Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Я дыбысы


Шығыс Қазақстан облысы
Глубокое ауданы Алтайский кенті

«Жаңа Ертіс орта мектебі» КММ

[pic]

[pic]

Даярлық сыныбы
Сынып жетекшісі: Чингалиева Гулия Мустафиевна

Сабақтың тақырыбы: «Я» дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: «Я» дыбысы және әрпімен таңыстыра отырып,
Я әрпінің баспа түрін жазуды үйрету.
Сурет арқылы заттың атауын айтқыза отырып,
дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Дамытушылығы: Пән аралық ой шапшандығын дамыту,
Сұрақ-жауапқа тиянақты жауап беру арқылы
сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік:Тазалыққа, адамгершілікке, бір-бірің тыңдай білуге, үлкен-кішіні
сыйлауға, табиғатты аялап сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Кеспе әріптер, карточкалар, суреттер, көк-қызыл шаңырақтар,
текшелер,....
Әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап, түсіндіру, топтық,жеке жұмыстар, ойын,
практикалық жұмыс.

Сабақтын барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу рәсімі.
Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз .
Сәлем бердік сіздерге құрметпенен біз.
Т.-Балалар,айналамызға қарап айтыңыздаршы қандай сабақ бүгін?
Б.-Сауат ашу.
Т.-Бұл сабақта біз немен айналысамыз?
Б.-Дыбыс,әріптермен жұмыс істейміз,жазамыз,оқимыз.
Т.-Жарайсыңдар!

Ойын: «Үйіңді тап.» (Қызыл, көк шаңырақтар).
Шарты: Әр бала өз дыбысын алып өз шаңырағының астына тұрады . Дыбыстар екі
топқа бөлініп қалады. Олар: дауысты,дауыссыз.
Әр топтың баласы өзінің дауысты, дауыссыз екенін дәлелдейді.
А,Н,Г,Т,О,Ұ, И,Д,Ы,П,Ө.

Және буын құрап орнына отырады.БА; ТО; РИ, ДЫ..т.б.

Балалардың өз беттерімен жұмыс.
Карточкалармен жұмыс:Сөзді оқып, дыбыстық талдау жасау.
Балалардың ерекшілігіне қарай тапсырма беріледі.

[pic]
Әр бала сөз оқып , буынға бөледі,неше буын бар, қай әріптен
басталады,сөйлем құрайды,сөйлемде неше сөз барын айтады.
Балалардың жауаптары тексеріліп, бағаланады.

3 кезеңі: 123 бойға жинап күш,

Жалуғыды қояйық
Жаңа сабақ бастайық.

Т: Жұмбақ: Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады. Бұл не?
Б: АЯЗ.
Тақтаға суреті ілінеді.
[pic]

Тақтада суреттер : «Артығын тап?»

[pic]
Б:Қияр артық деп табады.
Т: Неге қиряр артық?
Б: Қияр –көкөніс ал қалғаны жемістер.
Аяз суретінің жанына Қияр суреті ілінеді.

Жұмбақ: Қалың киімді ұнатады,
Шешендіргенде жылатады. Бұл не?

Б: Пияз. (Пияз суреті ілінеді) [pic]

Логикалық ойын: «Артық сөзді тап»

Сиыр, ешкі, қой, жылқы, қоян. Қай сөз артық?
Б: Қоян артық , өйткені қоян жабайы ал қалғандары үй жануарлары.

[pic] [pic]

Балалар суреттерді атап , тәрбиешімен бірге қайталап Т: Қандай әріп ерекше
естіледі?

Б: Я - дыбысы деп табады.

Я- дыбысы тақтаға ілініп, сипаттау жұмысы жүргізіледі.
Қандай элементтерінен құралған?

Я- хормен, жеке-жеке айтқызады , Я –дыбысы дауысты дыбысы деп анықталады.
Я-дыбысының тағы бір ерекшілігін байқату Я айтқан кезіңде екі дыбыс
естіледі әріп бір ал дыбыс екі бұлар Й-А қысқа й және А
дыбыстары.

[pic]

Я- таңбасын жазу жұмысы жургізіледі. ( тақтада, дәптерімен )

Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян.
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып секірді.

Т: Күзде қоштасамыз,
Көктемде қарсы аламыз.?
Б: Құстарды.
Т: Құстарды қайтып қарсы аламыз?
Б: Ұя жасап береміз.
Т: Жарайсыңдар! ҰЯ суреті ілініп ---дыбыстық талдау жасалады.
Текшелермен белгіленеді ( тақтада, карточкаларында).

Буын-ұйқас : Ян-ян қорқақ ....б: -Қоян.
Яз-яз ащы ....б:-Пияз.
Яр-яр дәмді ...б:-Қияр.

4 кезең бекіту: Қоян, пияз, аяз, .. тағы қандай сөздерде Я –дыб. бар?
Б: Аян, Саян, Аягөз ....т.б.
Бұл сөздердің барлығында Я-дыбысы бар.
Қорытындысы:
- Бүгін біз қай дыбыс және әріппен таныстық? Ол қандайсөздерде кездеседі?
-Қандай текшемен
белгілейміз?
-Неліктен ол сол текшемен белгіленеді?
Я- дыбысы, Я әрпі мен таныстық дауысты дыбыс, қызыл текшемен белгілейміз.
Т: Жарайсыңдар! деп белсенділер бағаланады.

Шығыс Қазақстан облысы
Глубокое ауданы Алтайский кенті
«Жаңа Ертіс орта мектебі» КММ

Дүниетану

Тақырыбы: Топырақ

2-сынып

Бастауыш сынып
мұғалімі:
Сүйіндінова Жанна
Ризабекқызы.

Мақсаты:
Білімділік. Топырақ жайлы және оның құрамы туралы түсінік беру, тәжірибе
арқылы көз жеткізу.
Дамытушылық.Оқушылардың байқағыштығын, ойлау қабілетін, түсінгенін жеткізе
білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік. Табиғатты аялауға, ұқыптылыққа, елін, жерін сүбге баулу. Өзіне
деген сенімділікке баулу.
Сабақтың типі: тәжірибелі , жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: ана тілі, география.
Сабақта қолданған әдіс-тәсілдер:Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап,
сарамандық жұмыс, веен диаграммасы, топтастыру стратегиясы.
Сабақта пайдаланған қөрнекіліктер: тәжірибе жасауға қажет заттар,
физикалық карта, суреттер,нақыл сөз жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Тәлім сәт:Әр ертеңгі күнге сенімділікпен қарау қажет, сонда ғана адамның
алдына қойған мақсаты мен тілегі орындалады.Ол үшін адам өз бойындағы жақсы
қасиеттерін аша білу керек.
Яғни , мен ақылдымын.
Білімділік деген мен,
Күш деген мен
Табиғатты сүюші мен
Отанды қорғаушы мен
Сауаттылық деген мен
Жастық шақ деген мен
Денсаулық деген мен
Бәрі біздің қолымызда, жақсы іс жасап, нәтиже көрсете білу де біздің
қолда!
Үй тапсырмасын тексеру:
1.Суға байланысты жазған шығармасын, мақал-мәтелді, жұмбақтарын оқыту.
2.Судың касиеттері жайлы, оларды қалай байқауға болатыны туралы жеке-жеке
мысалмен дәлелдету арқылы сұрап өту.
Өткенді пысықтау.
-Қазір балалар, қай жыл мезгілі?
-Күз айларын атайықшы?
-Қандай еңбек түрлері атқарылады?
-Қазір , біз, сендермен, алма бағында болып содан алма жинауға
көмектесейік.Әрбір алма артында сұрақтар бар, соларға жауап беруіміз керек.
Сұрақтарға-жауап беру арқылы жаңа сабақ тақырыбы шығады.

Т О П Ы Р А Қ
Жаңа сабақ.
Ой қозғау :-Балалар осы топырақ дегеніміз не?
Әрбір оқушының ойын тыңдау
Қортынды шығару.

Мұғалім түсіндіруі:
Топырақ дегеніміз- жердің бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабаты .
Яғни, топырақ құрамына өсімдіктердің , жан-жануарлардың , қалдықтарының
араласуы арқылы пайда болады.
Топырақ- құнарлы топырақ, құнарсыз болады екен.
Құнарлы топырақ арқылы еліміздің ауыл шаруашылығы өсіп өркендейді.
Кітаппен жұмыс.
Тәжірибелік жұмысқа дейінгі бөліктіоқыту.
Ақ қағазға топырақ салып анықтап қарату.
Не көріп тұрғанын, не бар екенін сұрау?
-Топырақ құрамын мұнан әрі анықтау үшін тәжірибе жасайық?
(Қарытындыны тақтаға іліп отыру)
1тәжірибе.1 кесек топырақты суға салайық.Не байқадық? Көпіршік шықты?
Бұл ауа. Ол қайдан шықты?
А У А
2тәжірибе.1 уыс топырақты темір қалбырға салып, отқа қыздырып, бетіне
шыныны ұстайық?
Не көрдік? Шыны бетіндегі су тамшысы.
С У
3 тәжірибе.Топырақты одан әрі қыздырдық.Көкшіл түтін шығады.Бұл не?
Өсімдік қалдық, тамыр жанды.
Ш І Р І Н Д І
4 тәжірибе.Шіріндісі жанп біткен топырақты салып араластырдық.
Лайланған суды тұндырып қойдық.
Стақан түбіне құм, бетіне саз шөгеді.
Қ Ұ М
С А З
Дәптермен жұмыс.
Топырақ құрамын жазғызу.

Сабақты бекіту.
Веен диаграммасы бойынша СУ мен Топырақты салыстыру.

Қорытындылау:
Сыр бойынының атақ ты күрішшісі Ыбырай Жақаев атамыздың нақыл сөзін айта
отырып.

Қорек көзі
Топырақ Тіршілік бесігі
Жер
Картамен жұмыс:
-Балалар қарайықшы , картадан қандай түстерді көруге болады?
Жасыл, сары, қоңыр, көк, т.б.
Олар нені білдіретінін сұрау.
-Бұл біздің жеріміздің кең екенін , алуан түрлілігін, табиғатымыздың
әсемдігін көрсетеді.
Сол үшін біз осы елімізді, жерімізді қорғап, аялап , сүйіп өтуіміз керек.

Бағалау. Өзіндік бағалау.

Үйге тапсырма:
Шығармашылық тапсырма: Топырақты тыңайту дегеніміз не? Сол жайында мағлұмат
жинап әкелу.

-----------------------

топырақ


Ұқсас жұмыстар
Тапқыр достар ойын
Топ жарған-2014
Ю дыбысы мен әрпі. 1 сынып
Балаларды сабаққа ұйымдастыру
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар, 1 сынып, әліппе
Жазу қатарындағы үлгіні жазу
Экскаватор сөзіне дыбыстық талдау жасау
Өлеңдегі жоқ сөздерді тауып өлең құрастыру
Оқушылардың құраған мәтінін тыңдау
Сөз және оның құрылымы
Пәндер