Рухани байлық

Бекітемін.

Күні:

10 сынып

Тақырыбы: РУХАНИ БАЙЛЫҚ - ИГІЛІК КӨЗІ

Мақсаты:
- оқушыларға қазақ халқының рухани байлығы мәдени құндылықтар туралы түсінік беру.
Міндеттері:
- рухани байлық көздерін ұғындыру;
- рухани байлықты бағалай білуге үйрету;
- рухани байлыққа тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
- Байлық дегеніміз не? (Байлық сөзіне ассосация құру)
Байлық адами, материалдық, табиғи, рухани болып бөлінеді екен!
Ең басты байлық туған жер, туған ел екен. Сондықтан да бәріміз бірге шаттық шеңберін құрып, Н. Тілендиевтің Қ. Мырза Әлидің сөзіне шығарған «Өз елім» өлеңін орындайық.
Ойланайық, пікірлесейік
Биыл тәуелсіздік алғанымызға 21 жыл болады. Осы тәуелсіз ел болғанымыздың өзі де - байлық, ана тіліміз мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерілді, бұл да біздің байлығымыз емес пе! Ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүріміз қайта оралып жатыр, бұл да біздің рухани байлығымыз, ата - бабамыздың көзіндей болып қалған мәдени мұраларымыз да біздің рухани байлықтарымыз. Біздің адами құндылықтарымыз, яғни қадір-қасиетіміз де рухани байлықтарымыз.
Мәтінмен жұмыс
Оқулықтағы Н. Айтұлының «Күлтегіннің көк тасы» атты өлеңі оқылып, талдау жасалады.
- Неліктен автор «Исі түркі жұртының тұмарындай Көктасым», деп толғанады?
- Тасқа түскен жазулардың рухани күші неде деп ойлайсыңдар?
- «Елтаңба мен Көк байрақ, Әнұранда ғана емес,
Күлтегіннің тасында Елдігімнің нышаны!- деген жолдарды қалай түсінесіңдер?
Дәйексөз
«Дүниенің көзі, тұтқасы, түп негізі - заттық нәрсе емес, рухани дүние»
Рухани байлық - адамның өмірін қоршаған орта, тіршілік аясымен тұтастыратын және оның мақсат-мүддесін игі істермен ұштастыратын асыл арна. Рухани байлық адамның белгілі бір қажеттіліктерін ол үнемі игілікке бағытталады. Халық игілігі ретінде рухани асыл қазыналар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, сабақтасып жатады. Халқы үшін еңбек еткен адамдардың өмірі де рухани байлық болып табылады. Сонымен, ұлттық құндылықтар адам өміріне қажетті рухани байлық болып табылады.
Назар аударыңыздар!
Айдынды жақсы аймен тең,
Жомарт жігіт баймен тең,
Шешен жігіт дүрмен тең,
Имансыз көңіл кірмен тең,
Ақылы жоқ надандар,
Іс бітірмес жамандар,
Жүз болса да бірмен тең.
Шал ақын
- Шал ақынның мына өлең жолдарынан адамның рухани әлемін нұрландыратын қандай адами қасиеттер көріп тұрсыңдар?
Шығармашылық тапсырма
(Оқушыларды тез топтап жіберіп, тапсырмалар беру)
1-тапсырма. Ә Асылбековтің мына өлең жолдарын басшылыққа ала отырып, «Туған тілім-рухани асыл қазынам» тақырыбына өлең құрастырту.
Танытқан қазағымның қазақтығын,
Танытқан қазағымның азаттығын,
Танытқан қазағымның ғажаптығын,
Айналдым құдіретіңнен, Қазақ тілім!
2-тапсырма. Ұлт мақтаныштарының халық игілігі үшін жасаған еңбектерін айту.
Мысалы, өзіміз оқып жатқан мектебіміз Мұхит Мералыұлы атындағы орта мектеп. Ол кісінің игілікті ісі жөнінде айту: Мералыұлы Мұхит ( 1841 . қазіргі Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Акбақай ауылы - 1918 , сонда) - халык композиторы, әнші-ақын, күйші-домбырашы. Ауқатты отбасынан шыкқан. Мералыұлының туған ағалары Паңгерей, Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша, Жүсіптер шетінен өнерпаз (әнші, күйші әрі скрипка да тартқан) адамдар болған. Өмірін өнер жолына арнаған тек Мұхит болды. Ол ел ішіндегі той-жиындарда, ұлан-асыр жәрмеңкелерде, қан