Жүзден жүйрік танымдық-спорттық ойыны: мақсаттары, көрнекіліктері және өткізу тәртібі


Тақырыбы: «Жүзден жүйрік» танымдық спорттық ойын

Мақсаты: Балалардың танымдық білімдерін және спорттық қимыл қозғалыстарын тиянақтау. Жан - жақты сауатты, дарынды, озық, қабілетті бала тәрбиелеу. Ойын арқылы логикалық қабілетін, танымын дамыту. Жылдамдылыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сұрақтар жинағы. Тірек сызбасы, арқан, шелек пен кружка, орамалға түйілген теңгелер, жұмбақтар, мақалдар, білім кілтінің макеті.

Ойын барысы Ұйымдастыру: Сәлем бердік, сайысымыз көрермені Алдарыңызда болашақ өрендері Молайтар ой - санамызды сайысымыз Біліммен достасуға біз дайынбыз

Хормен: Өнерлі боп өсеміз, Өмір сырын шешеміз Өсіріп ой - сананы Қуантамыз сіздерді.

Кіріспе: Тәрбиеші: Балалар бүгінгі «Жүзден жүйрік» танымдық спорттық ойынымызға хош келдіңіздер!Өз біліміміз бен ептілігімізді екі топқа бөліне отырып көрсетеміз.

І топ: «Сұңқар» Ұраны: Ұшақтанда ұшқармыз Желден озған жүйрікпіз

ІІ топ: «Тұлпар» Ұраны: Қиындықтан қашпаймыз Алған беттен қайтпаймыз

«Жүзден жүйрік» танымдық спорттық сайысымыз 4 бөлімнен тұрады.

1 - Бөлім: «Нар тәуекел» «Таным» саласы бойынша «Түнгі аспан» ойыны. «Денсаулық» саласы бойынша «Су тасу» ойыны.

2 - бөлім: «Артық болмас білгенің» « Таным» саласы бойынша екі топқа бірдей сұрақтар:Жеті қазына, жеті күн, жеті ата, төрт түлік, төрт мезгілді атау. «Денсаулық» саласы бойынша : «Теңге ілу» ұлттық ойыны

3 - бөлім: «Зерек болсаң, шешіп көр» «Таным» саласы бойынша жұмбақ шешу. «Денсаулық» саласы бойынша «Секіргіштер» ойыны

4 - бөлім: «Ойлы болсаң, озып көр» Таным саласы бойынша «Мақалды жалғастыр» ойыны. Денсаулық саласы бойынша: «Жаяу аударыспақ» ұлттық ойыны

Тәрбиеші :«Жүзден жүйрік» танымдық спорттық ойын бастар алдында, жеңізпаздарды анықтау үшін әділ- қазылар алқасын тәрбиешілерден сайлап ойынымызды бастаймыз.

Ойын бөлімдері:

1 - бөлім: «Нар тәуекел». «Түнгі аспан» ойыны екі топтан бір - бірден бала шығады да, аспандағы жұлдыздарды сан ретімен белгілеп шығады. «Су тасу» ойыны. . Шарты: шелектен келесі шелекке су тасып жарысу (топпен)

2 - бөлім: «Артық болмас білгенің» екі топқа да бірдей сұрақтар қою. Бұрын жауап бергеніне ұпай саны белгіленеді . «Теңге ілу» ұлттық ойыны. Шарты: Атқа шауып барып, кідірмей, жердегі бет орамалды «Теңгені»іліп әкету. (топпен)

3 - бөлім: «Зерек болсаң, шешіп көр» жұмбақтар екі топқа бірдей. Бұрын жауап бергенге ұпай саны белгіленеді. Қабат - қабат қаттама, Ақылың болса, аттама (кітап) Жеті қазынаның бірі, адамды қорғап жүретін досы?(ит) Тұмсығы мен қозғалар Соңында аппақ із қалар. (бор) Тілі жоқ өзінде, сөзі бар өзінде. (қалам)

« Секіргіштер» ойыны Топпен ойналады. Шарты: Аяақтарын ақап киіп, межелі жерге дейін секіріп барып келеді.

4 - бөлім: «Ойлы болсаң, озып көр» Мақалдар: Малды баға біл бабын таба біл Мал өсірсең, қой өсір, өнімі оның көл көсір Ақыл жас ұланнан жүйрік тай - құлыннан Ата бәйтерек бала жапырақ Бірлік болмай тірлік болмас Ер дәулеті еңбек Еңбек етсең емерсің Досы көпті жау алмайды Ормансыз бұлбұл Отансыз адам

«Жаяу аударыспақ» ұлттық ойыны Шарты: Әр топтан 4 баладан шығады да, бір - бірін арқалап, аударыспақ ойнайды.

Қортынды: Жеңімпаздарды анықтау Құттықтау Жеңген топқа «Білім кілтін» ұсыну


Ұқсас жұмыстар
Мыңнан жүйрік, жүзден тұлпар: математикалық интеллектуалдық сайыс бағдарламасы мен өткізу тәртібі
Арқалық политехникалық колледжінің 2015 жылғы Жүзден жүйрік зеректік сайысының бағдарламасы мен өткізу тәртібі
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар: отбасы спорттық сайысын ұйымдастыру жоспары
Есік гуманитарлық-экономикалық колледжіндегі Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар танымдық ойыны: математика, физика және информатика пәндері бойынша сайыс
Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз интеллектуалды-танымдық ойыны: мақсаттары мен жүргізілу тәртібі
8-сыныптар арасындағы экологиялық-танымдық сайыс Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар
Қазақ мектеп-гимназиясының Жүзден жүйрік зияткерлік сайысының өткізу жоспары мен сценарийі (Петропавл, 2014)
Толағай отбасылық спорттық сайысы: мақсаттары, бағдарламасы және өткізудің тәртібі
№3 орта мектептің Жүзден жүйрік спорттық-интеллектуалдық сайысы: ұйымдастыру, мақсаты мен бөлімдері (2011-2012 оқу жылы)
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар зияткерлік ойыны: 6-сыныптарға арналған сыныптан тыс іс-шара жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz