9-сынып 17-сабақ: Татулық - бірлік бастауы


9 - сынып

17 - сабақ.

Күні: 12. 01. 2011 ж.

Тақырыбы: Татулық - бірлік бастауы.

Мақсаты: оқушылардың татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • татулық, бірліктің адами қарым-қатынастағы мәнін ашу;
  • адамдармен сыйластықты, жарастықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
  • бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Оқушылар шаттық шеберіне жиналып, «Тату болсақ бәріміз . . . » ойын жалғастырып, ұйқастырып өз ойларын ортаға салады.

Әңгімелесу.

Оқулықта «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтарды талдау барысында татулықтың адам өміріндегі маңызына оқушылардың назары аударылады.

  • Адамдармен тіл табысудың қандай жолдарын білесіз?
  • Адамдармен ренжіскен кезде қандай күйде боласыз?
  • Өзге адамның пікірімен келіспеген жағдайда не істер едіңіз?
  • Адамдар арасындағы жарастықты, сыйластықты, тыныштықты сақтауға не ықпал етеді?
  • Кез келген нәрсені сабырмен шеше аласыз ба?

Мәтінмен жұмыс

Оқушылардың татулық сақтауда адамдарды бір-бірімен қарым-қатынасының маңызды екенін, өмірде бірлік, ұйымшылдық, төзімділік ұғымдарының қажеттілігін түсіндіру мақсатында оқулықтағы «Құстар торға қалай түсті?» деген үнді аңызын оқу ұсынылады.

Өзара түсіністіктің адам өмірінде зор маңызы бары түсіндіріледі.

Дәйексөз

Оқулықтағы «Дәйексөз» айдарымен берілген:

«Алтау ала болса,

Ауыздағы кетеді.

Төртеу түгел болса,

Төбедегі келеді» - деген халық мақалын оқушылардың өз ой-пікірлерін ортаға салу үшін талдауға ұсынылады.

Дәптермен жұмыс

Елімізде тұратын әр ұлт, ұлыс өкілдері және олардың ерекше қасиеттері, әдет-ғұрыптары туралы материалдар жинап, «Халықтар достығы» фестиваль сценарийін жазыңыз.

Жүректен жүрекке

Оқушылар шеңбер бойына жиналып сағат тіліні бағытымен жанындағы көршісіне ел татулығын тілеп, жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Кдырниязова Толқын Намысқызы


Ұқсас жұмыстар
Татулық пен бірлік: Қазақстандағы этносаралық келісім және тәрбие
Бір шаңырақ астында: Қазақстандағы ұлтаралық татулық пен мәдени бірлік
Ашық тәрбие сағаты: Татулық - достықтың киелі бесігі (9 сынып)
Әдептілік - адамгершілік бастауы: өзін-өзі тану сабағы, 9 а сынып
9-сыныпқа арналған өзін-өзі тану сабағы: Отбасы татулығы - қоғамдағы татулық
Отбасындағы татулық: тәрбие сабағының әдістемелік жоспары
9-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы және ұлттық бірлік
Өзін-өзі тану сабағы №18: Отбасы татулығы - қоғамдағы татулық (сабақ жоспары)
Ынтымақ, бірлік, келісім - Ұлттық бірлік күніне арналған көпұлтты кездесу кешінің бағдарламасы
Сабақ жоспары: Білім - ақиқат бастауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz