Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қазақстан - егемен ел жайлы ақпарат
Дүниетану 3 сынып
Пән мұғалімі :Сейдуллаева Сара , № 235 мектеп
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – егемен ел
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:
Оқушыларға Қазақстан Республикасының
құрылуы және оның географиялық жағдайын,
пайдалы қазбалары жайында білімдерін
жетілдіру. Қазіргі болып жатқан жаңалықтар
туралы мәлімет бере отырып, өмірмен
байланыстыру.
2.Дамытушылығы:
Танымдық ойлау қабілетін арттыру. Топта
жұмыс жасата отырып,бірінің пікірін бірі тыңдай
білуге дағдыландыру. Тәуелсіздіктің 20 жылды-
ғы
туралы білімдерін дамыту.
3.Тәрбиелік мәні:
Елін, жерін, салт-дәстүрін құрметтейтін жаны
таза, рухы мықты азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас, сайыс
Сабақтың типі: жаңа материалды
игеру
Сабақтың әдісі: түсіндіру,
баяндау ,талдау, тест, СТО техноло –
гиялары
Сабақтың көрнекілігі мен Қазақстан Республикасының
физикалық
құрал-жабдықтары: картасы, топ аттары,
маркерлер, слайдтар,
бейнеролик
.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сыныпты топтарға бөлу
1. Тренинг (оқушылардың барлығы орындарынан тұрып, баяу әуенмен қимылмен
көрсетеді)
Мен атқан таңды сүйемін.
Шуағын шашқан күнді сүйемін.
Аялаған анамды сүйемін,
Қоршаған бар әлемді,өзімді сүйемін!
2.Сынып назарын сабаққа аудару
Құралдарын тексеріп, сынып оқушыларын сабаққа дайындау.
ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс:
Өткен сабағымыздың тақырыбы «Кәсіптік мерекелер» деп аталатын.
Сол тақырып бойынша оқушылар топқа бөлініп, әр топ өздеріне тиісті тапсырма
алған болатын. «Еркін жазу» стратегиясы
1-топ: «Дәрігерлер тобы». Балаларда кездесетін жұқпалы аурулар және
олардың алдын алу шаралары.
2-топ: «Ұстаздар тобы». Оқу, білім туралы мақал – мәтелдер жазу, олардың
мағынасын ашу.
3-топ: «Мұнайшылар тобы». Мұнайдан алынатын заттар.
4-топ: «Диқаншылар тобы». «Нан дастарханға қалай келеді?»
Әр топ өз кәсіптерінің қиындығы мен қызығын, жетістіктерін айтады.
Топ мүшелері өз жұмыс жобаларын қорғап болған соң, кәсіптік мерекелерімен
құттықтап,
әр топты ерекше атап өтіп, мемлекеттің олардың еңбектерін бағалап, кәсіптік
мерекелерінде үздік жұмысшыларға сый-сияпат көрсетіп марапаттайтыны жайлы
айтып, мақтау қағаздары, алғыс хат беріп, төс белгі тағамын.
(Мақсатым: сыныптағы әрбір оқушы өзі таңдаған мамандығының қыр –сырымен
танысып,жауапкершілікті сезінуге,болашақта мамандық таңдауда қателеспеуге
үйрету)
.
ІІІ.Жаңа сабақ.
1. Қызығушылықты ояту:
«Ой шақыру» стратегиясы
Оқушылар мен сендерге жұмбақ жасырғалы тұрмын. Қазір тақтаға жасырын күн
шығады, ал әр сәулесіндегі теңеулерді бірге(хормен) айтамыз,дайынсыңдар ма?
-Иә (бірге)
Қонақжай
Баршамызға қымбат Батыр
Кең пейіл Көп ұлтты
Өнерлі
Қарқынды даму үстінде
Табиғаты тамаша
- Бұл қай мемлекет болды екен?
- Қазақстан!
- Дұрыс айтасыңдар бұл туы көкте желбіреп, шыңдары аспанмен таласқан
Қазақстан Республикасы.
- Жаңа өздерің көргендей барлықтарың бір ғана елдің дамып,
өркендеуіне ат салысқандарың үшін марапатталдыңдар. Бұл еңбек әрі қарай да
өз жалғасын табатынына сенемін.
- Қазір сендер мемлекетке қандай үлес қосудасыңдар?
- Мектепке келіп, сабақты жақсы оқып, тәрбиелі болу.
- Дұрыс айтасыңдар, мемлекеттің болашағы сендердің қолдарыңда, оған
үлкен дайындық қажет. Қазақстан « Ер Төстік » ертегісіндегі Ер Төстік
сияқты сағат санап, қарқынды дамып келеді.
- Бүгінгі өткелі отырған тақырыбымыз да «Қазақстан – егемен ел» деп
аталады.
Бейнефильм : «Көшпенділер» (үзінді көрсету 1 мин )
- Оқушылар өздерің көргендей ұлан-ғайыр еліміз жайлы бір ауыз сөзбен
айтып жеткізу мүмкін емес.
(Б.Тілеухановтың « Елім менің» өлеңі баяу қосылып тұрады)
Еліміздің тарихы үш мың жылдан асады. Қазақ халқының негізін ежелгі
тайпалар құраған.
Ол тайпалар жауынгер тайпалар болған. 1969 жылы Алматы облысындағы Есік
қаласының маңында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесі бүкіл әлемді дүр
сілкіндірді. Қорғаннан 7 метр тереңдікте жас сақ көсемінің сүйегі
табылды.Оның тәжінен аяқ киіміне дейін 4000 алтын алқа қадалған. Сақтар –
қазақ тайпаларының ежелгі ата-бабалары болып табылады.Одан кейін үш жүздің
басын біріктіріп,қуатты мемлекетке
айналдырған Тәуке хан (1680-1718) үлкен күш жұмсаса, қазақ жерін
жоңғарлардан түпкілікті тазарту жолында Абылай хан (1711-1780) басқарды.
Евразияның орталығында орналасқан қазақ жерінің жер көлемі 2724000 км ,
соңғы жүргізілген халық санағына сүйенсек 16 млн-ға жуық екендігін
көрсетіп отыр. Мемлекеттік тіліміз- қазақ тілі. Ұлтаралық тіл-орыс және
ағылшын тілдері болып табылады. Мемлекетіміз көп ұлтты болып саналады.
Оқушылардан қандай халықтар тұратынын сұрау. Елімізде орыстар, өзбектер,
ұйғырлар, кәрістер, гректер т.б ұлт өкілдері қазақ халқымен тату-тәтті өмір
кешуде. Республикамызда 14 облыс бар.
Оқушылардан өздері білетін облыстарды айтқызу.
Тақтадан 14 облыстың аты мен орналасу жерін көрсету.
1.Батыс Қазақстан облысы 7.Солтүстік Қазақстан облысы 13.Алматы
облысы
2.Атырау облысы 8.Ақмола облысы
3.Маңғыстау облысы 9.Қарағанды
14. Жамбыл облсы
4.Ақтөбе облысы 10.Оңтүстік Қазақстан облысы
5.Қостанай облысы 11.Павлодар облысы
6.Қызылорда облысы 12.Шығыс Қазақстан облысы
Қазақстан 5 мемлекетпен шектеседі, олар:
1.Ресей
2.Түркіменстан
3.Өзбекстан
4.Қырғызстан
5.Қытай
Басқару формасы тұрғысынан Қазақстан мемлекеті президенттік Республика
болып табылады. Конституцияға сәйкес мемлекеттің басшысы Президент болып
табылады.
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Әрбір тәуелсіз мемлекеттің өз туы, елтаңбасы, әнұраны болады.
(ҚР рәміздерінің авторларын сұрап өту)
Кітаппен жұмыс. «Түртіп алу» стратегиясы балалар мәтінді өз бетінше оқып
шығады.
Топтық жұмыс.
1. «Дәрігерлер» тобы: Қазақстанның болашағы дені сау ұрпақтың қолында
2. «Ұстаздар» тобы: ҚР рәміздері туралы
3. «Мұнайшылар» тобы: Қай облыстарда мұнай өндіріледі?
4: «Диқаншылар» тобы: Қазақстанда өсірілетін астық түрлері
Сергіту сәті :
[pic]
«Жүйріктер шықса жарысқа...» шағын интеллектуалдық ойын.
Шарты: Төрт топтан топ басшысы шығып, өзіне және топ мүшелеріне ұпай
жинайды.
Тақтада 14 облыс беріледі. Топ басшысы қалауы бойынша бір облысты таңдайды.
Әр облыс артына сұрақтар жасырылған.
Мысалы: «Дәрігерлер» тобының басшысы 5-ті таңдаса,5-номерлі Қызылорда
облысы тұрады. Облыс сұрағы: Құрметті жарысқа қатысушы топ басшысы.
Саған мынадай сұрақ қоямыз,жауап
беретініңе сенеміз.
Біздің облыстың біраз
жетістіктері бар.Соларды атай аласың ба?
«Ұстаздар» топ басшысы 7 – номерді таңдап Шымкент облысының сұрағына
жауап береді.
Жарысқа қатысушы
сайыскер,сайыста жеңіп шығуыңа
тілек білдіре отырып,сұрақ қойсақ
деп едік.
Сұрағымыз: Шымкент қандай аймақ?
«Мұнайшылар» 2- номерлі Ақтөбе облысының сұрағын тыңдайды.
Сәлем,жас сайыскер!
Біздің сұрағымызға еш қиналмай-ақ
жауап бере аласың.
Сұрақ: Біздің облысымыздың атын
шығарып жүрген не деп
ойлайсың?
Алдын ала рахмет,жеңіске жетуіңе
тілектеспіз.
«Диқаншылар» топ басшысы 14- номерді таңдап Қарағанды облысының сұрағына
жауап беруіне мүмкіндік алды.
Құрметті топ басшысы,ең әуелі
біздің облысымызды таңдағаныңа
алғысымызды білдіреміз.
Ең әуелі саған шыңдардан көріне
бер демекпіз.Саған қояр
сұрағымыз мынадай:
Қарағанды облысының мақтанышын
айта аласың ба?
Топ басшылары толық жауап берген облыстың алғыс хаттарымен марапатталады.
«Жұпта талқылау» стратегиясы. «Ел таныған Қазақстан» бейне сұрақ
1. Жақында өткен 7 ші қысқы Азиадада Қазақстан қанша медаль алды?
Дұрыс жауабы: 70 медаль(32 алтын, 21 күміс, 17 қола)
2. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін қашан алды?
Дұрыс жауабы: 1991 жылы 16 желтоқсан Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекетке
айналды
3. Еуропадағы қауіпсіздік-ынтымақтастық ұйымына(ОБСЕ) 2010 жылы қай
мемлекет төрағалық етті?
Дұрыс жауабы: Қазақстан Республикасы
4. Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына арналған қандай іс – шараларға
қатысасың?
Жауабы: Балалар өз ойын айтады.
Қорытынды: Тест
1.Сақ жауынгері немен көмкерілген ?
А.алтынмен
Ә.күміспен
Б.қоламен
2.Қазақстан Республикасының жер көлемі:
А.2700000 км
Ә.2247000 км
Б.2724000 км
3.Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?
А.6
Ә.5
Б.4
4.Республикамызда неше облыс бар?
А.15
Ә.12
Б.14
5.Мемлекеттік тіліміз:
А.орыс тілі
Ә.қазақ тілі
Б.ағылшын тілі
Үй тапсырмасы: Мәтін бойынша әңгімелеу жұмысы, « Туған жер
» тақырыбына
5 мақал – мәтел жазып,
Қазақстанның табиғаты жайлы суреттер
ден альбом жасау.
Бағалау: Топтар өз жұмыстары және топ
басшысының нәтижесі , тест
бойынша бағаланады.
-----------------------
Қазақстан
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz