Сабақ жоспары :: География

Файл қосу

Оңтүстік америка. жағалауындағы мұхиттар. жер бедері мен пайдалы қазбалары, зерттелу тарихы





АШЫҚ САБАҚ

Пәні: Жаратылыстану
Тақырыбы: <<Жер ғаламшары>> тарауы бойынша қайталау және <<Физикалық дене.Зат.Салмақ>>.
География пәні мұғалімі: Тұрарова Баян.

<<Жер ғаламшары>> тарауы бойынша қайталау және жаңа тақырып <<Физикалық дене.Зат.Салмақ>>.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: жер ғаламшары тарауы бойынша алған білімдерін қорытындылау, жинақтау, материалды меңгеру дәрежесін тексеру. Жаңа тақырып бойынша физикалық дене, зат,салмақ ұғымдарын түсіндіру.
Дамытушылығы: оқушылардың топпен жұмыс істеу қабілетін арттыру, есте сақтау дағдыларын дамытып,өтілген материалды жүйелей білуге баулу.
Тәрбиелік: тапқырлыққа, белсенділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: дүние жүзінің физикалық картасы, глобус, атлас, слайдтар.
Сабақтың түрі: қайталау,жинақтау сабағы және жаңа сабақ.
Сабақтың типі: сайыс сабағы және жаңа ұғымды меңгерту.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, ауызша әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
* Ұйымдастыру.
Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді, әр топтың топ басшылары бар. Олар оқушылардың білімін бағалайды. Топтарға бағалау парағы таратылады.
Балалар, бүгін біз <<Жер ғаламшары>> тарауы бойынша алған білімімізді жүйелеп, қорытындылау мақсатында сайыс түрінде өткізгелі отырмыз, сонымен қатар біз жаңа тараудың тақырыбымен танысамыз.
І кезең: <<Даярлық байқауы>> (Ой қозғау).
ІІ кезең: <<Тез жауап>>.
ІІІ кезең: <<Географиялық лото>>.
IV кезең: Жаңа сабақ түсіндіру.
V кезең: Сабақты бекіту.
І кезең: Даярлық байқауы. Оқушылардың сайысқа дайындығына және жинақылығына зер салу үшін ой қозғау сәті. Әр топқа жұмбақтар интерактивті тақтадан көрсетіледі.
І-топ
* Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,
Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.
Жаһанның жерін,суын, жәндіктерін
Іші кең, бәрін салса толмайтұғын. (Жер, аспан)
* Үлкен-үлкен түйені,
Тастапты адам шөгеріп.
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп. (Тау)

ІІ-топ
* Тұрғыны жоқ елдер
Үйі жоқ қалалар
Ағашы жоқ ормандар
Суы жоқ теңіздер.
Бұл не? (Географиялық карта)
* Бар ма, жоқ па
Оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде
Өмір сүріп жүрмейсің. (Ауа)
ІІ кезең. <<Тез жауап>>.
1-топ.
* Жер нешінші ғаламшар? (3)
* Жер Күнді межеленген уақытта толық айналып өтуін не дейміз? (жыл)
* Құрлықтың жан-жағын мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан ірі бөлікті не деп атайды? (материк)
* Жер бетінің қанша пайызы су? (71%)
* Ең алғашқы өте дәлдікпен берілген карта XVI ғ. басында қайда жасалды? (Еуропада)
* Жер шарында қанша мұхит бар? (4)
* Жердің ішкі құрылымын ата. (ядро, мантия, жер қыртысы)
* Жердің қатты қабаты? (литосфера)
* Емдік сулардың шығып жатқан жері? (арасан)
* Тынық мұхиттың ең терең жері? (Мариан шұңғымасы)
* Жер бетінің құнарлы қабаты? (топырақ)
* Табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су? (өзен)
* Өзеннің басталар жерінен құяр жеріне дейінгі аралықты не дейді? (өзеннің алабы)
* Жердің ауа қабаты? (атмосфера)
* Белгілі бір аймақтағы ұзақ жылдар бойы қайталанатын атмосфераның төменгі қабатының жағдайын не дейміз? (климат).
2-топ.
* Жер шарының кішірейтілген моделі? (глобус)
* Жердің табиғи серігі? (Ай)
* Материктердің аралығында орналасқан үлкен сулы алқаптарды не дейміз? (мұхиттар)
* Жер бетінің қанша пайызы құрлық? (29%)
* Картада көгілдір түспен не бейнеленген? (Су)
* Жер шарында қанша материк бар? (6)
* Тау жыныстарының негізгі үш типін ата. (Магмалық, шөгінді, метаморфты)
* Жердің су қабығы? (гидросфера)
* Су табиғатта неше күйде кездеседі? (3)
* Дүние жүзілік мұхиттың бөліктері? (теңіз,шығанақ, бұғаз)
* Топырақтану ғылымының негізін салушы орыстың жаратылыстанушысы? (В.В.Докучаев)
* Өзеннің құяр жері не деп аталады? (өзеннің сағасы)
* Үнді мұхиттың ең терең жері? (Зонд шұңғымасы)
* Ауа қандай газдардың қосындысы? (Оттегі,азот,көмірқышқыл,аргон)
* Белгілі бір жердегі тәулік ішінде болатын атмосфераның төменгі қабатының жағдайы не деп аталады? (Ауа-райы).

ІІІ кезең: <<Географиялық лото>>. Әрбір топ слайд бойынша көрсетілген суреттің атауын тауып, картадан көрсетуі керек.
І топ:
* Дүние жүзіндегі ең ыстық материк? (Африка)
* Дүние жүзіндегі ең үлкен материк? (Еуразия)
* Дүние жүзіндегі ең кіші және құрғақ материк? (Австралия)
* Дүние жүзіндегі ең ылғалды және жасыл материк? (Оңтүстік Америка)
* Жер бетіндегі ауданы жағынан ең үлкен арал? (Гренландия)
ІІ топ:
1)Мұз жамылған материк? (Антарктида)
2)Ең ұзын мұхит? (Атлант)
3)Ең үлкен және ең терең мұхит? (Тынық)
4)Жер бетіндегі ауданы жағынан ең үлкен көл? (Каспий)
5)Ең ұзын өзен? (Ніл)
IV кезең: Жаңа сабақ түсіндіру.
Жаңа тақырып: <<Физикалық дене.Зат.Салмақ>>.
Табиғаттағы заттар қандай күйде кездеседі? Мысал келтіріңдер.
Физикалық дене дегеніміз - бізді қоршаған заттар ( машина, үй, жиһаз, ойыншықтар,т.б.).
Зат дегеніміз - физикалық дененің құрамдас бөліктері ( оттегі, ауа, су,т.б.)
Сұйықтың молекулалары бір-біріне тартылып тұрады, яғни сұйықтың қабығы бар тәрізді болады, мұндай байланысты беттік керіліс деп атайды.
Кез-келген физикалық дененің құрамында белгілі бір мөлшердегі заттар және олардың өзіндік салмағы болады. Салмақты негізінен таразымен өлшейді, масса бірлігіне килограмм (кг) пайдаланылады.
V кезең: Сабақты бекіту.
1.Физикалық дене дегеніміз не?
2.Зат дегеніміз не?
3. Салмақтың өлшем бірлігі?
Қорытындылау: Әр топтың қорытынды ұпай санын шығарып, бағаланады. Топтағы белсенділік танытқан оқушыларды атап өтіледі.


Ұқсас жұмыстар
Африка материгі. 7-сынып
Оңтүстік жарты шар материктеріне сипаттама бер
Солтүстік жартышар материктері
Формативті бағалау
Солтүстік Американың жер бедері және пайдалы қазбалары
Аустралия материгінің географиялық орны ,жер бедері ,пайдалы қазбалары мен зерттелу тарихы
"жаратылыстану ғылымы және Қазақстан" факультатив курсының бағдарламасы. 11 сынып
Африка материгі
География ғылымының негізгі ерекшеліктері
Сабақ жоспарлары. 7 сынып
Пәндер