын жырлаған,
Қарлығаш
- Одан асып жас ұстаз туралы не айтуға болады?
Бақтыгүл
- Мектепке келгенде бойымызды қорқыныш билеп, абдырап жүруші ек. Енді
біраз үйреніп қалдық.
Фариза
- Қыздар, осылай әңгіме атйп тұра беремәз бе? «Әңгіме бұзау жегізер,
бұзау таяқ жегізер» деген, өзімізді таныстырмаймыз ба?
Сандуғаш
- Таныстырсақ, таныстырайық!

Бақтыгүл
(Төсбелгіні таныстыру)
Топтың аты – «Гүлдәурен»
Ұстаздық еттік талғаммен.
Жастық шақ, шіркін, ғажап қой,
Қырмызы қыздың сәнімен.

Төсбелгіміз бар біздің,
Тау деген биік арман ғой.
Бұл гүлдің аты Еңлікгүл,
Ең биік шыңда, тауда өскен.

Бекер емес бұл дағы
Арымыз бен биікпіз.
Білім беріп шәкіртке
Тек қиядан көрмекпіз.

Сандуғаш
- Асыл тастан, ақыл жастан деген,
Ізденімпаз халық қой жастар деген.
Бақтыгүл - биолог, тәлімгер қыз,
Гимназияның «Гүлдәуренін» бастап келген.

Бағила
- Біздің заман компьютер заманы ғой,
Оны білген төрден орын ала ғой.
Сандуғаш – мамандығы информатик,
Көрерменнің көңілін табамын ғой.

Фариза
- Мен өзіңді таныстырсам, Қарлығашсың,
Психолог мамандығын таңдап апсың!
Көмектесіп қиындық сәттерінде,
Шәкіртіңнің қасынан табылмақсың.

Бақтыгүл
- Өткен күнді өзіне еншілеген,
Сыр шертетін сан қилы өткен күннен.
Тарих пәні маманы – Фаризасың,
Гимназия мектебіне кеше келген.

Қарлығаш
- Математик мамандығын таңдап алған,
Бағиласың, тек жақсылық күтем алдан.
Шәкірттерің есепке жүйрік болса,
Ұстаздық жүрегіңде болмас арман.

«ГҮЛДӘУРЕН» әніне
1. Асау өмір арнасында
Келдік жастық шақ сезімменен
Енді, шәкірт мақтанамын,
Бақыттымын өзіңменен!
Қайырмасы:
Қуаныш қой ұстаз болу,
Ұстаз болу – бір бақыт!
Жас ұстаздар, қосылыңдар,
Шаттық жырын шырқайық.

2. Келген жоқпыз біз бекерге,
Басты орын аламыз ба?
Ұстаз – жүрек, ұстаз – арман
Жаңғырады санамызда!
Қайырмасы:
Қуаныш қой ұстаз болу,
Ұстаз болу – бір бақыт!
Жас ұстаздар, қосылыңдар,
Шаттық жырын шырқайық.


Ұқсас жұмыстар
Жас маманмен жұмыс жоспары
Тәрбие өзегі балабақшадан басталады
Көңілді эстафета спорттық сайыс
Тәрбие сабақ жоспарын көрсету
Айгүл апай оқушылар жанашыры социологымыз
Кактус гүлін бақылау
Ұйымдастыру жұмыстары
Жастықтың жалыны бар бойымызда
Паскаль. массив
Қарсы құрақ
Пәндер