Мектепке дейінгі балалар мен ата-аналарға арналған қысқы спорттық сайыс ұйымдастыру бағдарламасы

Тақырыбы: Қыс қызығы- тамаша. Мақсаты:Мектеп жасына дейінгі балалардың спорт туралы білімдерін кеңейту, қызығушылықтарын арттыру. Ата-аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және қысқы ойындарға ата-аналардың белсене қатысып, нәтижелі болатындығына көз жеткізу.

Қажетті құралдар:кедіргелер, қар, шелектер, сәбіз, шана. Түрі: Қысқы сайыс

Көрнекілігі. Шарлар, Жалаулар, Әсем әуен ойналды.

Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, балалар, балабақша ұжымы, қонақтар қош келдіңіздер! Біздің «Ерте жас тобында»бүгін үлкен мереке. Біздің бүлдіршіндеріміздің ата - аналары арасында «Қыс қызығы тамаша» сайысы өтпекші, сайысқа түсетін 2 тобымыз бар. (Топтарды шақыру)

«Тұлпар» тобы «Сұңқар» тобы.

Топтарымызға сәттілік тілеп, қошемет көрсетейік. Музыка ойналады. Алдымен әділ - қазы алқасын сайлаймыз.

1. Айдана Зайдоллақызы(әдіскер)

2. Нұрлаш Жеңісқызы (психолог)

3. Айнаш Каримқызы (ата-ана)

Енді сайыс түрлерімен таныстырып өтейін.

1. «Біздің сәтті күніміз» таныстыру. 2. «Такси» ойыны. 3. «Қар жинау» ойыны . 4. «Аққала жасау» ойыны. 5. «Қай топтың шанасы алда» сайысы. Жүргізуші:

Кане, бір- бірімізді қостаймыз, Бүгінгі жарысымызды бастаймыз. «Жеңіске жетеміз» - деп, Жалынды ұран тастаймыз.

Психологиялық сәт:

«Қуаныш шеңбері » ата- аналар бір - біріне жылылық лебіздерін білдіріп, сәттілік тілейді.

Армысың ару күн!

Армысың асыл жер!

Армысың көк аспан!

Армысың ата-ана!

Жылуыма жылу бер

Міне менің қолым .

Сайысымызды бастаймыз. 1. «Біздің сәтті күніміз» Тұлпар тобы ұраны: Қатар өскен құрдасқа, Жарыс ұнап тұрмасқа. Қуып жету жақсы гой, Озып шығу бір басқа.

Топтың атын, ұранын, төс белгісін таныстыру.

2. «Сұңқар» тобы ұраны: Ұшақтан да ұшқырмыз, Желден озған жүйрікпіз. Жарысуға сендермен, Келіп тұрған мықтымыз. Топтың атын, ұранын, төс белгісін таныстыру

2. «Такси» ойыны. (Топ басшылары кедергілердің арасымен жүгіріп топ мүшелерін бір- бірлеп жинау)

3. «Қар жинау» ойыны. (Кішкентай шелекпен қар алып, кедергілерден өтіп үлкен шелекті толтыру)

4. «Қай топтың шанасы алда» сайысы. (Ата-аналар өз балаларын шанаға мінгізіп кедергілерден өтіп, жылдам келуге жұмыстанады) Сайысымыз аяқталып өз мәресіне жетті. Әділқазы мүшелеріне сөз береміз. Диплом тапсыру


Ұқсас жұмыстар
Бала тәрбиесіндегі ата-ана: ата-аналарға арналған тренинг бағдарламасы
Мектепке дейінгі ұйымға арналған сабақ жоспары: Қысқы орман тіршілігі мен қыстық табиғат
Мектепке дейінгі жастағы балаларға дене тәрбиесін ұйымдастыру әдістері
Толағай отбасылық спорттық сайысының ұйымдастыру-өткізу бағдарламасы
Мектепке дейінгі кезеңде денсаулықты нығайту мен дене тәрбиесін ұйымдастыру: №12 балабақшаның тәжірибесі
Мектепке дейінгі мекемелердегі үш тілді меңгертуге арналған сайыс сценарийі
Нұрсәт мектепке дейінгі мекемесінің Толағай отбасылық спорттық сайысы: сценарий және денсаулықты нығайту мақсаты (Шалқар, 2011)
Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық: тәжірибе мен ұйымдастыру формалары
Ынтымақты отбасы ата-ана мен балалар сайысының мақсаты мен бағдарламасы
Денсаулық еліне саяхат: балаларға арналған спорттық сайыс бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz