Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

С.бегалин "бала шоқан" әңгімесі 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: С.Бегалин <<Бала Шоқан>>
Білімділік мақсаты: Шығарманың мазмұнын меңгеру, идеясын тану
арқылы Ш.Уәлихановтың тұлғалық қасиетін ашу.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өзіндік ой қорыту, таным
қабілеттерін, шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілік қасиеттерге,уәдеге беріктікке, өнерді
бағалай білуге тәрбиелеу.
Түрі: іскерлік дағдыны қалыптастыру.
Әдісі: сұрақ-жауап, проблема туғызу, сатылай кешенді талдау,шығармашылық ізденіс
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, С.Бегалин портреті,
Ш.Уәлихановты портреті,ермексаз, карта.
Жүрісі:
І.Ұйымдастыру.
ІІ Үй тапсырмасы
<<Бала Шоқан>> әңгімесін оқып, мазмұнын біліп келу.
1. Шығарманың авторы С.Бегалин туралы не білесіңдер?
2. <<Зерделі сұрақ, ұтымды жауап>>
1. Мысық неден және қандай мүсіндер жасады?
2.Мысық неге сонша жасақаншақ болды?
3.Шығармадан Шоқан бойынан қандай қасиеттер байқадыңдар?
4. Мысық деп кімді айтады?

3. Шоқан қандай? ( мінездеме)
1.Мысық Шоқанды неге асыға күтті? Осы оқиға үстінде Шоқанға қандай мінез сай
келеді?
2.Мысық Шоқан ауылына баруға неге қорқады?
3.Жақып мысықты неге соға алмады?
4.Шоқан әкесінен неге бөлініп кетті?
5.Әңгіме қалай аяқталып еді?

4. Сұрақтар (кейіпкерлердің іс-әрекетін табу)
1.Бұрынғыдай емес, Шоқанға бойы үйренген Мысық тартынбай келеді. Бұлар үйге таянғанда алдарынан кім шығады? ( Шоқанның інісі Жақып шығады)
2. Иә, мен кетемін. Бағана айтқаным қайда, ұрсады, сабайды деп. Осыны айтып, Мысық есікке қарай шегіншектей бергенде не болды?
( сырттан үйге кіріп келе жатқан Шоқанның әкесінің тізесіне соқтығып, етпетінен құлады)
3. Бауырсақты бір-бірлеп жеп, қымызды имене жұтып отырған Мысыққа Шоқан не айтты?
( - Сен немене, әлі қорқып отырсың ба? Жеп қой бауырсақты,қалғанын етегіңе салып ал,-деді оған тостағанды ысырып.)
4. Кімнің қасында отырған Жақып қолына шыбыртқы ұстап, әлі де Мысыққа өшіге қарады? ( Үлкен ақ сары әйелдің)

5. Шығарманың композициялық құрылысына сатылай кешенді талдау
1.Шығарманың тақырыбы

2.Шығарманың авторы
3.Жанр түрі
4.Оқиға орны
5.Кейіпкерлер
6.Сөздіктер
7.Жазушы идеясы
8.Әңгіменің басталуы
9.Әңгіменің байланысы
10.Әңгіменің дамуы
11.Әңгіменің шарықтау шегі
12. Әңгіменің шешімі
6. Семантикалық кесте ( қай кейіпкердің сөзі?)

кейіпкерлер

Жақып
Шоқан
Шыңғыс
Мысық
Сары бәйбіше
Сыдық
-Не бересің,бауырсақ бересің бе,қант бересің бе?

-Өй,өзін қара,неге келдің,шық үйден

-Әй,жарайды,бара ғой екі айтпаған жақсы

-Өй,кет, былай жолдан!

-Біздің ауыл қыстауға көшеді. Сен осында қаласың ғой,енді аман бол!

-Ей,сен қай ауылдың баласысың?Мұнда қайдан келдің?

Иә,дәл өзі.Бірақ мына қойының құлағы тым үлкен екен.

7. "Ой жинақта, жоспарла"
І. Мүсінші Мысық
ІІ. Өнерді сүйген Шоқан
ІІІ. Уәде еттің, орында
8. Жазушы естелігі
"Шоқан өміріне қатты құмарттым. Оның өмірбаянының бәрін қамтуды мақсат тұтпадым. Мен Шоқан өмірінің бір сәтін іздедім. Тапқан да сияқтымын. Ол-Шоқанның кеңсе күзетшісінің баласы Мысықтың балшықтан ойыншық мүсінін жасағанын көріп, талабын танып, оны өзімен бірге оқуға алып кетуі. Әсіресе, осы оқиға маған қатты ұнап, хикаят жазуға ұстылдырды. "Бала Шоқанды" осылай жаздым"
9. <<Ой түю>> Шоқан кім?
зерттеуші әдебиетші
Тарихшы ғалым жаратылыстанушы саяхатшы
10.Шығармашылық шыңы-ізденіс
* Шоқан-саяхатшы
* Шоқан-тарихшы
* Шоқан-әдебиетші
* Шоқан-зертеуш
11. Қорытынды: Бұл күнде аты мәшһүр дана Шоқан,
Өр тұлға, кесек ойлы дара Шоқан,
Қазақтың аспанында жұлдыздай боп,
Жарқырып ағып өткен баба Шоқан. М.Ементаев
(Шоқан атамызды бейнелеуде ақын қандай көріктеуіш құралдарды қолданған?)
Дана, дара, баба, кесек ойлы, өр тұлға- эпитет
Жұлдыздай-теңеу
Өлең ұйқасы-қара өлең
12.Үйге тапсырма:
"Шоқандай болғым келеді"
( шағын шығарма жазу)














Махамбет атындағы орта мектеп

Сабақтың тақырыбы: <<Бала Шоқан>>

( ашық сабақ)

6 сынып

Пән мұғалімі: А.Т.Қайырлиева




2012 жыл

Жақып
Шоқан
Мысық
Шыңғыс
Сары бәйбіше
Сыдық
-Не бересің,бауырсақ бересің бе,қант бересің бе?

-Өй,өзін қара,неге келдің,шық үйден

-Әй,жарайды,бара ғой екі айтпаған жақсы

-Өй,кет, былай жолдан!

-Біздің ауыл қыстауға көшеді. Сен осында қаласың ғой,енді аман бол!

-Ей,сен қай ауылдың баласысың?Мұнда қайдан келдің?

Иә,дәл өзі.Бірақ мына қойының құлағы тым үлкен екен.


Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы
Сапарғали бегалин «бала шоқан» әңгімесі
Шоқан Уәлиханов кім
Мысыққа мінездеме бер
Қазақ әдебиеті энциклопедия
Білім алушының әрекеті. Сабақтың тақырыбы
Иса Байзақов Жазғы кеш
А.құнанбаев «адам болам десеңіз»
ҮІІ Оқушыларды бағалау
Қазақ тілі өлеңі
Пәндер