Ертегі кейіпкерлерінің мінезін ажырата білу

26. 11. 2012

Білім беру саласы: Қатынас

Оқу іс әрекеті:Тіл дамыту

Тақырыбы: «Айлакер түлкі»

Мақсаты : Ертегі кейіпкерлерінің мінезін ажырата білу. Ертегі мазмұнын сахналап беруге үйрету. Сахна қойылымына атсалысуына, ықылас білдіруді, сөйлеу мәнерінің көркемдік әдіс-тәсілдерін (дауыс ырғағы, ымдау, қимыл қозғалыс, дауыс құдіреттілігі, интонация) қолдануды дамыту. Жануарлар туралы білімдерін тиянақтау.

Көрнекілігі: Орман, жолбарыс, түлкі суреттері, үнтаспа, ертегі кейіпкерлерінің киімі, үстел-үсті орталығының құралдары, өнер орталығының құралдары, кітап орталығының құралдары, желілі-рольді ойын орталығының құралдары.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, мазмұндап беру, орталықтармен жұмыс, тақпақтар құрастыру, жұмбақтар, сурет салу, сахналау. Білім беру салаларымен байланысы: «Шығармашылық», «Таным»

Билингвалық компонент: Орман-лес, түлкі-лиса, жолбарыс-тигр

Әрекет кезеңдері
Тәрбиеші іс-әрекеті
Балалар іс-әрекеті
Әрекет кезеңдері:

Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет

Ұйымдастыру, іздену

Жетекші жөндеуші

Тәрбиеші іс-әрекеті:

Ұйымдастыру

Амандасу рәсімі.

Сәлем деймін үлкенге Сәлем деймін кішіге Сәлем деймін достарға Сәлем деймін апайға Қайырлы таң! Қайырлы күн! Міне менің қолым Жылуыма жылу қос!

  • Балалар, бүгінгі тіл дамыту оқу іс-әрекетіне қонақтар келді. Қонақтармен амандасайық.
  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Күздің неше айы бар?
  • Қазір қай ай?

Үнтаспадан «Ерте, ерте, ертеде» әні естіледі.

Ғажайып сәт «Сиқырлы айналу» (Музыка әуенімен қөзді жұмып, айналамыз. )

Көзді ашу, сиқыршы пайда болады.

C:\Documents and Settings\Гулдари\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\Фото0517.jpg

-Балалар, бүгін біз ертегілер еліне келдік. Ертегілер еліне ертегілердің көп екенін білеміз. Бүгінгі мазмұндап тыңдайтынымыз орыс халық ертегісі «Айлакер түлкі»

Ертегі жануарлар туралы. Жануарлар орманда тұрады, орманда тіршілік етеді Сондықтан оларды аңдар дейміз. (Ертегі мәтінін мазмұндап айтып беру)

Сұрақ -жауап

  • Ертегі сендерге ұнады ма?
  • Ертегі не туралы екен?
  • Ормандағы аңдарға не қожалық етті?
  • Ормандағы аңдарға не қожалық ету керек еді?
  • Міне, балалар, түлкі айласын асырып ормандағы аңдарға қожалық ететін болды . Түлкі қызғылт түсті, қу, айласы мол аң. Жолбарыс батыл, күшті, аңқау аң. Енді жануарлар туралы ертегіні тиянақтау үшін, орталықтарға бөлініп жұмыс жасайық.

Өнер орталығы:

C:\Documents and Settings\Гулдари\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\Фото0521.jpg «Шығармашылық» білім беру саласы. Түлкі мен жолбарыстың суретін салу.

C:\Documents and Settings\Гулдари\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\Фото0525.jpg Кітап орталығы: «Қатынас » білім беру саласы бойынша: жолбарыс, түлкі, туралы тақпақ, жұмбақ айту.

Үстел-үсті орталығы: «Таным» білім беру саласы бойынша:гоеметриялық пішіндерден түлкі мен жолбарыс пішінін құрастыру.

C:\Documents and Settings\Гулдари\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\Фото0522.jpg

Желілі рольді ойын

C:\Documents and Settings\Гулдари\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\Фото0524.jpg орталығы . «Айлакер

түлкі» ертегігісін сахналау.

Сергіту сәті

Ян-ян-ян

Қалқан құлақ қоян

Кі-кі-кі

Айлакер түлкі

Ю-ю-ю

Аңқау аю

Қыр-қыр-қыр

Көкжал қасқыр

Ыс-ыс-ыс

Тарғыл қасқыр

Орталықтардағы жұмысты қорыту.

Хормен «Кеш жарық» әнін орындау. «Сиқырлы айналу» Көзді жұмып, тыныштық сәтін жасау

Бүгінгі тіл дамыту оқу іс-әрекетінде «Айлакер түлкі» ертегісін мазмұндап, сахналадық.

Тақта мен жұмыс. Венн диаграммасы жұмыс.

C:\Documents and Settings\Гулдари\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\Фото0515.jpg

Айырмашылығы

Жолбарыс Түлкі

Ұқсастығы

Оқу іс-әрекеті аяқталды.

Балалар іс-әрекеті:

Хормен айту

Басымыздан төмен қарай сипау

Сәлеметсіздер ме!

Күз

Үш ай.

Қараша

Бір орнында айналу.

Ұнады

Түлкі мен жолбарыс.

Түлкі

Жолбарыс

Орман, түлкі, жолбарыс суреттерін көрсету.

Жолбарыс пен түлкінің суретін салу.

Айсәуле:

Тауда жүрген тарғыл аң. Ол айбатты не?

Іңкәр:

Құйрығы он қарыс Ол-қайратты не?

Айберген:

Бармайтын жері жоқ Сайқымазақ қулығы бар. Бұл-қай аң?(түлкі)

Ботакөз:

Қырда жүрген ол жортып Құйрығын бұлғаңдатып, Бұл-қай аң?(түлкі)

пішіндеріне құрастыру

Түлкі-Арай Жолбарыс-Шарапат, Автор-Сиқыршы.

Аңдарды бейнелеу

Хормен орындау

Сиқыршының кетуі

Тыныштық сәті

Аңдардың ұқсастығымен айырмашылығын айту.

Күтілетін нәтеже:

Жаңғыртады: Ертегілер туралы түсініктері кеңіп, ой-өрістері дамиды. Түсінеді: Ертегі мәтінін мазмұндап, жаңғыртып, аңдар туралы түсінік қалыптасты. Қолданады: Сахналау, рольге бөліне отырып ертегіні айтып беруді үйренді, орталықтарда жұмыс жасады


Ұқсас жұмыстар
Ана тілі, көктем сәні
Ондықтан аттамай ауызша қосу және азайту
Жеті лақ пен қасқыр ертегісі
Дыбыс және әріп
Қош болыңыз Ертегі әжей
Ертегі кейіпкерлерін бейнелеу
Кейіпкерге берілетін баға
Балықшының суретін салып мінезін жазу
Түлкінің кебісі
Мақтақыз бен мысық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz