Сабақ жоспары :: Биология
Файл қосу
Ұрықтың дамуы 8 сынып
САБАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ
№п/п
Сабақтың кезеңдері
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Әдіс тәсілдер
формасы
уақыты (мин)
1.
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды ынталандыру, оқу процесіне бағыттау
Топтарға бөлу. Топ құрамын нақтылау
Оқу процесіне бағытталу, мұғалімнің нұсқаулықтарын тыңдап, сабаққа кірісу
Рефлексия <<Менің көңіл күйім>> психологиялық әсер.
2 мин
2.
Кіріспе бөлім
Оқушылардың тапсырмаларды орындауына жағдай туғызу. Тапсырмалар топтамасын ұсыну
Қайталау сұрақтары <<ой қозғау>>
Тапсырмаларды орындау
Өз тобының жетістігі үшін ынталану
<<Сіз бізді білесіз бе?>> танысу ойыны
2 мин
3.
Негізгі бөлім
Сабақтың теориялық мәнін ашу, Сабақтың мазмұнын баяндау <<іздену>>
Берілген мәліметтерді меңгеру, есте сақтау практикада қолдану тәсілдерін түсіну
Баяндау, түсіндіру тірек сызбалар
13 мин
4.
Қорытынды бөлім
Сабақты қорыту оқушылардың білімін бағалау <<Ой қорыту>>
<<Бағдаршам>> кабинеті
Кестені толтыру, суреттерді сәйкестендіру, керек сөздерді жазу.
Жазу, баяндау
10 мин
5.
Бағалау, үй тапсырмасы.
Сабаққа белсене араласқан оқушылаға баға қою, үйге тапсырма беру. <<Ой дамыту>>
Дәптерге жазып алу
Жазу, іздену, ой дамыту
3 минут
Күні: 19.04.2013 ж <<Бекітемін>>
Сыныбы: 8 <<г>> <<______>> <<___________>> 2013ж
Мұғалім: Мырзабекова Б. М
Тақырыбы: Ұрықтың дамуы
Сабақтың мақсаты: Ұрықтың дамуының негізгі кезеңдері туралы, жүктілік кезең туралы түсіндіру.
Сабақтың міндеті.
Білімділігі: оқушыларға адамның жыныспен көбеюінің ерекшеліктері, жыныс бездерінің құрылысы және жыныс жасушалары туралы түсінік беру; Ұрықтық кезеңнен бастап, дүниеге келгенге дейінгі кезеңдер жайында білімдерін нығайту; Оқушылардың білімін нақтылап, өзбетімен ізденуге жетелеу және жан-жақты ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Дамытушылығы: ұрықтың дамуы туралы оқыта келе, оқушылардың талдау, ойлау, салыстыру, қортындылау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелілігі: Ұрықтану кезінде құрсақтағы нәрестеге дұрыс тамақтану, жұқпалы аурулардың алдын алу, таза ауада тынығу туралы түсініктерді бере отырып, санитарлық - гигиеналық дағдысын қалыптастыру. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас,
Әдісі: Ауызша, жазбаша, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, модульдік технологиясының элементтерін пайдалану.
Құрал - жабдықтар: <<жыныс мүшелері>> кестесі, <<ұрықтану>> видиео көрінісі, оқулықтағы суреттер, интерактивті тақта, тірек-сызба, үлестірмелі қима қағаздар,
І. Ұйымдастыру кезеңі.
* Оқушылармен амандасып,
* Жоқ оқушыларды түгендеу,
* Зейіндерін сабаққа аудару.
Пайғамбарымыз Мұхаммед білім алудың 4 жолын нұсқаған:
1.Жазып үйрену
2.Көріп үйрену
3.Оқып үйрену
4.Сұрап үйрену
Ал біздің сабағымыз да 4 бағытта жүргізілмек
1.Ой қозғау (нені білеміз?)
2.Іздену ( нені білгіміз келеді?)
3.Ой қорыту (нені білдік?)
4.Ой дамыту
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. <<Ой қозғау>> (нені білеміз?)
1.Органикалық дүниеде көбеюдің қандай түрлері бар?
ІІІ. Жаңа сабақ: Іздену ( нені білгіміз келеді?)
Ұрық жеке даму процесінде бірден адамға ұқсамайды. Ұрықта алғашында біздің арғы тегімізге тән көптеген белгілер (ұзын құйрық, желбезек саңылауы, т.б) пайда болады. Ұрық дамуының үшінші аптасының соңында дененің кейбір жеке бөліктері әлі де дамымайды. Төртінші аптада ұрықтың ұзындығы 3 мм болады. Аяқ - қол нышаны, құлақ, көз, мұрын нышаны байқалады. Кейінірек ұрықтың жүрегі соғып, аяқ-қолдары дами бастайды. Бұл кезде ұрық өсіп. Оның ұзындығы 15 мм-дей болады.
Ұрықтың даму кезеңі: дене құрылымы жетінші, сегізінші аптада қалыптасады. Дамудың бұл кезеңінде кеуде қуысы, қарын, бас, мұрын, көз, құлақ ажыратылады. Ұрық 2,5 см - ге жетеді. Аяқ-қолдарындағы саусақтары ажыратылады. Дамудың осы уақытынан бастап, ұрық шарана деп аталады. Әрі қарай даму кезінде дене бөліктеріне байланысты кейбір өзгерістер байқалады.
Жүктілік: ұрықтанудан бастап нәресте туылғанға дейінгі кез жүктілік деп аталады. Ананың 280 тәулікке созылған физиологиялық жағдайы - жүктілік нәрестенің туылуымен аяқталады. Жүктілік кезінде аналық безден гормондардың бөлінуі артады. Осыған байланысты сүт бездері үлкейіп, жатырдың массасы мен мөлшері ұлғаяды, артериялық қысым жоғарлайды, қан құрамы өзгереді. Ұрықтың қаңқасы мен жүйке жүйесін қалыптастыруға қажет зат алмасу күшейеді, су ішудің қажетсінуі артады.
Ұрықтың қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ету ана организміне үлкен салмақ салады және егер ана ауру болса немесе дұрыс тамақтанбаса, оның денсаулығы бұзылуы мүмкін. Бұл - ана үшін өте жауапты кезең. Ол өз денсаулығын күтіп, дұрыс тамақтанып, қажетті гигиеналық талаптарды сақтап, медициналық бақылауда болуы керек.
Жүкті әйелге спирттік ішімдік ішуге, темекі тартуға, мүлде болмайды. Өйткені спирттік ішімдік пен никотин ұрықжолдас арқылы өтіп, ұрық қанына түсіп, дене кемістігі мен психикасының бұзылуына әсер ететін өзгерістер туғызады. Жүктілік кезінде дәріні дәрігердің бақылауымен ішу керек. 7-8 сағат ұйықтау, таза ауада серуендеу, үйреншікті жеңіл жұмыстарды жасау, кең әрі жылы киім кию, т.б. жүкті әйелге қойылатын талаптарға жатады. Жүктілік кезеңнің басында әйел психикасы өте нәзік: ашушаң болып, ұйқысы бұзылады. Жүктіліктің екінші жартысында әйел салмақты болып, аналық сезімі қалыптаса бастайды.
Жүктілік - күрделі физиологиялық процесс. Сондықтан үйде, жұмыста, көшеде, қоғамдық орындар мен көлікте айналасындағылар жүкті әйелге қамқорлық көрсетуі тиіс. Қоғамдық көлікте орын беріп, ауыр жүгін көтерісіп, көмектесу қажет.
Жүктілік мерзімі аяқталғанда, әйел босанады. Босану кезінде жатыр қабырғасы жиырылып, ұрықты сыртқа қарай жылжыта отырып, қатты ауыртатын толғақ басталады. Нәресте туылғаннан кейін кіндігін кесіп байлайды. Ана организімінен бөлінген бала өз бетінше тыныс алуға кіріседі. Жаңа туған бала қанында жинақталған көмірқышқыл газы тыныс алу орталығын қоздырады. Қозу тыныс алу бұлшық еттеріне беріледі де, олардың жиырылуынан алғашқы тыныс алу жүзеге асады. Бұл жаңа туған нәрестенің өз бетінше тыныс алуының бастамасы болып табылады.
ІV. Білңмді қорытындылау: Ой қорыту (нені білдік?) <<Мал табар>>
* сәйкестендіру тесті.
4 апталы ұрықта нелер дами бастайды
А) құлақ, көз, мқрын нышаны
8 ші аптада ұрықтың ұзындығы
2,5 см
Қай кезде ұрық шарана деп аталады
8 ші аптада
Ана құрсағында нәресте неше күн жатады
280
2. биологиялық диктант.
Ұрықтанудан бастап нәресте туылғанға дейінгі кез ............(жүктілік) деп аталады. Жүкті әйелге ................ (спирттік ішімдік ішуге, темекі тартуға), мүлде болмайды. .......(7-8) сағат ұйықтау, таза ауада серуендеу, үйреншікті жеңіл жұмыстарды жасау, кең әрі жылы киім кию, т.б. жүкті әйелге қойылатын.............. (талаптарға) жатады.
3.суреттер сыр шертеді.
Тақтада қай кезеңде қандай мүшелер дамиды сәкес суреттерді таңдау.
* <<Бағдаршам>> кабинеті Ауырып ем іздегенше....?
Қызыл (слайд .........)
Есептеп шығар
Жүкті әйелдің құрсағындағы нәрестеге 20 апта болған, сонда құрсақтағы нәресте неше айлық? (5)
Сары (слайд ......)
Зиянды әдеттерден аулақ болу үшін жүкті әйелдерге жарнама құрасыру.
Жасыл (слайд .....)
Жолдастарыңды салауатты өмір - салтына шақыр.
Суреттердің ішінен зиянды заттарды табу.
V. Бағалау. Қай топ көп ақ бота жинаса сол топ өте жақсы деген бағаға ие болады.
VІ. Үйге §58 оқу. Кестені аяқтау. <<Ой дамыту>>
<<Жануарлар дүниесі мен адамдардың жүктілік кездеріне слайд және буклет жасап келу>>
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz