Ms word мәтіндік редакторында жұмыс істеу. 8 сынып

Сабақтың тақырыбы: «MS Word мәтіндік редакторында жұмыс істеу»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Word бағдарламасы бойынша оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру, редактормен жұмыс жасау ережелерін бекіту;

2. Дамытушылық: Ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

3. Тәрбиелік: Тәртіпке, ұқыптылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: пысықтау, білім, іскерлік пен дағдыны жетілдіру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ, жеке және топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, Word мәтіндік редакторы, слайд, интерактивті тақта, венн диаграммасы, тесттер, электрондық оқулық, таратпа карточкалар т. б.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, екі топқа бөлу, қызығушылықтарын ояту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Венн диаграммасы ұсынылады. Оқушылар 7 сыныпта өткен WordPad мәтіндік редакторы мен Word мәтіндік редакторының мүмкіндіктерін жазады.

ІІІ. Негізгі бөлім

1. Информатикалық диктант

1. Microsoft Word-ты іске қосу әрекетін жаз

2. Терезе элементтерін рет ретімен жаз

3. Меню жолы командаларын ретімен жаз

4. Редакциялау дегеніміз- . . .

5. Мәтінді форматтау дегеніміз

6. Құжаттың әрбір бетінің жоғары немесе төмен жағына басылатын мәтін немесе сурет не деп аталады?

7. Microsoft Word-та кестені құру әдісін жаз

8. Microsoft Word суреті қалай қойылады?

2. Құралдарды сәйкестендір

Тақтадағы құралдарды оған сәйкес келетін қызметімен сәйкестендіреді.

1-топ «Стандартты» құрал-саймандар тақтасы

құжатты ашу

құжатты сақтау

буферден қою

құжат құру

басылымды қарап шығу

баспаға жіберу

буферге көшіру

буферге қиып алу

масштаб

болдырмау

2-топ «Форматтау» құрал-саймандар тақтасы

курсив

қаріп өлшемі

жартылай қалың

сол жақ бойынша туралау

оң жақ бойынша туралау

асты сызылған

ортасы бойынша туралау

маркерлер

жоларалық интервал

автонөмірлеу

3. Дұрыс жауапты тап

Дұрыс жауапты жасыл түспен, қате жауапты қызыл түспен бояңдар.

Пішімдеуді орындай отырып, былай жасауға болады:

Әр түрлі қаріптерді пайдалануға
Сурет қоюға
Мәтінді қоршаудың әр түрлі типтерін пайдалануға
Әр түрлі қаріптерді пайдалануға: Мәтіннің жекеленген бөліктерін көшірмелеуге
Сурет қоюға: Жоларалық интервал тағайындауға
Мәтінді қоршаудың әр түрлі типтерін пайдалануға: Мәтінді файл түрінде сақтауға
Әр түрлі қаріптерді пайдалануға: Беттің параметрлерін (жұмыс өрісінің шекаралыр өзгертуге)
Сурет қоюға: Мәтінді принтерде басып шығаруға
Мәтінді қоршаудың әр түрлі типтерін пайдалануға: Бетте мәтінді туралауға
Әр түрлі қаріптерді пайдалануға: Мәтінді тізім түрінде жазуға
Сурет қоюға: Мәтінді бағандарға бөлуге
Мәтінді қоршаудың әр түрлі типтерін пайдалануға: Символдың, абзацтың, беттің сипатын тағайындауға

4. Ішіне-сыртына

Қажетті сөздер: windows, меню жолы, колонтитул, принтер, enter, меңзер, модем, стандартты тақта, форматтау тақтасы, монитор, сызғыш, пернетақта,

Ішіне
Сыртына
Ішіне:
Сыртына:

5. Практикалық жұмыс

Тапсырма №1:
2. Берілген мәтінді тер және бірінші сөйлемнің бірінші сөзін жартылай қалыңдатып жаз, екінші сөйлемнің екінші сөзін жантайтып жаз және үшінші сөйлемнің үшінші сөзін астын сыз.
Жаңылтпаш - қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылтпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру, жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылтпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде келеді.

Тапсырма №2:
2. Мына берілген мәтінді тер және оны көшіріп төрт рет жаз. Туралау әрекеттерін орында (оң, сол, ортасына, екі жақ шеттері бойынша) .
Жаңылтпаш - қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылтпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру, жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылтпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде келеді.

Тапсырма №3:
1. Мына мәтінді теріп, жол аралық интервалын 2, 0см. етіп орында.
Алтын емле белбеу - алтын шапқан, әшекейленген белбеу.
Берен белбеу - қымбат металдан жасалған белбеу.
Гауһар кәмәр - гауһармен сәнденген белбеу
Зер белбеу - алтынмен әшекейленген белбеу.
Қамар белбеу - зерлі, әшекейлі белбеу.

Тапсырма №4:
2. Мына мәтіннің шрифтінің атын және номерін өзгертіп жаз.
Қамаштан көріп қалашты,
Қалашқа Жарас таласты.
Бөлінсін десең қалаш тең,
Таласпа Жарас Қамашпен.

Тапсырма №5:
1. А. Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жазып,
«Абай» атауымен сақтап қойыңыз.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.


Ұқсас жұмыстар
Microsoft Office Word мәтіндік редакторында кестемен жұмыс
Microsoft office Word редакторында кестемен жұмыс
Ms word редакторында жұмыс атқару
Microsoft word-та құжаттарды құру және форматтау
Мәтіндік редакторларды оқыту әдістемесі
Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыс
Блоктарға мәтін енгіз
Ms word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері. 8 сынып
Word мәтіндік редакторында тәжірибелік жұмыс
Фигуралық мәтін кірістіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz