Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану

Файл қосу

Астана-Қазақстандықтардың тәуелсіздігі мен бірлігінің символы

Білім беру саласы: <<Таным>> Оқу іс-әрекеті: <<Айналамен таныстыру>> Тақырыбы: <<Астана- Қазақстандықтардың тәуелсіздігі мен бірлігінің символы>> Мақсаты: Білімділігі: Қазақстан тәуелсіздігімен Қазақстан Халықтарының бірлігі туралы ұғым беру. Балаларға еліміздең бас қаласы-Астана туралы түсінік беру. Дамытушылығы: Елордамыз Астана қаласы, <<Ақ орда>>, <<Бейбітшілікпен келісім сарайы>>, <<Хан шатыры>> ғимараттарын есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелеу: Тәуелсіз Қазақстанның 7 кереметін,Астананың 7 кереметін көрсете отырып, Отан сүйгіштікке , туған жерді аялауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: ҚР Рәміздері, <<Ту, Елтаңба,Әнұран суреттері>>, Елбасы Н.Назарбаев суреті, Тәуелсіздік монументінің суреті, Қазақстанның 7 кереметінің суреті, Буклет; Астананың 7 кереметінің суреті, макеттер: <<Ақ орда>>, <<Бейбітшілік және келісім сарайы>>, <<Хан шатыры>> макеттері, компьютер, слайдтар; <<Тәуелсіздіктің 20 жылдығына>>, <<Қазақстанның 7кереметі>>, <<Астана 7 кереметі>>, жалаушалар, гүлді газон. Әдісі: сұрақ- жауап,түсіндіру, слайдтар көрсету, ойын. Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, ән-әуез.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиеші іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы кезең

Ұйымдастырушы. Ізденушілік
































































































Рефлексифті коррекциялаушы кезең





Оқу іс- әрекет барысы: Ұйымдастыру: Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз. Қайырлы таң ,балалар! Қайырлы таң, қонақтар!

Армысың алтын күн, Армысың Жер-Ана. Армысың Көк аспан, Армысың Жан досым. Міне менің қолым, Жылуыма жылу қос!
Қане, бәріміз бір- бірімізге жылу берейік, оны бойымызға дарытамыз.

- Балалар, біз қай республикада тұрамыз?

-Бас қаламыз қай қала? -Ел басымыз кім? - Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме? -Тудың түсі қандай?

-Елтаңба пішіні қандай

-Балалар, қандай айтулы мереке келе жатыр?
-Дұрыс,қазақстан Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы.Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз Республикасы болып жарияланды.Осы күнге жету үшін талай қиыншылықтарды бастан кешірді. <<Тәуелсіздік>>дегеніміз өз еркіміз өзімізде,жеріміз,теңдігіміз,еліміз бар.Қазақстан тәуелсіз,егеменді ел.Өзінің Ата заңы, мемлекеттік рәміздері,теңгесі, өзінің қарулы күштері бар.(слайдтан көрсету.)

Сергіту сәті. <<Шаңырақ>>
Үлкен шаңырақ құрайық

Қазша қанат жаяйық

Аққуша мойынымызды созайық

Құсша жерге қонайық

Үлкен үйді жасайық

Тәуелсіз Қазақстан - ұлтаралық қатынастардың жоғары мәртебесін түсінген, құрметтеген ел.Отан сүйгіштік - азаматтық санамен қалыптасатын қасиет.Әртүрлі ұлтты халықты біріктіретін Қазақстан Республикасында 140 тан аса ұлт өкілі тұрады.Әр халықтың өз әні, өз биі,өз ойыны,өз салт - дәстүрі, өз ұлттық киімдері бар. (суреттер көрсету.)
Әлемнің 7 кереметі сияақты тәуелсіздік, егемендік алған
Қазақстан Республикасында да 7кереметі бар.(слайдтан, суреттер көрсету.)

Ойын. <<Астанаға сиқырлы саяхат>>
Балалар бүгін біз Астана қаласына саяхатқа барамыз.
-Немен барамыз? ( Әуемен барамыз) -Қане,көздеріңді жұмыңдар. Ұшақпен ұшамыз.(хормен айту).
Қанатымызды жаямыз
Көкке ұшып,таудан асып
Қалыққтайық аспанда
Кемеден өтіп жерге түсіп
Қонамыз біз Астанаға
-Астана әуежайына қондық
-Балалар,Астана қаласы Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Елордасы. Астана қаласы еліміздің бас қаласы. Астана қаласында жақында ғана бой көтерген сұлу ғимараттарымен кең көшелері бар қала. Есіл өзеннің оң, сол жағалауында орналасқан. Еуразияның жүрегінде Астана аққудай салынып,тотыдай таранып бой көтеріп келе жатқан қала. Астана келбеті ұлт келбеті,жаңа қоғамның,жаңа мемлекеттің астанасы.Бүгінгі Астанаға саяхатты астананың 7 кереметінен бастаймыз.(слайдтан көрсету, буклетті айналдырып отырып суреттен көрсету).
<<Ақ орда>> - ҚР Президенттінің резиденциясы. Бұл ғимаратта көп министр ағалар жұмыс жасайды.
<<Хан шатыры>> - қазақтың атақты Абылай ханы ақ шатыр, көкжал Кенесары көк шатыр тіккен.
<<Пирамида>> - Бейбітшілік пен келісім сарайы макеттері көрсетіледі. Сонымен бірге <<Бәйтерек>> кешені, <<Думан>> - ойын сауық отауы, <<Нұр астана>> мешіті, <<Қазақ елі >> монументі суреттерін көрсету.
-Балалар сендер Отан, Астана туралы қандай тақпақтар білесіндер?


Қортынды
Енді бүгінгі тәуелсіздікке арналған <<Астана- Қазақстандықтардың тәуелсіздігімен бірлігінің символы>> атты оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз.

Дараланып әлемнің картасында Сары бел,сары арқаның ортасында Астана ертегідей ғажаптанды Кемеңгер Нұр ағаның арқасында

Енді барлығымыз орнымыздан тұрып, қолымызға көк туымызды алып <<Атамекен>> әнін хормен айтайық.

Хор: <<Атамекен>>





Хормен айтып, қимыл-қозғалыс жасау

Қазақстан Республикасында
Астана қаласы
Н.Ә Назараев
Елтаңба, ту, әнұран

Көгілдір пішінді тік
төртбұрышты,ортасында күн сәулесі, астында қыран бүркіт,шеті оюмен өрнектелген. Дөңгелек,екі шетінде қос тұлпар,ортасында Қазақстан деген жазуы бар.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы.

Қолдарын екі жаққа жаю

Қолдарын екі жаққа қағу

Қолдарын біріктіріп жоғары көтеру
Отыру

Қолдарын жоғары апарып,бір - біріне қолдарын қосу

Поезбен,кемемен,әуемен



Әлішер:
Отан елдің анасы
Отан жердің анасы
Бақыттығой дәл мендей
Тәуелсіз елдің баласы
Гүлназым:
Астана араман қала
Бағы бір жанған қала
Тұрады ол жап - жас болып
Мен үлкен болғанда да
Ақниет:
Көк байрағым желбіресін көгінде
Елтаңбамыз әуелесін елімде
Ерасыл:
Елтаңбасы нышаны боп елдіктің
Тұрса артық не бар мына өмірде.
Күтілетін нәтиже
Жаңғыртады: Қазақстан Тәуелсіздігі мен халықтарының бірлігі туралы ұғым елордамызда Астана, <<Ақ орда>>, <<Бейбітшілік және келісім сарайы>>, <<Хан шатыры>> туралы ұғымла берілді.
Түсінеді:Тәуелсіздік Қазақстанның Рәміздерін, Тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойлау айтулы мереке ретінде мерекеленетінін түсінді.
Қолданады: Қазақстанның 7 кереметі, Астана қаласының 7 кереметін, Тәуелсіздік символын, компьютердегі слайдтарды, шаңырақ сергіту сәтін, <<Астанаға сиқырлы саяхат>> ойынын, Астана туралы тақпақтарды, әндерді сабақ барысында дұрыс қолданды.


Ұқсас жұмыстар
Отан деген туған жер
Ақыл, қайрат, жүректі тең ұстаған мұхтар арын
Астана-жердің кіндігі, астана-елдің бірлігі 2 сынып
Тәжірибелік сабақ
Пернетақта. пернетақтамен танысу
Так было, так будет
Астана-менің көзіммен
ІІІ топ сұрақтары
Тәуелсіз елім Қазақстан
Еліміздің болашағы - білімді жастар
Пәндер