Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ақпарат көздерімен жұмыс жасау түрлері


Төреқұлова Лида Төребекқызы
Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімі
Ақпарат көздерімен жұмыс жасау түрлері
Технологиялық білім сыныпта АКТ-ны қолдану жөніндегі білімдерді қамтиды.
| Мектептегі технологияларға мыналар жатады: |
|Теледидар бағдарламалары; |
|Сандық теледидар; |
|Интернет/ WWW; |
|Ұялы телефон; |
|Ұтқыр қондырғылар; |
|Компьютер/ноутбук. |

Сандық бейнені (видео) қолдану
Бағдарламалық жасақтама (БЖ)
Windows-тың көшірмелерінің көбісінде бейнені редакциялауға мүмкіндік
беретін тегін және қолданыста өте жеңіл Windows MovieMaker бағдарламалық
жасақтамасы бірге жүреді. БЖ-ның тегін болуына қарамастан, бейнені
редакциялауда таптырмайтын құрылғы. Осы БЖ-ның бізге ұсынатын мүмкіндіктері
құны жүздеген фунтқа жететін басқа бағдарламалар ұсынатын мүмкіндіктерден
еш кем түспейді. Бірақ бұл құрылғыда қолданушылардың көбі әдетте қолдана
бермейтін бірқатар жоғары техникалық функциялар жоқ. БЖ орнатылған iMovie
деп аталатын Macintosh компьютерінің көбісінде осыған ұқсас функциялар
орналастырылған.

Кейде бейнекамераны қолдану қиын болып жатады, дегенмен Сізде камерамен
бірге жүретін диск және қолдану жөніндегі нұсқаулық болса, жұмысыңыз
жеңілдейді. Бағдарламалық жабдықтарды сенімді түрде колданудың жалғыз жолы
– оларды пайдалануды бастау. Ол үшін кез келген қысқа бейнеклипті жүктеп
алып, өзіңіздің бағдарламалық жасақтамаңызға енгізіп, онымен мұқият жұмыс
істеңіз. Бұл жұмыс алғашында біраз уақытыңызды алуы мүмкін, бірақ кейіннен
жеңіл және жылдам жұмыс істеуіңізге мүмкіндік береді.
Жарықтандыру
Бұл нағыз проблема болуы мүмкін. Сандық камералардың көбінде автоматты
жарықты икемдеу функциясы бар. Түсіп тұрған жарық көзі сай болып, әрі
камераңыз жылжымай, бір жерде тұратын болса, бұл функция ыңғайлы болады. Ал
камераңыз орын ауыстырып, жарық түсу деңгейі өзгеріп тұрса, бұл нағыз
проблемаға айналуы мүмкін. Егер камераңыздың орнын ауыстырып тұруды
жоспарласаңыз, орын ауыстыру жолын алдын ала ойластырыңыз, өйткені дұрыс
емес орынға (мысалы, терезеге арқаңызбен) тұрып қалуыңыз мүмкін.
Фотосуреттерде жарық деңгейін өзгерту айтарлықтай оңай, Windows MovieMaker
сияқты кейбір бейнебағдарламалар да жарық деңгейін өзгертіп, редакциялай
алады. Бірақ жарықтандыру мәселесін алдын ала ойластырып алған дұрыс.
Микрофондар
Көптеген камералардың орнатылған микрофоны бар, бірақ Сізге түсіріп
жатқан бейнеңіздің дыбыстық жолы маңызды болса, екінші микрофоныңыз болғаны
дұрыс. Кейбір сандық бейнекамералардың екінші микрофонды қосуға арналған
3,5 мм ұясы болады, Микрофонды қосар алдында камераға орнатылған
микрофонның өшіріліп, теңшеулердің барлығын жөнге салғандығыңызды және
микрофонды ұстау ыңғайлы екендігін тексеріңіз (ұзын сымы бар микрофон
пайдаланыңыз). Тағы бір тәсіл – саундтрек және баяндауды бөлек жазып, кейін
оны қосу. Бейнені редакциялауға арналған БЖ Сізге саундтректерді кейіннен
қосуға мүмкіндік береді (бірнеше рет те қосуға болады).
Аудио және подкастинг
Подкастинг – бұл балаларға өз жұмысы мен жаңалықтарын Интернеттегі өте
үлкен аудиториямен бөлісудің керемет тәсілі. Мектеп ұжымы не істеп
жатқандары туралы айту үшін және балаларының жетістіктерін мерекелеу үшін
Интернетті жиі пайдаланады, ал подкастинг – бұны көрсетудің тамаша тәсілі.
Подкаст деген не?
Подкаст радиоқойылымға ұқсас (интернетте орналастырылған, цифрланған
бағдарлама). Бірақ тікелей эфирден шығарудың орнына подкаст жазылады және
кейіннен кез келген уақытта тыңдай алатындай етіп Интернет арқылы
таратылады. Жалпыға қызықты ойын-сауықтан бастап белгілі тақырыптар бойынша
(мысалы, компьютерлер/ музыка/ білім) мамандандырылған мыңдаған қолжетімді
подкасттар бар.
Қалай тыңдау керек
Сіз подкасттарды оларды жасаған адамдардың web-сайттарынан тікелей тыңдай
аласыз (төмендегі кейбір мысалдарды қараңыз). Бірақ Сізге iPodder және
iTunes сияқты БЖ пайдалана отырып, подкасттарға «жазылуға» болады. Бұл
бағдарламалар соңғы шоуларды автоматы түрде жүктейді және Сіз оларды өз
компьютеріңізден және/немесе mp3 плеермен тыңдай аласыз. Подкастқа жазылу
үшін Сізде RSS таспа (бұл ақпарат подкасттың web-сайтында болуға тиіс) болу
керек. iTunes-те анықтама бар, Сіз тек «Жазылу» («Subscribe») түймесін
басып, шоуға жазыла аласыз.
Подкаст жасаудың балалар үшін қандай пайдасы бар?
Өз жұмысын көрсету үшін оларға мыңдаған адамнан тұратын әлеуетті
аудиторияны құрады.
Сауаттылық дағдыларын дамытуға көмектеседі (сценарийлер, сұхбат жазу және
т.б.) әрі балаға сөйлеу машықтарын іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді,
сонымен қатар олар АКТ-ны қолдану жөнінде белгілі бір дағдыларды үйренеді.
• Подкасттар интерактивті болуы мүмкін және аудитория өз пікірлерін білдіре
алады, бұл балаларға олардың жұмысы туралы бағалы кері байланыс алуға
мүмкіндік береді.
• Подкаст құру командамен жұмыс істеу машықтарын дамытуға да үлкен пайдасын
тигізеді. Тамаша бағдарлама жасауға ұмтылғандықтан, балалар бір-бірімен
ынтымақтасуға тырысады.
Подкастты қалай құруға болады?
Мектеп подкасты мектептің web-сайтына орналастырылатын бір оқиғадан
бастап, келушілер RSS таспасы арқылы жазыла алатын музыкасы мен сұхбаты бар
апта сайынғы радиоқойылымға дейін өзгере алады. Сіздің подкасттың қандай
болатыны жеке өзіңізге ғана байланысты.
Подкаст құру үшін Сізге жазатын құрылғы (ішкі және сыртқы микрофон) мен
Audacity бағдарламалық жасақтамасы (http://audacity.sourceforge.net/) бар
компьютер қажет. Бұл бағдарламалық жасақтама тегін жүргізіледі және Сізге
жазба жасап, содан кейін оны mp3 файл ретінде экспорттауға мүмкіндік
береді. Кейінірек Сіз оны мектептің web-сайтына жүктей аласыз.
Сондай-ақ төмендегілерді пайдалана отырып, өзіңіздің подкастыңызды
әзірлей аласыз:
Жазбаны ғимарат ішінде емес, mp3 плеерінің жазба құрылғысын пайдалануға
мүмкіндігі бар нақты бір жерде, мектептің жанында немесе ұжыммен серуенге
шыққанда жазып көріңіз. Сонда Сіз бұл түсірілімді өз компьютеріңізге
жүктеп, шоуыңызға қоса аласыз.
Подкастшыларға арналған плей-парақтарының күйін келтіруге және
подкасттардан тікелей mp3-ке жазуға мүмкіндік беретін күрделі бағдарламалық
жасақтама Mixcast Live (PC) пайдаланыңыз. Сонымен қатар өзіңіздің мектеп
подкасттарыңыз үшін iTunes және Nicecast комбинациясын пайдалануыңызға
болады.

Подкастқа не қосуға болады?
Мектеп жаңалықтары – балалар мен ата-аналарға мектепте не болып жатқаны
туралы хабарлаудың тамаша тәсілі.
Балалар жұмыстары – балалар өз жұмысын басқа біреулермен бөліскенді жақсы
көреді. Олардан өз бастарынан кешкен оқиғалары жайлы жазуды немесе мектепте
жасап көрген іс-әрекеттері туралы есеп жазуын сұраңыз.
Мектеп өлеңдері.
Сұхбат – мектеп ұжымымен, балалармен, қоғамдастық мүшелерімен және мектепке
келушілермен.
Музыка – авторлық құқықтың бұзылатынына байланысты подкасттарда
коммерциялық музыканы пайдаланбағандарыңыз жөн. Авторлардың ресми келісімін
алған жағдайда ғана подкасттарда автор музыкасын пайдалануға рұқсат
беріледі.

Wiki беттері
Wiki дегеніміз не?
Wiki бір топ адамға HTML немесе басқа бағдарлама тілін білмей-ақ, web-
сайтты бірлесіп дамытуға мүмкіндік береді. Кез келген адам wiki-де беттерді
қоса алады немесе редакциялай алады – бұл толық эгалитарлы (тең құқылы)
болып табылады. Беттің атымен жаңа сілтемені жасай отырып, кез келген адам
wiki-дің жаңа беттерін жасай алады. Беттер иерархиялық қағидатпен емес,
олардың арасындағы гиперсілтемелермен байланыстырылған.

Білімнің технологиялық аспектілері (БТА)
Сандық сауаттылық – бұл сандық технологияны пайдалана отырып, ақпараттың
орналасқан жерін анықтау, ақпаратты ұйымдастыру, түсіну, бағалау және құру
қабілеті. Техникалық жағынан сауатты болу оқушылардың сандық құралдарды
пайдалана білуін + сыни тұрғыдан ойлауын + әлеуметтік хабардарлығын + оқуға
әлеуметтік тартылуын білдіреді. Төмендегі диаграммада онлайн және
смартфондарда қолжетімді web 2.0 құрал-жабдықтарының кейбір түрлері
көрсетілген

Мазмұнды білудің технологиялық аспектісінің электрондық қауіпсіздігі
БАҚ-пен жұмыс істеудегі құзырлылық дәстүрлі және жаңа байланыс қызметтері
ұсынып отырған мүмкіндіктерді пайдалану үшін адамдарға да, қоғамға да
машықтарды, білім мен түсінікті игеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар БАҚ
көздерімен жұмыстағы құзырлылық адамдарға мазмұнды және коммуникацияларды
басқаруға, осы қызметтерді пайдаланумен байланысты әлеуетті тәуекелдерден
өзін және өзінің отбасын қорғауға көмектеседі.
Бірақ мұғалімдердің негізгі рөлі оқушыларға Интернетті қауіпсіз
пайдалануды үйретуге негізделеді.
Ең үлкен қауіп: жеке ақпаратты ашатын оқушылар
Шын мәнінде тыйым салынған деректерді онлайн-режимде көру оқушылар үшін
аса қауіпті емес. Өзі туралы ақпаратты көрсететін баланың аңқаулығын
пайдаланатындардан нақты қауіп төнеді. Әсіресе тіл алмайтын жасөспірімдер
ата-аналарының ескертулеріне көңіл бөлмейтіндіктен болар, соларға көп қауіп
төнеді. Бала өзі туралы, мысалы үйдің телефоны немесе мекенжайы туралы жеке
ақпаратпен онлайн бөлісуінен туатын қатер әдепсіз суреттер қараудан
әлдеқайда қауіпті.
Интернетті пайдалану кезінде балаларыңызға жеке ақпаратты сақтауды үйрету
Сіздің негізгі міндетіңіз болуы тиіс. Қандай жағдай болмасын Сіздің
балаларыңыз Интернетте өзінің атын, телефонының нөмірін немесе мекенжайын
толық жазбауы тиіс.
Технологиялық, педагогикалық және мазмұнды білім (ТПМБ)
5-кесте АКТ-ны енгізу кезінде мұғалімдердің тәсілдеріндегі
өзгерістерді көрсетеді.
5. 5-кесте. Мұғалімдердің АКТ-ны қолданудағы тәсілдері
|Дәстүрлі педагогика |Жаңа педагогика |
|Кітапта қанша бар болса, сонша және |Нені білуді және нені еске сақтауды |
|мұғалім қанша айтса, сонша білу |шешу |
|Мұғалім оқушыға білім береді |Мұғалім оқушыларға ақпаратты |
| |бағалауға, таңдауға, ұйымдастыруға |
| |және сақтауға көмектеседі |
|Мұғалім оқу үшін оқушылар қағазға |Оқушылар дискке жазады және желіде |
|жазады |жариялайды |
|Анық, қолмен жазылған есеп |Кәсіби, қағазға басылған құжаттар |
|Оқушылардың ақпарат көздерін таңдауы |Оқушылар жеке таңдау жасайды деп |
|шектеулі |күтіледі |
|Оқушылар бір-бірінен жазбаны жасырады |Оқушылар өз жұмыстарын редакциялау |
|және мұғалімге ғана оқуға болады |және тексеру кезінде пікір ал |


Ұқсас жұмыстар
Кітап - рухани қазына
Шығармашылық жұмыстар
Журналистика негіздері
Үнді мұхиты
Power Point бағдарламасының мүмкіндіктері
Ақпараттандырылған сабақ
Қонақтың сөзі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық-коммуникативтік технологияның мүмкіндіктерін қолдану
Ұбтға дайындық математика
Жай қарындаш. мүмкін ол тіптен ондай қарапайым емес те шығар?
Пәндер