базарларда домбыра тартып, ән салды. Орынбор. Қостанай, Жаманқала, Қазалы, Троицк, Ақтөбе. Арал, Атырау облыстарын аралап, әнші даңкы шықты: "әнші Мұхит", "сал Мүхит" атанды. Мұхит уакыт, коғам, өмір туралы "Дүние-ай", "3әуреш" әндерін толғады. "Паң көйлек", "'Қыпшақ", "Дөң асқан", "Кербез" әндері Мұхиттың әншілік еиерінің сан-қырлы, жаратылысын, табиғатын ашады. Ойлы да қуатты, аскақ, бірде даланың жібек самалы боп желпіген нәзік, сырлы, мөлдір лиризмге түнған әндерін асқан шеберлікпен орындай жүріп, өзінің өншілік дәстүрін жасады. Мералыұлы сұлу ат мініп, сәнді киінді; касына ойыншы, саятшы, палуан, зергер, жыршы, күйшілерді ертіп жүрді; шәкірттері көп болды. Мералыұлы тек өнші, ақын ғана емес, күйшілік өнерімен де танылды. Ол Боғда, Есбай, Тазбала, Сөулебай, Абыл күйлерін өте әсерлі орындап, өзі де күй шығарды. Мералыұлының бір күйін Затаевич нотаға түсірген. Мұхиттың әншілік, акындык, күйшілік мұрасын біздің заманға балалары - Шоң мен Нәу; немерелері - Шайқы, Лұкпан, Ғұбайдолла жеткізді. Мұхит әндерін орындаушылық дәстүрін ілгері дамытып. хадықарасына насихаттаушы - Ғ. Қүрманғалиев, Т. Ибрагимова, Н. Әбілова. Мұхит әндері жеке жинақ болып басылып, оның шығармашылығы туралы зерттеулер де жазылды. Қазақстан композиторлары Мұхиттың туындыларын ездерінің шығармашылығында кеңінен пайдаланды. Мұхиттың "Алу-аш" әнін Е. Г. Брусиловский "Жалбыр", "Үлкен Оразын", "Қыз Жібек", "Дүние-ай" әнін "Ер Тарғын" операларында пайдаланды. Б. Г. Ерзакович "Айнамкез" әнін өзінің ішекті аспаптар квартетіне, ал "3әуреш" әнін Л. М. Шаргородский мен С. И. Шабельский " Симфоньеттасына" тақырып етіп алды. [1]
3-тапсырма. Сахналап көрсету . Түркістанда
Жолбасшы: - Түркістан екі дүние есігі ғой,
Түркістан ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған,
Түріктің тәңір берген несібі ғой. . . - деп Мағжан Жұмабаев атамыз жырлағандай,
Сіздер Қожа Ахмет ибн Ибраһим Махмуд ибн Ясауи кесенесіне келіп тұрсыздар.
Кесене 1978 жылдан бастап Республикалық мұражай болып қызмет істейді. 2003 жылдан бастап кесене ЮНЕСКО-ның «Бүкіләлемдік мәдени мұралар» тізбесіне енгізілді. Ол әлемдік сәулет өнері жауһарларының бірі, еліміздің мақтанышы. Мешітті 1397 жылы Әмір Темір салдырған, сонымен бірге мешіттегі Тайқазанды көріп тұрсыздар. Әмір Темір заманынан қалған құнды жәдігерлердің бірегейі - Тайқазан 1399 жылы құйылған . Салмағы - 2 тонна, 7 түрлі асыл металдан құйылған .
1935 жылы Тайқазан Санк-Петербургтегі Эрмитажға алынып кетіп, жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы қыркүйектің 18-де Отанымызға оралды.
«Рухани тірегіміз - Қожа Ахмет Ясауи» деп, Н. Ә. Назарбаев баға берген кесене -бүгінгі күнде біздің ұлттық рухани байлығымыз.
Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атында Халықаралық қазақ-түрік университеті бар. Мұнда


Ұқсас жұмыстар
Рухани байлық - игілік көзі атты класс сағаты
«кітап – рухани байлық», «кітап оқи білесің бе?» әңгіме (3,4 сынып оқушыларымен)
ТҰЛҒАНЫҢ РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Денсаулық байлықтан қымбат
Тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеу
Гуманист педагог абай құнанбаев
Оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рухани құндылықтар
Салауаттылық - өмір негізі. 9 сынып
Оқушы дәптері
Бастауыш сыныпқа арналған мерекелік шара арайлы алтын күз
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz